Гонадотропты гормондар


Slide 1

Тақырыбы: «Метаболизмнің гормондармен реттелуінің бұзылыстары. »

Орындаған: Тұрмағанбетов Т.

Қозыбаева А. Молдахан А.

243 топ ЖМ

Тексерген: Мадиева Ш. A.

Астана, 2022ж

«Астана медицина университеті» КеАҚ

Жалпы және биологиялық химия кафедрасы

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

Гормондарға жалпы сипаттама

Заттар алмасуының гормональды реттелуі.

Гормональды реттелудің бұзылыстары.

Қорытынды

Slide 3

Кіріспе

Арнайы клеткаларда ішкі секреция бездері бөлетін сұйықтық - гормондар деп аталады. Бұл биологиялық белсенді заттар қанға өтіп, заттар алмасуының реттеушілік қызметін атқарады. Эндокринді бездер мен гормондарды алғаш рет Т. Адиссон ашқан. Кейін оның тұжырымдамаларын Клод Бренар және Ш. Броун - Секар дәлелдеген.

Slide 4

Клеткалы ағзалар деңгейінде мүшелер мен тканьдердің физиологиялық қызметтері мен заттар алмасуын реттеу - нейро - гуморальді механизімдермен жүзеге асырылады, онда эндокринді бездер бөлетін жоғарғы өзгешелік қосылыстар - гормондар ерекше орын алады. Гормондар өтпелі бөлік болып табылады, солар арқылы жүйке жүйесі клеткаларының қызметтеріне өзінің әсерін тигізеді де, көптеген алмасу процестерінің клеткааралық, мүшеаралық үйлесуін қамтамасыз етеді

Slide 5

Гормональді реттелу мынандай негізгі процестерді бақылайды:

1. Белок пен нуклеин қышқылдарының синтезін, яғни бүкіл ағзаның өсуін реттеу.

2. Гендердің дифференциалды белсенділігі. Ағзаның дамуы

3. Метобалитикалық гомеостаздың қалыптасуы және сақталуы.

4. Адамның іс - қимылы мен мінез - құлық әрекеті.

Slide 6

Гормондар синтезінің қарқындылығы мен оларды эндокринді бездің қанға бөлу жылдамдығына;

Гормондардың белсенді түрлерінің деңгейі мен олардың залалсыздануына, сонымен қатар метобализмнің жылдамдығына байланысты;

3. Клетка - нысаналардың рецепторларының бүтінділігі мен сезімталдыңына байланысты;

4. Гормонаралық қарым - қатынастар жағдайы мен әсер етуші гормондардың әсер ету механизімдерінің ерекшеліктеріне байланысты.

Гормональді реттелудің кезеңдері:

Slide 7

Гормондардың адаптивті қызметі тек өтпелі метаболизмді реттеуде емес, сонымен қатар ағзаның жылу алмасуын реттеуде де ерекше орын алады. Ағзада жылу алмасу энергетикалық алмасуды құраушы жылуды өндіру және жылу беру процестерінен тұрады. Дене температурасын бақылайтын орталық механизмдер жүйке - өткізгіштік механизмдердің көмегімен, соның ішінде адрено - тиреоидты жүйе қатысатын нейрогуморальді механизмдер арқылы іске асады.

Slide 8

Гормондардың жіктелуі.

Гормондар өздері синтезделетін орны, химиялық табиғаты және әсер ету механизмы бойынша жіктеледі.

Синтезделетін орны бойынша гормондар орталық және перифериялық эндокринды бездер гормондары болып бөлінеді.

Slide 9

Гормондардың жіктелуі:

Гипоталомус гормондары:

Нейропептидтер(либериндер және статиндер)

Вазопрессин және окситоцин.

Гипофиз гормондары:

Алдыңғы бөлік(аденогипофиз)

СТГ(самототропты гормон)

АКТГ(адренокортикотропты гормон)

Липотропты гормон(альфа және бета гормон)

ТТГтиретропты гормон)

Гонадотропты гормондар:

ФЫГ(фолликулин ынталандырушы гормон)

Лютендеуші гормон(ЛГ)

Пролоктин(лютеотропты гормон)

Slide 10

Гормондардың жіктелуі:

Қалқанша бездің гормондары: иодтирониндер-тироксин, рийодтиронин, тиреокальцитонин

Қалқанша маңы бездің гормондары: паратиреокрин(паратгормон)

Тимус гормондары: Тимозин

Ұйқы безі гормондары: инсулин, глюкагон

Бүйрек үсті безінің гормондары:

1) Қыртысты затының гормондары: минералокортикоидтар; альдостерон; дезоксикортикостерон; глюкокортикоидтар:; кортизон; кортикостерон; гидрокортизон; андрогендер және экстрогендер

2) Милы заттың гормондары: адреналин(норадреналин)

Slide 11

Метаболизмнің гормондармен реттелуінің бұзылыстары

Инсулин торша мембранасының глюкозага деген өтімділігін жоғарылатады, глюкозаның торшаға өтуін жандандырады, гликогеннің түзілуін күшейтіп, оның бауырда ыдырауын бәсендетеді, май қышқылдарының тотығуын, кетонды денелердің түзілуін тежейді майдың қорға жиналуын жақсартады, белок биосинтезін арттырады. Бета-торшалар қызметі күшейіп, инсулин көп бөлінсе қан құрамында глюкозаның мөлшері азаяды. Гипогликемия жағдайында тыныс жиілеп, ОНЖ-ның қозғыш тығы жоғарылайды, дене дірілдеп, оны тер басады, бұлшық ет босаңсып, температура төмендейді, инсулиндік немесе гапогликемиялық шок (талықсу) байқалады.

Slide 12

Қантты диабет организмде инсулиннің толық немесе салыстырмалы жеткіліксіздігінен дамитын зат алмасуларының бұзылыстарымен, қан тамырларының, нервтердің және әртүрлі ағзалар мен тіндердің дерттік өзгерістерімен сипатталатын ауру. Ол тұқым қуалайтын және жүре пайда болған болуы мүмкін. Біріншісі генетикалық ақаулардың болуынан ұйқы безінің β - жасушаларында инсулиннің мүлде түзілмеуі немесе тым аз түзілуінен дамиды. Жүре пайда болған инсулиннің аз түзілуі көптеген себептерден болуы мүмкін. Оларға: ұйқы безінің ісіктік, инфекциялық (туберкулез, мерез бактериялары, қызамық, паротит ж. б. вирустары), қабынулық бүліністері, Лангерганс аралшықтарында қан тамырларының тарылуы (атеросклерозы), тромбозы, қатты жиырылуы нәтижелерінде гипоксия дамуы, организмде пуриндердің алмасуы бұзылуынан аллоксан көп өндірілуі, немесе организмде цинк иондарының жетіспеушілігі, ұзақ мерзім тым артық қызмет атқарудан β - жасушаларының қалжырауы ж. б. жатады.

Қантты диабеттің патогенезі және клиникалық көріністері.

Slide 13

Қантты диабет кезінде нәруыздардың алмасуы бұзылады. Диабет кезінде нәруыздардың түзілуі баяулайды. Осыдан бұлшық еттерде атрофия дамиды, қанда гипопротеинемия байқалады, антиденелердің түзілуі жеткіліксіз болады. Сондықтан теріде және шырышты қабықтарда іріңдік қабынулар, туберкулезбен ауыру қантты диабетпен ауыратын адамдарда жиі кездеседі. Инсулиннің жеткіліксіздігі кезінде майлардың алмасуы бұзылады. Бұл кезде майлардың ыдырауы күшейеді, май тінінен май қышқылдары мен глицерин босап шығады. Осыдан қанда майлардың жалпы деңгейі бірнеше есе көтеріледі. Осыдан келіп бұл адамдарда атеросклероз дамуына қолайлы жағдай пайда болады. Ацетил-КоА-дан көптеген кетондық денелер түзіледі. Осыдан кетоацидоз дамуы байқалады. Кетонды денелер орталық нерв жүйесіне улы әсер етеді

Slide 14

Инсулин жоғарылауы


Ұқсас жұмыстар
Бездің құрылысы
Заттар алмасуының реттелуі. Гормондар алмасуының биохимиясы
Гормондармен емдеу
Стероидті гормондардың синтезі және олардың міндеттері. Менструальді фазалар бойынша эстрогендер мен прогестиндер қарым-қатынасы
Әйелдің жыныс гормондары
Малшаруашылығында қолданылатын биотехнологиялық әдістер
Жыныс гормондары
Стероидты гормондардың синтезі және олардың міндеттері. Менструальді фазалар бойынша эстрогендер мен прогестиндер қарым -қатынасы
БЕЗДЕРДІҢ НЕРВ ЖҮЙЕСІМЕН БАЙЛАНЫСЫ
Ісікке қарсы дәрілік зат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz