Ауылшаруашылық артельдерінің жарғысы




Презентация қосу
Пән:Қазақстан тарихы

Дәріс тақырыбы:1867-68жылдардағы әкімшілік және сот реформалары

1. 1867-68жылдары жүргізілген әкімшілік реформалар және қазақ шаруаларының
тағдыры

2. Ауылшаруашылық артельдерінің жарғысы

3. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат

Орындаған: Құдайберген Диана
Қабылдаған: Утегалиева Алмажан

Алматы2022ж
Қазақстандағы 1867-1868 жылдардағы реформа патшалық
Ресейдің отаршылдық саясатының маңызды бөлігінің бірі.
Себебі, ол әкімшілік құрылыс, жер қатынастары, сот
құрылысы, халыққа білім беру, дін мәселесі сияқты қазақ
қоғамының шешуші салаларының бәрін қамтыған күрделі
реформа болған еді.
Қазақстанға әкімшілік басқару жүйесін енгізуді көздеген
Патша үкіметінің алдына қойған басты мақсаты аймақтағы
отаршылдық саясатын күшейту болған еді. Осыған орай,
1867 жылы 11 шілдеде патша жарлығымен империя
құрамында Түркістан генерал-губернаторлығы құрылса, ал
1868 жылы Орынбор және Батыс Сібір генерал-
губернаторлықтары құрылды. Реформаның ең басты және
негізгі міндеті – "қазақ даласын Ресейдің басқа
бөліктерімен бірте-бірте қосып жіберу" еді. Сөйтіп,
жергілікті бай-мапатарды биліктен ысырып тастап, ру
басшыларын әлсіретіп, ойға алған іс-шараларды оңтайлы
жолмен оңай әрі тез жүзеге асырып отыру еді. Жалпы
алғанда, реформалар Патшалық үкіметтің қазақ
даласының жергілікті тұрғындарын және аймақтық
табиғат байлықтарын еркін пайдалану үшін жасалған еді.
1867-1868 жж. реформа арқылы патша өкіметі қазақ
даласын толық отарлауға тырысып бақты. Сондықтан да
Қазақстан аумағы облыстарға бөлініп, ал облыстар
әкімшілік орталықтарына, қазақ даласымен байланыссыз
жататын әр түрлі генерал-губернаторлықтарға
бөлшектенеді.
Мысалы, Торғай мен Орал облыстары – Орынбор; Ақмола
және Семей облыстары – Батыс Сібір; Жетісу мен
Сырдария – Түркістан генерал-губернаторлықтарының
құрамына кірді. Бұрынғы ішкі Бөкей хандығының аумағы
уақытша Торғай облыстық басқармасына бағынышты
болып қалғанымен, ол ұзаққа созылмай, 1872 жылдан
бастап Астрахань губерниясының құрамына кірді. Ал
Маңғыстау аумағы 1870 ж. қазақтардың көтерілісіне
байланысты Кавказ әскери округының билігіне өтті.
​1867-1868 ЖЖ. РЕФОРМА ЕЛ МЕН ЖЕРДІ БАСҚАРУДАҒЫ
ПАТШАЛЫҚ ҮКІМЕТТІҢ АЛҒАШҚЫ БУЫНЫ БОЛЫП
ТАБЫЛАТЫН ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРМАҒА КӨҢІЛ БӨЛДІ. ӘРБІР
УЕЗД БОЛЫСТАРҒА, АЛ БОЛЫСТАР АУЫЛДАРҒА БӨЛІНДІ.
Е.Г.ФЕДОРОВ "ҚАЗАҚСТАН – ПАТША ҮКІМЕТІНІҢ ОТАРЫ"
АТТЫ ЕҢБЕГІНДЕ: "ПАТШАЛЫҚ ҚАЗАҚ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ
ОРТАЛЫҚТАРЫН ӘДЕЙІ БӨЛШЕКТЕДІ, БАРЛЫҚ БАСҚАРУ
ЖҮЙЕСІН БӨЛШЕКТЕУ АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МӘДЕНИ
ДАМУЫН ТЕЖЕП, ХАЛЫҚТЫ ҚАРАҢҒЫЛЫҚТА ҰСТАУДЫ
КӨЗДЕДІ",- ДЕП ЖАЗЫЛҒАН.

УЕЗДЕР ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ БЕЛГІ БОЙЫНША БІР БОЛЫСҚА
1000-2000 КИІЗ ҮЙ ЖӘНЕ БІР АУЫЛҒА 100-ДЕН 200-ГЕ КИІЗ ҮЙ
КІРЕТІНДЕЙ БОЛЫП ЕСЕПТЕЛГЕН БОЛЫСТАР МЕН
АУЫЛДАРҒА БӨЛІНДІ. БОЛЫСТАР ШАРУАШЫЛЫҚ ЖАҒЫНАН
БІРІККЕН АУЫЛДАРДАН ТҰРДЫ. ОСЫҒАН БАЙЛАНЫСТЫ
ЖАҢА ЖАҒДАЙДА ҚАЗАҚТАРДЫҢ РУЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР
БОЙЫНША ТАРИХИ БӨЛІНУІ ЗАҢДЫ ТҮРДЕ ЖОЙЫЛДЫ. РУ
БАСЫНДА АҚСАҚАЛ ТҰРҒАНДА, ОНЫҢ СӨЗІ МЕН ІСІ БИЛІК
КҮШКЕ ИЕ ЖАҒДАЙЫНДА ПАТША ҮКІМЕТІНІҢ ДАЛА
ТЫНЫШТЫҒЫ ҮШІН ҚОРҚУЫ ЗАҢДЫ НӘРСЕ БОЛАТЫН.
Ауылшаруашылық артельдер
Артель дегеніміз не? Революцияға дейінгі Ресейде бірлескен егіншілік және
ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін шағын өндірушілер қауымдастығын артель деп
атаған. Ауылшаруашылық кооперативтері ХІХ ғасырдың екінші жартысында ауылдың
күйреуіне байланысты пайда болды. Ауыл шаруашылығы кооперативтерін
идеализациялаған «народниктер» оларда «ауылшаруашылық сауданы әлеуметтендіруді»
көрді. Орыс марксистері үнемі капитализм жағдайында ауылшаруашылық кооперативтері
ауылдық бұқара халыққа үлкен пайда әкелетінін үнемі айтып отырды. Ауылшаруашылық
кооперативтерін құру әрекеттері, әдетте, оның мүшелерінің жойылуына немесе
кооперативтердің жалдамалы жұмысшыларды пайдаланған кәсіпкерлер бірлестіктеріне
айналуына әкелді.Кеңес өкіметі орнағаннан кейін ауылшаруашылық кооперативі
социалистік типтегі ұжымдық экономиканы (колхозды) ұйымдастыру үшін ерікті негізде
жұмыс істейтін шаруаларды біріктіретін өндірістік кооперативтің бір түрі болып
құрылды.Ауылдағы социалистік құрылыстың алғашқы жылдарында жұмысшы шаруа
қожалықтарының өндірістік бірлестіктерінің 3 негізгі формасы пайда болды. Олар
коммуналар, артельдер және бірлескен жер өңдеу бойынша серіктестіктер.

Олардың арасындағы айырмашылық өндіріс құралдарын әлеуметтенудің әртүрлі деңгейлерінде және кірісті бөлу


әдістерінде болды. Коммуналарда барлық өндіріс құралдары біріктірілді, серіктестікте тек егістік жерлер, артельдік
егістік жерлер және негізгі құралдар бірлесіп жұмыс істеді. 1918 жылдың аяғында 1579 колхоз болды, оның 975-і
коммун және 604 артель. 1919 жылы орта шаруалардың бір бөлігінің колхозға енуімен кооперативтер саны едәуір өсті.

1919 жылдың аяғында 6189 колхоздың жартысынан көбі (3 606) артель болды; Артельдер халық шаруашылығын
қалпына келтірудің бүкіл кезеңінде (1921-1925 жж.) 1 орында тұрды. Шаруалардың колхоздарға жаппай енуінің
басталуымен қарапайым өндірістік бірлестіктер – серіктестіктер бірінші орында тұрды. Барлық колхоздар арасында
артельдердің үлесі 1927 жылғы 48,1%-дан 1929 ж. 33,6%-ға азайды. 1930 жылы шаруа қожалықтарын үздіксіз
ұжымдастыруға көшу кезінде кооперативтер 73,9%, ал 1932 жылы – колхоздардың жалпы санының 95,9% құрады.
Колхоздар қозғалысының одан әрі дамуы артельдік форманың ұжымшар жүйесіндегі бөлінбейтін үстем жағдайын
нығайтты. Колхоздардың артельдік формасы артель мүшелерінің көмекші жеке басқаруын сақтай отырып, артель
мүшелерінің әл-ауқатының негізгі көзі ретінде қоғамдық экономиканың дамуын үйлестірді. Алғашқы артельдер 1917-
1918 жж. дербес жасалған жарғылар негізінде құрылды. 1919 жылы 19 мамырда Халық ағарту комиссариаты «Еңбек
ауылшаруашылық артелінің типтік хартиясын» бекітті. Жарғыда жасы, діні, ұлты, азаматтығы мен кәсібі бойынша 18
жасқа толмаған және Кеңеске дауыс беру құқығынан айырылмаған барлық азаматтар кооперативке мүше бола алады,
сондықтан дауыс беру құқығынан айырылғандар кооперативке кіре алмады.

Артель жарналары тек қолма-қол ақшамен ғана емес, сонымен қатар артельдің салымы аясында өлі және тірі
жабдықтармен де жасалды. Кооперативтің түгендеуін құрумен қатар түгендеу кооператив мүшелерінде қалуы мүмкін.
Әскери коммунизм саясатының дамуына байланысты 1920 жылы 29 қыркүйекте Халық ағарту комиссариаты
ауылшаруашылық кооперативінің жаңа Жарғысын бекітті, онымен кооператив коммунаға теңестірілді. Жаңа
экономикалық саясатқа өткеннен кейін артельдің жарғысы қайта қаралды. 1922 жылғы модельдік жарғы артельдің
мүшелеріне жеке шаруашылықты жоюды талап етпеді. Шаруа қожалықтарын үздіксіз ұжымдастыруға көшіру
артельдің ұйымдастырылуы мен қызметін неғұрлым нақты анықтауды қажет етті
Жаңа экономикалық саясат. Ол не?
ХХ ғасырдың 20-ншы жылдарындағы кеңестер Одағында Азамат соғысынан
қираған ел экономикасын тұрғызу, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін
орнықтыруға бағытталған әрекет. 1918-20 жылдарындағы Азамат соғысы елді
әбден тұралатып, экономикалық жағдайды бірнеше жылға кері шегерді. Өндіріс
орындары тоқтап, мұнай, көмір, мыс өндіру бірнеше есеге азайды. Ауыл
шаруашылығы қатты дағдарысқа ұшырады. Егістік жерлер көлемі қысқарды.
Әлбетте мал шаруашылығы да құлдырай бастады. 1921 жылы ҚазАКСР-нің
жеті губерниясының бесеуі құрғақшылыққа ұшырады. Бұл аймақтардағы
астықтың түсімі азайып, жергілікті халық зардап шекті. Әрі ауа-райының
қолайсыздығы ауыл шаруашылығын бұдан да қиын жағдайға түсірді. 1920-1921
жылдардағы жұттан мал басы 75 пайызға кеміді.

1921 жылдың көктемінде коммунистік партияның Х съезінде «әскери
коммунизм» саясатынан жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім
қабылданды. Жаңа экономикалық саясатқа көшу арқылы қираған халық
шуарашылығын қалпына келтіріп, социализмге өту көзделді. Жаңа
экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты шет елден капитал тартылып,
ақша реформасы жүргізілді. Азық-түлік салығы енгізілді. Осындай солақай
саясаттың кесірінен республиканы аштық жайлады. Артық өнімдер ғана емес,
азыққа қолданылып отырған астық және тұқым қоры да тәркіленіп отырды.
Астық салығы, мал шаруашылығымен ғана айналысып отырған аудандарға да
салынды. Оны төлеу үшін олар малдарын сатып, астық сатып алуға мәжбүр
болды. Жер-жерлерде жүз мыңдаған халық аштықтан қырылып жатты. Кейбір
аудандарда халықтың 75 пайызы қырылып қалған. Тіпті Әулиеата уезінде
халықтың қырылғандығы соншалық, бірнеше болысты біріктіріп бір болыс
ұйымдастыруға дейін барған. Жалпы тарихи зерттеушілер 2 млн 300 мыңнан аса
адам аштыққа душар болса, 1 млн-ға жуық адам аштық пен аурудан өлді деген
мәліметтерді келтіреді.
Мұндай сорақылықты көріп, қарсы шыққан Тұрар Рұсқұлов болды. Ол
аштықпен жүйелі түрде күресу үшін арнайы ұйым құруды мақсат қояды.
Осылайша аштықпен күресетін ерекше Орталық комиссия
ұйымдастырылады. Оның төрағасы болып Тұрар Рұсқылов тағайындалады.
Ұйым алғаш жұмысқа кіріскен бетте көптеген қиындықтармен қатар, өзі
тектес азық түлік ісіне қатысы бар ұйымдардың аяқтан шалу әрекетіне тап
болады.

Қазақ Орталық Атқару Комитеті (ҚОАК) де аштыққа ұшыраған аудандарға өз
тарапынан көмек көрсету шараларын ұйымдастырды. ҚОАК-ті жанынан
аштыққа ұшырағандарға көмек көрсету үшін комиссия құрылады.
Республикалық комиссияны ҚОАК-нің төрағасы Мендешев басқарды.
Қазақстандағы ауыр жағдайды ескере отырып, КазАКСР ОАК-і ашыққандарға
көмек беруші Орталық Комиссияның шешіміне сәйкес, бұл аудандардың
тұрғындарын астық, картоп т.б. мемлекеттік салықтардан босатты.

Қазақ даласын шарпыған аштықты Кеңес үкіметінің басшылығы
мойындамады. Республика басшылары бұл кездейсоқ, тұтқиылдан пайда
болған зобалаң деген баға берді. Орталық Үкімет даланы жайлаған аштық
мәселесіне бас қатырып та жатпады. Олар өздерінің жүргізіп отырған
саясатын толығымен дұрыс деп есептеді. Жер жерлерде қарулы көтерілістерге
шыға бастады. Бірақ Қазақстандағы көтерілістердің ұйымдасуы мен қару-
жарақпен қамтамсыз етілмеу салдарынан Қызыл Армия күшімен олар
талқандалып отырды.

Алайда большевиктер өздерінің биліктен айрылып қалу қаупін сезініп, 1921
жылы 8 наурызда өткен Партияның Х съезінде экономикалық саясатты
өзгертуге мәжбүр болады. Осы съезд шеңберінде жаңа экономикалық саясатқа
көшу шешімі қабыладанады.
Қабылданған жаңа экономикалық саясаттың мәні неде?

Кеңес үкіметі мемлекеттің қолында ірі өндіріс орындарын, банкті
қалдырып, жеке капиталды өндіріске ендіруге рұқсат берді. Мемлекеттік
жерлер, кішігірім мемлекеттік кәсіпорындар белгілі мерізімге жеке шетел
ұйымдары мен тұлғаларға жалға беріледі. Жеке саудаға рұқсат берілді,
мемлекеттік және кооперативтік сауда да дамуы тиіс болды. Жеке ауыл
шаруашылық қожалықтарына, жеке меншіктегі кішігірім кәсіпорын
иелеріне жалдамалы еңбекті пайдалануға рұқсат берілді. Елдегі ақша
жүйесін нығайту, тегін қызмет көрсетуді жою, еңбекке ақшалай жалақы
төлеу міндеттелді. Жаңа экономикалық саясаттың аясында қабылданған
міндеттердің ішіндегі ең маңыздысы – азық-түлік салғыртын азық-түлік
салығымен алмастыру туралы шешім болды.
Азық-түлік салғырты деген не?

Азық-түлік салғырты кезінде шаруа қожалықтары өндірілген өнімнің өзін қамтамасыз етуге қажетті үлесінен артығын
мемлекетке тапсыруға міндетті еді. Азық-түлік салығының ендірілуі, яғни белгіленген мөлшердегі ғана салықты өтеуге
байланысты, олар өндірілген өнімнің артығын өз еркімен пайдалану құқығына ие болды. Бұл ендірілген салық
жүйесіндегі өзгеріс өндіруші шаруа қожалықтарына өте қолайлы болды. Себебі, олар өндірілген өнімнің белгілі мөлшерін
ғана мемлекетке тапсырып, қалған өнімді сатуға немесе өзінің басқа қажеттерін өтеуге мүмкіндік алды. Осыған
байланысты енді шаруа қожалықтары егістік көлемін ұлғайтуға, сөйтіп өнімді көп өндіруге, яғни еңбек өнімділігін
арттыруға ынталы болды. Біртіндеп азық-түлік салығы кеңінен ене бастады. Жекелеген қазақ шаруашылықтарына 3-5
жылдық мерізімге шақталған несиелер берілді. Сондай-ақ мемлекет тарапынан ауылшаруашылық машиналары мен
құралдарын сатып алуға негізделген несиелер де белгіленді. Осының бәрі ұсақ товар өндірушінің материалдық
құштарлығын арттырды, оның өз шаруашылығындағы қорларына иелік ету еркіндігін күшейтті. 1924 жылы салықты тек
ақшалай түрде өтеуге көшті. Сол жылы кеңес үкіметі ақша реформасын жүргізіп сомды енгізді. Қазақстанда жәрмеңкелік
сауда кең етек жайды. Өркендей бастаған жәрмеңкелік сауда ауыл шаруашылығының дамуына ықпал етті. Жаңа
экономикалық саясат аясында Республиканың халық шаруашылығында болған өзгерістер экономикалық дамуға әкеліп,
елдің шаруашылық жүйесі біртіндеп нарықтық экономика қатынасына енді. Меншіктің әр түрлі түрлерінің қалыптасуы,
олардың арасындағы бәсекелестік халық шаруашылығын алға дамуына әкелді. Мемлекет ауылшаруашылық товарларын
сатып алу бағасын өзі белгіледі және ол өте төмен болды. Мемлекет тарапынан жүргізіліп отырған мұндай саясат ұсақ
ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер тарапынан қарсылық тудырды. Олар өндірген өнімдерін төменгі бағамен
сатудан бас тартты. Алайда бұл қарсылықты мемлекет өзі жүргізіп отырған саясаттың кемшілігінен деп есептемеді.
Керісінше ол қарсылықты тап жауларының іс-әрекеті деп бағалады. Мемлекет тарапынан жеке шаруа қожалықтарына
қарсы бақылауды күшейтті. Ұсақ тауар өндірушілерді әкімшілік жолмен бақылау мен ығыстыру саясаты сауданы
шектеуге, яғни ЖЭС-тің шектелуіне әкелді.​
Бақылау сұрақтары
1. 1867-68жылдардағы реформаның қазақтарға тигізген әсері қандай?
2. Ауылшаруашылық артельдері дегеніміз не?
3. Жаңа экономикалық саясатқа түсініктеме беру ?
4. Қабылданған жаңа экономикалық саясаттың мәні неде?
5. Азық-түлік салғырты дегеніміз не?
Назарларыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік - Шығыс Азия халықтарының қауымдастығы
Қарулы Күштерінің жарғылары
Қазақстанда аграрлық заңнамалардың даму тарихы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНҢ ӘСКЕРИ ЖАРҒЫЛАРЫ
ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҰЖЫМДАСТЫРУ
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік  туралы ақпарат
Саяси билік инстуттары
Дүниежүзілік Туристік Ұйым
КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҰЙЫМДЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ФОРМАСЫ
Жеті жарғы туралы жеті дерек
Пәндер