Түйе цефалопинозы




Презентация қосу
Ірі қара гиподерматозы,Қо
эстрозы,жылқы ринэстрозы,түй
z
цефалопиноз

Вм-502

Ерік Анель,Карипжанова Фариза
I. Кіріспе
z

Бұл аурулар тобына ірі қара
гипедерматозы, яғни оқыра,
жылқы-гастрофилезі (қарын
бөгелегі), ринэстрозы
(пысқырық бөгелегі), қой
эстрозы (кеңсірік бөгелегі)
және түйе цефалопинозы
(құмыр) жатады. Бұл
аурулар еліміздің барлық
түкпірлерінде кездеседі, сол
себептен де мал
шаруашылығына орасан зиян
келтіреді.
II. Негізгі бөлім
Ірі қара мал гипедерматоз . Ірі қараның тері
z
астмекендейтінын мекендейтін, Hypoderma туысына
жататын бөгелектердің балаң құрттары қоздыратын
энтомоз ауруы.
Қоздырғышы. Гиподерматоз ауруының екі қоздырғышы
бар: Hypoderma bovіs- кәдімгі сиыр бөгелегі және H.
lіneatum - өңеш бөгелегі. H. bovіs бүкіл Қазақстан
көлемінде, ал H. lіneatum Қазақтанның оңтүстік- шығыс
аймақтарында кездеседі, сондықтан оны оңтүстік бөгелегі
деп те атайды.
түгі сары түсті, күрделі екі көзі мен төбесінде
нүкте тәрізді 3 қарапайым көздері және екі
z
қысқа мұртшалары бар. Ауыз мүшелері толық

=> жетілмеген, өйткені олар қуыршақ және
имаго сатысында қоректенбейді. Кеудесінің
алдыңғы және артқы жақтары ашық сары
түкті, ал ортасы қара түсті. Құрсақ жағы
орта шенінде қара түкті, арт жағында
қызғылт сары түкті. Қанаттары ашық
көгілдір түсті.

=> Hypoderma lіneatum- дене тұрқы сәл кішірек-
11 мм. Оның құрсақ жағының алды сары
түкті, арты - қызғылт сары түкті, ал
қанаттары қоңыр түсті. Кеудесі 3
буылтықтан, ал құрсақ жағы 5 буылтықтан
z

Өсіп-өнуі. Оқыра бөгелектерінің өсіп-өнуі бір-біріне
ұқсас. Олардың ұрғашылары ұрықтанған соң ірі қараның
шабына, аяқтарына көптеген жұмыртқа салады. H. bovіs
ызыңдап ұшып жүріп, малдың түгіне жұмыртқаларын
желімдеп кетеді, ал H. lіneatum ешбір дыбыссыз, жатқан
малға жасырын келіп, жұмыртқаларын жабыстырып
кетеді. Бір бөгелектің ұрғашысы 800-ге жуық жұмыртқа
салады. Қолайлы жағдайда (30-320С жылылықта) бөгелек
жұмыртқаларынан 3-7 күн ішінде балапан-құрт түзіледі.
Жұмыртқалардан шыққан І сатыдағы балаң-құрттар
тұмсығымен теріні тесіп, ет пен терінің арасына енеді.
z

Эпизоотологиялық деректер. Оқыра Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі.
Бұл ауруға ірі қара жаздың ыстық күндерінде шалдығады. Оған әсіресе жас мал бейім.
Ересек малда балапан -құрттар саны бірен-саран ғана болады.

Аурудың клиникалық белгілері. Ұшып жүрген бөгелектің ызыңынан қорыққан мал
тынышсызданып, жөнді жайылмай мазасызданады, қораға, көлеңкелі жерге, шілік
ішіне қашады немесе белуарынан суға түсіп тұрады. Осының әсерінен мал
арықтайды, сауын сиырлардың сүті кемиді.

Анықтау тәсілдері. Қыстың аяғында гиподерматозға шалдыққан малды қарап
зерттейді, арқа жотасының екі жағын алақанмен сипап немесе саусақтарымен
басып барлау жасайды.
сатысына қарсы бағыттау тиімді. Ол үшін жүйелік әсер
z ететін фосфорорганикалық инсектицидтер: гиподермин-
хлорофос, хлорофос, амидофос, сульфидофос,
гиподермацид және т.б.қолданылады. Соңғы кездерде
шет елдік дәрілер – ивомек, Цидектин, фасковерм және
аверсектер де қолданылып жүр. Негізгі емді күз
айларында бөгелек ұшуы тоқтаған кезде жүргізеді.

Гиподермин- хлорофос дайын дәрі. Ол хлорофостың 11,6
% майлы-спиртті ерітіндісі. Дәріні қолдану мөлшері:
тірілей салмағы 200 кг-ға дейінгі төлге- 16 мл, салмағы
200 кг-нан артық малға-24 мл. Гиподермин-хлорофосты
малдың арқа жотасының екі жағына арнаулы аспап-
дозатормен АД-І немесе инесіз шприцпен, шоқтықтан
құйымшаққа қарай сорғалата құю керек. Дәрі жотаның
екі жағына тең бөлініп құйылады. Егер көктемгі мал
z
Дауасы. Жаздың ыстық
күндерінде ірі қараны
оқырадан қорғау үшін күндіз
малды қорада ұстап, түнде
жайған жөн. Бөгелек
ұшатын маусымда сауын
сиырлардан басқа малды 1
% хлорофос ерітіндісімен
немесе үшхлорметафос-3-
тің 1% эмульсиясымен әрбір
20-25 тәулік сайын бүркіп
отыру шарт. Ол үшін ДУК
машинасын, ЛСД және
бүріккіші бар машиналар
қолданылады.
ауруы, оны пысқырық деп те атайды. Бұл
ауруды Oestrus ovіs-қой бөгелегінің балаң
z
құрттары қоздырады. Олар қойдың танауына,
маңдай және бастың қосалқы қуыстарына
орналасып, сол жерлердің кілегей қабығын
қабындырады.
Қой бөгелегі Oestrіdae тұқымдасына,
қосқанаттылар тегіне жатады.
Қоздырғыштың морфологиясы. Қой бөгелегінің
ұзындығы 9-11 мм. Сыртынан қарағанда үлкен
шыбынға ұқсас. Оның денесі үш бөлімнен
құралған: басы, кеудесі және құрсағы. Басының
екі жағында күрделі екі көзі бар, ал төбесінде
қарапайым нүкте тәрізді үш көзі бар. Ұрғашы
бөгелек көздерінің арасы алшақ келеді. Олардың
тууы, яғни жұмыртқа салмайды, тірі балапан-құрттар туады.
z
Қой немесе кеңсірік бөгелегінің өсіп-өнуінде 3 кезең байқалады: 1) балаң құрттар, 2)
қуыршақ, 3) имаго немесе ересек бөгелектер. Балаң құрттың даму кезеңі 3 сатыға
бөлінеді.

Бөгелектің ұрғашылары жынысты түрмен ұрықтанады. Шағылысу 2-3 минутқа
созылады. Онан соң ұрғашы бөгелектердің жатыр тәрізді қабылдауышында балаң
құрттар түзіледі. Бұл уақытта ұрғашылары ұшпай, қуыстарда, жарықтарда 10-20
тәуліктей қозғалмай отырады. Балаң құрттары жетілген соң бөгелектер ұша
бастайды. Олар ұшып жүріп не жерде отырып, 40 см-дей қашықтықтан қойдың
танауына балаң құрттарын бүркіп жібереді. Бір ретте ұрғашы бөгелек 8-12, ал
кейде 20-29 балаң құрт шашады. Олар қойға 2-4 күндей шабуыл жасайды.
Әсіресе қой шаруашылығы дамыған
далалы және шөлейт аудандарда
z байқалады. Әдетте қой арасына
экстенсивті түрде (ауруға шалдыққан
малдың пайыз саны) тарап, кейбір
алқаптарда 70-90 %, ал кейде тіпті 100 %
дейін жетеді.
Патогенезі. Бөлелектердің балаң
құрттары қой танауын
жарақаттандырады және уытты әсер
тигізеді. Кеңсірікке түскен балаң
құрттар өзінің тікендерімен және
ілгектерімен кілегей қабығын
жарақаттайды. Кілегей қабығы ісінеді,
онда қызылшақа жаралар пайда болып,
z

Сыртқы белгілері. Аурудың клиникалық белгілері
әртүрлі болады. Кеңсірік құрты қой танауы және
басқа да бас қуыстары ішінде қозғалып, денесіндегі
тікенді ілгектерімен кілегей қабықты зақымдайды.
Алғашқы кезде кілегей қабықтары қатты қызарады.
Сонан соң ауру қойдың танауларынан кілегейлі, ал
кейінірек кілегейлі-іріңді жалқаяқ ағады. Қабыну
өзгерістері кейде кеңсірік арқылы ми қабықтарына
дейін тарайды. Мұндайда ауру малдың жүріс-тұрысы
өзгеріп, айналма аруының кейбір белгілері байқалады.
іріңсіз, кейде іріңді қою шырышқа
толған, кеңсірік кілегей қабығы
z қызарып, ісініп кетеді. Танау қуысында І
сатыдағы кеңсірік құрттары кездеседі.
Балаң құрттардың ІІ және ІІІ даму
сатыларында торлы сүйектің кілегей
қабығы қабынған, оның иір-иір
қуыстары кілегейлі немесе іріңді
жалқаяққа толады және одан қолайсыз
сасық иіс шығады. Дәл осындай
өзгерістер маңдай қуысы және мүйіз
маңындағы саңылауда да болуы мүмкін.
Диагнозы. Эстрозды анықтағанда
эпизоотологиялық деректерді, аурудың
клиникалық белгілерін, өлекседегі
Жылқының
Жылқының ринэстрозы. Ринэстроз- ринэстерозы
Oestrіdae
тұқымдасына, Rhіnoestrus
z туысына жататын
кеңсірік-көмей бөгелектерінің балаң құрттары
қоздыратын жылқының энтомоз ауруы. Ауруға
шалдыққан жылқының кеңсірік, маңдай
қуыстары кілегей қабықтары қабынады, алқым
және шықшыт бездері ісінеді, жылқы
арықтайды және жұмыс қабілеті төмендейді, ал
кейде өлім-жітімге шалдығады.

Қоздырғышы. Қазақстанда жылқының ринэстроз
ауруын танау бөгелектерінің екі түрі қоздырады:
Rhіnoestrus purpureus және Rh. Latіfrons.

Rh. Purpureus- ақбас, қоңыр, орыс бөгелегі деп
аталады. Имаго кезеңінде дене тұрқы 8-12 мм,
Қазақстан-ның- далалы, шөлейтті, шөлді
алқаптарында және тау етектеріндегі жылқы
z өсірілетін шаруашылықтарда кездеседі.
Патогенезі. Танау бөгелегі балапан-құрттарының
патогендік әсері-олардың санына және жылқы
организмінің төзімділігіне байланысты. Балаң
құрттар өздерінің тікендерімен, ауыз ілгектерімен
және т.б. бас қуыстарының кілегей қабықтарын
зақымдайды.
Ауру белгілері. Бөгелектер жылқы маңында ұшып
жүргенде-ақ мал тынышсызданады, жиі пысқырады,
басын шұлғып мазасызданады. Кейде жылқы
оттамай, бәрі бір жерге топтанып танауларын бір-
бірінің жал-құйрығына тығып тұрып алады. Аурудың
клиникалық белгілері балапан-құрттардың санына
Өлекседегі өзгерістер.
z
Өлген жылқының басын жарып тексергенде - маңдай
қойнауынан, кеңсірігінен балаң құрттар табылады. Кілегей қабықтары
қабынған, қарайып - қызарыңқы-раған, әр жерінде уылған жаралар кездеседі.
Уытты жаралар түбінде іріңді, ірімшік тәрізді зат бар.

Диагнозы аурудың белгілері мен эпизоотологиялық деректеріне және кеңсірік
пен жұтқыншақта балапан-құрттардың табылуына негізделеді.
Ринэстрозды маңқадан, сақаудан, гастрофилезден және тыныс жолдары
ауруларынан ажырата білу керек.

Емі. Кеңсірік ішін шаю үшін 2 % хлорофос ертіндісі қолданылады. Әр малға
50-100 мл мөлшерінде ерітінді жұмсалады. ДДВФ дәрісін де қолдануға
болады. Әрбір жылқының танауына ДДВФ-ның 2 % вазелин майындағы
сүртпесін 3-5 тәулік сайын қайталап жағып отыру (2-3 рет) қажет.

Жылқыны топтап емдеу үшін ДДВФ, хлорофос аэрозолі жақсы нәтиже
z

Түйе цефалопинозы . Цефалопиноз түйенің кеңсірігінде, жұтқыншағында, тор сүйектің иірлерінде
өмір сүретін Оеstrіdae тұқымдасына жататын Cephalopіna tіtіllator деп аталынатын түйе
бөгелегінің балаң құрттары қоздыратын созылмалы ауру. Қазақша аты - құмыр. Бұл ауру
Қазақстанның Оңтүстігінде және Оңтүстік батысында түйелі аймақтарда кездеседі.
Қоздырғышы. Құмыр ауруын түйе бөгелегінің балаң құрттары қоздырады. Олар жәндіктер тобына
(Іnsecta) қосқанаттылар тегіне жатады. Түйе бөгелегінің дене тұрқы 8-11 мм. Денесі - бас, кеуде
және құрсақ бөлімдерінен тұрады. Түйе бөгелегі ашық-қоңыр түсті. Басы ірі, сары түсті, маңдайы
сары-сұр түсті. Көздері күрделі, мұртшалары қысқа. Ауыз мүшелері дамымаған. Кеудесі қоңыр күл
түсті қызыл, қоңыр дақтары бар.
Ларвальды энтомоздарға қарсы қолданылатын
z емдік шаралар

Эстроз кездесетін шаруашылықтарда қой мен ешкіні
күзде химиялықтерапия әдісін қолданып, ДДВФ және
хлорофос аэрозольдерімен дауалайды. Инсектицид
аэрозольдері жабық қора ішінде, 16-250 жылылықта, 1
м2 аумаққа тығыздығы 1-2 жануар келетіндей етіп
жүргізіледі.

Өндірісте құрамында 12,5 % ДДВФ бар эстрозоль
аэрозольді баллондары шығарылады. Бір отар қойға 2-3
баллон жұмсалады. Сондай-ақ, ДДВФ-ның майлы
ерітіндісін, сулы эмульсиясын немесе 10-24 % хлорофос
ерітіндісін генераторлардың көмегімен аэрозоль
түрінде қолданады. Дәрі мөлшері: ДДВФ 60 мг м3,
хлорофос 4 г м3 , ем уақыты 1 сағат.
Тиімділігі жоғары аэрозольдардан сульфидофос-20- 2г/м3, 1% неоцидол 120мг/ м3,
z
5%-ті колорцид 100мг/м3, 16,7% циодрин 3,0г/м3 мөлшерінде бір сағат аралығында
(экспозиция) қолданылады. Бұдан басқа ивомек, фасковерм, перметрин,
циперметрин және дельтаметриндер деген дәрілер пайдаланылады.

Қой бөгелегі жылына екі ұрпақ беретін оңтүстік аймақтарына мал басы жазда
(август) және күзде инсектоцидтермен 2 рет дәріленеді. Эстроздың анық
белгілері бар, ІІ және ІІ сатыдағы балаң құрттармен зақымданған қойларды
жазғытұрым 4 % хлорофос ерітіндісімен шайып емдеуге болады. Дәріні арнаулы
ирригатор арқылы қолданады.

Эстрозды қойға жұқтырмау үшін, әрбір 25-30 күнде жайылымды ауыстырып
отыру шарт. Пайдаланылған жайылымға қойды 2,5 айдан ерте әкеліп жаюға
болмайды.

Жазда шарбақ ішінде қойлардың танауынан ІІІ сатыдағы балаң құрттар түсіп
Бөгелектің ұшу кезеңінде жайылымда әр жерден еліктіргіш қалқаншалар
қойылып, оларды
z 10 % гексахлоран ұнтағымен ақтайды. Жылқы жайылымын
ай сайын ауыстырып отырады. Жаңа жайылым ескісінен 8 км қашықтықта
болуы керек. Әрбір жылқыны бөгелектен қорғау үшін жүгеннің маңдай
қайысына шашақталған жұмсақ тері тігіледі.

Шаруашылыққа тыстан әкелінген жылқыны карантинде ұстап, ринэстрозға
қарсы дауа шараларын жүргізіп, сонан соң ғана табынға қосуға болады.

Ауру түйелер арқылы қоздырғыштың таралуына жол бермеуге көңіл бөлінеді.
Ол үшін құмыр бар шаруашылықтан әкелінген түйелерді хлорофоспен, ДДВФ
немесе т.б. тиімді препараттармен дәрілейді.

Сондай-ақ, түйе бөгелегінің ересектерін жою үшін А.И.Порчинский әдісімен
жайылымдарға еліктіргіш қалқандар қойылады. Мезгіл-мезгіл оларға қонып
отырған бөгелектерді жинап қырып тастау шарт. Ал бөгелек өздігінен
жойылу үшін қалқандардың бетіне 0,5% циодрин, 0,2-0,3% неоцидол, 0.04%
z
III Қорытынды
Паразиттік организмдер табиғатта еркін өмір сүрген
организмдерден эволюциялық даму барысында
сұрыпталып регрессивтік және прогрессивтік
өзгерістерге ұшырау нәтижесінде пайда
болған.Паразит өкілдерін зерттеумен шұғылданатын
салалар (пәндер) академик К.И.Скрябиннің
анықтамасы бойынша олардың шығу тегіне,
тоғышарлық мекеніне, қоздырушының жануарлар
әлеміндегі алатын орнына байланысты жіктеледі.
Шығу тегіне қарай: зоопаразитология –
жануартектес паразиттерді (гельминттер, кенелер,
жәндіктер, біржасушалы қарапайымдар) және
олардың тудыратын ауруларын зерттеумен
шұғылданатын ғылым; фитопаразитология –
өсімдіктектес (бактерийлер, бациллалар, вирустар,
саңырауқұлақтар, риккетсиялар) паразиттерді және
Cephalopina titillator (Цефалопиноз, Құмыр, Cephalopinosis) –
түйенің танау, маңдай қуыстарында, торлы сүйекте
паразиттік тіршілік ететін бөгелектердің балаңдары
қоздыратын, тыныс алу жүйесінің қабынуымен, тыныстың
тарылуымен, демікпемен және менингитпен сипатталатын
энтомоз ауру. Cephalopina titillator түрінің балаң құрттары
қоздыратын ауруды ғылыми тілмен «Цефалопиноз» деп
атайды, сонымен қатар халық арасында ауруды «Құмыр» деп
атайды. Бұлар бүкіл дүние жүзінде кең таралған паразиттер.
Цефалопиноз түйе шаруашылығына үлкен экономикалық
зиян келтіреді және зоонозды энтомозға жатады. Түйелерде
жұтқыншақ миаз ауруын тудырады. Ауру түйе
шаруашылығына үлкен экономикалық шығын келтіреді, атап
айтсақ ет, шұбат және тері беруі төмендейді. Ауру түйелерді
тыныс алу жүйесі зақымдалып (тыныстың тарылуы, демікпе,
пысқыру), бактериялық инфекция салдарынан түйеде
менингит дамып, өлімге ұшырайды.
Жіктелуі:
Морфологиясы
Жануарлар дүниесі: Animalia, Ұзындығы 8-11 мм жететін ашық қоңыр
Тип: Arthropoda (буын аяқтылар) түсті бөгелектер. Басы үлкен, екі күрделі
Класс: Insecta (жәндіктер), көзі мен үш қарапайым көздері бар. Дене
Отряды/Тегі: Diptera (қос қанаттылар) бөлігінде ақ дақтары бар және
Отряды: Brachycera (қысқа мұрттылар), құрсағының түсі күміс тәрізді. Бірінші
Тұқымдасы: Oestridae (бөгелектер), сатыдағы балаң құрттың (Б1) ұзындығы
Туысы: Cephalopina (түйенің танау 0,72 мм, түсі ақ және басында ілмекшелері
қуысының бөгелектері) бар. Үшінші сатыдағы балаң құрттың (Б3)
Түрі: Cephalopina titillator ұзындығы 30 мм, түсі ашық сары.
Даму айналымы
Аналығы түйенің танау қуысына бірінші сатыдағы
балаң құрттарды (Б1) тірідей шашады. Бірінші
сатыдағы балаң құрттары (Б1) танау қуысының
кілегейлі қабатын өткір ілмешектерімен тесіп, енеді.
Танау қуысында бірнеше апта немесе бір ай
паразиттік тіршілік етеді. Кейін бірінші сатыдағы
балаң құрттар (Б1) кеңсірік қуысына, жұтқыншаққа,
өңешке еніп, екінші сатыдағы балаң құртқа (Б2)
айналады. Сосын үшінші сатыдағы балаң құртқа (Б3)
айналады. 10-11 айдан кейін үшінші сатыдағы балаң
құрт (Б3) қайтадан танау қуысына барып, кілегейлі
қабығын тесіп, жерге түсіп, қуыршақ сатысына
айналады. 25 күннен кейін қуыршақтан ересек
сатысы ұшып шығады. Даму айналымы 12 айға
созылады.
Даму айналымы
Індеттік деректері: Ауруға боталарға қарағанда
ересек түйелер бейім келеді. Цефалонипозға
ауруына шалдыққан түйелерде инвазиялық
экстенсивтілік 96,5 % жетеді.
Патогенезі: Балаң құрттар танау, кеңсірік және
жұтқыншақ қуысының кілегейлі қабатына
жабысып, механикалық зақымдайды, нәтижесінде
жұтқыншақтың кілгейлі қабаттарын және басқа
ұлпаларды бұзады. Жұтқыншақтың бөліктерінде
қабыну, дегенеративті және репаративті процестер
дамиды.
Аурудың сырт белгілері: Ауру түйелерде
тыныстың тарылуы, демікпе, пысқыру
байқалады және бактериялық инфекция
салдарынан менингит дамып, түйе өлімге
ұшырайды.
Диагнозды кешенді түрде қоямыз:
Малдың тірі кезінде: Індеттік деректеріне, клиникалық
белгілеріне, басқа аурулардан ажыратып балау зерттеулеріне
және зертханалық зерттеулерге сүйенеміз:
Қосымша зерттеулерге сүйенеміз: Шаруашылықтан
жиналған бөгелектерді энтомологиялық әдістермен
зертханалық зерттеу.
Малдың өлі кезінде: Патолого-анатомиялық және гисто-
патологиялық сойып зерттеулерге сүйенеміз. Соңынан мал
дәрігері барлық зерттеулерге (індеттік, клиникалық,
ажыратып балау, зертханалық, қосымша, патолого-
анатомиялық және гисто-патологиялық зерттеу
қорытындыларына қарап) сүйене отырып, диагноз қояды.
Емі

Аверсект-2 («Фармбиомедсервис», Ресей)дәрісі
түйені C. Titillator ауруына қарсы емдеу үшін
және аурудың алдын алу үшін қолданылады.
Жалпы мөлшері (түйе): 1 мл/50 кг тірі салмаққа.
Мөлшер саны жануардың салмағына
байланысты қолданылады. Иньекция түрінде
мойын аумағының тері астына егу арқылы. Етті
21 күннен кейін пайдалануға болады. Алдын алу
мақсатында дәріні қазан-қараша айларында бір
рет қолданған жөн. Және де нитокс және
ивермектин негізіндегі дәрілерді де қолдануға
болады.
Дезинсекциялық ерітінді: Интермитокс (Intermitox)-
(«InterHygiene GmbH», Германия) ерітіндісін
эктопаразиттерге қарсы қора-жайды өңдеуге болады.
Ересек сатыларды жою үшін: 2,5% Диазивет 60%
(Ветсинтез, Украина) дәрісін мал қораларының 1м2
аумағын 25-50 мл мөлшерінде шашу арқылы
эктопаразиттерге қарсы өңдеу үшін (1 л Диазивет 60%
ерітіндісін 24 л суға қосамыз). Шашуды 15-200С 10-20
күндік интервалмен шашу арқылы екі рет жүргіземіз
(200С болса 2 рет 5-8 күндік интервалмен).
Алдын-алу
➢Қора жайды жәндіктерге қарсы
өңдеу күзде жүргізіледі.
➢Қолайсыз шаруашылықтардан
келетін түйелер профилактикалық
түрде инсектицидтік
препараттармен өңделеді.
➢Ауру жұқтырған және күдікті
жануарлар емделеді.
➢ Гадфля личинкаларын жинап,
оларды жою.
➢Жаз мезгілінде жайылымдарды
әр 30 күн сайын ауыстырып отыру
қажет.

Ұқсас жұмыстар
Қой эстерозы
Жылқының ринэстрозы
Түйе цефалопинозы, балау және ветеринариялық шаралары
Түк жегіштер
Қой эстрозы ауруы
Айыр өркешті түйе
Түйенің өркеші
Қазақстандағы түйе шаруашылығы
Түйе жануары, ерекшеліктері
Іңгендерді сауудың гигиенасы
Пәндер