Жылқы өлексесін сойып - зерттеу


Slide 1

Жылқы өлексесін сойып- зерттеу

Орындаған: Жағыпбар Назым

Сақтағанова Тұрсынай

Тобы: Вм 403

Тексерген: Кенжебекова Ж. Ж.

Slide 2

Жоспары

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

2. 1. Жылқы өлексесін сойып- зерттеу

III. Қорытынды сұрақтар

IV. Пайдаланған әдебиеттер

Slide 3

Сойып - зеттеу әдісі. Анамнезді белгілі ереже бойынша жинақтайды. Сойып-зерттеуге тыйым салынатын ауруларға тексереді.

Сыртқы көрінісін зерттеу. Өлексенің сыртқы сыртқы көрінісін зерттеуді тану белгілерін анықтаудау бастайды: жануардың түрін, жынысын (бие, айғыр, ат), жасын (ересек, тай, құлын), тұқымын, түсін, ентаңбасын, ерекше белгісін, өлшемдерін (денесінің ұзындығы және биіктігі), салмағын (жеңіл-400 кг, орташа-400-600, ауыр-600 кг жоғары) .

Slide 4

Жасын анықтау. Ауыз куысының мүшелерi мен төменгi жакты (Өлексе катты сірескенде) алып тастағаннан кейiн, жылкы жасын тiсi бойынша анықтайды.

Жақтарда 6-дан орналаскан күрек тістерінің алдынғы жұбын каска тіс, ал екі жағындағы жұбын - езу (шеткі - күрек тіс деп атайды) . Қаска тіс пен езу тiстiң арасында орта күрек тістер орналасады. Құлын туғаннан кейін сүт тiстерi келесi мерзiмде келесі ретпен шығады: 7-14 күнде - қасқа тiстерi; 15-45 кунде-орта күрек тістері; 6-7 айда - езу тістері шыға бастайды да, 8 айда олар баска тiстермен теңеседі.

Slide 5

Жылкынын бiр жасында сүт қасқа тiстердiң ой бедері мүжіледі де, тістердің түбі жақсы көрінеді. 2, 5-5 жас аралығында жылкынын сүт күрек тістері түпкілікті тістермен келесі мерзімде ауысады: 2, 5 жаска келгенде - қасқа тiстерi; 3 жасқа келген де - шыққан түпкілікті тістер қалған сүт күрек тістермен теңеледі; 3, 5-4 жаста - орта күрек тiстерi ауысады; 4, 5-5 жаста езу тістері ауысады. Бес жастан бастап түпкiлiктi күрек тістерiнiң ойык бедері мүжілгеніне және тістерінің қажалатын жағының пiшiнi өзгергеніне карай ажыратуға болады.

Slide 6

Астыңғы күрек тістер ойығының терендігі устiнгi күрек тістерінен екі есе кем болатындыктан олар ерте мүжіледі: 6 жаска келгенде төменгi каска тісінің, 7 жаска келген де орта күрек тiсiнiн, 8 жаска келгенде езу күрек тісінін бедері кетіп, 9 жаска келгенде үстiнгi каска тiстердiн бедерi кетiп болады, 10 жаска келгенде- үстінгі орта тiстердiн белерi кетiп болады. 11 жаска келгенде үстiнгi езу тiстердiн бедерi кетiп болады. 12 жастан бастап жылкынын жасын астынгы тiстердiн бедерiнiң мүжілу турiне карай ажыратады; 12-14 жаска келгенде астынгы күрек тістері донгелене бастап, 15-17 жасында олар үш бұрыштанады да, 18-20 жасында-курек тiстерi жiнiшкерiп, узарып бiр-бiрiмен түйіседі.

Slide 7

Өлекселік өзгерістерді анықтау. Өлгеннен кейiн мынадай өзгерiстердi олексенiн сууы, олексенін сіресуі, дактар мен ыдырау белгiлерiн. Түк жабынынын сапасын, терiсiнiн куйiн (түсі, калындыгы, серпiмдiлiгi, түрлi закымданулар) . тері асты шелін (бертпелердiн, ломбыгудын гиперемиянын, канталаулардын, эмфиземанын, iсiктердiн бар жогын) аныктайды. Жуық пен майокшеге, тұяқтарға (пішінінін дұрыстығы, тазаланганы, таралануы) назар аударады.

Slide 8

Табиғи саңылауларды тексереді (көз, танау, ауыз, қулак, анус, сырткы жыныс мушелері) .

Беткейлi лимфалық түйіндерді (төменгi жакасты, жауырыналды, шап) кесiп зерттейді. Жылкыда лимфалык туйiндер топтасып

орналасады. Олардын көлемiн, түсiн, тығыздығын, қанға толу дәрежесiн аныктайды.

Желке тарамысы (онхоцеркоз), шоқтық, жауырын, массеторлар, сауыр (миоглобинурия) . белдеме (акет ауруы) бұлшық еттерін ет талшыктарынын бойымен кесiп зерттейді.

Сүйектерді, буындарды, сiңiрлердi және байламдарды тексереді.

Slide 9

Ішкі көрінісі. Қуыстарын жарып мушелерiн шығару ушiн жылкы өлексесін он жагына жаткызады, өйткені жылкынын ток ішегі курсак куысынын он жартысында орналаскан. Алдынгы сол аякты жауырынды және онын шеміршегін косып кесіп алады, ал арткы сол аякты жамбас ортан жілік буыны мен онын денгелек байламын кескен сон кеседі. Биеде сүт бездерiн, ал айгырда сырткы жыныс мүшелерiн кесiп алады.

Slide 10

Құрсак куысынын кабыргасын екi жерден кеседі: біріншісі узынынан ак сызыктын бойымен тес суйектiн семсерше өсiндiсiнен шат жiгiне дейiн, екіншісі-бірінші тілікке перпендикуляр етiп курсак кабыргасынын сол жагын алып тастайды немесе кабыргалардын суйек догасынын бойымен шапка дейiн кеседi.

Slide 11

Құрсак куысын ашып карайды: мүшелердiн анатомиялык дурыс орналасуын, куыстын iшiндегi затын, көк еттiн, шарбынын, сiрлi кабыктын күйін. Бауырдын, көкбауырдын, курсак куысынын сiрлi кабыктарында, ішектер арасында сетарий тукымдасына жататын не матодтарды және туктi улгаюларды (сетариоздык перитонит салда рынан) кездестiруге болады.

Жылкы шажырқайының ұзындығынан ішектердін ауыткуы (дистония), буралуы, инвагинациясы жиi кездеседі. Сондай-ак ащы iшегi түсiп және кысылып калуы мүмкiн. Кысылган iшек күрен кызыл түстi, ал кысылган жерде ак тустi жолак болады.

Slide 12

Ішкі мүшелерді шығарып алу. Сепсистік аурудын бар жоғын аныктау ушiн құрсак куысынан бiрiншi кезекте көкбауырды шыгарып зерттейді. Сау малда мушенін фолликулдары мүлдем білінбейді, трабекулалары ак нукте немесе жолак түрiнде көрінеді. Кокбауырдын анемиясынды, атрофиясында олар калындайды.

Slide 13

Ішектерді қолмен ұстап конкременттердiн бар-жоғын анықтағаннан соң, сыртка шығарып алады. Ол ушiн улкен ток ішектi жамбас ілмегінен ұстап, он аяктарға параллельді етіп жазып кояды, ал кiшi ток iшекті он екі елі ішекпен байланыстырып тұрған байламға дейiн өлекседен тыс шығарып кояды.

Slide 14
Ұқсас жұмыстар
Ірі қара мал өлексесін сойып - зерттеу және хаттама құрастыру
Қазып алынған өлексені соттық сараптау
Ауру белгілері туралы
ГЛИКОЗИДТЕР КУМАРИН ТИПТІ ГЛИКОЗИДТЕР
Ішектің кілегей қабығындағы қан құйылулар
Аурудың дамуы мен сыртқы белгілері
Нейротропты вирус
Малды тасымалдауға арналған көлік түрлері
ГЕЛЬМИНТОЗДАРДЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫ
Ауру ағымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz