Инвестициялық тәуекел
Презентация қосу
ТАҚЫРЫБЫ: Кәсіпкерлік
қызметтегі тәуекелдер
Орындаған: Айтжан Армант Э-31
Тәуекелділік ұғымы кәсіпорын ресурстарының бір
бөлігін жоғалту ықтималдылығы. Нарықтық
экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі бизнестің
тәуекелсіз болмайтынын көрсетеді.
Тәуекелді өзін-өзі сақтандыру есебінен және
хеджирлау жолымен тәуекелдің бөліктерін басқа
фирмаларға беру арқылы азайтуға болады. Шет елдерде
тәуекелді азайтудың кең тараған тәсілі – хеджирлау
(аудармасы – жоғалтулардан сақтау).
Кәсіпкерлік тәуекел - өнімдерді тауарларды, қызмет
көрсетулерді өндірумен, оларды өткізумен, тауар-ақша
және қаржы операцияларымен, коммерциямен
байланысты кез келген қызмет түрінде пайда болатын
әлеуетті мүмкін қауіптілік, ресурстарды ықтимал
жоғалтулар. Ол ресурстардың күтпеген, есептелмеген
шығыны ретінде немесе ресурстарды ұтымды
пайдалануға есептелген нұсқамен салыстырғандағы
табысты ала алмауы ретінде сипатталады.
Тәуекелділіктің
бірнеше түрі бар
өндірістік қаржылық нарықтық
коммерциялық инвестициялық
Өндірістік тәуекел. Бұл өнімді өндірумен және оны
өткізумен байланысты. Бұл тәуекелге өнімнің өнімнің
белгіленген көлемінің өзгеруі және өткізу қарқыны,
материалдық және еңбек шығындарының артық жұмсалуы.
Нарықтағы баға деңгейінің кемуі, брак, рекламация т.б.
себептер тікелей ықпал жасайды.
Коммерциялық тәуекел – бұл кәсіпкердің сатып алған
өнімді нарықта өткізуінде пайда болады. Коммерциялық
келісім жағдайында бағаның төмендеуін, тауар өткізуде
кездесетін қосымша шығындарды ескеру керек.
Қаржылық тәуекел – қаржылық кәсіпкерлік ісінде
кездеседі. Мысалы, қаржылық келісім тәуекелділік
шарттасушылардың бір жағының төлем қабілеттілігінің
кемдігінен пайда болуы, т.б.
Инвестициялық тәуекел – бұл кәсіпорынның өзінің және
сатып алған құнды қағаздарының құнсыздануы арқылы
болуы мүмкін.
Нарықтық тәуекел – бұл ұлттық ақша бірлігінің нарықтағы
процент ставкасының немесе шет ел келісім
серіктестіктерінің валюта курсының өзгеруімен байланысты.
Кәсіпкерлік тәуекелді туындататын факторлар
Кәсіпкерліктегі тәуекел бірқатар факторлардың
болуымен байланысты, яғни жоғалтулардың
туындау ықтималдылығын жоғарылата отырып,
сол немесе өзге іс-әрекеттерді туғызатын
шарттармен сипатталады. Мұндай шарттар
кәсіпкердің өзінің белгілі бір іс-әрекеттері
нәтижесінде кәсіпкерлік құрылымдардың ішкі
қызмет сферасында, сондай-ақ бизнесті қоршаған
ортаның, яғни мемлекеттік органдардың,
жабдықтаушылардың, бәсекелестіктердің
әрекеттерінің әсерінен туындайды.
Компанияларды қаржылық тәуекелінің деңгейіне әсер ететін
негізгі факторлар
Объективтік Субъективтік
- еліміздің экономикалық даму деңгейі; - Омпаниялардың қаржылық
- Макроэкономикалық көрсеткіштердің стратегиясының негізгі параметрлері;
динамикасы; - мүмкін болатын тәуекелдің
- еліміздің инфляциялық өсу қарқыны; саясатына менеджерлер мен меншік
- қаржы нарығындағы жеке иелерінің көзқарастары;
сегменттердің бәсекелестік деңгейі; - меншікті капиталдың көлемі;
- компаниялардың қаржылық қызметін - пайдаланылатын капиталдың
мемлекеттік реттеудің сипаты; құрамы;
- форс-мажорлық топтардың - Қаржы менеджерлерінің біліктілік
факторлары. деңгейі.
Қаржылық тәуекелдің түрлері
• Инфляциялық тәуекел
• Салықты тәуекел
• Несие тәуекелі
• Депозиттік тәуекел
• Валюталық тәуекел
• Инвестициялық тәуекел
• Пайыздық тәуекел
• Бизнес тәуекел
Кәсіпкерлік тәуекелді бағалау
әдістері
Кәсіпорынның тәуекелдерін бағалаудың негізгі әдістері
болып статистикалық әдістер есептеледі. Олардың
ішіндегі перспективалы әдіс қаржылық тәуекелдерді
факторлық талдау (факторлық жүйе моделін қолдану)
болып табылады. Мысалы, диверсификацияланған
инвестициялық тәуекелді инвестиция объектісінің даму
перспективаларының бар-жоқтығы бойынша,
бәсекелестік деңгейі, тапсырыстар саны, келісілген
шарттар саны бойынша, ал диверсификацияланбаған –
несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелер,
инфляциялық күтілімдер, ел экономикасының дамуының
жалпы беталыстары бойынша бағаланады.
Тәуекелдерді басқару әдістері
Тәуекелді басқару дегеніміз – тәуекел
факторларын бейтараптандыру және талдау
әдістерінің жиынтығы.
Тәуекелді басқару үрдісін 6 сатыға бөлуге
болады:
1) Мақсатты анықтау
2) Тәуекелді айқындау
3) Тәуекелді бағалау
4) Тәуекелді басқару әдістерін таңдау
5) Таңдалған әдісті қолдану
6) Нәтижелерді бағалау
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz