Ноцицепциялық жүйе


Slide 1

Қалыпты және патологиялық физиология кафедрасы ПРЕЗЕНТАЦИЯ Тақырыбы:ноцицепциялық және антиноцицепциялық жүйелер

Орындаған: Қайдауыл А Өтәжі Қ.

Тобы:СТКА-03 21

Қабылдаған: Сәбит А А

Шымкент-2022

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

-Ноцицепциялық жүйе

-Антиноцицепциялық жүйе

-Ауыру сезімінің түрлері

Қорытынды бөлім

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Организм тіршілігі үшін ауырсыну түйсігінің маңызы өте зор. Ауырсыну сезімі (альгезия) тін зақымданғанда туады, ол өте күшті және зиянды тітіркендіргіштердің қатерлі қауіптері туралы хабарлайды.

Slide 4

Ноцицепциялық жүйе

Ауырсынуды сезіну жүйесін ноцицепциялық (лат. nocere - бүліндіру, cepere- сезіну) жүйе деп атайды. Бұл жүйе әртүрлі бүліністерге жауап қайтаратын шеткері рецепторлар тобынан және ОЖЖ-нің көптеген құрылымдарында орналасқан орталық нейрондардан тұрады.

өткізгіш

орталық

қабылдағыш

Slide 5

Қабылдағыш бөлігі

Ауыру туындататын тітіркендіргіштерді теріде, шырышты қабықтарда, бұлшықеттерде, буындарда, сүйектердің сыртқы қабықтарында, саусақтардың ұштарында, ішкі ағзаларда орналасқан арнайы қабылдағыштар (рецепторлар) қабылдайды. Бұларды ноцицепторлар деп атайды. Олар сезімталдығы өте жоғары, миелин қабығы жоқ, бос жүйке аяқшалары болып келеді. Бұл қабылдағыштар ағзада неғүрлым көп болса, соғүрлым онда ауыру сезімі де қатты болады. Мәселен, тістің ұлпасында, шырышты қабықтарда, қабырғалық ішперде мен өкпеқапта, сүйек қабында, тамыр қабырғаларында, көздің мөлдір қабығында ауыру сезімі қатты сезіледі.

Ауыруды сезетін арнайы рецепторлар негізінен хемоноцицепторларға жатады. Олар ауыру туындататын биологиялық белсенді заттардың әсерлерінен қозады. Бұл заттарды алгогендер деп атайды. Олар ауырудың түрлерін ажыратқанда талданады.

Slide 6

Бейспецификалық ноцицепторлар біршама күшті тітіркендіргіштердің әсерінен ауыру серпіндерін туындатады. Ондай рецепторларға қысымның өзгерістеріне, қалыпты қалпын өзгертуге жауап қайтаратын механо-ноцицепторлар, температураны қабылдайтын термоноцицепторлар жатады. Олар теріде және барлық ішкі ағзаларда орналасады.

Slide 7

Өткізгіш бөлігі

Ауыру сезімін қабылдағыштардан серпіндерді өткізетін арнайы жүйке талшықтары болады. Екі түрлі талшықтарды ажыратады:

біріншісі, миелин қабығымен қапталған, жуан (жуандығы 1-4мкм) - А-талшықтары, серпіндерді секундына 5-30 метр жылдамдықпен өткізеді; Бұл талшықтардың аяқшалары ауыр механикалық, температуралық ықпалдардан қозады және біріншілік, орныққан (эпикритикалық) қатты ауыру сезімін туындатады;

екіншісі, миелин қабығынсыз, жіңішке (жуандығы 1 мкм-ден аз) С- талшықтары, серпіндерді секундына 0, 4-2 метр жылдамдықпен өткізеді. Бұл талшықтардың аяқшалары бүлінген тіндерде пайда болған биологиялық белсенді заттармен қоздырылады. Бұл кезде екіншілік, жақсы орнықпаған (протопатиялық), біртіндеп күшейетін, сыздап немесе күйдіріп ауыруатын сезім байқалады.

Slide 8

Көрсетілген жүйке талшықтарының өткізу жылдамдығына байланысты ауыру туындататын тітіркендіргішке жауап ретінде адам алдымен белгілі жерге орналасқан өте қатты алғашқы ауыруды, ал артынан орналасқан жері толық анықталмаған сәл бәсеңкі салдарлық (екіншілік) ауыруды сезінеді. Бірінші сезім А түрлес талшықтармен шапшаң түсетін серпіндерге жауап болса, екіншісі С-талшықтарымен шабан түсетін серпіндердің әсерлерінен дамиды.

Жүйке талшықтарынан жұлынның артқы мүйізінің нейрондарына ауыру туындататын ақпарат қоздырғыш аминқышқылдарының (глутамин, аспарагин) және Р(пи) -заты т. б. нейропептидердің қатысуымен беріледі.

Slide 9

Орталық бөлігі

Ауыру сезімі ми қыртысында қалыптасады. Ноцицепторлардан ауыру туындататын серпіндер жұлынға түсіп, одан жұлын-таламус жолымен сопақша және ортаңғы ми арқылы таламустың ядроларына жетеді. Бұл ядролардан серпіндер ми қыртысына тарайды, онда серпіндердің талдануы, ажыратылуы болып, ауыру сезіледі.

Сонымен бірге, ноцицепторлардан шыққан серпіндер сопақша және ортаңғы ми деңгейлерінде торлы құрылымға, таламустың ядроларына, ми қыртысына, көмкерме (лимбикалық) жүйенің нейрондарына тарайды. Осыдан ауыру туындататын серпіндердің әсерлерінен ауыру сезімімен қатар, қорқыныш, үрей т. б. эмоциялық сезімдер пайда болады.

Slide 10 Slide 11 Slide 12

Антиноцицепциялық жүйе

Ауыру туындату жүйесіне қарсы антиноцицепциялық жүйе бар. Ол жұлын мен мида және жүйке жүйесінің барлық бөліктерінде орналасқан және дерттік ауыру сезімін азайтуға немесе мүлде жоғалтуға бағытталған жүйе. Оның әсері әлсірегенде тіпті болар-болмас ауыру туындататын ықпалдан қатты ауыру сезімі пайда болады.

Антиноцицепциялық жүйенің әлсіздігінде оны күшейтетін қосымша ықпал қажет болады. Сол себептен мидың антиноцицепциялық құрылым-дарын электрмен тікелей сергіту арқылы ауыру сезімін жоғалтуға болады. Көптеген ауыру сезімін азайтатын дәрі-дәрмектер (аналгетиктер), ноцицепциялық нейрондардың түйіспелері арқылы қозу үрдісінің өтуін бөгеумен қатар, антиноцицепциялық жүйенің белсенділігін көтереді.

Slide 13

Пайда болу мерзіміне және оның ұзақтығына қарай:

жедел ауыруды,

созылмалы ауыруды

ажыратады. Созылмалы ауыру деп ауырулық синдром үш айдан астам уақытқа созылғанда айтады. Жедел ауыру белгілі бір дерттің симптомы ретінде болады және ол тіннің бүлінісі қалпына келгеннен кейін басылады.

Slide 14

Ауыру синдромдарын даму жолдарына қарай:

нейрогендік (нейропатиялық) ауырулық синдромдар;

соматогендік (ноцицепциялық) ауырулық синдромдар;

психогендік ауырулық синдромдар - деп үш топқа ажыратады (В. К. Решетняк, М. Л. Кукушкин) .

Slide 15

Ауыру сезімі

Физиологиялық

Әдетте ауыру сезімінің физиологиялық қорғаныстық маңызы бар. Ауыру туындататын тітіркендіргіштерге (ыстық температура, жарақат т. т. ) адам тез жауап қайтарып, олардың бүліндіргіш әсерлерінен сақтанады.

патологиялық

Slide 16

Ауру қоздырғыштарының өткізу жолдарына байланысты:

Біріншілік - эпикритикалық. Бұл ауру сезімі тұрақты оқшауланған, өткір, жаншылған сипатта.

Екіншілік - протопатикалық. Бұл ауру сезімі тұрақты емес оқшауланған, жәй басталып, сыздап ауыратын сипатта көрінеді.

Slide 17

Ноцицепторға байланысты

Соматикалық - теріде, бұлшық еттерде, буындарда және т. б. болады. Екі фазалы, басында эпикритикалық, сосын протопатиялық.

Висцеральді - ішкі ағзаларда болады.

Slide 18

Ауырсынуды анықтайтын нүктелер мен аймақтар

Үшкіл нерв тармақтарының бетке шығатын нүктелері

Валле нүктелері немесе тұстары

Көз шарасы үстіндегі нүктелер;

Көз шарасы астындағы нүкте;

Иек астындағы нүкте

Мойын, кеуде және сегізкөз омыртқаларының қалқанды тамырлары түсы;

Омыртқаның екі жақ қапталындағы нүктелер(омыртқалар ортасынан 1, 5 2см мойын тұсында 2-3 cм кеудемен бел тұсында) бел-сегізкөз аумағында омыртқаның екі жақ қапталындағы нүктелер Гар нүктелері деп аталады.


Ұқсас жұмыстар
Ауыру сезімінің патофизиологиясы
Ауырсыну сезімталдығының өтуі
Талдағыштардың морфологиялық ерекшеліктері
Иіс талдағышы
Жүйенің энергия минимумына ұмтылуы
Экономикалық жүйе: мәні, элементтері, даму сипаты  туралы ақпарат
Ақпараттық жүйелер құрылымы
САЯСИ ЖҮЙЕ ТУРАЛЫ
МЕДИЦИНАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР
Саяси жүйе түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz