Тіл болмыстың үйі




Презентация қосу
Еркіндік философиясы
Философия тарихындағы еркіндік ұғымы.
Адам және оның еркіндігі (Б.Спиноза).
М.Хайдегеррдің шығармаларындағы
еркіндік пен ақиқаттыңбайланысы.
Еркіндік пен жауапкершілік (Ж.-П.Сартр).
Еркіндік — адамның немесе жеке ұлттың, халықтың өз мүдделері
мен мүмкіндігіне сай әрекет етіп, өз қалауын жүзеге асыруы. Жеке
адам мен ұлттың еркіндік дәрежесінің артуы тұтастай алғанда
қоғамның ілгерілеу үрдісінің өзекті өлшемі болады. Оның әлеуметтік
кедергілерге қарсы күресі, жалпы алғанда, қоғамның алға басуының
қуатты қозғаушы күші болып табылады.
Шынайы еркіндік — адамдар арасындағы мәдени қарым-
қатынастардың кепілі. Ендеше оның ғылыми мәні мен мазмұнын әрбір
азаматтың айқын түсінуіне қол жеткізу ұлттық идеология мен
саясаттың басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Қарапайым түсінікте еркіндік біреудің үстемдігінсіз өмір сүру,
қалаған әрекетін іске асыра алу қабілеті болып саналады.
Еркіндік — нақты және салыстырмалы ұғым. еркіндік мәселесін саясаттану
жағынан алып қарайтындар оны азаматтардың және тұтас бір ұлттың қоғамдық
құрылым мен басқару түрін таңдауы деп түсіндіреді. Экономика саласында еркін
базар, еркін бәсекелестік принциптері негізінде өндіргіш күштер дамитыны,
адамдардың еркіндік аясы кеңейе түсетіні рас. Әр адамның, әр ұлттың еркіндік
дәрежесін олардың табысы мен меншігінің көлемі ғана емес, сонымен бірге
олардың материалдық және рухани игіліктерді өздерінің таңдауы мен орынды
жұмсай алу мүмкіндігі анықтайды. Саясатта еркіндік мәселесі ұлттың
құқықтық мемлекет құру идеясымен байланысты. Жеке адам мен ұлт
еркіндігінің шектелуі немесе тежелуі әр түрлі объективті және субъективті
себептерге байланысты. Мыс., тоталитарлық, авторитарлық жүйелердің
үстемдігі, яғни демократтық құқыларға, саяси бостандықтарға (сөз, жиналыс,
бірлесу, сайлау және сайлану, т.б.) қысым жасалуы, сондай-ақ, материалдық
жоқшылық, рухани жұтаңдық, шектен тыс эгоизм және т.б.
Бенедикт Спиноза негізгі еңбегі «Этика»
Амстердам қаласында еврей көпесінің
отбасында дүниеге келген, Дж. Бруно,
Ф.Бекон, Томас Гоббс шығармаларын
оқыған. Жас жағынан дін
мектебі Синагогада білім алғандықтан
дін жайлы, Інжілді, Тауратты жете білген.
Бірақ 24 жасында еврейлер сопысы раввин
болудан бас тартып, философияға және Б.Расселдің Спиноза жайлы: «Спиноза
ғылымға ден қойған, сол үшін ұлы философтардың ішіндегі ең
еврейлер тарапынан қудалауға ұшырап. ізеттісі және ұнамдысы, сондықтан мен
Амстердамның айналасындағы кішігірім ол жайлы әңгіме қозғағанда
деревняны паналап күнкөріс үшін әйнекті қорықпастан былай деп айта аламын:
тегістеу ісімен шұғылданады. интеллект жағынан, кейбір философтар
одан жоғары тұруы мүмкін, бірақ
адамшылығы жағынан оған тең келері
жоқ».
Табиғат пен жаратушы Құдай тең болғасын дүниедегі қозғалыстың, өзгерістің,
жаңарудың көзі, себебі-табиғаттың өзінде, субстанцияда. Субстанцияның өз
себебі өзінде (causa sui).
Декарт сияқты Спиноза да рационализм өкілі. Ол ақыл-зердені танымның
ақиқаттығының және айқындығының өлшемі деп есептейді.
Адамдар табиғат заңдарын танып, сол заңдарға сүйеніп әрекет жасайды. Еркіндік
бар, бірақ ол қажеттілікпен байланысты, қажеттіліктің бір жағы. Еркіндік -
танылған қажеттілік. Еркіндік адамдардың табиғат заңдылығына және
үйлесіміне сәйкес әрекет ету тілегі, ол жоқ болса құлдық болады.
Егер біз ақыл-ойға жүгіне отырып әрекет етсек, ізгілікті іс істейміз. Еркін болып,
эмоциялар құлдығына түспеу үшін ақылға жүгіну керек. Жек көру адамдардың бір-
біріне ұқсас және жалпы игілікке ие екенін түсінбегенімізден пайда болады. Біз
осыны санамызбен ұғынғанда ғана қоғамның басқа мүшелеріне зұлымдық тілеуді
тыямыз.
Біз өзіміз де техникаға ұқсай бастадық. Өмірдің мұндай
индустриялық салты біздің шынайы болмысымызды
ұмытуымыздың залалды салдары. Біздің техниканы
қолдана білуіміз және оны басқаруымыз ешбір шеңберге
сыймайтын бақылаусыз әрекет, оның құдіреті біздің
барлық мүмкіндігіміз бен қабілетімізді көлеңкеде
қалдырып отыр. Ғылым нақты бар дүниеге бағытталуы
тиіс. Ол болмысты ұғынумен және түсіндірумен
айналыспау керек. Адамдар болмысты ұмытты. Dasein -
Мартин Хайдеггер —
біздің «қамаудағы халіміз». Бұл қауіп - өмірімізде күн
неміс ойшылы, еңбегі «Болмыс
сайын болып жататын қат-қабат шаруа мен усақ- және уақыт», Гитлердің
түйектің тасасында жұтылып, өзімізді жоғалтып алу партиясының мүшесі болған.
қаупі. Күйбең тірлік - оқиғаларға жабылған жасанды «Ғылым ойланбайды».
жамылғы, біздің болмысқа ашықтығымызды әлсіретіп, «Тіл болмыстың үйі.»
Dasein өз мүмкіндіктерін толық
шекарамызды тарылтатын, мүмкіндіктерімізді азайтып,
ашып көрсеткенде ғана нағыз
бізді керек-жарақпен теңестіруге ұмтылатын мата өзі
сияқты. Бардың болмысы жай ғана тірі болу мәртебесінде бола алады.
қалып, өміріміздің мәні жоғалады.
Мен қол жеткізуге тиісті нәрсенің бәрі -
менің еркіндігім. Алайда шешім
қабылдаған бойда-ақ менің шешімім басқа
адамдарға кедергі жасайды, мен олардың
еркіндігін шектеймін. Құндылықтарға
негізделмеген әрекеттің сөзсіз соқтығысуы
және менің еркіндігім басқалардың
еркіндігін міндетті түрде шектейтін азап
тудырады. «Адам дегеніміз - пайдасыз
құмарлық». Жан-Поль Сартр «экзистенциализм
Адам - адамдардың болашағы; олар - өкілі, француз ойшылы, еңбегі:
өздері өздерінен не жасап шығарса, кім «Болмыс және ештеңе»
болып шықса - сол. Осылайша «1964 жылы «Нобель» сыйлығынан
экзистенциализм дегеніміз - гуманизм. бас тартқан.
Фашизмге қарсы болған.
К. Маркс еркіндік туралы біршама ой-көзқарастарын өзінің «Капитал» еңбегінде қалдырады. Ол
адам еркіндігінің адамдық қатынастағы үш тарихи кезеңі немесе сатысын көрсетті. Бұларға жеке
тәуелділік қатынас, ерікті индивидуалдылық және жеке тәуелділік жатады. Жеке тәуелділік
қатынас жүздеген жылдарға созылған. Алғашында, алғашқы қауымдық қоғам кезінде саяси-
экономикалық тәуелдікке тап болды. Екінші кезең, ерекше адым кезеңі – еңбектің өндіргіш
күшінің прогресімен, нарықтың өсуімен байланысты. Жұмысшы күші, еңбекке қабілеттілік еркін,
тәуелсіз сипатта. Экономикалық еркіндікке қоғамның саяси жүйесі сай келді, басқа адамдармен
материалдық, заттық тәуелділікті сақтаудағы адамдардың жеке, саяси, заңдық тәуелсіздігі шынайы
еркіндікке қадам болып есептелінеді. Бірақ, бұл шынайы адам еркіндігі емес. Капитализм де,
социализм де, адам еркіндігінің дамуындағы ассиметрияны, заттық және рухани дуализмін жеңуге
қабілетсіз. Еркіндік дамуындағы үшінші сатыға жету үшін үйлесімді дамыған тұлға және
жан-жақты, ерікті, жатталынбаған немесе еркін индивидуалдылық деп аталатын, қазіргі қоғам
эволюциясындағылардан басқа өлшеусіз нәрсе қажет. Бұндай толық еркін индивидуалдылық өзінің
ішкі потенциясының дамуының әмбебапты өсуімен ерекшеленеді.

Ұқсас жұмыстар
Хайдеггер философиясының жалпы сипаты
Көңілімнің санасы
ПОСТМОДЕРНИЗМ ЖӘНЕ БОЛМЫСТЫҢ ЖАНА
ӘЛЕУМЕТТІК ЛИНГВИСТИКАНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Атаудың жасалу, қалыптасу процесі - сөзжасамның негізгі зерттеу нысаны
Марк Твеннің нақыл сөздері
Позитивизм жайлы
Ғалымның еңбектері
Онтология мен метафизика
Балалардың сөздік қорын дамытуға арналған жаттығулар
Пәндер