Індеттанулық балау


Slide 1

Індеттанулық балау

Орындаған: Жағыпбар Назым

Диханбай Абай

Тобы: Вм 403

Тексерген: Матеновна Назерке

Slide 2

Жоспары:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

2. 1. Індеттанулық балау

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Індеттанулық балау әдістері індеттің шығуы мен таралуына қатысты төмендегідей мәліметтерді талдау арқылы жүргізіледі.

1. Індеттік жағдай.

2. Індет бұғауының буындары.

3. Аурудың індеттік ерекшеліктері.

Індеттік жағдайдың негізгі көрсеткіші - күдік тудырған аурудың сол өңірде бар немесе жоқ екендігі. Екінші сөзбен айтқанда, тиісті індет ошағының немесе табиғи ошақтың болу болмауы. Егер ондай ошақ бұл аймақта болмаса, осы аурудың басқа жердегі ошағына ауырған малдың қандай қатысы болуы мүмкін екендігін анықтау. Бұл жағдай індет бұғауының буындарын талдауға тікелей қатысты.

Slide 4

Індет бұғауының буыңдарын талдау жануардың ауруға бейімділігінен басталады. Ауруға бейім жануар індет бұғауының соңғы буыны болса да, жануардың ауруға бейімділігі балау жұмыстарында бірінші кезекте ескеріледі. Оған мынандай мысал келтіруге болады, сиыр маңқаға шалдықпайтындықтан малдың бұл мүлігінде аталған ауруға балау жүргізу орынсыз әрекет екені даусыз. Ауруға бейімділік жануардың түр, жыныс және жас ерекшеліктеріне негізделіп қарастырылады.

Slide 5

Індет бұғауының буындарын талдағанда екінші кезекте күдік тудырған аурудың бастауы болып табылатын

ауру немесе микроб алып жүруші жануардың

бар немесе жоқ екенідігі анықталады. Егер инфекция қоздырушысының бастауы табылса, оның берілу тетіктері іздестіріледі. Ауруға бейім жануар инфекция қоздырушысымен тікелей жанаспаған жағдайда жұғу факторлары мен тасымалдаушылардың аурудың тарауына қатысы анықталады. Сонымен қатар инфекцияның қарастырылып отырған жағдайдағы мүмкін болатын берілу жолдары және олардың осы аурудың ерекшеліктерімен үйлесімділігі.

Slide 6

Аурудың індеттік ерекшеліктеріне тоқталғанда, оның қарқыны, эпизоотия, панзоотия/, жұғымталдығы, шығын және өлім көрсеткіштері т. б. ескеріледі. Сонымен қатар аурудың маусымдық және кезеңдік ерекшеліктері оны балау үшін құнды деректер болып табылады.

Slide 7

Індеттанулық балау әдісі түпкілікті нозологиялық диагноз қоюға толық мүмкіндік бермегенмен, басқа дәлдігі жоғары арнаулы әдістерді пайдалануға бағдар береді.

Slide 8

Клиникалық балау әдісі.

Ауырған жануарды клиникалық тексеру - балаудың міндетті шарты. Сіреспе, қысаға, аусыл, құтырық сияқты аурулар кезінде клиникалық тексерудің диагноз қою үшін шешуші маңызы бар. Ал көптеген жұқпалы аурулар кезінде бұл аса құнды қосымша әдіс болып табылады. Індеттанулық талдаумен қатар клиникалық тексеру ауруға лабораториялық зерттеуді белгілі бір бағдарда жүргізуге жағдай жасайды. Клиникалық тексеру кезінде ауырған жануарда тірі кезінде лабораториялық зерттеулер үшін тиісті материалдар алынады.

Slide 9

Жұқпалы ауруларға клиникалық балау жүргізгенде олардың мынандай ерекшеліктерін ескеру керек.

1. Жұқпалы аурулардың өршуінің сатылығы . Аурудың бірінен соң бірі келетін жасырын, клиника алдындағы, клиникалық және ақырғы қорытынды сатылары болады. Сондықтан аурудың белгілерін динамикалық өзгерістерін ескере отырып қарастырады.

Slide 10

2. Инфекциялық синдромға тән құбылыстар. Инфекциялық синдром деп этиологиясына қатыссыз жұқпалы аурулардың көпшілігіне тән клиникалық белгілер кешенін айтады. Бұл белгілері арқылы аурудың жұқпалы екендігі пайымдалады.

Slide 11

Жануарларды клиникалық тексеру жалпы, арнаулы және лабораториялық әдістерді пайдаланып жүргізіледі. Жалпы әдістерге жататындар: тіркеу, анамнез, қарау және бақылау, дененің ыстығын өлшеу, пальпация, перкуссия, аускультация. Арнаулы әдістер: зондтау, катетерлеу, эңдоскопия, УЗИ, рентгеноскопия, графикалық әдістер /ЭКГ, ринография, пневмография, гастрография, сфигмография, флегмография, рештенография.

Slide 12

Жұқпалы ауруларды балаудың арнаулы әдістері.

Індеттанулық, клиникалық және патологоанатомиялық әдістердің көмегімен кейбір жекелеген жұқпалы ауруларға ғана диагноз қою мүмкін. Көбінде бұл зерттеулердің нәтижесіңде белгілі бір ауруға күдіктенуге болады. Ал соңғы тұжырым тек қана арнаулы әдістердің көмегімен жасалынады. Бұл арнаулы әдістер аурудың өзіне тән қоздырушысын немесе оған қарсы жануар денесіндегі өзгеше иммунологиялық құбылыстарды айқыңдауға негізделген. Мұндай арнаулы әдістерге микробиологиялық /бактериологиялық, вирусологиялық/, серологиялық және аллергиялық зерттеулер жатады.

Slide 13

Бактериологиялық зерттеу. Бактериологиялық балау әдісі жұқпалы ауруларға шалдыққан жануардың денесінен ауру қоздырушы зардапты микробты табуға негізделген. Микробты табу “индикация” оның қай түрге жататындығын айқындау “идентификация” деп аталады. Бактериологиялық зерттеу үш түрлі буыннан тұрады. Олар: микроскоппен көру яғни микроскопия /микроскоптау/, бактерияны қоректік ортада өсіріп, өсін алу және лабораториялық жануарларға жұқтырып биосынама қою.

Slide 14

Вирусологиялық зерттеу.

Вирусологиялық әдістің бактериологиялық зерттеулерден біршама өзгешеліктері бар. Вирус торша ішінде тіршілік ететін болғандықтан, вирионды босатып алу үшін ең әуелі патматериалды мұқият ұнтақтап, суспензия дайындайды.

Вирусты бөліп алу үшін суспензияны тауық эмбрионына немесе ұлпа өсініне енгізеді, болмаса лабораториялық немесе табиғи бейім жануарларға жұқтырады.

Жұқтырудың нәтижесі оң болған жағдайда өсіп-өнген вирусты айқыңдау ұшін әртүрлі серологиялық реакциялар пайдаланылады.

Slide 15

Аллергиялық зерттеу.

Жұқпалы ауруларды аллергиялық әдістермен балау баяу типті сезімталдыққа негізделген. Бұндай зерттеулер ауру қоздырушы микробтардың антигендерінен даярланатын аллергендердің көмегімен іске асырылады. Аллергиялық балау туберкулез, паратуберкулез, бруцеллез, маңқа, топалаңның созылмалы түрі /шошқада/ сияқты аурулар кезінде пайдаланылады.

Slide 16

Серологиялық зерттеу.

Жұқпалы ауруларды балауға серологиялық реакциялар кеңінен пайдаланылады. Серологиялық реакциялар антиген мен антиденелердің организмнен тыс in vitro өзара әрекеттесуінің нәтижесінен туындайды. Антиген мен антидененің қатысуынсыз ешбір серологиялық реакция жүрмейді. Соңдықтан оларды серологиялық реакциялардың негізгі факторлары деп атайды. Көптеген серологиялық реакцияларды антиген мен антиденеден басқа қосымша факторлар деп аталған комплемент, конглютинин, антиглобулин, т. б. пайдаланылады.

Slide 17

Қорытынды


Ұқсас жұмыстар
ИТ ОБАСЫ
ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ САУЫҚТЫРУ ШАРАЛАРЫ
Індетті лимфангитті балау, дауалау және сауықтыру шаралары
Қойдың жұқпалы маститін балау және індетке қарсы шаралар
Бруцеллезды балау әдістері
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫ БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ БАЛАУ
Ұсақ кұйістілердің обасын балау әдістерін меңгеру, індет ошағында сауықтыру және дауалау шараларымен танысу
Аурудың дамуы мен сыртқы белгілері
Ауруды ажыратып балау
Жылқының энцефалитін балау және індетке қарсы шаралар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz