Балалардың жасына байланысты ойыншықтар




Презентация қосу
Астана Медицина университеті КеАҚ

Ойыншықтарға қойылатын
гигиеналық талаптар
Орындаған: Ж. Меруерт, Қ. Айдана, М.
Ақнұр, Т. Тамерлан
Тексерген: Темірболатқызы Жанерке
Факультет: Жалпы медицина
Топ: 243
Тапсырған күні: 23.09.2022

Нұр-Сұлтан қаласы, 2022жыл
Жоспар:
Кіріспе:
Негізгі бөлім:
1. Ойыншықтарға қойылатын жалпы
талаптар
2. Балалардың жасына байланысты
ойыншықтар
3. Ойыншықтарға қойылатын гигиеналық
талаптар
4. Ойыншықтарды зерттеу кезеңдері
5. Арнайы орындарда ойыншықтарды
зерттеу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Ойыншық – баланы жан-жақты тәрбиелеу
мақсатына пайдаланылады. Баланың
дүниетанымын кеңейтуге көмектеседі,белгілі бір
мақсаттағы, ойластырылған әрекетке үйретеді,
қиялын дамытып, еңбекке сүйіспеншілігін,
техникаға қызығушылығын, білуге құмарлығын,
аңғарғыштығын қалыптастырады,
талғампаздыққа тәрбиелейді, өнерге
ынталандырады. Ойыншықпен ойнауға белгілі
жағдайда педагогикалық, эстетикалық,
гигиеналық, техникалық талап
қойылады,сондай-ақ ол баланың жас
ерекшілігіне қарай өзгеріп отырады.
Ойыншықтарға қойылатын жалпы талаптар
Ойыншық адам еңбегінің сипатты белгілерін табиғатқа деген сүйіспеншілікті,
табиғатты тануды, жануарлардың, құстардың ерекшеліктерінмен мінез-қылықтарын
белгілейді. Біздің елімізде ойыншық жасау мемлекеттік іс болып табылады. Ойыншық
икемді болуға балалардың алуан түрлі әрекеттер жасауына мүмкіндік беретіндей болуға
тиіс.Ойыншықтарды тәрбиелік құрал ретінде пайдалану балалардың жас
ерекшеліктеріне негізделеді.
Идеялық бағыты, тәрбие міндеттеріне
сәйкестігі;
Жууға, дезифекциялауға өтектеуге мүмкін
болуы;

Жақсы көркемделуі;

Балалар өміріне қауіпсіздігі;

Икемді болуы.
Ойыншықтарға қойылатын гигиеналық талаптар

• Бала тіршілігінде де, тәрбие процессінде де ойыншықтардың
маңызы өте зор. Ойыншықтар арқылы өзін қоршаған ортамен
танысады, баланың көңіл-күйі көтеріледі. Ойыншықтарды
тәрбиелік құрал ретінде пайдалану балалардың жас
ерекшеліктеріне негізделеді.
• Ойыншықтарға арналған баланың жасы, ойыншық қорабының
сыртында немесе арналып салынған қағазда көрсетіледі.
Ойыншықпен бірге берілетін нұсқау қағаздағы ескертулер
ойыншық арналған жас тобындағы балаларға түсінікті болуы
керек және мұнда ойын мен ойыншықты өңдеудің (жуып-тазалау,
залалсыздандыру) ережесі жазылуы керек
Балалардың жасына байланысты ойыншықтар
Балалардың морфофункционалдық ерекшеліктеріне, білім,
интеллектуалдық деңгейлеріне сәйкес, ойындар мен
ойыншықтар 5 топқа бөлінеді:
1. бір жасқа дейінгі сәбилерге (ерте жас) арналған
ойыншықтар;
2. бір жастан үш жасқа дейінгі (ясельдік жас);
3. үш жастан алты жасқа дейінгі (мектепке дейінгі жас);
4. алты жастан он жасқа дейінгі (бастауыш мектеп жасы)
5. оннан он төртке дейінгі аралық (орта мектеп жасы).
• Бір жасқа дейінгі балаларға арналған ойыншықтар олардың
көру, есту жағдайларын, дыбыс реакцияларын, дене тұлғасын
өзгертуге арналған қимыл-қозғалыстарын (отыру, тұру,
қолдарымен бір нәрсені қармап ұстау т.с.с.) дамытуға арналады.
Бұл жастардағы балалар үшін ең көп таралған ойыншықтар
полимерден жасалған дөңгелектер, әртүрлі шылдырмақтар т.с.с.
болып табылады. Олар мүмкіндігінше ірі, қармап ұстауға
ыңғайлы, ашық түстермен боялған және дыбыс шығаруы
белгілі дәрежеде болуы керек. Бір жастың соңына қарай
қүыршақтар, аңдар, машина, ойыншық-әткеншектер т.б.
қолданыла бастайды.
• Одан кейінгі жастарда бала айналасын тереңірек
танып, біле бастайды, қимыл-қозғалыстары реттеліп,
тіл дами бастайды. Сондықтан бұл жастарда біраз
күрделірек, түсіну үшін ойлану қажет ететін әртүрлі
мозайкалар, таяқшалар мен кубиктер, құрылыс
материалдары, дамыту ойыншықтары қолданылады.
Мектепке дейінгі жастардағы балалар белгілі роль
атқаратын ойындарға (апа, әже, дәрігер, мұғалім т.б.)
көше бастайды, бұл жастарда көбінесе ұжымдық
ойындарға арналған ойыншықтар пайдаланылады.
Ойыншықтарға қойылатын гигиеналық талаптар
• Өндіру мен таратуға, үлгілері мен нормалық техникалық
құжаттарына санитарлық эпидемиологиялық қызмет орындарының
дұрыс деп қойған қортындысы бар ойыншықтар ғана жатады;
• Ойыншық жасаумен айналысатын жұмысшыларға, тамақ
өнеркәсібінің, су құбырларының балалар мекемелерінің
қызметкерлеріне қойылатындай талаптар қойылады. Жұмысқа түсер
кезде олар дәрігер терапевтің жалпы тексеруінен өтуі керек және
туберкулез ауруына тексеріледі, әрі қарай жылына бір рет дәрігерлік
тексеру-ден өтіп отырады;
• Ауызға тигізетін ойыншықтарды дүкеншілердің тексеріп беруіне
тиым салынады. Ол үшін, ауамен үрленетін арнаулы қондырғы
болуы керек;
• Сатылып кеткен ойыншықтарды ақауы (дефектісі) барынан
басқасын қайта қабылдауға болмайды;
• Ойыншыққа арналған шикізаттар бекітілген нормадан артық
химиялық заттар бөлмеуі керек. Өтелдерді ойыншық
өндірісінде пайдалануға тиым салынады;
• Ойыншықтың ішін толтыруға арналған материалдар, т.б.
ойыншық жасауға пайдаланылатын жүн, терілер
залалсыздандырылған болуы керек;
• Балалар ернін тигізетін ойыншықтардың бөлшектері жылдам
залалсыздандырылатын материалдан да-йындалуы керек;
• Ойыншықтың шеттерінде жарығы, үшкірі, сынығы болмауы
керек. Үшкір жерлері мен бұрыштары доғалданып келуі керек;
• Үш жасқа дейінгі балаларға арналған ойыншықты шыныдан,
түкті резеңкеден және металлдан жасалған лақтыратын
снарядттарды (барлық жастағы балаларға) жасауға тиым
салынады;
• Ойыншықтың салмағы, өте ірі ойыншықтардан басқа, 7
жасқа дейінгі балалар үшін - 400 гр, 7-ден 10 жасқа дейінгі
балалар үшін - 800 гр аспауы керек;
• Суық қаруды бейнелейтін ойыншықтардың үшкір және өткір
бөлшектері болмауы керек;
• Боялған ойыншықтар, түссіз лакпен қапталуы керек.
Олардың беті тегіс, жарылмаған болуы керек;
• Жеті жасқа дейінгі балаларға арналған электірлі
ойыншықтардың күшінің қуаты 12 вт, ал, 7 жастан жоғары
балаларға 18 вт аспауы керек
Ойыншықтарды зерттеу кезеңдері
Зерттеу мына кезеңдер бойынша жүргізіледі:

1. Ойыншықтың аты және оның қысқаша сипаттамасы.

2. Ойыншықтардың пішіні мен өлшемін анықтау (үшкір
ұштарының, бұрыштарының, ұсақ және оңай алынатын
юөлшектердің бар-жоқтығы).

3. Тығыздығы мен салмағын анықтау.

4. Ойыншықтың қандай материалдан жасалғанын, оның өнім
шығарылуына жарамдылығын анықтау.

5. Анықтауға зерттеу жүргізу. . Қолданылған бояудың
фиксациясының
Арнайы орындарда ойыншықтарды зерттеу
Ойыншықтардың қауіпсіздігіне санитарлық бақылау
Денсаулық сақтау Министірлігі деңгейінде жүргізіледі.
Оның функциясына ойыншық жасаудағы нормалық
техникалық құжаттарды бекіту, сонымен қатар,
шикізаттардың, материалдардың және тексерудегі
заттардың барлығына келісім беру жатады.
Зерттеулерге арналған ойыншықтардың
үлгісі он күннен ерте және 30 күннен
кейін қалдырмай, пайдаланылғаннан
кейін, саны 5 данадан кем болмай
тексерілуге жеткізілуі керек.

Көбінесе, экспертті баға беру ғылыми зерттеу
институтына және ірі СЭС-ға міндеттеледі.
Ойыншықтарға күнделікті бақылауды СЭС жүргізеді
және ойыншық шығаратын өндіріс орындары мен
оларды халыққа тарататын дүкендерді бақылап
отырудан тұрады.
Техникалық жағдайлары бойынша санитарлық қызметпен
келісімге түспеген ойыншықтар жедел түрде өндірістен
алынып тасталуы керек. Изолятордағы ойыншықтарды
топтық бөлмелерге апаруға тиым салынады. Бұл
ойыншықтардың материалдары оларды мезгіл сайын
залалсыздандырып тұруға қолайлы болуы керек. Бала
бақшаларда ойыншықтарды бір топтан екіші топқа
тасымалдауға тиым салынады, топтық жекелендіру
принципін қатал сақтау қажет.
Ойыншықтар балалар денсаулығына
зиянсыз болуы тиіс. Оның өткір
бұрыштары немесе қолға қадалатын
өскіндері болмауы керек. 3 жасқа дейнгі
балалар үшін оыншықтың салмағы -
100гр, 7 жасқа дейінгі балалар үшін -
400гр, ал 10 жасқа дейінгі балалар үшін -
800гр аспауы қажет. Қолданылған электр
қуыаты 20 В, ал оның шығаратын шуы 65
ДБ-ден аспау тиіс. Егер ойыншықтан
зиянды заттардың бөлінуі байқалса, оны
санитарлық-токсикологиялық
лабораторияның тексеруіне жібереді.
Қорытынды

Ойыншықтардың қауіпсіздігіне санитарлық бақылау
Денсаулық сақтау Министірлігі деңгейінде жүргізіледі.
Оның функциясына ойыншық жасаудағы нормалық
техникалық құжаттарды бекіту, сонымен қатар,
шикізаттардың, материалдардың және тексерудегі
заттардың барлығына келісім беру жатады.Бұл бақылаудың
негізгі мақсаты балалардың денсаулығына зиян
келтірмейін ойыншықтарды қолданысқа енгізу болып
табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Гигиена детей и подростков: Учебник /Под ред.
В.Р.Кучма. - М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2008.- 480 с.
2. БҮЛДІРШІН ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ
ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ПСИХИКАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК
ДАМУЫ (0-5 ЖАС) оқу әдістемелік құрал Астана
2014ж.
3. Керімбек А. Е. Баланың туылғаннан кәмелетке дейінгі
өсіп-дамуы, тән-жан тәрбиесі мен гигиенасының
жасерекшеліктері.Түркістан – 2008.
4. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы ,Бөлешов М.Ә.
Алматы 2010
5. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы , Ерманова С.А

Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың құрылыс ойындары. Режиссерлік ойын
Ойын материалдарының түрлері
Көлем сөзі
Балалардың ойыншықтарының қазіргі таңда
Балалардың тамақтану жағдайы және тамақтану кезіндегі балалардың тәртібі
Ойыншықтарға қойылатын гигиеналық талаптар
ӘДІСТЕМЕЛІК ТӘСІЛДЕРІ
Мектеп жасына дейінгі балалық шақта ойынның балаға басты әрекеті
Педагог - балалар ойынын ұйымдастырушысы
Баланың сенсорлық мәдениеті - адамзат жасаған сенсорлық мәдениетті меңгеру нәтижесі
Пәндер