Сабақта қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды енгізудің әдістемесі


Slide 1

Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды сабақта қолдану әдіснамасы Орындаған:Амантұрлиева Ж. О Тексерген: Қалдыбай Б. Н.

Slide 2

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформаланцуы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім берудің реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттігінен туып отыр. Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп өміріне енгізіліп жатыр.

Slide 3 Slide 4 Slide 5

Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады. Сондықтан танымдылық іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Бұл әдістемелік жүйенің басқа бөліктерінің де (мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен құралдарының) өзара байланысы қалпында өзгертілуін талап етеді. Мұны орындау үшін төмендегідей ұстанымдар жүзеге асуы тиіс.

Slide 6

1. Оқушылардың өзіндік іздену іс-әркетінің әдістерін меңгеру талап етіледі. Өйткені бұл әдістердің күнделікті пайдаланып жүрген оқыту әдістерінен айырмашылығы бар. Яғни жаңа жағдайдағы "оқыту әдістемесі" деп отырғанымыз: "оқушы - мұғалім" ұстанымының өзара тығыз байланыстылығы. Демек, мұнда бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады. 2. Жаңаша оқытудың негізгі түрлері: оқытудың дербес және топтық түрлері болып табылады. Бұл жерде алға қойылатын басты мақсат - оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту. Ал оқытудың фронтальды түрі көбінесе, бағыт беру, талқылау және түзету енгізуде ғана пайдаланылады. 3. Жаңа технологияның мақсаты бойынша "оқытуды ізгілендіру" қажет. Бұл үшін оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Бұрынғы дәстүрлі оқулықтар мұндай талапты қанағаттандыра алмайды, сондықтан оқушылардың өз бетімен білім алуына аса бейімделген жаңа типтегі оқулықтар керек


Ұқсас жұмыстар
Математиканы оқытуда қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды қолдану
Жаратылыстану пәндерін оқытуда жаңа педагогикалық және ақпараттық технологияларды енгізудің әдістемесі мен тәжірибесі
Қазақ тілі пәнінде ақпараттық-коммуникативтік және интерактивті технологияларды енгізудің әдістемесі мен тиімділігі
Қазіргі заманғы сабақтарды талдаудың педагогикалық, психологиялық, мазмұндық, әдістемелік және пәндік аспектілері
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар: ұғымы, даму бағыттары және дидактикалық талаптары
Қазіргі заманғы педагогикалық технология пәнінің жоғары оқу орындарындағы пәнаралық байланысы
Бастауыш мектепте информатика негіздерін енгізудің педагогикалық-әдістемелік негіздері
Сабақта жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың ойлау қабілетін және оқу сапасын дамыту
Ауылшаруашылық техникасына оқытуда жаңа технологияларды қолдану әдістемесі
Қазіргі заманғы философиялық ағымдардың шолуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz