Вакциналардың түрлері


Slide 1

«Астана Медицина Университеті» АҚ «Эпидемиология және жұқпалы аурулар» кафедрасы

Иммунопрофилактиканың құқықтық және этикалық негіздері. Профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбесі.

Орындаған: Әмір Ұ, Абубакир Н

Топ: 243 ЖМ

Тексерген: Мұстафина Б

Астана, 2022

Slide 2

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

Имунопрофилактиканы жүргізу үшін медицина қызметкерлерін дайындау

Қазақстан Республикасында бекітілген профилактикалық екпені жүргізу мерзімдері

Вакцинация мақсаты, тиімділігі

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

инфекциялық аурудан қорғану үшін, Вакцина арқылы жасанды иммунитет қалыптастырудың бір түрі болып табылады.

Вакцинадегеніміз не? Вакцина белсенді иммунитетті қалыптастыру арқылы, нақты бір ауру қоздырғышына арнайы ағза төзімділігін, яғни иммунитеттіқұруға тірі, өлтірілген, әлсіздендірілген арналған микроағзалар немесе олардың өнімдері болып табылады.

Slide 4

Иммунопрофилактиканы жүргізу үшін-медицина қызметкерлерін дайындықтан өткізудің бағдарламасына мыналар енеді:

Вакцинамен басқарылатын жұқпалар.

Белсенді және белсенді емес иммундау, олардың айрмашылығы оларды қолдану көрсеткіштері.

Вакциналардың түрлері.

Тірі вакциналар, ір препараттың сипаттамасы, сақтау жіне қолдану ережелері.

Анатоксиндер, әр препараттың сипаттамасы.

Slide 5

6. Белсенділігі жоғары вакциналар, әр препараттың сипаттамасы, сақтау және қолдану ережелері.

7. Қансарысулар, олардың қай түрі вакцинамен басқарылатын жұқпаларға қарсы қолданылады, олармен жұмыс істеудің ережесі.

8. Вакцинаны енгізуге оңтайлы орындар және әдістері

9. Бір мезгілде әртүрлі вакциналарды енгізу.

Slide 6

Вакциналардың түрлері:

II. Өлі вакциналар - вируленттілігі жоғары микроб штамдарынан дайындайды.

Корпускулярлы вакциналар - бүтін микроб жасушасынан, вирионынан дайындалады. Оларды өлтіру ұшін әртүрлі физикалық, химиялық, биологиялық факторлардың әсерін пайдаланады (көкжөтелге, тұмауға, кенелі энцефалит т. б. ауруларға қарсы вакциналар) .

Субжасушалық субвириондық вакциналар - бактерияларды немесе вирустарды ыдыратып, иммунизациялау үшін қажетті антигендік бөлшектерінен дайындайды (іш сүзегіне - О, Н және vi антигендерінен, грипке қарсы нейраминидаза және гемаглютининдерінен) .

Молекулалық вакциналар - экзотоксин молекулаларына формалинмен әсер ететін, антигендік қасиетін сақтаған бірақ токсингендігін жоғалтқан препарат - анатоксин (сіреспеге, дифтерияға, т. б. карсы вакциналар) .

Slide 7

Вакциналардың түрлері:

III. Ассоциацияланған вакциналар - бірнеше вакциналардың қоспасы, бір мезгілде бірнеше ауруларға қарсы қолданылады (АКДС - адсорбцияланған көкжөтел вакцинасы + дифтериялық анатоксин +сіреспелік анатоксин)

Қазіргі кезде гендік (ДНК) вакциналар дайындау жүргізіліп жатыр.

Slide 8

Иммунизацияның кеңейтілген бағдарламасы (икб) . (Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы)

Бағдарламаның басты мақсаты - тұрғылықты халықтың көпшілігіне егу жұмыстарын жүргізу, егу жұмыст арының деңгейін жоғарылатудың негізгі жолдары: негізі жоқ әдіс жолдарының санын азайту және уақытша қарсылықтан соң дер кезінде егу жұмыстарын жүргізу; алдын алу егу жұмыстарына қарсы ата-аналар санын азайту.

Slide 9

Иммунизацияның құқықтық негіздері:

18. 09. 2009 жылғы ҚР «халық денсаулығы мен денсаулықты сақтау жүйесі туралы» кодексі

156 бап. Алдын алу егу жұмыстарын жүргізу

Қазақстан Республикасы аумағындағы жеке тұлғалар кепілдік тегін медициналық көмек көрсету аясында инфекциялы және паразитті ауруларға қарсы алдын алу егу жұмыстарын алуға міндетті.

Алдын алу егу жұмыстары жүргізілетін аурулардың тізімі, олардың реті, жүргізу мерзімі және жоспарлы егу жұмыстарына енетін тұрғын топтарын Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайды.

Slide 10

Қазақстан Республикасының алдын алу егу жұмыстарының стратегиясы

Қолжетімділік

Тегін

Эффективті иммунизация

Иммунизацияның қауіпсіздігі

Жаңа, соның ішінде комбинирленген ваакциналарды енгізу

Медициналық кадрларды дайындау

Тұрғылықты халықпен жұмыс жасау

Нормотивті-құқықтық актілерді дайындау

Slide 11

Иммунизацияның эффективтілігі :

Кепілдігі бар екпені қолдану, яғни ҚР тіркелген (БСҰ сертифицияланған балаларға арналған екпе) .

Екпемен үздіксіз қамсыздандыру.

Екпелермен қамтылу- әр әкімшілік территорияларында 95% кем емес.

Екпе алмағандарды күнделікті анықтау және оларды иммунизациялау.

Иммунизациялау апталығының өткізуде халықты ақпараттандыруды күшейту.

Slide 12

Вакциналарды дайындау кезеңдері:

тиісті микроб штамдарынан алдын - ала көптеп өсіру;

физиологиялық ерітіндімен шайып алу;

микроб тазалығын (біркелкілігін) тексеру;

вакцитна түріне қарай тиісті амалдар қолдану

стандарттау;

консервациялау;

стерильдігін (өлі вакциналар үшін), иммуногендігін, залалсыздығын тексеру;

дозасын анықтап, дайын вакциналар шығару.

Вакциналарды ұнтақ, құрғақ, таблетка, конфет-драже, сұйыќ күйінде шығарылады.

Slide 13

Егу тәсілдері:

тері ішіне

тері астына

бұлшық етке

аэрозольді әдіс (тыныс алу жолдары арқылы)

энтеральді (ас қорыту жолдары арқылы)

Жаппай вакцинациялау әдістеріне инесіз әдіс арнайы инъекторлар арқылы егу, пероральді (ауыз арқылы) және аэрозольді әдістер жатады.

Slide 14

Вакцинациялаудың тиімділігі мыналармен байланысты

вакцинаның сапасымен (иммуногенділігімен) ;

егілетін организм жағдайымен;

қолдану тәсілімен; егу календарын мұқият орындаумен.

Қарсы көрсеткіштер:

жіті (жедел) инфекцимен ауырып турған жағдай;

аллергиялық жағдай;

ОЖЖ аурулары;

бауыр, бүйректің созылмалы аурулару;

жүрек - тамыр патологиясының ауыр түрлері;

иммундық тапшылықтар;

қатерлі ісік аурулары т. б.

Slide 15

Вакцинациялау негізінде профилактикалық мақсатта, яғни індеттің алдын - алу үшін жүргізіледі:

Міндетті түрде егу (туберкулезге, көкжөтелге, дифтерияѓа, сіреспеге, ќызылшаға, қызамыққа, эпидемиялық паротитке, полимиелитке, гепатит А және В-ға қарсы) .

Жоспарлы - кәсіби егу (бруцеллезге, күйдіргіге, дизентерияға, іш сүзекк - парасүзекке қарсы т. б. )

Эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша (эпидемия қаупі төнгенде турғындарды жаппай егу)

Сирек жағдайда (аурудың созылмалы түрінде) емдеу мақсатындат қолданылады (созылмалы бруцеллез, дизентерия, соз, стапфилакоккты іріңді инфекция) .

Slide 16
Ұқсас жұмыстар
Егуден кейінгі асқынулар
ТІРІ ВАКЦИНА АЛУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Жұқпалы аурулардың жіктелуі
РНҚ вакцинасы репликацияланбайды репликацияланбайтын мРНҚ вакцинасы
Вирусқа қарсы вакцина алу үрдістері
Вакцина. Вакцина алу биотехнологиясы
Тірі вакциналар
Балалар инфекциялық ауруларының иммунопрофилактикасы
Вакцина антигендер
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу.Вакцина дайындау принциптері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz