Белгісін тап жаттығуы




Презентация қосу
Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
«Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Баяндама

Психикалық дамуы тежелген
балалардың ақыл-ойын дамыту жұмыстар

Педагог-дефектолог:Дәулетшеева Т.Е

Жаңатас қаласы
• Соңғы мәліметімізге қарағанда, біздің
елімізде 42,2 мың ерекше білімді қажет
ететін балалар бар екен. Педагогтар мен
дефектологтардың пікірінше, біздің
елімізде мұндай балалармен жұмыс
жүргізетін жаңа, нәтижелі бағдарламалар
мен әдістемелер жоқтың қасы. Демек,
ерекше білімді қажет ететін балалар
отбасының әлеуметтік-педагогикалық
проблемаларын зерттеп білу және оларды
шешеуге әлемдік тәжірибеге сүйене
отырып, отандық төл мамандарды тарту –
бүгінгі күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе.
• Психикалық дамуы тежелген балаларда
сөйлеудің жетілмеуі де байқалады,
мұны дыбысты дұрыс айта алмауынан,
сөздің жұтаңдығынан, сөздің
жеткіліксіз ажыратылуынан,логика-
грамматикалық конструкцияларды
игеру қиындығынан көре аламыз.
Баланың сөз жасау кезеңі ол нормаға
сай аяқталған кезде басталады. Ауыз
екі сөйлеу сырттай сәтті көрінгенімен
көбінесе сөйлеудің күрделілігі, ойдың
оралымсыздығы байқалады. Мұндай
балалардың қарым-қатынас жасау
мұқтаждығы төмен.
• Психикалық дамуының тежелуі бар
балалардың оқу үлгірімі төмен болады.
Бұл балалардың оқуға үлгермеушілігі 1-
сыныптан бастап көріне бастайды.
Бірақ, анық белгілері 2-3 сыныптарда
белгілі болады. Олардың оқу
дағдыларындағы кездесетін
кемшіліктері:
• • сабақ процесіне жай қосылады;
• • оқу материалын баяу қабылдайды
немесе мүлдем қабылдамайды;
• • берілген тапсырманы мұғалімнің
көмегінсіз орындай алмайды;
• • оқуы мен жазуы жай;
• • оқыған мәтінін түсінбейді және
түсінгенін айтып бере алмайды;
• • есептер шығарған кезде қателер
жібереді;
• • тез шаршағыш;
• • сыныптстарымен аз араласады;
• • өз ойын анық айта алмайды.
Балалардың ойлауын
төмендегідей тапсырмалар
беріп дамытуға болады:
«Анаграмманы шеш!» жаттығуы

• Сөздегі әріптердің орны
ауыстырылады. Жеңілінен
бастауға болады. Арнайы
балаларға тапсырма
жеңілдетіп беріледі.
Мысалы, жемістер,
көкөністер т.б. тақырыппен
беріледі.
• Л М А Л- АЛМА
• Ү З Ж І М- ЖҮЗІМ
• И Я П З – ПИЯЗ
• Р Ө К І – ӨРІК
• Б І С Ә З – СӘБІЗ
• Л М А Т Ұ Р – АЛМҰРТ
• Р Т К А П О – КАРТОП
• Н Н А Б А – БАНАН
• И Р Я Қ - ҚИЯР
«Қолдану» жаттығуы.
• Балаларға таныс нәрсе
көрсетіледі. Олар бұл нәрсені
түрлі тәсілдермен қайда
қолдануға болатынын табады.
Мысалы: «Кірпіш тас»,
«Қалам», «Газет», «Кітап»,
т.б.
«Белгісін тап» жаттығуы.
• БАЛАЛАРҒА ҮШ-ТӨРТ СӨЗ БЕРІЛЕДІ.
МЫСАЛЫ: АЛМА, СИЫР, ТҮН. ОСЫ
СӨЗДЕРДІҢ БІР БЕЛГІСІН ТАБУҒА
ТАПСЫРМА БЕРІЛЕДІ. (АЛМА - ТӘТТІ,
СИЫР – СҮТТІ, ТҮН – ҚАРАҢҒЫ).
ОҚУШЫЛАР ЖАТТЫҚҚАН СОҢ ЕКІ,
ҮШ БЕЛГІСІН ТАПТЫРУҒА БОЛАДЫ.
«Артығын
шығар!» жаттығуы.
• Суреттерді көре отырып,
мағынасына қарай, топтап,
артығын шығарады. Бұл
жаттығуды сөздер арқылы
беруге болады.
«ОРТАҚ БЕЛГІСІН ТАП!» ЖАТТЫҒУЫ.
• Балаларға бірдей қызметі бар,
пішіндері бөлек, пішіндері бірдей,
ерекшеліктері басқа түрлі суреттер
көрсетіледі. Мысалы: ұшақ –
көбелек, сиыр-жылқы, т.б. Бұл
жаттығуды екі ұғымды есту арқылы
ұқсастығы мен айырмашылығын
таптыруға болады. Мысалы: күн-түн,
жас адам – кәрі адам т.б.
«Тізбекті жалғастыр» жаттығуы.

• Балаларға түрлі пішіндер
көрсетіледі. Онда пішіндер
белгілі бір кезекпен қойылған.
Балалар әрі қарай тізбекті
жалғастырады.
«Бос торкөзге
орналастыр» жаттығуы.

Бос торкөздерге пішіндердің қайсысын
орналастырар едің? Дөңгелекті ме, шаршы
ма, әлде үшбұрышты ма?
«Қарама-қарсы
мағынасын тап!» әдісі.

• 1.Жуан –
• 2.Биік –
• 3.Тар –
• 4.Кішкентай –
• 5.Салқын –
• 6.Ұзын –
• 7. Ақ –
• 8. Ашық –
• 9. Қою –
• 10. Өткір -
• 11. Ашық –
• 12. Жоғары –

Ұқсас жұмыстар
«Көмек шеңбері» Психологиялық тренинг
Психологиялық диагностика
Психологиялық диагностика практикалық психологтардың әрекетінің басты бағыты
Қарапайым суреттер жаттығуы
Танысу рәсімі жаттығуы
Шыдаған суға басынан, Далалар жарасымды
Дарынды балалардың психоәлеуметтік сезімталдығы
АМАЛДАРДЫҢ ОРЫНДАЛУ РЕТІ
Жасөспірімдік кезең
Сұрақтар бұрқасыны жаттығуы
Пәндер