ТҰМАУ ВИРУСЫ


Slide 1

Биология-география факультеті

Ботаника кафедрасы

Пән: Биотехнология нысандары

Тақырыбы: Вирустар

Slide 2

Дәріс жоспары:

1. Вирустар туралы түсінік

2. Вирустың құрылымы

3. Вирустың ерекшеліктері

4. Бактериофаг туралы түсінік

5. Вирустардың классификациясы

Slide 3

Әдебиеттер тізімі

Хожамуратова С., Әлимарданова М., Әбдікалиева Б. Ет микробиологиясы. /Оқу құралы. - Астана: Фолиант, 2012. -204

В. В. Лысяк Микробиология: учебное пособие //-Минск: БГУ, 2007. - 429 с

Жвирблянская А. Ю., Бакушинская О. А. Микробиология в пищевой промышленности - М., 1975. - 494 с.

Нецепляев С. В. Лабораторный практикум по микробиологии пищевых продуктов животного происхождения. - М., 1990. - 190с.

Slide 4

Дмитрий Иосифович Ивановский 1864 - 1920 гг.

Вирустарды 1892 жылы темекі ауруы - темекі мозаикасын зерттеу барысында орыс ботанигі Д. И. Ивановский ашқан болатын. Ол зақымдалған темекінің жапырақтарын әбден езіп, әдеттегі бактериялар өтпейтін сүзгіден өткізгенде оның сүзіндімен бірге кететінін байқады. Осы сүзіндіні сау темекіге жүқтырса, қайтадан ауруға шалдығатыны анықталды. Бүл организмдерді Д. И. Ивановский латынша вирустар, яғни «у» деп атады.

Slide 5

Вирус

Бұлар бактерияларға қарағанда анағұрлым ұсақ, құрылысы қарапайым организмдер. Оларда жасушалық құрылымы болмайды (ядро, цитоплазма, қабықша жоқ), үлкендігі миллимикрондармен өлшенеді. Қазір бірнеше мың есе үлғайтып көрсететін микроскоптардың құрастырылуы вирустарды жете зерттеуге мүмкіндік туғызды. Олардың 200-ден астам түрлері анықталды. Сондықтан вирустар микробиологияда жеке класс ретінде қарастырылып, оларды вирусология ғылымы зерттейді.

Slide 6

Вирустың құрылымы және ерекшеліктері

1. Жасушалық құрылымы болмайды. Бұлар бактерияларға қарағанда анағұрлым ұсақ үлкендігі миллимикрондармен өлшенеді.

2. Вирустарда ядро, цитоплазма, жасуша қабығы өзара жекеленбеген, дербес метаболиттік жүйелері жоқ

3. Тек бір ғана нуклеин қышқылынан тұрады: РНҚ немесе ДНҚ, олар вирустын ішінде - өзек-сердцевина деп аталады

4. Вирустын сыртқы бөлігі жекелеген ақуызды қосалқы бірліктерден тұратын ақуызды қабықшамен қапталған, капсид деп аталады.

5. Кей бір үлкен вирустарда қосымша липопротеидтан құралған қабықшасы бар (тұмау, герпес) .

6. Зертханада қолдан жасалған қоректік орталарда өсіп-дамымайтындығы, тек тірі жасушада ғана тіршілік ететіндігі белгілі

Полностью сформированный вирус называется вирионом.

Slide 7

Вирустың түрлері:

Вирус тірі жасушаның ішінде нуклеин қышқылы түрінде

тіршілік етеді

Тірі жасушадан тыс жерде вирустар жансыз табиғат бөлшегі тәрізді әрекет етеді, вирион деп аталады.

Slide 8

1 - өзек ; 2 - белок қабықшасы (капсид) ; 3 - қосымша липопротеидтан құралған қабықша; 4 - капсомерлар (капсидтың құрылымдық бөлімі)

Вирустың құрылу схемасы:

Slide 9

Вирион құрылымы:

Вирион бөлімі:

Өзек- генетикалық материалы (спиральді түріндегі нуклеин қышқылы -ДНҚ, немесе РНҚ-дан тұрады)

Капсид -сыртқы ақуызды қабықша өзекті қаптауға арналған

Капсид жекелеген қосалқы бірліктер - бір-біріне ұқсас болып келетін капсомерлерден тұрады.

Slide 10

Түрлі вирустар сыртқы әсерлерге бірдей тұрақты болмайды. Көбісі 30 минут ішінде 600С жағдайында инактивтеледі, тағы біреулері 10 минутқа дейін 600С температурасына шыдай алады, ал көпшілігі +90 градуста қырылып бітеді. Вирустар құрғату мен төмен температураны жақсы көтереді, этил, метил спирттері, эфир және хлороформ, ультракүлгін сәулелері, радиоаткивті сәулелерден жойылады.

Slide 11

Вирустардың формалары:

Вирустарды электронды микроскоппен зерттеу барысында вирустардың төмендегі пішіндері анықталған:

таяқша тәрізді (тура цилиндр түрі) . Темекі мозаикасы вирусына осындай пішін тән;

жіп тәрізді (майысқақ икемді жіптер) . Кейбір өсімдіктердің вирустары осындай пішінге ие;

сфералық (көпқырлылық пішіні) . Тұмау, ұшық вирусы осындай пішінге ие.

түйреуіш тәрізді (дөңгелек тәріздес) . Бактерия вирустары - бактериофагтар осындай пішінге ие.

Slide 12

Бактериофаг

Бактериофагтар (гр. phagos - жегілер), бактерия жалмаушылары - бактерияларды, микроорганизмдерді ыдырататын вирустар және бактериялар жасушасын зақымдайтын және олардың еруін тудыратын вирустар.

Бактериофагтар тек тірі жасушада ғана тіршілік ете алады. Ол ұзындығы 60- 100 нм болатын бас бөлігінен және 100-200 нм таяқша тәрізді құйрықшадан тұрады.

Slide 13

Бактериофагтардың жеке түрлері белгілі бір бактерияны зақымдай алады. Ол тек ауру қоздырғыш бактерияларды ғана жойып жібермей, пайдалы түрлерін де жоя алады. Бактериофагтар басқа денеге беки алады. Бактериофагтар көптеген бактериялардан, соның ішінде патоген (ауру қоздырғыш), сапрофит (өлекселермен қоректенетіндер) топтарынан, сәулелі саңырауқұлақтардан, көк-жасыл балдырлардан табылған. Ол адам мен жануарлардың ішек-қарындарында, өсімдіктерде, топырақта, табиғи және ақаба суларда, көңде, т. б. ортада кездеседі.

Бактериофаг тұралы түсінік

Slide 14

Бактериофаг тұралы түсінік:

Бактериофагтар топырақтағы микроорганизмдерге зиянды әсер етіп, ондағы пайдалы процестердің (аммонилану, нитрлену, ) қалыпты жүруіне кесірін тигізеді. Бактериофагтар патоген бактериялардың улылық және антигендік қасиеттерін өзгерте алады. Бактериофагтар микробтарды жүйелеу саласында, синтездеуде (антибиотиктерді, амин қышқылдарын, сүт өнімдерін, бактериялық тыңайтқыштарды даярлауда, т. б. ), сонымен қатар адамдар мен жануарларда кездесетін бірқатар жұқпалы (оба, іріңдеткіш стафилакоктар, тырысқақ, іш сүзегі және қоздыратын бактериялардан алдын-ала сақтандыру және емдеу мақсатында қолданылады.

Slide 15

Бактериофагтың бактериялық жасушамен өзара арақатынас процесі бірнеше кезеңнен тұрады:

Вирустың жасушамен кездесуі

Slide 16

I кезең - Адсорбция

Бұл кезеңде вирустың жасушаның үстіңгі бөлігіне жабысуы жүреді. Әрбір вирус өз иесіне қарай әрқилы болып келеді. Бір жасушада бірнеше жүздеген вирустар дами алады.

Slide 17

II-кезеңі: Инъекция (вирустың жасушаға өтуі) .

Жасушаның ішіне тек нуклеин қышқылы ғана енеді. Ақуызды қабықша сыртында қалады. Фагпен жасуша қабырғасы тесілгеннен кейін бактерияда нуклеин қышқылының механикалық қосылуы жүреді.

Slide 18
Ұқсас жұмыстар
ТҰМАУ ЖӘНЕ ЖРВИ
Жануарлар мен адамның вирустық инфекциялары: СПИД, құтырық, тұмау, шешек, вирустық гепатит және Эбола қызбасы
ВИРУСҚА ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАР
Адам және жануарлардың вирустық инфекциялары
Вирустардың жіктелу принциптері. Олардың номенклатурасы. 2. Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері және көбею сатылары
Тешен ауруының қоздырушысы
Вирустар репродукциясы
Тұмаудың асқынуы
Жануарлар мен адамның вирустық инфекциялары
Қызылша вирусы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz