Сабақта қолданылатын белсенді әдіс - тәсілдің түрлері


Slide 1

Тақырыбы:

«Сабақта қолданылатын белсенді әдіс-тәсілдің түрлері»

Slide 2

Қытай ғұламасы Конфуций:

Маған айтсаң, мен ұмытып қаламын. Маған көрсетсең, мен есімде сақтай аламын. Маған осыны істеуге мүмкіндік берсең, сонда бұл мәңгілік менікі болып қалады!

Slide 3

Мақсаты:

• сабақ өткізуде студент белсенділігінің әсерін арттыру; • әр студенттің мүмкіндіктерін, қабілеттерін, қызығушылықтарын анықтау; • жеке тұлғаға бағытталған білім беру жүйесіне көшуде оқытушыларға көмек ретінде белсенді әдістерді ұсыну

Slide 4

Міндеттер:

Оқытушылардың белсенді әдіс-тәсілдер туралы білімдерін кеңейту;

Шеберлік сабағына қатысушылардың белсенді әрекет етуіне жағдай жасау.

Күтілетін нәтиже:

белсенді оқытуды тәжірибеде қолдану үшін оқытушылардың көзқарастарын оңтайландыру.

Slide 5

Белсенді оқыту әдістерін пайдалану кезінде:

• тиянақты білім; • қиялдау мен шығармашылық; • тез тіл табысу; • белсенді өмірлік көзқарас; • командалық рух; • жеке; дербестік құндылық; • өз пікірін білдіру, еркіндік; • іс-әрекетке ерекше назар аудару; • өзара сыйластық дағдылары дамиды

Slide 6

Белсенді оқыту стратегияларын қолдана отырып, төмендегідей нәтижеге қол жеткізуге болады:

- Жеке, жұпта, топта жұмыстап, нәтижеге қол жеткізуге болатындығын түсінеді;

- Студенттердің бірін-бірі үйретіп, өз бетімен тақырыпты меңгере алатындығына сенімдері артады;

- Шығармашылық тапсырмаларды орындайды;

- Алған білімдерін әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындауда қолдана алады.

Оқытушыларға ұсыныс:

- Сабақты түрлендіріп өткізіп, студенттің өз бетімен меңгеріп, өз ойын еркін айтуына мүмкіндік беру керек;

- Өз бетімен жұмыс белгілі бір мақсатқа бағытталған, студент орындай алатындай етіп таңдалуы тиіс;

- Студенттерге өз білім деңгейлерінің қай жерде екенін анықтау үшін бағалау жүйесін өзгертіп, бәсекелестік орта қалыптастыру;

- Студенттердің пәнге қызығушылығын арттырып, білімдерін қолдана алуы үшін, белсенді оқыту стратегияларын тиімді қолдану.

Slide 7

Әдіс түрлері:

 Ойын түрлері;  Жеке және жұптық, топтық жұмыстар;  Студенттердің өз бетінше іс-әрекеттері;  Нақты жағдайлар, олардың нәтижесін жасау;  Сұрақтар қоюда ынталандыру (СТО-ға үйрету) ;  Оқыту мәселелері.

Slide 8

«Сергіту»

Slide 9

1. 5 жыл бұрын ағасы мен қарындасы бірге 8 жаста болды. Тағы 5 жылдан кейін олар қанша жаста болады?

(18)

Slide 10

2. Әкесі 30 жаста, баласы 5 жаста. Неше жылдан кейін әкесі баласынан 27 жас үлкен болады.

(ешқашан)

Slide 11

3. Ағасы 12 жасқа толғанда қарындасы неше жаста болады, егер ағасы қазір 8-де, ал қарындасы 3 жас кіші болса?

(9)

Slide 12

4. Бір адамнан, қанша балаң бар деп сұрағанда, ол мысқылдап:

«Менде қанша қызым болса, сонша ұлым бар. Әр ұлымда 3 қарындасы бар». Бұл отбасында неше бала?

(6)

Slide 13

5. Бір отбасында екі әкесі және екі ұлы бар. Отбасында неше ер адам бар?

(3) ата, әке, немере

Slide 14

6. Әйел адам сыныптағы балалардың біреуіне: «Мен сенің анаңмын, бірақ сен маған ұлым емессің »-дейді . Ол не дегені?

(қызымсың дегені)

Slide 15

7. Бір азаматтың әкесі Азамат Сарсенұлы, ал оның ұлы - Аслан Болатұлы. Ол азаматтың аты-жөні кім?

(Болат Азаматұлы)

Slide 16

8. Таяқтың екі басы бар. Егер оның бір жағын кессе, таяқтың неше басы қалады?

(2)

Slide 17

9. Үстелде 3 стақан сүт бар.

Алмаз бір стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар?

(3)

Slide 18

10. 20 метр матаны 10 бөлікке

2 м-ден бөлу үшін, неше рет кесу керек?

(9)

Slide 19

11. Әкесі мен ұлы ағашты 12 рет кесті. Қанша бөрене шықты?

(13)

Slide 20

12. Ұлы, әкесі, атасы дойбы ойнады. Барлығы 3 партия ойналды. Әрқайсысы неше партиядан ойнады?

(2)

Slide 21

Белсенді оқыту мен оқудың кейбір тәсілдері

Жұпта жұмыс істей отырып, мына суреттермен үлестірме материалда келтірілген тәсілдерді сәйкестендіріңіз.

Б

Ә

A

В

Slide 22

Жұпта жұмыс істей отырып, мына суреттермен үлестірме материалда келтірілген тәсілдерді сәйкестендіріңіздер.

Ғ

Г

Д

Е

Slide 23

Белсенді оқу

Өз тәжірибесінің негізінде үйрену:

оқушыларға эксперимент жасап, мәнін ұғынып, түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді;

жаңа білімді бұған дейінгі білім-мен байланыстырады;

қателіктер бізге өзімізді тексеріп, түсінігімізді жетілдіруге жол ашады;

нәтижесі - терең білім;

көзқарасты өзгертеді.

Ғ суреті

Slide 24

Құрылымдалған топтық жұмыс:

Тұлға аралық қарым-қатынас дағдыларын жетілдіреді;

ақпарат алу және жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын жетілдіреді;

тиімді дербестікті дамытады - «біз бірлесіп табысқа жетеміз»;

оқушылар арасындағы тосқауылдарды бұза алады.

Бірлескен оқу

Ә суреті

Slide 25

Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастыру-дың әдістері мен тәсілдерінің жиыны.

Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады.

Ойын технологиясы

Е суреті

Slide 26

Пәнаралық байланыс

Оқу пәндері арасында байланыс орнату:

білім беру бағдарламасының аясын кеңейтіп, теңестіреді;

тереңірек білім алуға мүмкіндік береді;

көптеген дағдыларды қалыптастырады;

түсінік пен дағдыларды дамытуға көмектесе алады;

оқудың анағұрлым саналы меңгерілуіне көмектеседі;

оқуға деген уәжді арттыра алады.

Б суреті

Slide 27

Проблемалы оқыту - мұғалім басшылығы мен қиын мәселелерді туғызу және оқушылардың белсенді түрде өз беттерімен мәселелерді шешу.

Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық іскерліктері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жасайды.

Проблемалы оқыту

А суреті

Slide 28

Оқушылардың тапсырмаларды өзара талқылауы:

оқушылардың көбірек үлес қосуына мүмкіндік береді;

оқушылардың бір-біріне білім мен дағдыларды үйретуіне жетелейді;

тақырыпты терең түсінуіне жол ашады;

оқушылардың өз үлгерімі туралы ойланып, әрі қарай не істеу керектігі туралы шешім қабылдауына мүмкіндік береді;

тапсырманы күрделендіріп, оқушылардың уәжін арттырады.

Оқу әңгімелері

В суреті

Slide 29

Технологияларды пайдалану:

белсенді оқудың қызықты тәсілдерін ұсына алады;

уәжді арттыра алады;


Ұқсас жұмыстар
Диалогтық оқытудың мәні
Инновациялық оқыту технологиялары
Оқиғаның шиеленісуі
Қазақ тілі оқушы саны
Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту әдістемесі
Егіс тәжірибесінің түрлері
Компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту тақырыбындағы шығармашылық есебі
"Компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту" Шығармашылық есеп
Бүгінгі заман талабына сай информатика мұғалімінің кәсіби құзреттілігі
ТӨҢКЕРІЛГЕН ОҚЫТУ ӘДІСІН ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz