Ерітіндінің молярлы концентрациясын есептеу



ДӘРІС №12
Титриметрлік талдау және оның түрлері.
Қышқылдық-негіздік титрлеу

Мақсаты: Титриметриялық анализ және оның жіктелуі, қышқылдық-негіздік титрлеудің маңызы мен оның сандық анализдің бірі ретінде жіктелуі туралы ұғымды қалыптастыру.
Жоспары:
1. Титриметриялық анализдің мәні.
2. Титриметриялық талдау әдісінің жіктелуі.
3. Титрленген ерітінділерді дайындау.
4. Титриметриялық анализ нәтижелерін есептеу.
5. Қышқылдық-негіздік тирлеудің мәні.

Титриметриялық талдау
Титриметриялық анализде тирленген ерітінділер қолданылады. Концентрациясы өте дәл анықталатын ерітінділерді титрленген (қалыпты) ерітінділер, жұмыс ерітіндісі немесе титранттар деп аталады.
Ерітіндінің бір куб сантиметріндегі (бір миллилитріндегі) еріген зат массасын титр дейді.

Стандартты ерітінділер
Оларға көптеген тұздар (натрий тетрабораты, натрий оксалаты, натрий хлориді, калий дихроматы), қымыздық қышқылы т. б. жатады. Оны даярлау үшін дәл өлшеніп алынған затты өлшеуіш колбаға салып ерітіп, суды белгіге жеткізеді. Еріген зат массасы (m, г) және өлшеуіш колбаға көлемі (V) бойынша ерітінді титрін Т есептейді:
Т= m/ V
Титрі бойынша ерітінді нормальдылығын табу үшін титрді 1000-ға көбейтіп, эквивалентке (Э) бөледі:
N =
Заттың дәл өлшенген мөлшерінен ерітілген титрленген ерітіндіні стандартты дейді.

№1 сүрет - Стандартты ерітінді даярлау:
1 - өлшеуіш колба;
2 -воронка;
3 - өлшемімен бюкс;
4 - дистелденген сумен жұғыш;
5 - тамызғыш пипетка.

Мысалы:
0, 5312 г натрий карбонатын Na2CO3 100мл-ге арналған өлшеуіш колбада ерітсек, түзілген ерітінді титрі:
Т=
N= болады.

Стандартталған ерітінділер
Дәл концентрациясы нақты өлшенген мөлшерінен емес, басқа стандартты ерітінді бойынша анықталатын титрант ерітіндісін стандартталған дейді.
Химиялық анализде ерітінділерді фиксаналдардан немесе стандарт-титрден даярлайды. Фиксанал-1л 0, 1н не 0, 01н ерітінді даярлауға арналған шыны ампула.

Титриметриялық талдаудағы есептеулер
Титриметриялық талдауда концентрациялар титр, анықталатын зат бойынша титр, түзету коэффициенті, массалық үлес, молярлы, нормальді түрде өрнектелген ерітінділерді пайдаланады.
1. Ерітіндінің массалық үлесін есептеу:
Мұндағы:
- еріген заттың массасы, г;
- ерітіндінің массасы, г.

2. Ерітіндінің молярлы концентрациясын есептеу:
немесе
Мұндағы:
- моль саны, моль;
V- ерітіндінің көлемі, см3;
- ерітіндінің тығыздығы, г/см3;
- ерітіндінің массалық үлесі, %;
М - заттың молярлы массасы, г/моль.

3. Ерітіндінің нормальді концентрациясын есептеу:
немесе
Мұндағы:
- моль саны, моль;
V- ерітіндінің көлемі, см3;
- ерітіндінің тығыздығы, г/см3;
- ерітіндінің массалық үлесі, %;
Э -эквивалентінің молярлы массасы, г/моль.
- эквиваленттік факторы;

4. Көлемі белгілі ерітінді дайындау үшін өлшендінің массасын есептеу:
Мұндағы:
- химиялық таза заттың өлшенді массасы, г;
N -ерітіндінің нормальді концентрациясы;
W - ерітіндінің көлемі, см3;
Э -эквивалентінің молярлы массасы, г/моль.

Егер зат лайланған болса келесі формуланы пайдаланамыз:
Мұндағы:
- химиялық таза заттың өлшенді массасы, г;
N -ерітіндінің нормальді концентрациясы;
W - ерітіндінің көлемі, см3;
Э -эквивалентінің молярлы массасы, г/моль.
С% - анықталатын компоненттің мөлшері, %.

Тығыздығы белгілі сұйық заттарды пайдаланған кезде өлшенді (см3) келесі формула бойынша есептеледі:
Мұндағы:
V -өлшендінің көлемі, см3;
N -ерітіндінің нормальді концентрациясы;
W - ерітіндінің көлемі, см3;
Э -эквивалентінің молярлы массасы, г/моль.
С% - анықталатын компоненттің мөлшері, %.
- ерітіндініңтығыздығы, г/см3;

5. Ерітіндінің титрін есептеу:
немесе
Мұндағы:
Т - ертіндінің титрі, г/см3;
- өлшендінің массасы, г;
W - ерітіндінің көлемі, см3;
N -ерітіндінің нормальді концентрациясы;
Э -эквивалентінің молярлы массасы, г/моль.

Анықталатын зат бойынша титрі келесі формуламен есептеледі:
Мұндағы:
ТВ/А - анықталатын зат бойынша титрі, г/см3;
NВ - титранттің нормальді концентрациясы;
ЭА- анықталатын заттыңэквивалентінің молярлы массасы, г/моль.

Титрлеу барысында эквиваленттік нүктеге дейін немесе эквиваленттік нүктеден кейін анықталатын заттың немесе титранттың концентрациялары келесі формула бойынша есептеледі:
Эквиваленттік нүктеге дейін артық мөлшерде анықталатын зат болады, эквиваленттік нүктеден кейінгі - титрант.

7. Зерттелетін ерітіндегі анықталатын заттың мөлшері келесі формулалар арқылы есептеуге болады:
(г, жеке өлшенділерді титрлеу әдісі)
(г, тамшылатуәдісінде)
(%, жеке өлшенділерді титрлеу әдісі)
(%, тамшылатуәдісінде)
Мұндағы:
gА - анықталатын зат, г;
NВ -титрантің нормальді концентрациясы;
VВ -титрантің көлемі, см3;
ЭА-анықталатын заттыңэквивалентінің молярлы массасы, г/моль;
WА -зерттелетін ерітіндінің көлемі, см3;
VА -зерттелетін ерітіндінің аликвоттік көлемі, см3;
-зерттелетін ерітінді дайындау үшін өлшендінің массасы, г.

Титриметриялық анализ әдістерінің жіктелуі
Титриметриялық анализ кезінде химиялық реакция типіне қарай үш топқа бөлінеді:
Иондар қосылу реакциясына негізделген әдістер;
Тотығу-тотықсыздану реакциясына негізделген әдістер;
Комплекс түзу реакциясына негізделген әдістер.
Титриметриялық талдау әдістері көрсетілген жіктеу ішінде қолданылатын титранты бойынша бөлінеді, мысалы ацидо- және алкалиметриялы, перманганато-, бромато-, иодо-, иодато-, цери-, комплексонометриялы және т. б.

Титриметриялық талдаудағы салыстырмалы қателігі ±0, 2%, ал макробюретканың көмегімен көлемдерін өлшеудің абсолюті қателігі ±0, 04 см3. Бұдан шығатын, қателігі ±0, 2% артық болмағанның минималді көлемін есептеуге болады:
Мұндағы:
- өлшеудің абсолютты қателігі, см3;
А - өлшеудің салыстырмалы қателігі, %.

Титрлеудің тәсілі бойынша титрлеу тура, кері және жанама (немесе орын басатын) деп бөлінеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz