Туляремияның түрлері
Презентация қосу
Бруцеллез, лептоспироз, туляремияның
эпидемиологиясы және алдын алу
Орындағандар: 243 ОМ студенттері
Қозыбаева Айдан
Молдахан А
Тұрмағанбетов Тамерлан
Қабылдаған: Мустафина Бахытгуль
Аса қауіпті инфекциялар
• Аса қауіпті инфекцияларға –оба, туляремия, сібір
жарасы, туляремия, сап, тырысқақ жатқызылады.
• Оба, туляремия, сібір жарасы, туляремия, сап –
зооантропоноздар.
• Аса қауіпті инфекциялардың үш белгісі бар –
• Өте жұқпалы.
• Эпидемия және пандемия шақырады.
• Ауыр инфекциялар туғызады. Өлімге ұшыратады.
Зооноздар деп аталуы олардың
инфекция көзі жануарлар болады:үй
жануарлары және жабайы жануарлар.
Адамға әр түрлі жолдармен
жұғады:зақымдалған тағамды
пайдаланғанда,жануарлардың жем
суын беріп күткенде ,жануарларды
сойғанда,етін бөлшектегенде,еттен
және сүт өнімдерінен тағамдар
даярлағанда жұғуы мүмкін.
Зооноздарға жатады:оба,туляремия,
сібір жарасы,бруцеллез (сарып).
Осы инфекциялар аса қауіпті
инфекцияларға жатқызылады.
Жұғу жолдары:
1. Алиментарлы Жануарлар өнімдері
2. Ауа-тамшы шаң-тозаң арқылы
3. Контактілі жарақат арқылы,қан
(қарым-қатынас) сорғыш буын аяқты
насекомдар арқылы:
4. Трансмиссивті
(кенелер,масалар,бүр
гелер)
Сарып,бруцеллез (Brucellosіs) — бұл жүйке, жүрек -
қантамыр жүйелерінің,жыныс мүшелерін сонымен
бірге тірек - қимыл аппаратының зақымдалуымен,
ұзақ ағыммен сипатталатын жұқпалы
дерт.Аллергиялық ауруға жатады.
1886 ж. ағылшын дәрігері Д.Брюс (1855 — 1931)
ашқан.
Этиология – қоздырғышы
Бруцеллалардың бүгінгі таңда 6 түрі белгілі.
Соның ішінде 3 түрі адамға қауіпті болып табылады.
Br. Melitensis (негізгі иесі - қой, ешкі, адамға ең вируленттісі және күшті
жоғары),
Br. аbortus (иесі – ірі мүйізді мал(сиыр) ),
Br. suis (иесі - шошқа, қоян, солтүстік бұғылар).
Бруцеллалар өте майда, спорасы жоқ, грам теріс,
эндотоксин бөледі, сыртқы ортады әсіресе
төменгі температурада өте төзімді.
Сүт, ет тағамдарында − 10-45 күн
Суда – 70 күн
Топырақта, малдың қиында – 6 ай
Қарда және мұзда – 4-5 ай сақталады.
Тік түскен күн сәулесінің әсерінен 1-2 сағатта
Қайнатқанда – 3-4 минутта
70 °С суда,сүтте, сорпада – 20-40 минутта өледі.
Зарарсыздандыру ерітінділеріне сезімтал.
Эпидемиология – аурудың көзі.
Сарып Қазақстанда кең таралған аурулардың бірі. Онымен негізінен
ауыратын ауылшаруашылық жан – жануарлар. Ауру адамға қой, ешкі, сиыр,
шошқа малы арқылы жұғады. Сонымен қатар кейбір жан– жануарлар да
ауруды таратудың басты көзі болып табылады. Олар: жылқы, бұғы, түйе,
кішірек жылқылар (мулы ), ит, мысық т.б. Науқас адам басқа адамдарға
қауіп тудырмайды. Бруцеллалар сыртқы ортаға сүтпен, малдың зәрімен,
кейде нәжісімен, көп мөлшерде жытардың суымен бөлінеді де сыртқы орта
ластанады.
Таралу жолдары: тағамдар арқылы (сүт, ет,қаймақ, сыр,лас су т.б.), қарым –
қатынас арқылы, ауру малды күткенде, сойғанда, жүнін қырыққанда,
төлдеткенде (малшылар аурады) және лас ауа шаң – тозаң арқылы да жұғуы
мүмкін.Бұл ауруға шалдыққан мал түсік тастайды.
Таралу механизмі: фекальды-оральды.
Берілу жолдары:
• қатынас арқылы (зақымдалған тері)
• алиментарлық
• ауа-шаң (аэрогенді)
Патогенезі – аурудың дамуы
Сарып қоздырғышы шырышты қабаттар, зақымдалған тері арқылы
ағзаға еніп, лимфа жүйесі арқылы лимфа бездерінде тоқтап, онда
өсіп – өніп, көбейіп, қанға енеді (бактериемия). Қанмен бауыр,
көкбауыр, сүйек кемігіне тоқталып, таратылып, нәтижесінде
екінші ауру ошақтары пайда болады.Сондықтан бактериемия
ұзаққа созылады. Қоздырғыш бүкіл ағзаға тарап буын – сүйек
жүйесін, жүйке жүйесін, жыныс мүшелерін зақымдайды. Ауру көп
жағдайды созылмалы түрге айналады.
Инфекция даму кезеңдері:
Патогенезінде инфекцияның дамуы бес
фазадан өтеді:
• лимфогенді фаза
• гематогенді фаза
• көп ошақты себу жайылу фазасы
• экзоошақты себу фазасы
• метомффоз фазасы
• Әр фазаның көрінуі және олардың дамуы
организмнің индивидуальды
ерекшелігіне байланысты, кіру жеріне,
түріне қоздырғыш дозасына және
зақымдану шартына байланысты.
Клиникалық белгілері
Жасырын кезеңі: 1-4 апта, екі айға дейін созылуы мүмкін. Аурудың жедел және
созылмалы түрлері бар. Сарыптың қайталануы (суперинфекция,
реинфекциялар болуы мүмкін).
Сарыптың жедел түрінде ауру тез басталады. Науқастың қызуы көтеріліп,
қатты терлейді, әлсіздік пайда болады, басы аурып, сүйек буындары қақсайды
және бұлшық еттері аурады. Ауруды қарағанда лимфа бездері шошынып,
бауыр, көкбауырының үлкейгендігін байқауға болады. Науқастың қызуының
көтерілуі 1-3 аптаға созылады. Ол бірде көтеріліп, бірде төмен түседі. Осы
ауруға тән белгісінің бірі – әр түрлі қызбалардың болуы және 38-39 °С
көтерілгенде де науқастың қиналмай көтеруі.
Сарып ауруының негізгі белгілерінің бірі – бұлшық еттерінің және
буындарының қабынуы болып табылады. Ол – артрит, бурсит, тендовагит,
периартрит. Ауруларда жыныс органдары қабынады, әйелдерде етеккір келу
кезеңі өзгереді, офорит, сальпингит, метрит, түсік тастау,ер адамдарда орхит,
эпидимит.
Жүйке жүйелерінің зақымдалуы салдарынан аурулардың көңіл – күйі өзгереді,
басы аурады, ұйқысы бұзылады.
Ауыр түрінде өте сирек жүйке жүйесінің зақымдануы – менингоэнцефалит,
полирадикулоневриттер болуы мүмкін. Жедел сарып көп жағдайда осы
аурудың созылмалы түріне ауысады (6 айдан асқанда) және ол әр түрлі
ағзалардың зақымдалуымен сипатталады. Әсіресе сүйектің ірі буынның,
бұлшық еттерінің қабынулары орын алады. Кемтарлыққа да әкелуі мүмкін.
Көп жағдайда дене қызуы бір қалыпта болады. Дет кезінде ем қабылдау
нәтижесінде аурудан айығуға болады.
Жіктелуі:
• Ағымы бойынша:
• жеңіл
• орташа
• ауыр
• латентті
• Ұзақтығы бойынша:
• жедел (3 айға дейін)
• жеделдеу (6 айға дейін)
• созылмалы (6 айдан кейін)
• ирезидуальды
Жедел бруцеллездегі симптомдар:
• Әр түрлі сипаттағы қызба (толқын тәріздес, ремиттирлеуші, субфебрильді) 1-2
аптадан 2-3 айға дейін.
• Қалтырау және тершеңдік
• Жалпы интоксикациялық синдром (бас ауру, әлсіздік)
• Микрополиаденит
• Гепатомиенальдық синдром
• Қысқа мерзімдік әлсіз немесе айқын түрдегі артралгия, миалгиялар.
Жеделдеу бруцеллезге тән симптомдар:
• айқын интоксикация
• ағзалар мен жүйелер зақымдану симптомдары:
• полиартрит, бруссит, спондилоартриттер, спондиметтер
• менингит, менингоэнцефалит, миелит, энцефалит
• эндокардит, миокардит, перикардит
• нефриттер, нефроздар
• түсіктер, бедеулік, жатыр түтікшелерінің қабынуы, менистризация циклінің
бұзылуы
• орхит
Созылмалы бруцеллезге тән симптомдар:
• Висцеральды түрі:
• жүрек-қантамыр жүйесі
• тыныс алу жүйесі
• гепателиенальды синдромдармен жүреді
• Сүйек буын түрі:
• буындар
• сүйектер
• жұмсақ тіндер
• аралас түрде зақымдану
• Нервтік түрі:
• орталық жүйке жүйесі
• перифериялық жүйке жүйесінің зақымдалуы
• психобруцеллез
• Урогенитальді түрі
• Клиникалық араласқан түрі
Балалардағы бруцеллездің клиникалық ерекшеліктері
• Негізгі жұғу жолы: алиментарлы (қайнатылмаған сүт арқылы)
• Ауру біртіндеп басталады
• Көбінесе қызба болмайды, субфибрильді болады
• Терісі бозғылт, эрт. бөртпелер байқалады, 9-15%
• Лимфа түйіндері сирек үлкейеді
• Тірек-қимыл жүйесі жағынан әлсіз өзгерістер байқалады
• Перифериялық-жүйке жүйесі, зәр шығару жүйесі сирек
зақымданады.
• Негізгі аяқталуы- сауығу.
Патоморфологиясы
• Бруцелледегі негізгі зақымдану тамыр жүйесі жағынан болғандықтан (энда,
- пери,- панваскулиттер, тромбоваскулиттер) поли ошақтық ағзалардың
патологиясы байқалады.
Диагноз қою
1. Эпидемиологиялық анамнезді жинау.
2. Клиникалық белгілеріне қарау.
3. Зертханалық нақтама зерттеулерді жүргізу.
Бактериологиялық зерттеуге: науқастың қанын және бурситтің
ішіндегі сұйықтығын аламыз.
Серологиялық зерттеулер: Райта, Хеддельсона, Кумбса, ИФА.
Теріге – аллергиялық байқау жүргізу.- Бюрне байқауы
(бруцеллинмен).
• Бактериологиялық: гемакультура жұлын сұйықтығы, синовиальды
сұйықтықты қолдану
• Биологиялық (теңіз шошқаларын зақымдау)
• Иммунды ферментті анализді антиген, антидене табу үшін
• Агрегатгемаглютинация әдісі (АГАР)
• Серологиялық әдіс: комплемент байланыстыру реакциясы (КБР)
• Аллергиялық әдіс (ГЗТ)-Бюрне сынамасы
Емдеу
Ауруханада ем жүргізіледі. Тағам №15 стол. Қоздырғышқа
қарсы,
Антибиотиктер – тетрациклин, рондомицин, доксокциклин,
римфапицин, гентамицин, стрептомицин т.б.
Антигистаминдер – димедрол, тавегил, пипольфен,
супрастин қолданылады.
Су, тұз ерітінділерін ішкізу немесе оларды көк тамырға
жіберу қажет.
Қабыну процесіне қарсы – индометацин, ибупрофен,
вольтарен, бутадион, пирабутал және т.б.
Дәрумендер, физиоемдер қолданылады.
Науқас айыққанан кейін санаторлық – курорттық ем
тағайындалады.
Алдын алу шаралары
Малды ветеринарлық тексеру, қадағалау.
Медициналық – санитарлық шараларды жүзеге асыру.
Малмен, мал шаруашылығанда жұмыс істейтін адамдардың жеке
бастық гигинена ережелерін сақтап, арнайы киім киіп,
зарарсыздандыру ерітінділерін пайдалануын қадағалау.
Халық арасында санитарлық – ағарту жұмыстарын жандандыру.
Ауырғандарды 2 жыл мерзімге тіркеуге алып, оларды мұқият
бақылауға алу.
Сүт, ет тағамдарын дұрыс пісіру.
Лептоспироз
Лептоспироз (грек. leptos — жіңішке және грек. speіra —
ирекше, бұрама; грек. osіs — ауру) — адамдарда,
сүтқоректілерде және құстарда кездесетін тез жұғатын зоонозды
жұқпалы ауру.
Қоздырғышы — спираль пішінді лептоспира бактериялары.
Негізінен, онымен бауыр, бүйрек және майда қан тамырлары
зақымданады.
Лептоспирозды 1888 ж. Ресей ғалымы Н.П. Васильев
анықтаған. Қазіргі кезде бұл дертті ауру қоздырғышының
түрлеріне, клиникалық белгілеріне, ауру ағымына байланысты
үш түрге бөледі:
интерогеморрагиялық лептоспироз (дене сарғаяды) немесе
Васильев-Вейль ауруы деп аталады;
каникол лептоспироз (немесе Помон) (денеде қан құйылу
байқалады);
“су қызбасы” деп аталатын жеңіл өтетін (дене сарғаймайды)
түрі.
Эпидемиология − ауру көзі
Ауру көзі — дала және су тышқандары, егеуқұйрықтар; үй
жануарларынан — ірі қара мал, шошқа (әсіресе иттер). Олар
лептоспирді көбінесе зәрімен бөледі де нәтижесінде сыртқы
орта, су ластанады. Сондай суды пайдаланғанда, ашық су
көздерінде шомылғанда, судың жағасында жалаң аяқ шөппен
жүргенде ауру жұғады. Кейде ауру сиырдың сүтін, етін
пайдаланғанда да жұғады.
Лептоспироз тағамдық өнеркәсіп мекемелері
қызметкерлерінің, шахтерлердің, қалалық қоқыс
тазалаушылардың, ветеринарлар және ит питомнигі
жұмысшыларының арасында жиірек кездеседі.
Патогенезі –
аурудың дамуы
Лептоспирлер организмге
тері, көздің, ауыз қуысының
кілегейлі қабаты арқылы
енеді де қанға тарайды,
бауыр, бүйректе т.б.
тоқтайды, сөйтіп майда қан
тамырларының
эндотелиялары
зақымданады, қабынады.
Клиникалық белгілері
Жасырын кезеңі 4-12 күнге, ал кейде 20 күнге дейін созылады. Аурудың сарғаятын,
сарғаймайтын түрлері кездеседі. Ауру көп жағдайда жедел басталады. Науқас
қалтырап, дірілдеп дене қызуы жоғары көтеріледі 39-40 °C, қызба толқын
тәрізді болып келеді. Аурулардың басы қатты ауырады, тұла бойын
әлсіздік, ұйқысыздық басады, бұлшық еттері (балтырдың,
жотаның,желкенің, мойының) аурады, жүрегі айнып құсады.
Науқастың беті қызарып, ісініп, көзі қызарып, тіпті мойны, кеудесіне
дейін қызарады. Сипағанда тері еттері ауырады. Аурудың 3-6 күндері
аяқ қолында денесінде әртүрлі бөртпелер пайда болады. Тамағы
қызарып, жұтқанда ауруы мүмкін. Бауыры, көк бауыры ісінеді,
үлкейеді. Аурудың барлық түрінде бүйрегі қабынады, Пастернацкий
белгісі білінеді.
Зәрде белок, эритроциттер, лейкоциттер, цилиндрлер болады.
Бауырдың, бүйректің қабынуы өрбиді және геморрагиялық белгілердің
де пайда болуы мүмкін. Қан шығу, әртүрлі ағзалардан қан кетуі де
ғажап емес. Қан қысымы төмендейді, жүректің соғуы нашарлайды.
Жүйке жүйесінің зақымдануына байланысты ұйқысыздық, есінің
өзгеруі байқалады, сандырақтау, ал кейде менингиалдық белгілердің
орын алуы да мүмкін.
Асқынуы
Ирит, иридоциклит, нефрозонефрит, бет нервтерінің зақымдануы,
полиневрит.
Диагноз қою
1. Эпидемиологиялық анамнезді жинау.
2. Клиникалық белгілеріне қарау.
3. Зертханалық зерттеулер жүргізу (қанды, зәрді,жұлын
сұйықтығын ) алу керек.
4. Зертханалық зерттеулердің түрлері:
o Микроскопиялық
o Биологиялық
o Сериологиялық (РПГА).
Емдеу
Ауыр түрде лептоспирозға қарсы гамма − глобулин беріледі.
Науқасты ауруханаға жатқызу.
7- 10 күн төсек тәртібін сақтау.
Қоздырғышқа қарсы ем: пенициллин 500.000 тәулігіне 6 рет
немесе гентамицин 0.3 тәулігіне 4 рет. Олар дене қызуы
түскеннен кейін 2-3 күн өткенге дейін беріледі.
Улану белгісіне қарсы сұйықтықтар беріледі.
Зәр жүргізетін дәрілер (маннитол) тағайындалады.
Ацидозды азайту үшін асқазан ішекті жуады.
Анурия болғанда фурасемид беріледі.
Бүйректің жетіспеушілігінде гемодиализ қажет
болады.
Симптомдық ем қолданып, дәрумендер беріледі.
Аурудың ауыр түрінде көрсетілетін күту
шаралары
Бұлшық еттері қатты ауырғанда
жылытқыштар беру.
Науқастың қан қысымын, дене қызуын
өлшеп, тәуліктік зәр мөлшерін анықтау.
Дене қызуы төмендегенде дәрігерге хабар
беру.
Науқас құса бастаса, белі ауырса, зәр
бөлінуі азайса, оны жан сақтау бөліміне
ауыстыру.
Алдын алу, ауру ошағында індетке қарсы жүргізілетін шаралар.
Су көздерін кеміргіштердің , малдың зәрімен ластанудан сақтау,
дератизация.
Адамдар суға шомылатын жерді дұрыс анықтап, әсіресе судың
басынан, мал су ішпейтін жерлерді таңдау.
Шахтыларда, мал соятын жерлерде, ет комбинатында,
жұмыскерлердің міндетті түрде арнайы киім кию.
Су алатын жерлерде қажентті құралдардарды дұрыс дайындап ,
дұрыспайдалану.
Эпидемиологиялық жағдайға байланысты Халық арасында
санитарлық ағарту жұмысын жүргізу.Сонымен қатар кәсібіне
байланысты арнайы топтатарға, малмен жұмыс істейтін адамдарға,
балықшыларға, аңшыларға егу жұмысын жүргізу.
Ауру ошағындағы індетке қарсы шаралар
Науқасты жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу.
СЭС жедел хабар беру.
Санитарлық − ағарту жұмысы
Таза ауыз суымен қамтамасыз ету.
Егу жұмысы.
Туляремия
Туляремия
Г.Мак-Кой 1910 жылы
Калифорнияның Туляре деген
батпақты жерінде обаның табиғи
ошағын зерттеп жүріп, суырдан оба
тәрізді ауруды ойлап тапқан. Ол
Ч.Чепинмен бірге 1911 жылы суырдан
осы аурудың қоздырғышы Bacterium
tularense-ні бөліп алды. Көп ұзамай бұл
аурумен адамдар ауыратыны
анықталып, И.Френсистің 1924 жылы
ұсынысы бойынша туляремия деп
атаған.
Этиологиясы
Туляремия қоздырғышы- Francisella tularensis, Francisella
туыстығына, Brucellacea тұқымдастығына жатады. Ұсақ кокк
таяқша тәрізді клеткалар, грам теріс, капсула, спора
түзбейді.Суда 3 ай 0 градустан төмен болса, бидай және оның
сабағында 6 ай,өлген жануарлардың терісінде 8 ай.
Қайнатқанда 1-2 минутта, xлорамин, лизол, xлорит әк
ерітінділерінде 3-5 минуттын ішінде жойылады.
Патогенез
Қоздырғыш адам денесіне зақымданған тері, көздің, тыныс,
асқазан жолдарының шырышты қабаттары арқылы енеді.
Қоздырғыш енген теріде жара пайда болады, лимфа
жүйесімен бактериялар лимфа безіне еніп, өсіп-өнеді де
арнайы қабыну прцессі басталады, ол жұмсарады- осы лимфа
бездерінің үлкен мөлшерде ісінуін- бубон деп атайды. Егерде
қоздырғыш бүкіл организмге тараған жағдай да сол
ағзалардың қабыну процесі орын алады.
Эпидемиология
Аурудың көзі: жануарлар:
кеміргіштердің әртүрлі
тобы, сұр тышқан, үй
тышқаны, егеуқұйрықтар,
қояндар. Үй жануарлары:
қой, шошқа, ірі қаралар
Ауруды
тамсымалдайтындар:
кенелер, масалар, бүргелер
тасымалдап жұқтырады.
Туляремияның адамға жұғу жолдары
• Контактілі- тері мен шырышты
қабықшалар арқылы инфицирленген
жануарлармен жанасқанда, жануар
тістеп алғанда жұғады.
• Алиментарлы- кеміргіштердің зәрімен
инфицирленген су, тағам арқылы.
• Шаң тозаң арқылы- залалданған шаң
арқылы, шөп жұмыстарын жүргізгенде.
• Трансмиссивті- әртүрлі қан
сорғыштармен (кене, маса) арқылы
беріледі.
Клиникалық көрінісі
Жасырын кезеңі бірнеше сағаттан 3 аптаға созылады. Орташа 3-7 күн.
Ағым ұзақтығы бойынша:
• Жедел ( 3 аптаға дейін )
• Жеделдеу ( 6 ай және ұзақ )
• Рецедив
Ағым ауырлығы бойынша:
• Жеңіл
• Орташа
• Ауыр
Аурудың бірнеше клиникалық түрлері бар. Қоздырғыштың
әртүрлі ағзаға енуіне байланысты клиникалық белгілеріде әртүрлі
болып келеді. Олар: тері шырышты қабаттың туляремиясы,
жара-бубондық түрі, бубондық түрі, көз-бубондық түрі, баспа-
бубондық және ішкі ағзалардың туляремиясы (өкпелік, іштік) және
бүкіл организмге тараған түрі. Аурулар жедел басталады,
науқастың дене қызуы көтеріліп, қалтырайды, әлсіздік пайда
болып, басы ауырады, бұлшық еттері ауырып, ұйқысы бұзылады
және тәбеті төмендейді. Жүрегі айнып құсады, терлейді. Ауыр
түрінде қозып, көзіне әр нарселер елестеуі де мүмкін. Аурудың беті,
көзі қызарып, денесінде бөртпе пайда болады. Бауыры, көк бауыры
ұлғаяды. Лимфа бездері ісіннді. Ауру 2-3 аптадан 1,5-3 айға дейін
созылады.
Туляремияның түрлері
• Жара бубондық түрі. Қоздырғыш енген жерде қышитын қызыл дақ пайда
болады және ол түйінге айналады да сонымен қатар ішінде сұйықтығы
бар бөртпеге айналып жарылады да ішінде ірің пайда болады. Оның
ортасы қарайып, қабыршықтанып, тыртық қалады. Өз кезегінде
қосымша лимфа бездері де ісіне бастайды.
• Бубондық түрі. Қоздырғыштың енген жерінде лимфа бездерінің ісінуі
үлкейуі байқалады. Бубон аурудың 2-3 күндері пайда болады. Ол 1-5 см-ге
дейін ісінеді, ауырмайды, қозғалады, ішінде ірің пайда болады, кейде
жарылып та кетеді.
• Көз-бубондық түрі. Науқастың қабағы ісініп, қабынады. Құлақтың иек
астындағы лимфа бездері үлкейеді.
• Баспа-бубондық түрі. Ауру тағам арқылы жұғады. Тамақтың безі ісінеді,
науқастың тамағы қызарып, жара пайда болады және иектің, мойынның
лимфа бездері де ісініп кетеді.
• Іштік түрі. Улану белгілері жоғары болып, дене қызуы көтеріледі.
Асқазан-ішек жолдарының жолындағы лимфа бездері
зақымданады, аурудың іші ауырып, жүрегі айнып, құсады, кейде
ішегінен қан кетеді.
• Өкпелі түрі. Ауру ауа, шаң арқылы жұғады. Аурудың өкпесі
қабынады және аз уақытта қызба, улану белгілері жоғары болады,
науқас жөтеліп, қақырық бөлінеді, кеудесі ауырады. Аурудың бұл
түрінде бубон болмайды.
• Аурудың бүкіл организмге тараған түрі. Ауру іш сүзегіне ұқсас
болады. Қызба 3 аптадан жоғары сақталады, науқасиың денесінде
бөртпе пайда болады, бауыры, көк бауыры ісінеді. Алайда лимфа
бездері өзгермейді.
Асқынуы:
• Перитонит
• Миокардит
• Менингит
• Менингоэнцефалит
• Инфекциялық-токсикалық шок
Диагноз қою:
1.Эпидемиологиялық анамнезін жинау.
2.Клиникалыұ белгілеріне қарау, көру.
3.Зертxаналық нақтама зерттеулерін жүргізу. Серологиялық зерттеулер- РА, РПГА,
ИФА. Теріге аллергиялық байқау жүргізу ( туляринмен ). Биологиялық зерттеулер.
Туляремия
1.Саусақтың кесіп алған жерінде қабыну мен ісік
немесе домбығу
2.Туляремияның бубонды формасы
Емдеу
Ауруды ауруxанада емдеу керек.
Қоздырғышқа қарсы антибиотик
қолданылады: тетрациклин,
стрептомицин, левомицин, дене
қызуы түскеннен кейін 5-7 күн бойы
беріледі. Симтоматикалық ем
тағайындалады, улану белгісіне қарсы
сұйықтықтар беріледі. Витаминдер С
және В тобы, антигистаминдік
дәрілер ( пипольфен, супрастин,
димедрол ) тағайындалады.
Физиотерапиялық емдер
қолданылады. Созылмалы түрінде
қосымша сұйықтықтар беріледі.
Алдын алу шаралары
Халық арасында санитарлық-ағарту жұмысын жүргізу. Кеміргіштерден
сақтау, дератизация, дезинсекцмя жұмыстарын жүргізу. Су көздерін,
тағамдарды, тағам қоймаларын, дүкендерді, тұрғын үйлерді қатаң
қадағалау. Арнайы киімдер (қолғап, бетперде, көзілдірік кию), иісті
заттарды пайдалану. Арнайы алдын алу-егу шараларын жүзеге асыру.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz