Орал Зенит зауыты - қорғаныс және шаруашылық мақсатындағы өнімдер шығаратын кәсіпорын




Презентация қосу
Орал – қала (1775 жылдан), Батыс Қазақстан
облысының орталығы (1932 жылдан), ірі темір жол
станциясы, Жайық бойындағы өзен порты, әуе
жолдарының торабы. Қала Батыс Қазақстан Жайық
өзенінің жағасында орналасқан.
Ол Қазақстанның солтүстік-батыс аймағында
орналасқан. Ресей Федерациясының Астрахань,
Волгоград, Саратов, Самара, Орынбор облыстарымен
және Қазақстанның Атырау, Ақтөбе облыстарымен
шектеседі. Әкімі - Оразов Самиғолла Хамзайұлы.
Тұрғыны: 250 000 адам
Жер аумағы: 700 км2
Кәсіпорындар: “Зенит” зауыты, “Омега”, “Металлист”, Орал
механикалық зауыты, Орал арматура зауыты, Орал полипласт
зауыты өндірістік кәсіпорны, “Аяз” ЖШС және республикалық
мемлекеттік “Орал мемлекеттік ауыл шаруашылық стансасы”
кәсіпорны. Бұлардан басқа облыстық дәрежедегі нан комбинаты,
жылу, жарық, газ кәсіпорындары жұмыс істейді.
Ғимараттар: Қалада 2 мәдениет үйі, 18 кітапхана, Киров
саябағы, 3 мұражай, 2 театр, филармония, көрме залы, 46 мектеп,
3 жоғары оқу орны мен 3 бөлімше бар (2000). Сондай-ақ, 35
қазыналық емдеу мекемесі жұмыс істейді. Оралда Батыс
Қазақстан темір жол жүк тасымалының Орал бөлімшесі
орналасқан. Қала Жайық бойындағы ірі өзен айлағы саналады.
18 ғасырда салынған сәулет ескерткіштері сақталған.
Бүгінгі күні Орал қаласы – Қазақстандағы ірі мәдени-
эконономикалық орталықтардың бірі.
Орал Силикат Кірпіш
Зауыты – кірпіш, жылу-
энергиясын өндіретін
кәсіпорын. 1999 ж.
Орал құрылыс
материалдары өндірістік
бірлестігінің негізінде
құрылған. Облыс орталығы
маңындағы Зашаған
кентінде орналасқан.
Құрамында силикат кірпішін
дайындау, жылыту және жылу
тарату, т.б. цехтары бар. 70
адам жұмыс істейді.
Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Индустрияландыру күні
аясындағы Жалпыұлттық телекөпір барысында Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаев Орал трансформатор зауытындағы электротехникалық
өнімдер өндірісін іске қосты.

«Орал трансформатор зауыты» ЖШС құрылтайшысы Сайдулла
Қожабаевтың сөзіне қарағанда, кәсіпорынның өндірістік қуаты
электротехникалық өнімдердің көптеген түрін шығаруға мүмкіндік
береді.

«Осы орайда электровоздарды құрастыру үшін қозғалтқыш
трансформаторларын өндіру айрықша маңызға ие. Шығарылған
өнімдердің 90 пайызын Ресейге экспорттаймыз», - деді ол.

Мемлекет басшысы зауыт ұжымына өз құттықтауын жеткізіп, жаңа
өндіріске табыс тіледі.
Орал «Зенит» зауыты – қорғаныс және
шаруашылық мақсатындағы өнімдер шығаратын
кәсіпорын. 1941 жылы салынған. Бастапқы кезде бұл
құпия қорғаныс кәсіпорны “231-зауыт”, “38-пошта
жәшігі”, 1966 – 1991 жылы “К.Е. Ворошилов
атындағы машина жасау зауыты” деп
аталды. 1996 жылдан ашық акционерлік қоғам.
Зауыт жанында «Зенит» мәдениет сарайы жұмыс
істейді. Кәсіпорын 1 дәрежелі Отан соғысы
орденімен марапатталып, бірнеше мәртеМемлекеттік
сыйлықтың лауреаты болған.
Машина жасау және металды қайта өңдеу
салаларындағы кәсіпорындар жабдықтарының тозу
деңгейі шамамен 70 пайызды құрайды. Машина
жасаушылардың «басын ауыртып, балтырын
сыздататын» да басты түйткілді мәселе – осы.
Дегенмен көптеген кәсіпорында қайта жаңғырту
жұмыстары жүргізілді, оларды атап айтатын болсақ,
«Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ-да,
«ОралАгрореммаш» АҚ-да, «Орал механикалық
зауыты» ЖШС-да, «ҚазАрмаПром» ЖШС-да
Облыстық әкімшілігі Христос-азаткердің храмы

Тарихи-өлкетану мұражай Пугачев үйі
Қаланың отағасы
дәріханасы
А.Н.Островский атындағы
драма театры

Михайло-періштелік соборы

Орал қаласының мешіті
Карев үйі
Ванюшин көпесінің үйі

А.С.Пушкинге ескерткіш
Жергілікті кәсіпорындар Еуразиялық
экономикалық одақ жағдайында өз өнімдерін
сыртқы нарыққа шығаруда. Орал
механикалық зауыты иінді білектерін
бұрыннан-ақ экспорттап келген. Ал
«ҚазАрмаПром» ЖШС ұнтақтағыш
шарларды, «ҚазТрубПром» ЖШС сорғы
компрессорлы құбырларды, «БҚМЖК»
мұнайды жылыту пештеріне қосалқы
бөлшектерді Ресей нарығына тасымалдауда.
Мамандар Еуразиялық экономикалық
одақтың кәсіпкерлерге өз өнімдерін
кедергісіз сыртқы нарыққа шығаруға
мүмкіндік бергенін айтады және оның
көкжиегінің кең болатынына сенімді

Ұқсас жұмыстар
Шығыс Қазақстан облысы жайлы
Орал қаласы
ҚАЗАҚСТАН - ФРОНТ АРСЕНАЛЫ
Орал қаласының мешіті
Жаңа экономикалық саясатқа көзқарастар
Рахат кондитер фабрикасы
Қазақстандағы газ өңдейтін зауыт қайда
Зырян қорғасын комбинаты
Газ өңдеу өнеркәсібі
Беларусь Республикасының жеңіл өнеркәсібі
Пәндер