Мәдениет түсінігінің қалыптасу тарихы
Презентация қосу
«Мәдениет түсінігінің қалыптасу
тарихы.»
Орындаған:Ханет А.М
Мамандығы: Жалпы медицина
Тобы:104 Б
Тексерген: Омарғазы Е.Е- саяси
ғылымдарының кандидаты.
Мәдениет дегеніміз не?
"Мәдениет" деген ұғымның аясы өте кең.
Сондықтан да болар, "мәдениет" ұғымының
көптеген анықтамасы бар. Адам ой-санасы
мен әрекетінің нәтижесінде туындаған
құндылықтарды біз мәдениет дейміз. Немесе
мәдениет дегеніміз – табиғат объектісіндегі
адамның әрекеті арқылы жасалатын
өзгерістер. Бұл сөзде адам еңбегінің
ерекшелігі, оның адамның іс-әрекетімен
байланыстылығы, адамның және оның
қызметінің бірлігі негізделген. Кейіннен
«мәдениет» деген сөз жалпылық маңыз
алды, адам жасағанның бәрін де «мәдениет»
деп атады. Осы ұғымда мәдениеттің
мазмұнды белгілері, түсінігі көрсетілді
Мәдениет
Мәдениет - жеке адамның өзіне тән
қасиеттерінен басталып, бүкіл ұлттық
менталитетті, ұлттық сана,
дүниетаным, салт-дәстүр, рухани-
материалдық байлықтың бәрін
қамтитын күрделі ұғым. Мәдениетті
жасайтын және оны тұтынатын – адам.
Сондықтан мәдениет, ең алдымен адам
әлемі ретінде саналады. Өйткені
мәдениеттің қандай түрі болмасын онда
адамның ақыл-ойы, парасаты, наным-
сенімі, дүниетанымы, эстетикалық
талғамы заттандырылып, материалдық
және рухани игіліктер көрініс тауып
отырады.
Мәдениеттің шығу тарихы
Мәдениеттің шығу тарихы Алғаш рет әдебиетте «культура»
термині Римнің атақты философы әрі шешені Цицеронның
(б.д.д. 45 ж.) «Тускул кеңесі» атты еңбегінде кездеседі. Оның
этимологиялық негізі «өңдеу», «тазалау» деген сөздерден
шығады. Алғашқыда агротехникалық термин (жерді өңдеу)
ретінде қолданылды. Ал, Цицерон болса алғаш рет оны
ауыспалы мағынада «адам ақыл-есіне ықлал жасау» үшін
қолданды. Цицерон философияның адам өміріне ықпал жасау
әдістерді қарастыруды мақұл көрді. Тек осымен антикалық
азаматтарды дайындау, ессіз баладан ер адамдық деңгейге
дейін қалыптасу жағдайлары сипатталады. Гректер бүл
жағдайды «пайдейя» (жас бала) түсінігімен
белгіледі.Гректердің - «пайдейя» термині екі мағынада:
біріншісі тікелей тәрбиелеу, үйрену, ал екіншісі білімді,
білімділікті ағартушылықты, мәдениетті анықтайды. Олар
адамдарды белгілі кәсіби емес, керісінше тұлға етіп
айқындалған құндылықты қалыптастырды. Мәдениеттің
мақсаты мынада болды: адамның ойлау қабілетін, эстетикалық
сезімнің әдемілігін дамытып, адамның іс әрекетінде сезімділік
өлшемі мен әділеттілікті қарастыруға жол ашу
Мәдениет сөзінің шығуы
Мәдениет деген сөз қазақ тіліне
араб тілінен енген. О баста арабтың
маданият деген сөзі “қала”,
“қалалық” деген ұғымды білдірген.
Көне заманда мәдениет “жерді
өңдеу” деген ұғымды білдірген.
Кейінірек Цицеронның еңбектерінде
(б.з.д. 45 ж.) бұл сөздің мағынасы
тереңдеп “жанды жетілдіру” деген
ұғымда жұмсалады. Уақыт өте келе
Европада мәдениет сөзі “білім беру”,
“даму”, “қабілеттілік”, “құрметттеу”
сияқты мағыналарда қолданыла
бастайды.
“Культура” термині латын тілінде
көне заманда жерді өңдеу деген
мағынаны білдірген. Кейінірек,
дәлірек айтқанда, Цициронның
еңбектерінде (б.ғ.д. 45 ж.) бұл сөздің
мағынасы тереңдеп “жанды
жетілдіру” деген ұғымды білдіреді.
Біртебірте еуропалық тілдерде
культура сөзі “білім беру”, “даму”,
“қабілеттілік” , “құрметтеу”, деген
сияқты мағыналарға ие бола бастады.
11/02/2022
Мәдениеттің басқа да түрлері:
этникалық мәдениет
ұлттық мәдениет
тіл мәдениеті
сөйлеу мәдениеті
киіну мәдениеті
жазу мәдениеті
экологиялық мәдениет
тұрмыстық мәдениет, т.б
Қазіргі кезеңдегі ғаламдық проблемалар
Қазіргі кезеңдегі ғаламдық проблемалар –
бұл адамзаттың әлеуметтік дамуымен
байланысты, өмірлік қажетті проблемалар
жиынтығы.
Қазіргі кезеңдегі ғаламдық
проблемалардың айрықша белгілері -
барлық мемлекеттердің, адамзаттың өмірлік
қажеттіліктері қозғалады; адамзаттың
позитивті дамуына қатер төндіреді; өз
шешіміне барлық мемлекет пен халықтың
ұжымдық күш салуын талап етеді.
Қазіргі кезеңдегі ғаламдық
проблемалар
Қазіргі кезеңдегі ғаламдық проблемалардың негізгі топтары:
Халықаралық қатынас саласымен байланыстылар: бейбітшілікті
сақтау мәселесі, әлсіз дамыған мемлекеттердің экономикалық артта
қалу қиындықтарын жеңу, халықаралық терроризммен күрес.
Қоғам мен жеке адамның өзара қарым – қатынасымен байланысты:
аштық пен күрес, білім мен денсаулық саласының маңызды
мәселелерінің шешімі, адамзат өмір сүруінің рухани саласын қорғау.
Табиғат пен адамның өзара қарым – қатынасымен байланысты:
экологиялық, энергетикалық, шикізаттық, азық – түліктік және
дамографиялық.
11/02/2022
Қазақстан Республикасының сыртқы
саясаты
1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап, біздің
республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық
қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге
байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем
саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан
екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық
корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен
қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан
Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең
ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық
даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймақтағы
көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму
мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек.
Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы
ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ
Қазақстанның сыртқы саясатының басты бағыттарының бipi
Ресеймен қарым-қатынас болып табылады. Бұл мемлекетпен біздің
ел көп жылдар бойы тығыз қарым-қатынаста болып келеді.
Мемлекетаралық достастық екі бipдeй президенттің және екі ел
халқының өзара тығыз байланысы арқасында дамып отыр.
Қазақстан мен Ресей арасында отын-энергетикалық кешен, көлік
және коммуникация, әскери-техникалық және қорғаныс өнеркәсібі
caлалары бойынша байланыс орныққан. Қазақстан-Ресей қарым-
қатынасының біртұтас спектрі көптеген екі жақты құжаттар және
келісімдермен реттелуде. Сөз тиегі болып отырған
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы,
Еуразиялық Экономикалық Қауымдастығы, Шанхай
Ынтымақтастық Ұйымы және Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім
Ұйымдары. 2012 жылы Қазақстан мен Ресей өзара дипломатиялық
қарым-қатынас құрғанының 20 жылдығын атап өтеді.
Біздің мемлекетіміздің тағы да бір көршілес елмен қарым-
қатынасы серпінді даму үстінде. Бұл - Қытай Халық Республикасы.
Жыл сайын екі ел арасындағы тауар айналымы өсіп, экономика,
мәдени-гуманитарлық ынтымактастық салаларында көптеген ipi
жобалар жүзеге асырылып отыр. Ұдайы қарым-қатынас арқасында
екі ел басшылылығының арасындағы байланыс нығайып келеді.
ТМД мемлекеттерімен интеграциялық процестері
Республиканың сыртқы саясаты стратегиясында бұрынғы кеңес кеңістігінде болып жатқан интеграциялық
процестер ерекше орынға ие. Біздің мемлекет бұрынғы КСРО республикаларының басым бөлігін бірлестірген
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын сақтап, оны дамыту турасында біршама ic атқаруда. 2006 жылдың мамыр
айынан бастап 2007 жылдың қазан айына дейін Қазақстан ТМД-да төрағалық етіп Достастықтағы интеграциялық
процесстердің дамуына жаңа серпініс берді. Төраға ретінде Қазақстан ТМД ұйымының жалпы тиімділігін арттыру
мақсатында Достастықты реформалау бойынша Концепцияны жасап, ТМД мүше басқа елдердің талқылауына салды.
2007 жылдың қазан айында Душанбеде өткен ТМД саммиті барысында аталмыш Концепция қабылданды. 2007
жылдың маусым айында Санкт-Петербургте өткен Достастыққа мүше мемлекеттер басшыларының ресми емес
саммитінде Қазақстан Президентінің ұсынысы республикамыздың ТМД ұйымының қажеттілік деңгейін арттырудағы
тағы да бір айтарлық қадамы болды. Қазақстан басшысы ендігі жерде Достастық көшбасшылары жылына бip
көкейкесті мәселені қарастыруды ұсынды. Бірінші болып ТМД мемлекеттерінің бәріне ортақ өзекті мәселе көші-қон
тақырыбы қарастырылды. Ал 2008 жылы ТМД Төрағасы ретінде Қазақстан көлік және коммуникация мәселесін
талқылауды ұсынды. Бұрынғы кеңес кеңістігінде экономикалық беделі жоғары Қазақстан мемлекеті Еуразиялық
Экономикалық Қауымдастыққа мүше жетекші мемлекет болып табылады. Аталмыш Ұйымға Қазақстаннан басқа ТМД-
ның бес мемлекеті мүше. Олар Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь және Тәжікстан. Біздің республикамыздың
экономикалық мүмкіндіктері мен белсенділігі бұл ұйымның даму қарқынына айтарлықтай септік етуде.
11/02/2022
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz