Жасушалық мембрана қызметтері




Презентация қосу
«Астана медицина университеті» КеАҚ
Жалпы және биологиялық химия кафедрасы

БИОМЕМБРАНАЛАР
Дайындаған: Байжан Т, Әмір Ұ, Баширханова А
Факультет: Жалпы медицина
Топ:122-топ
Тексерген: Мадиева Ш.А

Нұр-Сұлтан қ, 2022 жыл
■ Кіріспе
■ Негізгі бөлім
– Жасушалық мембранасы
– Липидтік биқабат
– Биологиялық мембрана тарихы
– Негізгі атқаратын қызметі
– Химиялық құрамы
■ Қорытынды
■ Пайдаланған әдебиет
Кіріспе
■ Жасуша — сұйықтық, ферменттер және басқа
заттар ғана емес, сол сияқты жасушаішілік
органеллалар деп аталатын жоғары ұйымдасқан
құрылымдар.
■ Органеллалар, олардың химиялық құраушылары
сияқты, жасуша үшін өте маңызды. Мысалы,
митохондриялар сияқты органеллалар болмаса,
қоректік заттардан алынған энергия қоры
95% -ға азаяды. Жасушадағы көптеген
органеллалар, негізінде липидтер мен белоктардан
тұратын мембраналармен жабылған.
■ Мембрананың түрлері – жасушаның,
эндоплазматикалық ретикулумның,
митохондриялардың, лизосомалардың, Гольджи
аппаратының мембраналары болып бөлінеді.
1902 ж. неміс ғалымы Э. Овертон мембрананың құрамында май
тектес заттар болады деген пікір айтты.
1926 ж. америкалық биологтар Э. Гортер мен Ф.Грендел адам
эритроцитінің қабықшасынан сол затты бөліп шығарды.
1935 ж. ағылшын ғалымдары Л.Даниелли мен Г.Даусон және
америкалық биолог Дж. Робертсон биологиялық мембрананың
құрылымдық моделін ұсынды.
Кейін электрондық микроскоп және рентгендік анықтау әдістерін
қолдану нәтижесінде жасушаның барлық бөліктеріндегі
биологиялық мембрана табиғатының ұқсас болатыны анықталды.
■ Биологиялық мембрана — жасушаның және жасуша ішіндегі бөлшектердің (ядро,
митохондрии, хлоропластар, пластидтер ) бетінде орналасқан молекулалық
мөлшердегі ( қалыңдығы 5 — 10 нм ), ақуызды-липидтік құрылымды жұқа
қабықша. Биологиялық мембрана өткізгіштік қасиетіне байланысты жасушада
тұздардың, қанттың, амин қышқылдарының, иондардың, т.б. заттардың алмасу
өнімдерінің концентрациясын, олардың тасымалын және алмасуын реттейді.

■ Клетканың протоплазмасын қоршап тұрған биологиялық мембрана жасушалық
мембрана деп аталады.
Жасушалық мембрана қызметтері

• Барьер – жасушаның ішкі бөлігін сыртқы ортадан қорғайды;
• Заттардың таңдамалы өтуін реттейді;
• Жасушаны әртүрлі биохимиялық реакцияларға арналған
бөліктерге – компартменттерге бөледі;
• Кейбір биохимиялық реакциялар мембраналардың
өздерінде орындалады;
• Мембраналарда гормондарды және басқа сыртқы
дыбыстарды айқындайтын рецепторлық бөліктер болады.
■ Жасушалық (плазматикалық) мембрана – қалыңдығы 7,5-10 нм
болатын нәзік, майда және эластикалық құрылым.
■ Негізі белоктар мен липидтерден тұрады.
■ Оның компоненттерінің жуықталған қатынасы:
белоктар — 55%,
фосфолипидтер — 25%,
холестерол — 13%,
басқа липидтер — 4%,
көмірсулар — 3%.
Мембрана= фосфолипид+белок+көмірсу
■ Липидтер суда ерімейді, сондықтан
олар судың және суда еритін
заттардың бір компартменттен
екіншіге ауысуына кедергі
жасайтын барьер орнатады.
■ Бірақ белок молекулалары
саңылаулар деп аталатын
арнайыланған құрылымдардың
көмегімен мембрананы әртүрлі
заттар үшін өтімді жасайды.
■ Көптеген мембраналық белоктар
сандаған химиялық реакцияларды
катализдейтін ферменттерге
жатады.
Липидтік биқабат
■ Липидтік биқабат фосфолипидтерден
құралған. Оның бір шеті
гидрофилдық, яғни суда ериді
(фосфаттық топ), екінші шеті —
гидрофобтық, яғни майларда ғана
ериді (майлы қышқыл).

■ Фосфолипид молекуласының
гидрофобтық бөлігі суды теуіп, өзі
сияқты бөлігі бар молекулаларға
тартылатын болғандықтан,
фосфолипидтер мембраналық
қаттамада бір-бірімен бірігу
қасиетін көрсетеді
Мембраналық беткей

Фосфатты топтан тұратын гидрофилдық бөлік екі мембраналық
беткей түзеді: сыртқы – жасушадан тыс сұйықпен шектеседі, ішкі –
жасушаішілік сұйықпен шектеседі.
Липидтік қабаттың ортасы
иондарды және глюкоза мен мочевинаның сулы ерітінділерін
өткізбейді.
Оттегі, көмір қышқыл газы, алкаголь сияқты майда еритін
заттар мембрананың осы бөлігі арқылы оңай өтеді.
Мембраналық белоктар

Мембраналық белоктар 2 түрлі болады:
■ интегралдық – мембрананы тесіп өтеді;
■ перифериялық – мембрананың бір жақ
беткейінде ғана болады.
■ Көптеген интегралдық белоктар каналдар (саңылаулар) жасайды,
олар арқылы ішкі және сыртқы жасушалық сұйыққа су және суда
еритін заттар, әсіресе, иондар диффузияланады.

■ Перифериялық белоктар интегралдық белоктармен байланысады,
олардың көбісі ферменттер немесе заттардың мембраналық
саңылаулар арқылы тасымалының диспетчері ролін атқарады.
Қорытынды тест

1. Жасушаішілік органеллалар деп аталатын жоғары ұйымдасқан құрылым не деп
аталады?
a) Митохондрия
b) Мембрана
c) Жасуша

2. Мембрананың құрамында май тектес заттар болады деген пікір айтты.
a) Ф. Грендел
b) Э. Овертон
c) Э. Гортер
3. Клетканың капсуласын қоршап тұрған биологиялық мембрана жасушалық
мембрана деп аталады. (Иә/Жоқ)
4. Бір компартменттен екіншіге ауысуына кедергі жасап, барьер тудыратын
мембраналық компонент
а) белок
б) липид
с) көмірсу
5. Мембрананы әртүрлі заттар үшін өтімді жасап, тасымалдау қызметін
атқаратын мембараналық компонент
a) Белок
b) Липид
c) көмірсу
Ребус ‘ ’’
’’

’’’’’’’ ‘‘‘‘‘‘ ‘‘ ’’’’’’

Ұқсас жұмыстар
Интегралдық белоктар
Жасушаның тұқым қуалайтын аппараты (ПЛ)
Прокариотты және эукариотты жасушалардың жалпы морфологиясы
Хромосоманың жіктелуі. Адам хромосомасының картасы туралы
Жасуша органоидтары Ядро Ядролық мембрана
Қос мембраналары органоидтар. Пластидтер. Ядро. Митохондрия
Биомембрана арқылы зат тасымалдау
Жас ушалар мен тіндердің патологиясы
Ядроның құрылысы мен қызметі
Биологиялық мембрана
Пәндер