Елдің шекарасы мен аумағына АҚИ мен карантиндік инфекциялардың әкелінуі мен енуінен санитарлық қорғау



Орындағандар: Русланқызы Аружан
Жолдас Меруерт
Ерболұлы Шыңғыс
Тобы: 243 Жалпы медицина
Елдің шекарасы мен аумағына АҚИ мен карантиндік инфекциялардың әкелінуі мен енуінен санитарлық
қорғау
Астана қаласы, 2022 жыл.
«Астана медицина университеті» КеАҚ
Қоғамдық денсаулық сақтау және эпидемиология кафедрасы

Жоспары
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
-Аса-қауіпті карантиндік инфекциялар дегеніміз не?
-Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу
-Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында инфекциялық және (немесе) паразиттік ауруы бар науқас анықталған жағдайда, санитарлық-эпидемияға қарсы шаралар.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе
Карантиндік ауру - дегеніміз шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин, сондай-ақ халықтың өмір сүруі мен өзге қызметті жүргізуінің ерекше жағдайлары мен режимі енгізілетін, қоғамдық денсаулық сақтауда төтенше жағдайларды тудыратын жоғары дәрежелі жұқпалылығымен және өлімге әкелуімен сипатталатын аурулар.

Карантин - дегеніміз қоғамдық денсаулық сақтау саласында төтенше жағдайларды тудыратын карантиндік аурулардың әкелінуінің, сыртқа шығарылуының және өзге де таралуының алдын алу мақсатында жүзеге асырылатын әкімшілік және медициналық-санитариялық шектеу іс-шаралары кешені;

Аса-қауіпті карантиндік инфекциялар дегеніміз не?
Аса қауіпті инфекциялар (АҚИ) немесе жұқпалы аурулар - бұл инфекцияның жоғары дәрежеукесімен сипатталатын аурулар. Олар кенеттен пайда болады және тез таралады, ауыр клиникалық көрініспен және өлімнің жоғары деңгейімен сипатталады.
Аса қауіпті инфекциялар екі сипаттамаға сәйкес келетін аурулардың тобы:
-кенеттен пайда болуы мүмкін, тез және жаппай таралуы мүмкін;
ауыр және жоғары өлім;
АҚИ тізімі 1969 жылы 26 шілдеде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) 22-сессиясында алғаш рет ұсынылды. Тізімдемеден басқа, ассамблея Халықаралық денсаулық сақтау ережелерін де құрды. Олар 2005 жылы ДДҰ-ның 58-сессиясында жаңартылды.
Барлық патологиялар шартты түрде 2 топқа бөлінеді:
Ерекше емес және халықтың денсаулығына әсер етуі мүмкін аурулар:
-шешек; адам тұмауы; полиомиелит; ауыр жедел респираторлық синдром.
Кез-келген көрінісі қауіп ретінде бағаланатын аурулар, өйткені олар елеулі әсер етуі және халықаралық деңгейде тез таралуы мүмкін:
-тырысқақ; өкпе обасы; сары безгек; геморрагиялық қызба (Ласса, Марбург, Эбола, Батыс Ніл безгегі) ; Денге безгегі; Рифт аңғарының қызбасы; менингококк инфекциясы. ТМД-да бұл ауруларға тағы екі инфекция қосылды - сібір жарасы және туляремия.

Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу
"Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № ҚР ДСМ-114 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 15 қарашада № 25151 болып тіркелді.

Тырысқақтың алдын алу іс-шаралары
Оба алдын алу
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу
Бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызбаның алдын алу
Құтырудың алдын алу

Тырысқақтың алдын алу іс-шаралары:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пунктерінде тырысқақ бойынша қолайсыз елдерден келген тұлғаларға санитарлық-карантиндік бақылау қамтамасыз етілген, аймаққа АҚЖ әкелінуін мүлдем болдырмау мүмкін емес, себебі, аурудың жұққаннан кейін, бірнеше сағаттан немесе 7 күнге дейін белгілері білінбеуіі мүмкін. Дәл осы уақытта адам шекарадан өтіп кетуі мүмкін, және елдімекенге келгеннен кейін, біраз уақыт өткен соң аурушаңдықтың белгілері шыға бастайды. Осы уақытта дер кезінде диагноз қойылу және ем алу үшін медициналық көмекке жүгіну қажет, тек осының нәтижесінде дерттен сауығуға және басқа адамдарға жұқтырмауға болады.
Жіті ішек аурулары мен тырысқақ бойынша эпидемиологиялық маусымның басталуына орай, тырысқақтың әкелінуін, таралуын болдырмау мақсатында облыста келесі алдын алу іс-шаралары жасалуда:
эпидемиологиялық (жаз) маусымда судың беткі қабаттарындағы суға және сыртқы орта нысандарына тырысқақ вибриондарына үнемі зерттеулер жүргізіледі,
емдеу-алдын алу мекемелерінің, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің облыс көлемінде тырысқаққа күдікті адамды анықтау бойынша дайындығы қамтамасыз етілген,
арнайы тәртіптік мекемелерге, әлеуметтік оңалдандыру мекемелеріне түскен,, шетелден келген адамдарды тырысқаққа тексеру жүргізіледі, сонымен қатар, ішек ауруына шалдыққан адамдардың материалдарына зертханалық зерттеу жасалады,
этиологиясы белгісіз жұқпалы аурудан көз жұмған адамдардың мәйітінен алынған материалдар зерттеледі,
халық арасында санитарлық-ағартушылық жұмыс жасалады.

Оба алдын алу
Аурудан алдын ала сақтандыру үшін ауру шыққан жерлерге эпизоотол. және эпидемиол. тексеру жүргізіледі; сол аймақтағы тұрғындардың денсаулығы үнемі бақылауда болады; ауру ошағы дамыған жерге дератизац., дезинсекц. және дез-инфекц., сан. -ағарту жұмыстары жүргізіледі; шет елге баратын жолаушыларға обаға қарсы вакцина егіліп, ал келушілерге арнайы бақылау жүргізіледі.

Құтырудың алдын алу
Құтыруды деп сезік туғызған кез келген хайуанды өлтіріп, көміп тастаңыз (немесе бір апта бойы үйшікте ұстаңыз) ;
Иттерді вакцина жасау жөніндегі шараларға қатысыңыз;
Ауырған сияқты көрінген немесе мінезінде өзгеріс болган кез келген хайуаннан бала-ларды аулақ үстаңыз.
Ауырған сияқты көрінетін немесе мінезінде өзгеріс бар хайуандарға көңіл бөліп, барлық сақтық шараларын қолданыңыз. Тіпті ол ешкімді тістеп қаппағанда да оның сілекейі дененің кесілген немесе жырылған жеріне түссе құтыру туғызады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында инфекциялық және (немесе) паразиттік ауруы бар науқас анықталған жағдайда, санитарлық-эпидемияға қарсы шаралар.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 18 ақпандағы No 107 бұйрығымен бекітілген. Инфекциялық және (немесе) паразиттік аурумен ауыратын науқас анықталған жағдайда келесі санитарлық-эпидемияға қарсы (алдын-алу) шаралар қолданылады: 1) пациентті денсаулық сақтау ұйымына дейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктіндегі оқшаулау бөлмесінде уақытша оқшаулау; 2) науқаспен байланыста болған адамдарды медициналық себептер бойынша бақылау, оларды денсаулық сақтау ұйымына жатқызу; 3) бортында жұқпалы және (немесе) паразиттік аурудың белгілері бар немесе жұқпалы және (немесе) паразиттік ауруға күдікті пациент анықталған көлік құралына арналған дезинфекция шараларын ұйымдастыру

Қорытынды
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz