Фрейд бойынша психосексуалды даму деңгейлері



Тұлға теориялары (З. Фрейд, Э. Эриксон, Э. Фромм, А. Маслоу, К. Юнг, К. Роджерс)
З. Фрейдтің психоанализдік негізгі тұжырымдамалары мен принциптері
Зигмунд Фрейд 1856 жылы 6 мамырда Австрияның Фрайберг қаласында дүниеге келген. З. Фрейдтің “психоанализ” терминін алғаш енгізуін, оның ғылымға қосқан үлкен үлесі деп тануға болады.
“Психоанализ” терминінің үш мағынасы бар: 1) тұлға және психопатология теориясы; 2) тұлға көңілінің бұзылуының терапиялық әдісі; 3) индивидиумның саналы түрде сезілмейтін ойлары мен сезімдерін зерттеу әдісі.
ұзақ мерзім психоанализдің дамуында З. Фрейд тұлғалық ұйымдастырудың топографиялық моделін қолданды. Осы модель бойынша психикалық өмірдің үш деңгейін бөлуге болады: сана, парықсыздық (подсознательность) және бейсаналық. Оның ғылымға қосқан ең үлкен үлесі - бейсаналық ұғымын енгізіп, ұғымсыз түрткілермен жұмыс істеу әдісін қолдануды үйретуі.
Сана деңгейі тура осы уақытта сезінетін түйсіктер мен әсерлерден тұрады. Ал парықсыздық деңгейі (кейде “қол жететін ес” деп аталады) тура осы сәтте сезілмейтін тәжірибелерді көрсетеді. З. Фрейдтің ойынша, бұл психиканың сезілетін және сезілмейтін аумағының арасындағы көпір болып табылады. Бейсаналықта тұлғаның негізгі детерминанттары болады, олар: психикалық қуат, ояту және инстинктер. Инстинктердің екі түрі бар: либидо немесе сексуалдық қанағаттануға ұмтылу және агрессиялы инстинкт, өлімге ұмтылу. 20-жылдардың басында З. Фрейд өзінің концептуалды моделін қайта қарастырып, тұлға құрылымын негізгі үш компонентке бөлді: ид, эго, жоғарғы эго.
“Ид” латынның “Ол” сөзінен шығады. З. Фрейд бойынша “Ол” тұлғаның қарапайым, инстинктивті және тума аспектілерін білдіреді. Ид бейсаналықта өмір сүреді және инстинктивті биологиялық оянулармен (тамақ, ұйқы, т. б. ), яғни біздің жүріс-тұрысымызды қуатпен қамтамасыз ететін оянулармен тығыз байланысты. Фрейд бойынша, ид - ешқандай заң мен ережеге бағынбайтын нәрсе. Фрейд идті ағзаның соматикалық және психикалық процестері арасындағы нәрсе деп қарастырады. Ол ид адамды шаршаудан арылтатын екі механизмді көрсетеді: рефлекторлық әрекет және алғашқы процестер.
“Эго” (латын. “Эго” - “Мен”) - шешім қабылдауға жауапты психикалық ақпараттың компоненті. Эго идтің тілектерін сыртқы әлемге байланысты шектеу қоя отырып, қанағаттандыруға тырысты. Эгоның қызметі - ағзаның тұтастығы мен тепе-теңдігін сақтау.
“Жоғарғы Эго” (латын. “super” - “жоғарғы” және “ego” - “мен”) . Адам қоғамда өмір сүру үшін қоршаған ортаға сәйкес құндылықтар, нормалар және әдептер жүйесіне ие болуы керек. Мұның барлығы “әлеуметтену” процесі, яғни құрылымдық модельдің тілі бойынша “жоғарғы эгоның” қалыптасуы барысында жүзеге асады. Фрейд “жоғарғы эгоны” екі жүйеге бөледі: ар-ұят және “эго-идеал”. Ар-ұят ата-ананың жазалауының арқасында пайда болады, ал суперэгоның мадақтаушы аспектісі - бұл эго-идеал.

Фрейд бойынша психосексуалды даму деңгейлері
ДеңгейлерЖас кезеңіЛибидоның шоғырлану аймағыОсы даму деңгейіне сәйкес міндеттер мен тәжірибелерОралды0-18 айАуыз (ему, тістеу, шайнау) Арылу. ´зін анасының денесінен бөлуАналды1, 5 - 3 жасАнусДәрет алуға үйрету (өзін-өзі байқау) Фаллистік 3-6 жасЖыныс мүшелері´зі еліктейтін сол жыныстағы ересек адаммен теңесуЛатентті6-12 жасқажеттілігі жоқ (сексуалды әрекетсіздік) құрдастарымен әлеуметтік байланыстың (жыныстық жетілу) Жыныс мүшелері (гетеросексуалды қарым-қатынасқа икемділік) Интимді қарым-қатынастар құру немесе ғашық болу; қоғамға өзінің еңбегімен кірістер келтіру

К. Юнг бойынша тұлға тұжырымдамасы
К. Г. Юнг (1875-1961) - швейцар психологы, психиаторы, мәдениеттанушысы, “терең” психологияның практигі, психологияның “аналитикалық психология” деп аталатын бағытының негізін қалаушы. Бұл пәндермен қатар К. Юнг философия, теология сұрақтарымен айналысқан. К. Юнг бастапқыда З. Фрейдпен бірге ұзақ жылдар бойы қызмет жасап, 1913 жылы Мюнхендегі психоаналитикалық конгрестен кейін екеуі мүлдем айрылысты. ұзақ мерзімді зерттеулер нәтижесінде К. Юнг аналитикалық психологияның теориясы мен сол теорияға сүйенген психотерапиялық практиканы қалыптастырды.
К. Юнгтың кәсіби әрекетінің басын психикалық санадан тыс өнімдер және оның субúект үшін мәні туралы сұрақтар қамтыды.
З. Фрейд көзқарастарымен сәйкессіздік мына сұрақтар бойынша туындайды.
Біріншіден, З. Фрейд бойынша, либидо термині индивидтің бүкіл психикалық энергиясы ретінде қарастырылады, ол психологиялық бұзылулар сексуалдық құмарлықты басу және эротикалық қызығуды сыртқы орта обúектілерінен ішкі әлемге аудару салдарынан болады деп есептесе, К. Юнг либидо ретінде сексуалды формаға тәуелсіз жалпы психикалық ауытқу сексуалдылықты ығыстырудан басқа да, сыртқы ортамен байланысты жоғалтуға әкелетін жайттармен анықталады деп көрсетеді.
Екіншіден, З. Фрейд бойынша, невроз ерте балалық шақта пайда болады, оның негізгі факторы эдипкомплекстер, фантазиялар мен қалаулар болатын болса, К. Юнг бойынша, невроз себебі бүгінгі күн жағдайларында, ал балалық фантазиялар - екінші жоспарда.
¶шіншіден, З. Фрейд бойынша, түс көру - жанама түрде көрініс беретін, шынайы жағдайларда орындалмаған қалаулар мен қызығулар. К. Юнг бойынша, түс көру - психикалықтың санадан тыс жағымен байланыстырушы канал, ол түсінуге өте қиын символдық тіл арқылы беріледі және оның орындалмаған қалаулармен байланысты болуы міндетті емес. Түс көру саналы күндізгі өмірдің толықтырмасы болуы да мүмкін.
К. Юнг бойынша тұлға психологиясы үш бөліктен тұрады:
1) саналы;
2) индивидуальды бейсаналылық;
3) ұжымдық бейсаналылық.
Тұлға құрылымында, оның дамуында негізгі рөл атқаратын - ұжымдық бейсаналылық бөлім. Бұл - бүкіл адамзаттың психологиялық мұрасының ізі. Бұған тарихи қалдықтар мен естеліктер енеді.
Санадан тыс сфераға эндопсихологиялық қызметтер арқылы жақындай аламыз. Бұл бейсаналы процестерді тікелей бақылау мүмкін емес. Бірақ оның санада көрінетін өнімдерін екі класқа бөліп қарастырамыз:
1) жеке адамға тән;
2) бүкіл адамзатқа тән.
Persona
саналы бөлім
көлеңке
анима және анимус индивидуалды бейсаналылық
ұжымдық бейсаналылық
Persona, Юнг бойынша, “Мен”-нің визит карто÷касы” болып табылады.
Persona - қоғамда өзін көрсетудің жолы, белгілі бір әлеуметтік мінез, әлеуметтік рөл жиынтығы.
Ego - сана орталығы, саналы өмірде негізгі рөл атқарады. Ego саналылықты сезінеді, тұлғаның ойлары мен әрекетінің ретін, сана мен санадан тыс әрекет байланысын қамтамасыз етеді. Мұндай үйлесім бұзылған жағдайда невроз пайда болады.
Көлеңке - бұл әлеуметтік стандарттармен сәйкес келмейтін сана асты армандар.
“Көлеңке” - индивидуалды бейсаналылық сферасының орталығы, мұнда әлеуметтік стандарттармен, идеалдармен сәйкес келмейтін, индивидті саналы түрде мойындамайтын қызығулар мен сезімдер, қалаулар мен тенденциялар енеді.
´мірде біз өзімізді персонамен теңдестіреміз, ал көлеңкеге мән бермеуге тырысамыз. Көлеңке неғұрлым саналы болса, тұлғаның қоршаған ортамен қарым-қатынасы соғұрлым үйлесімді болады. Көлеңке - эгоның кері бейнеленуі ғана емес, ол өмірлік энергияның,

Альфред Адлердің тұлғаның индивидуалды теориясы
Альфред Адлер 1870 жылы 7 ақпанда Венада дүниеге келген. А. Адлердің ойынша, адам біртұтас ағза ретінде қарастырылады. А. Адлер психологиясының негізгі алғышарты - оның өз теориясына “индивидуалды психология” түсінігін енгізуі (лат. “іndіvіdum” - “бөлінбейтін”) . Индивидиум дене мен ми арасындағы байланыстың қатынасында да, психикалық өмірлік қатынаста да бөлінбейтін біртұтастықты құрайды. Адлердің негізгі принципі индивидуалды өмір стилінің бірлігі, бүтіндігі, әлеуметтік қызығушылықтар, қоғамдық сезім, іс-әрекеттің мақсатқа жетудегі бағыныштылығы болып табылады. А. Адлер бойынша, адамдар әрқашан жетуге құштарланады, олар әрқашан алдыға жылжиды, мақсаттарды жүзеге асыруға тырысады. Оның ойынша, барлық адамдар шығармашылық күшке ие және осы шығармашылық күш адамның әрбір тәжірибесіне әсерін тигізеді. Ол әрбір адамды өзін-өзі анықтаушы индивидиум, өз өмірінің сәулетшісі қылады. “Индивидуалды психология” индивидиумды қоғамға қосылған қоғамның бір бөлігі ретінде қарастырады және зерттейді. А. Адлер теориясының басты мақсаты - адамның барлық жүріс-тұрысы әлеуметтік ортада болғандықтан, адам табиғатының мәнін түсіну тек қана әлеуметтік қатынастарды түсінгеннен кейін барып қалыптасатындығын дәлелдеу. З. Фрейдке қарағанда, А. Адлер тұлғаның әлеуметтік қызығушылығын қалыптастырды. Оларды жеті бөлікке бөледі:
1) толымсыз сезім және компенсация;
2) жетілуге құштарлық;
3) өмірлік стилі;
4) әлеуметтік қызығушылық;
5) “мен” шығармашылығы;
6) туылу тәртібі;
7) фикционды финализм.
З. Фрейдпен бірлесе жұмыс жасап жүрген жылдары А. Адлер “толымсыз” мүшені зерттегенде мынадай теорияны дамытты: неге бір адамды бір ауру көбірек мазасыздандырады, неге кейбір ауруды басқаларға қарағанда тез жұқтырады. Оның ойынша, әрбір индивидиумның қандай да бір мүшесі, басқасына қарағанда, әлсіз болады. Сонымен қатар әрбір адамның туылғаннан жетілмей қалған немесе дамымай қалған мүшесі ауруға шалдығады. А. Адлер бойынша, ағзасы әлсіз адамдар жиі жаттығу жасау арқылы конпенсациялауға тырысады, компенсация процесі психологияда орын алады.
Сонымен, А. Адлер “толымсыздық комплексі” терминін енгізіп, балалық шақтан өзінің бастауын алады. Оның ойынша, барлық балалар толымсыздық сезімін бастан кешіреді, яғни ол - физикалық жетіспеушілік және мүмкіншіліктері мен күш-қуаттың аздығы. Осы толымсыз сезімнің пайда болуы аса басымдыққа жетудегі ұзақ күрестің бастамасы болып табылады. А. Адлер тұжырымдамасы бойынша, аса басымдыққа құштарлану адам өміріндегі негізгі мотивтік күш болып табылады.
Адлер қайғы-қасіреттің үш түрін бөледі:
мүшенің толымсыздығы;
баланы асырау;
ата-ана жағынан балаға теріс қарау.

Гуманистік психология тұрғысында тұлғаны тану
К. Роджерстің феноменологиялық теориясы
Гуманистік психологияның негізін қалаушы, американдық гуманистік теориялардың бір өкілі, психолог - К. Роджерс ұзақ мерзімді клиникалық зерттеу жұмыстары нәтижесінде өзінің феноменологиялық теориясын және осы теорияға сүйенген “клиентке бағытталатын терапиясын” қалыптастырды.
К. Роджерс бойынша, адам - табиғаты бойынша конструктивтік, реалистік және белгілі бір мақсаттар мен өзіндік жетілдіруге ұмтылған белсенді тіршілік иесі. К. Роджерс, сондай-ақ, реструктивті-аномалды импульсивті мінез-құлық реакцияларын мойындайды, бірақ мұндай реакциялар тұлғаның шын мәніндегі ішкі табиғатына сәйкес болмаған жағдайларда көрінеді деп есептеген. Тұлғаның жүріс-тұрысы, оның субúективті қабылдауы мен танымы терминологияларын да түсіне аламыз. Тұлғаның мұндай ішкі жүйесі сыртқы жүріс-тұрысын анықтауда негізгі рөл атқарады. К. Роджерс бойынша, әр адам әр құбылысты субúективті қабылдайды және әр құбылысқа субúективті реакция көрсетеді, яғни осы субúективті тәжірибе Роджерстің феноменологиялық теориясының негізгі тезисі болып табылады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz