Бағдарламаның бөліктері


Slide 1

Тақырыбы:Білім беру жүйесі

С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті

Дайындаған:Балқашбай Д. Б

Тексерген:Мамбеталина А. А.

Slide 2

Білімнің мазмұны туралы ұғым. Білімнің мазмұны дидактиканың негізгі ұғымдарының бірі. Ол әрбір мектеп реформасының негізіне жатады, ал реформалар тек қана жергілікті факторлардың ықпалымен ғана емес, сонымен қатар халықаралық ықпалмен жүреді.

Білім мазмұны балаларға "Нені оқыту керек?" - деген сұраққа жауап береді. Бала тағдыры көбіне оның білімінің саны мен сапасына байланысты. Білім беру мазмұнының теориялық мәселелерін және оны іріктеу жолдарын В. В. Краевский, И. Я. Лернер, В. С. Леднев, М. Н. Скаткин, т. б. зерттеді.

И. Я. Лернердің анықтамасы бойынша "білімнің мазмұны дегеніміз - оқушыға берілетін білім, іскерлік және дағды жүйесі, шығармашылық іс-әрекет, әмоциялық қарым-қатынас тәжірибесі".

Ең бастысы, білімнің мазмұны жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамыту керек.

Slide 3 Slide 4

Білім мазмұнының түрлері:

• күнделікті болмыс туралы негізгі ұғымдар, терминдер және ғылыми білімдер;

• көзқарастарды дәлелдеуге керекті күнделікті өмірден және ғылымнан алынған фактілер;

• болмыстың әртүрлі объектілері және құбылыстары арасындағы байланыстарды көрсететін ғылымның негізгі заңдары;

• белгілі бір объектілер, олардың арасындағы байланыс туралы ғылыми білімдер;

• ғылыми іс-әрекет тәсілдері, таным әрекеті және ғылыми білімді алу тарихы туралы білімдер;

• әртүрлі өмір құбылыстарын бағалау нормалары туралы білімдер.

Slide 5

Білім беру мазмұнының және жеке тұлғаның негізгі мәдениетінің барлық бөліктері бір-бірімен байланысты. Білімсіз іскерлік болмайды, шығармашылық іс-әрекет белгілі бір білім және іскерліктерге сүйеніп атқарылады, мотивсіз, сезім, ерік-жігерсіз оқыту дұрыс жүрмейді

Slide 6 Slide 7 Slide 8

Білім беру стандарты:

1) Білім беру ұйымдарының ұстанатын міндетті құжаты.

2) Білім берудегі нормативті құжат.

3) Бітірушілерді жалпы білімге дайындаудың міндетті деңгейі және білім берудің мазмұны.

Slide 9

Стандарт туралы ұғым. Стандарт - үлгі, білім мазмұнының негізі. Білім мазмұны стандартта жазылған талаптарға сай жасалады. Стандартта оқушы меңгеруі тиіс білім, іскерлік дағдылардың көлемі, оқушының дайындығына өойылатын талаптар белгіленген.

Slide 10

Республикадағы ерекше пәндер, атап айтсақ, қазақ тілі, орыс тілі, араб тілі, ұйғыр тілі және әдебиеті стандартталады.

Дене тәрбиесінің стандарты Президенттік тест негізінде жасалған.

Ақпараттандыруға қатысты білімді стандарттау барша мектептерге қойылатын жаңа нұсқалы ДЭЕМ-нің бағдарламалық-ақпараттың мүмкіндігіне сай жүреді.

Қоғамдық-гуманитарлық пәндер мазмұнын анықтағанда дүниежүзілік тәжірибе қолданылды.

Slide 11 Slide 12 Slide 13

Жалпы білім беретін мектептегі оқу пәнінің бағдарламасы - оқушылар меңгеруі тиіс негізгі білім, іскерлік, дағдылардың көлемі белгіленген мемлекеттік құжат.

Slide 14 Slide 15 Slide 16

Жалпы орта білім жүйесінде негізгі оқу іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Сондықтан жаңа оқу бағдарламаларына әрбір пән қалыптастыруға тиісті білім, біліктілік, дағдылар енгізілген.

Оқу процесінің мазмұнындағы және оны ұйымдастырудағы маңызды элемент мектеп оқулықтары. Оның мазмұны, құрылысы міндетті түрде сол пәннің бағдарламасына сәйкес келу керек. Оқулық ғылым негіздерін баяндаумен қатар оқу материалын түсінуге керекті өздік жұмыстарды ұйымдастырып, оқуға үйретеді.


Ұқсас жұмыстар
ЦИКЛДІК ОПЕРАТОР
Қатқыл диск процессор
Өздігінен білім жетілдіру - кәсіби кемелдену
Спорттық гимнастика
Алгоритмнің орындалу
Program программаның аты
Педагогикалық қоғамдастық аясында әріптестеріне кәсіби қолдау көрсету
Пішін қасиеті
1с бухгалтерия мүмкіндіктері мен ерекшеліктері
Үзілістерді ұйымдастыру принціптері.Үзілістін көпдеңгейлік жүйелері.Артықшылықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz