Ағыстарды биологиялық тазалау


Slide 1

Орындаған: Қосдәулет Д. Әлиева Л.

Қабылдаған: Болатхан К.

Ластанған су экожүйелерін биологиялық тазалау жолдары. Ағыстарды биологиялық тазалау

Slide 2

Суды ластаудың ең көп таралған көздері:

Slide 3

Ағын суларды биологиялық тазалау жалпы микроорганизмдермен негізделеді. Қоршаған ортаны қорғау барысында ағын суларды тазалау әдістерінің ішінде биологиялық тазалау әдісі қазіргі таңда алдыңғы орында келе жатыр. Ағын суларды биологиялық тазалау көп тоннажды технология болып табылады және өндірістік, қалалық ағын суларды тазалауға көп қолданылады. Ағын суларды тазалау сол ағын сулардағы еріген органикалық, бейорганикалық заттарды белгілі бір мөлшерге дейін жою мақсатында жүргізіледі. Тазартылған ағын су құрамының ластану деңгейі төмен болған сайын, оның сапасының да жоғары болатынын білуге болады.

Slide 4

Қарапайым биотазалау тәсілінде топырақ, су, өсімдік экожүйесінде және ластаушының сүзілуі, байланысуы, ауыстырылуы, трансформация, минерализация арқылы жүретін өзіндік тазалану процестері қолданылады. Қарапайым құрылғылар көбіне су қоймаға түсерден бұрын ағын судың тазалануында қолданылады.

Жасанды биологиялық тазалау құрылғылары аэробты және анаэробты жүйелерді біріктіреді. Қолданылатын биоценоздардың сипатына қарай бұл құрылғыларды белсенді илді, биопленкалы және комбинирленген жүйелерге жіктеуге болады

Slide 5 Slide 6

Биофильтрлерде ластанған суды жасанды фильтрлейтін материалда биологиялық тазарту жасайды. Биофильтрлерге суды жіберу алдында септиктерде, торларда, құмұстағыштарда және екі қабатты тұндырғыштарда механикалық тазарту жүргізу керек. Судағы оттегінің пайдаланылуы биологиялық тазартудан кейін 250 мг/л аспау керек. Кішкене тазарту станцияларында жалпақ немесе тереңдетілген биофильтрлерді пайдаланады. Жалпақ биофильтрлердің поли- винилхлорид, полиэтилен, полистирол және басқа катты пластмассаларды саптамалы блоктары пайдаланылады. Олар 6-30°C температураға дейін төзімді болады. Биофильтрлер домалақ, тіктөртбұрышты, тағы басқа пішінді болады.

Slide 7 Slide 8

Метантенктер - бұл тереңдігі 3-5 м жабық резервуарлар. Олар араластыруға, быжымаған тұнбаны енгізуге және быжыған тұнбаны шығаруға, сонымен ішіндегі заттарды қыздыруға арналған құрылғылармен жабдықталған

Slide 9

Метантенктегі заттардың айналу үдерісіне органотрофты да, литотрофты да микроорганизмдер қатысады. Органотрофтар ақырғы өнімдер ретінде төмен молекулалы майлы қышқылдар түзе отырып, көміртектерді, майларды, ақуыздарды және басқа да органикалық қосылыстарды ыдыратады. Метантенк жұмысындағы бұл фаза қышқыл түзілу сатысы деп аталады. Ыдыраудың ең жиі ақырғы өнімдері болып сірке және құмырсқа қышқылы табылады, көп мөлшерлерде пропион және май қышқылы табылады. Сүт және янтарь қышқылдарының түзілетіндігі дәлелденбеген, бірақ болжанады. Онымен қоса, осы сатының ақырғы өнімдерінің арасынан спирттер, кетондар, ацетон, сірке алдегиді табылған.

Slide 10 Slide 11

Септитенктер - жабық типті көлденең тұндырғыштар, оның түбінде түзілген қатты заттардың тұнбасы анаэробты микроорга- низмдермен ыдырап шіру процесі жүреді. Септитенктерге қарағанда метантенктерде араластыру, қыздыру, негізгі параметрлер (температура, шикізат құрамы, аппараттың жүктелу интенсивтілігі т. б. ) басқарылып отырады. Тазалау үрдісі де септитенкке қарағанда қарқынды жүреді. Бөлінген биогазды жинап, қажетке жаратады.

Контактылы аппараттарда тазалау үрдісі биореакторға оралатын илді бөлуге арналған екіншілік тұндырғышта араластыру арқылы реакторда жүреді. Жұмыс істеу принципі бойынша бұл жүйелер анаэробты жағдайда тазалайтын екіншілік тұндырғышты аэротенктердің аналогы болып келеді. Соңғы он жылда анаэробты тазалау әдістерінің жаңа түрлері жасалып, өндірісте кең қолданысқа ие болды.

Slide 12

Суды биологиялық тазалау негізі - белсенді лай немесе әрбір өндіріс орнында ағын су құрамына және тазалау режиміне байланысты қалыпты биоценозда түзілетін биоқабықша. Белсенді лай көлемі бірнеше жүз микрометрге жететін қоңырқай-қара түйіршіктерден тұрады. Оның 70% тірі организмдер болса, 30% бейорганикалық қатты заттар. Тірі организмдер қатты тасымалдағышпен бірге зооглей - ортақ шырышты қабықшамен қапталған микроорганизм популяциясының симбиозын түзеді.

Белсенді лайдан бөлініп алынған микроорганизмдер түрлі тұқымдастарға жатады: Actynomyces, Azotobacter, Bacillus, Bacterium, Corynebacterium, Desulfomonas, Pseudomonas, Sarcina және т. б. Көп таралғаны Pseudomonas туысының бактерияла- ры. Сыртқы орта жағдайына байланысты, яғни ағын су, ағын су, осы немесе өзге бактериялар тобын иеленуші болуы мүмкін, ал қалғандары негізгі топтың серігі болып табылады.

Қорытынды

Slide 13

1. “Экологиялық биотехнология” Заядан Б. К, Алматы 2013ж.

2. http://vse-o-vode. ru/technology/biofiltry-dlya-ochistki-stochnyx-vod/

3. https://ru. wikipedia. org/wiki/%D0%90%D1%8D%D1%80%D0%BE%D1%82%D0%B5%D0%BD%D0%BA

Пайдаланылған әдебиеттер


Ұқсас жұмыстар
Биологиялық тазалау
ЕУРАЗИЯ ЖАҒАЛАУЫНДАҒЫ МҰХИТТАР МЕН ТЕҢІЗДЕР
Еуразия материгі
Ақаба суларды тазалау әдістері
Ағынды суларды тазарту
Ақаба суы
АҒЫНДЫ СУЛАРДЫ АЛДЫН АЛА ТАЗАРТУ
Ағынды суларды тазарту әдістері
Ақаба суларды тазарту әдістері
Суды тазалау әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz