Құқықтық мемлекет: ұғымы, белгілері және мемлекеттік құрылыс формалары


Slide 1

Құқықтық мемлекет ұғымы, мемлекеттік құрылыс формалары

Slide 2

Мемлекет

Мемлекет дегеніміз - өзіне тән басқару аппараты бар, қолында мәжбүрлеуші билікті шоғырландырған, қоғамды ұйымдастыратын және басқаратын арнайы саяси ұйым.

Slide 3

Мемлекет белгілері

Slide 4

Мемлекеттік құрылым

Мемлекеттік құрылым -кең мағынада мемлекеттің жалпы құрылымын, яғни мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық және саяси негіздерін, оның азаматтарының құқықтық мәртебесінің негіздерін, мемлекеттік аймақтық құрылысын, мемлекеттік органдар жүйесін тұтас қамтитын ұғым; тар мағынада: мемлекеттік биліктің аумақтарға немесе ұлттық аймақтарға бөлінуі, яғни мемлекет аумағының ішкі бөлінісі. Ішкі бөлініс сипатына қарай мемлекеттер унитарлық, федеративтік және конфедеративтік болып жіктеледі. Унитарлық мемлекет әкімшілік аймақтарға ғана бөлініп, бүкіл ел бір орталықтан жергілікті органдар арқылы басқарылады. Конституциясы, ел басшысы, үкіметі біреу болады.

Slide 5

Мемлекет қызметтері

Мемлекет мынадай қызметтерді атқарады: шаруашылық жүргізу (меншік) мәселелерін реттеу (бөлу), жер бөлу, алым-салық жүйесін белгілеу, адамдардың құқықтық жағдайын белгілеу, қорғанысты қамтамасыз ету, тағы басқа мемлекет саяси ұйымдардың ішіндегі ерекше күрделісі және қуаттысы бола отырып, бүкіл қоғамды қамтып, сол қоғам атынан оның ішінде де, сыртында да өкілдік етіп, сол қоғам үшін қызмет ететін саяси ұйым.

Slide 6

Мемлекеттің даму сатылары

Мемлекеттің даму сатылары:

Биліктің бір мазмұннан бір мазмұнға өтуі мен күрделіленуіне және өз аумағының кеңеюіне қарай мемлекет мынадай даму сатыларын бастан кешіреді:

ном, полис - халқы да, аумағы да аз, басқару жүйесі қарапайым протомемлекет) ;

бірнеше полис немесе тайпалық одақтардың бірігуінен пайда болған, басқару жүйесі әлсіз, ортақ заң жүйесі жоқ немесе нашар дамыған, ыдырап кету қаупі күшті, қазіргі кездегі конфедерацияға ұқсас құрылым) ;

Slide 7

Мемлекет құрылымы бойынша

Унитарлы мемлекет

Ассоциацияланған мемлекет

Буферлік мемлекет

Slide 8

Ассоциацияланған мемлекет

Ассоциацияланған мемлекет - мемлекет ішілік жиі мемлекет аралық қатынастардың ерекше түрін білдіруге қолданылатын ұғым. Негізінен ассоциацияланған мемлекет ретінде ерікті жолмен басқа мемлекетке өзінің егемендігінің бір бөлігін (жиі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сыртқы саяси байланыстарды жүзеге асыру, ақша айналымын ұйымдастыру бойынша өкілеттіліктерді) берген мемлекет түсініледі.

Slide 9

Унитарлы мемлекет

Унитарлық (лат. unitas - біртұтас, біріккен) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекет ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның территориясы, конституциясы бір болады. Мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы, Италия, Франция, Қазақстан т. б. осы түрге жатады.

Slide 10

Буферлік мемлекет

Буферлік мемлекет - екі немесе бірнеше үлкен мемлекет территориясы арасында орналасқан мемлекет. Буферлік мемлекет әскери басып кіру шегінде орналасқан, оның территориясы арқылы маңызды транспорттық байланыс өтеді. Мұндай мемлекет геосаяси тұрғыда тиімді аймақты бақылауға мүмкіндік береді.

Slide 11

Мемлекеттің қоғам өміріне әсері

өз аумағында бүкіл қоғамның жалғыз ресми өкілі ретінде халықты азаматтық тұрғыда біріктіреді;

жоғарғы билік, тәуелсіздік мемлекетте ғана болады. Ол басқа мемлекеттерден тәуелсіз, яғни сол қоғамның ең жоғарғы билігін өз қолында ұстап, ішкі және сыртқы саясатын өз қалауымен жүзеге асырады;


Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік басқарудың әдістері мен нысандары: ұғымы, қағидаттары және құқықтық формалары
Құқықтық қатынастар: ұғымы, белгілері, түрлері және субъектілерінің құқықтық қабілеті
Демократия: тұжырымдамасы, қоғам белгілері және Қазақстандағы құқықтық-әлеуметтік мемлекет
Мемлекет тұжырымдамасы мен оның құқықпен байланысы: белгілері, түрлері және басқару формалары
Заңды тұлға: ұғымы, белгілері, жіктелуі және қайта құру формалары
Кәсіпкерліктің ұғымы, ұйымдастыру-құқықтық формалары және кәсіпорын экономикасы
Мемлекеттің ұғымы мен белгілері, басқару формалары және Қазақстанның демократиялық негіздері
Мемлекет: пайда болу теориялары, белгілері және қызметтері; Қазақстандағы азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті қалыптастыру
Жер құқығы: ұғымы, меншік-құқықтық режимдер мен мемлекеттік басқару
Билік феномені: ұғымы, қызметтері, жіктелуі және легитимділігі; саяси режимдер мен мемлекеттік құрылыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz