Дамудың қатерлі кезеңдері
Презентация қосу
"Астана медицина университеті" КеАҚ
«Гистология және цитология» кафедрасы
БӨЖ
Тақырыбы : Адам эмбриологиясы. Дамуының
қауіпті кезеңдері.
Тексерген : Жансая Зайвқызы
Орындаған : Алжан Толғанай
Топ : 141 ЖМ
Нұр-Сұлтан қ, 2022
Жоспар
І.Кіріспе.
ІІ.Негізгі бөлім
1. Адам эмбриогенезі
Жыныс жасушаларының құрылысы
2.Дамудың қауіп-қатерлі (кризистік) кезеңдері
ІІІ.Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Адам эмбриологиясы- адам ұрығы дамуының, яғни оның құрылысы және қызметтерінің
қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Студент үшін кейбір клиникалық пәндерді
игеруіне және болашақ дәрігерлік практикасында эмбриологиялық мәліметтерді жетік білуінің
маңызы зор. Себебі,әртүрлі ішкі және сыртқы зиянды факторлардың әсерінен қалыпты
эмбриондық даму, ана – нәресте жүйесіндегі әртүрлі қатынастар бұзылып, түсіктер, туа біткен
кемістіктер, нәрестенің туылғаннан кейін болатын аурулары пайда болады.Олардың даму
механизмдерін, факторларын анықтау негізінде, медициналық эмбриология осы
эмбриопатияларды алдын-алу, емдеу шараларын жете зерттейді.
Адам эмбриогенезі
Пайда болуынан бастап, өмірінің ақырына дейін
әрбір организмде өтетін бірізділі
морфологиялық, физиологиялық және
биохимиялық өзгерістердің жинағы онтогенез
немесе индивидуальді, яғни жеке даму деп
аталады.
Дәрігерлік қызметтің негізгі нысаны – адам
онтогенезінң қалыпты жағдайы және
патологиялық ауытқулары. Жыныс жол арқылы
көбейетін организмдерде онтогенездің 2 кезеңін
ажыратады: эмбриондық және постэмбриондық
Аналық жасушаның ұрықтануынан басталып, нәрестенің
дүниеге келген шағына дейін өтетін жаңа организмнің
даму процестерін эмбриондық даму немесе эмбриогенез
деп атайды.
Адамның құрсақішілік дамуы орташа есеппен 280 тәулік
(10 акушерлік ай) жалғасады. Үш кезеңін ажыратады:
бастапқы (1-ші апта), ұрықтық (2-8-ші апта), нәрестелік
(дамудың 9-шы аптасынан бала туғанға дейін). Ұрықтық
кезеңнің соңында тіндер мен мүшелердің негізгі
эмбрионалдық бастамаларының қалыптасуы аяқталады.
Жыныс жасушаларының құрылысы
Аталық және аналық жыныс
жасушаларының жамуы және
пісіп жетілуі, яғни
гаметогенез, жыныс
бездерінде өтеді.
Прогенез – ұрықтануды және
жаңа организм дамуының
алғашқы кезеңдерін
қамтамасыз етуге, яғни
репродуктивтік қызметті
атқаруға қабілетті жыныс
жасушалар пайда болады
Аталық жыныс жасушасы
Жыныстық жетілу кезінен (13-
15 жас) бастап, аталық жыныс
безінде үздіксіз пайда болып
жатады. Жетілмеген жас
жыныс жасушалардан –
сперматогонийлардан бастап,
72 тәулік бойы өтетін
сперматогенез арқасында,
кемелденген сперматозоидтар
дамып шығады.
Сперматогенез.
Көбею кезеңі. Бұл кезеңде бастапқы жасушаларды
сперматогония деп атайды. Жыныс жасушалары митоз
жолымен бірнеше рет бөлінеді де, олардың саны
көбейеді. Сперматогония ер адамадарда барлық
репродуктивті кезең барысында көбейеді.
Өсу кезеңі. Бұл кезеңде жасушалар көлемі бойынша
өседі. Сперматогония I ретті сперматоциттерге айналады.
Жетілу кезеңі. Бұл кезеңде бірінен кейін бірі келетін екі
реттік бөліну – мейоз I және мейоз II жүзеге асады.
Бірінші бөлінуден кейін II ретті сперматоциттер
қалыптасады. Ал екінші бөлінуден кейін төрт
сперматидтер түзіледі.
Қалыптасу кезеңі. Бұл кезең тек сперматогенезге ғана
тән. Жетілмеген сперматид өзіне тән қалыпқа еніп,
сперматозоидқа айналады. Сперматозоидтардың түзілуі
ер адамдарда жыныстық жетілу кезеңінде басталады.
Сперматогонийдің жетілген сперматозоидқа дейін даму
кезеңі 74 тәулік.
Ұрықтану өтетін жерге дейін 150-400 млн
сперматозоидттан тек 200-400 ғана жетеді. Ал,
аналық жыныс жасушасына тек бір
сперматозоид кіре алады, қалғандары аналық
жыныс жолдарында опатқа ұшырайды.
Сперматозоид құрылысы:
Плазмалеммамен қапталған бас, мойын,
дене және құйрық бөлімдерінен тұрады.
Басында гаплоидты жиынтығы бар ядро;
Акросома протелеизидтік ферменттері бар
Гольджи туындысы; Мойын бөлігінде 2
центриоль; Құйрығында көптеген митохондрия
бар;
Аналық жыныс жасушасы
Әйелдердің аналық жыныс
бездерінде жыныстық
жетілу мезгілінен, яғни 12-
14 жастан бастап,
ұзақтығы 24-28 күндік
әрбір овариальді-
менструальді циклдің
соңында әдетте бір ғана
аналық жыныс жасуша
овоцит пісіп-жетіледі.
Көбею кезеңі. Бұл кезеңде бастапқы жасушаларды
овогония деп атайды. Олардын дамуы барысында
аналық жыныс жасушалары қалыптасады. Жыныс
жасушалары митоз жолымен бірнеше рет бөлінеді де,
олардың саны көбейеді. Овогония эмбриондық кезеңде
көбейіп, жатыр ішінде дамудың 2-5 ай аралығында
қарқынды жүреді.
Өсу кезеңі. Бұл кезеңде жасушалар көлемі бойынша
өседі. Овогония I ретті овоциттерге айналады. I ретті
овоциттердің көлемі үлкейіп, қоректік заттар жиналады.
Жетілу кезеңі. Бұл кезеңде бірінен кейін бірі келетін екі
реттік бөліну – мейоз I және мейоз II жүзеге асады.
Бірінші бөлінуден кейін II ретті овоциттер қалыптасады.
Ал екінші бөлінуден кейінкөбею үдерісіне қатыспайтын
үш полярлы денешікпен жетілген жұмыртқа жасушасы
түзіледі.
Овоцит құрылысы:
Шар пішінді, көлемі сперматозоидтан
300 есе үлкен; 3 қабаттан: нұрлы тәж, мөлдір
зона, плазмалемма; Олигоцетальды және
изолецитальды сары уыз болады;
Кортикальды гранулалар Гольджи
аппаратыняың туындысы; Гаплоидты
жиынтығы бар ядро.
Сперматогенез бен овогенездің бұл ерекшеліктері аталық және Дененің басқа сомалық жасушаларымен
аналық гаметалардың әртүрлі қызметтеріне байланысты. Овогенез салыстырғанда ,атқаратын қызметінде ерекшеліктері бар.
барысында жасушалардың теңдей емес бөлінуі ірі жұмыртқа Біріншіден, гамета ядросының генетикалық аппаратты
жасушасының дамуын қамтамасыз етеді және онда көп мөлшерде хромосомалардың гаплоидтық, яғни екі есе кем жиынтығынан
қоректік заттар жиналады, себебі ұрықтанған жұмыртқадан жаңа тұрады. Ұрықтану кезінде жыныс жасушалар зиготаға бірігіп,
ағза дамиды. Сперматогенез бен овогенезді салыстырмалы хромосомалар жиынтығы адамға тән диплоидтық саны
сипаттауда сперматозоидтар көп дамитынын байқауға болады. Бұл қалпына келеді.
үдерістің өзіндік биологиялық мәні бар, себебі жұмыртқа Екіншіден, жыныс жасущалар зат алмасу деңгейінің
жасушасына тек бір сперматозоид еніп, өзінің хромосома төмендігімен ерекшеленеді, атап айтқанда, ДНҚ
жиынтығын жеткізеді. Ал қалғандары жұмыртқа жасушасын іздеу синтезделмейді және зиянды заттардың әсеріне резистентті
барысында тіршілігін жояды. Сперматогенез бен овогенезді болады. Осы қасиеті арқасында гаметалар генетикалық
салыстыруда сперматозоидтарға қоректік заттар қорының қажет ақпаратын ұрпақтар қатарында өзгерілмей берілуін қамтамасыз
еместігі түсінікті, себебі олардың тіршілігі ұзақ емес, ал етеді.
қозғалғыштығы жылдам болуы қажет.
Ұрықтану
Ұрықтану – сперматозоид пен жұмыртқа жасушасы
қосылуы нәтижесінде, жаңа организмге дамуға
қабілетті диплоидты зигота, яғни бір жасушалы
ұрықтың пайда болуы.
Ұрықтану бір мезетте емес, үш кезең бойы
өтетін процесс:
- Дистанттық әрекеттесу
- Контакттық әрекеттесу
- Сингамия
Дистантты
Бұл кезде 2 құбылыс өтеді: капацитация және
дистантты әрекеттесу. 7 сағт бойы өтетін
капацитация кезінде аналық жыныс жолдарының
бөлінділері әсерінен спермий акросомасының
алдындағы плазмалеммасынан гликопротеиндер
мен протеиндер алынып тасталып, ондағы
рецептор- гликозилтрансфераза жалаңаштанады.
Ал, бұл сперматозиодтардың аналық жыныс
жасушасын табуға және қосылуға көмектеседі.
Дистантты әрекеттесу негізінде
хемотаксис процесі жатыр.
Контактты
Овоцитке жеткен 200-400 жуық
сперматозоидтар оны қоршап, қабығымен
әрекеттеседі. Ұрықтандыру үшін
сперматозоид 3 кедергіден: сәулелі тәж,
мөлдір зона және плазмалеммадан өтуі керек.
Бұл жерде акросомалық реакция –
сперматозоид жұмыртқа жасушасының
қабығын еріте бастайды.
Сингамия
Кортикальды реакция және аталық және аналық
хромосомаларының қосылуы жүреді.
Кортикальды реакция ұрықты
полиспермиядан сақтайды.
Генетикалық материалдың бірігуі
нәтижесінде, сомалық жасушаларға тән
хромосомалардың диплоидтық жиынтығына ие
ортақ ядро – синкарион қалыптасады. Мұндай
ұрықтанған жұмыртқаны зигот деп атайды.
Дамудың қатерлі кезеңдері
Жануарлар дамуын зерттеу нәтижесінде дамудың қатерлі кезеңдері болатындығы
анықталды. Дамудың қатерлі кезеңдері деп ұрықтың қоршаған ортаның әр түрлі
зиянды факторларына өте сезімтал кезеңдерін айтады. Бұл кезеңдерде зиянды
факторлар әсерінен онтогенездің қалыпты жүруі бұзылып, ұрық не өліп қалады не
міндетті түрде әп түрлі ақауларға ұшырайды.
Дамудың қатерлі кезеңі терминін 1897 жылы Браун енгізген болатын.
Қауіп-қатерлі кезеңдерде ұрықтардың метаболизмі қатты өзгеріске ұшырайды,
тыныс алу күшейеді, РНҚ мөлшері өседі, бұрын болмаған ақуыздар
синтезделеді. Сонымен бірге, ұрықтың өсу қарқыны баяулайды, ал сапалық
қайта құрылу – ұлғаяды. Нақтылы гендердің белсенділігі кризистік кезеңдерге
тура келеді және осы кезде зақымдатқыш факторлар әсерінен пайда болған
ақаулар мен кемтарлықтар мутация салдарынан пайда болу арқылы дамитын
ауытқулар мен кемтарлықтарға ұқсайды.
Әйгілі орыс эмбриологы П.Г.Светлов адам ұрығы дамуында мына
кризистік кезеңдердің маңызды екендігін көрсетті :
- имплатанция ұрықтанудан кейін 6-7 тәуліктер
- плацентация жүктіліктің 2-аптасының соңы
- перинатальды босану кезеңі
Өмір сүру ортасының өзгеруіне бейімделуі үшін, ұрықта жаңа
талаптарға сәйкес өзгерістер өтуі тиіс. Сондықтан, ұрықтың қан
айналым, газ алмасу, қоректену сипаттары өзгереді. Осы кездерде
әсерін тигізген зақымдатқыш факторлар эмбрион дамуын тоқтатып,
түсіктірге, өлі туылуға т.с.с. ұшыратады.
Бүкіл организмге ортақ осындай жалпы кризистік кезеңдерге қосымша, адам эмбрионы дамуының әр түрлі
мерзімдерінде жеке ағзалар дамуының қауіп-қатерлі кезеңдері анықталды. Адамның дамушы жүйелері арасында,
әсіресе, мидың орны бөлек. Себебі, ол қоршаған тіндер мен ағза бастамаларының дифференциялануы үшін
біріншілік индуктор.
Адам ұрықтары мен нәрестелерінің
дамуының кейбір ауытқуларының даму
мерзімдері
Аномалия түрлері Жасы
Анэнцефалия – мидың, бас сүйектерінің күмбезінің болмауы 26 тәулік
Менингомиелоцеле – омыртқаның ақауы арқылы жұлынның қабықшалары мен 28 тәулік
тіндерінің сыртқа шығуы
Жырылған ерін – жоғарғы еріннің дамуының ақауы 36 тәулік
Жоғарғы жақтың және таңдайдың жырықтары 9-10 апта
Гипоспадия – еркек жынысты балаларда зәр шығару түтігінің дистальды бөлігінің 12 апта
болмауы, ал оның сыртқы тесігі ұмада немесе шат аймағында болады; әйел жынысты
балаларда – зәр шығару түтігінің болмай, оның тесігі қынапқа ашылады
Крипторхизм – аталық жыныс безінің ұмаға түсуінің кешігуі 7-10 ай
Қорытынды
Жүктілік кезінде екі организм- ана және ұрық ағзалары
арасында функциялық жүйе қалыптасады. Ана-нәресте
жүйесі қалыптасу кезінде бірқатар кризистік кезеңдер
пайда болады. Бұл кездерде ана-нәресте функциялық
жүйесі өте жараланғыш болып келеді. Сондықтан, ана-
нәресте организмдері арасындағы гистологиялық,
иммунологиялық ерекшеліктерін зерттеу жүктілікті
медициналық қорғаудың негізін қалайды.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Гистология. І-бөлім: Цитология және адам эмбриологиясы (төрт
бөлімді оқу құралының І-бөлімі). С.А.Ажаев. Кентау,«Еркін и К-
ХХІ» баспасы – С. Т. Нұртазин Жалпы гистология: жоғары оқу
орындарына арналған оқу құралы -А.:Қазақ университеті,2015 ж.,
Гистология, цитология және эмбриология атласы. Медицина жоғары
оқу орындарының студенттеріне арналған.
Р.Б.Абильдинов,Ж.О.Аяпова, Р.Н.Юй. Алматы. «Эффект» баспасы –
411 б.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz