Ірі қара мал гипедерматоз
Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ»
КАФЕДРА «ВЕТЕРЕИНАРИЯЛЫҚ МЕДИЦИНА »
ПӘНІ: ПАРАЗИТОЛОГИЯ
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырыбы: Энтомология, Ларвальды энтомоздар
Қабылдаған: Кузербаева Айсулу
Орындаған
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
• Ірі қара мал гипедерматоз . Ірі қараның тері
астмекендейтінын мекендейтін, Hypoderma туысына
жататын бөгелектердің балаң құрттары қоздыратын
энтомоз ауруы.
• Қоздырғышы. Гиподерматоз ауруының екі қоздырғышы бар:
Hypoderma bovіs- кәдімгі сиыр бөгелегі және H. lіneatum -
өңеш бөгелегі. H. bovіs бүкіл Қазақстан көлемінде, ал H.
lіneatum Қазақтанның оңтүстік- шығыс аймақтарында
кездеседі, сондықтан оны оңтүстік бөгелегі деп те атайды.
• Hypoderma bovіs- бөгелегінің имаго кезеңінде
дене тұрқы 13-15 мм. Денесі түкті, басындағы
түгі сары түсті, күрделі екі көзі мен төбесінде
=> нүкте тәрізді 3 қарапайым көздері және екі
қысқа мұртшалары бар. Ауыз мүшелері толық
жетілмеген, өйткені олар қуыршақ және
имаго сатысында қоректенбейді. Кеудесінің
алдыңғы және артқы жақтары ашық сары
түкті, ал ортасы қара түсті. Құрсақ жағы
орта шенінде қара түкті, арт жағында
қызғылт сары түкті. Қанаттары ашық
көгілдір түсті.
=> • Hypoderma lіneatum- дене тұрқы сәл кішірек-11
мм. Оның құрсақ жағының алды сары түкті,
арты - қызғылт сары түкті, ал қанаттары
қоңыр түсті. Кеудесі 3 буылтықтан, ал құрсақ
жағы 5 буылтықтан құралған. Оның 3 жұп
аяқтары, қос қанаты бар. Жетілмеген екінші
жұп қанаттары ызылдауық үн шығарады.
Өсіп-өнуі. Оқыра бөгелектерінің өсіп-өнуі бір-
біріне ұқсас. Олардың ұрғашылары ұрықтанған соң
ірі қараның шабына, аяқтарына көптеген
жұмыртқа салады. H. bovіs ызыңдап ұшып жүріп,
малдың түгіне жұмыртқаларын желімдеп кетеді,
ал H. lіneatum ешбір дыбыссыз, жатқан малға
жасырын келіп, жұмыртқаларын жабыстырып
кетеді. Бір бөгелектің ұрғашысы 800-ге жуық
жұмыртқа салады. Қолайлы жағдайда (30-320С
жылылықта) бөгелек жұмыртқаларынан 3-7 күн
ішінде балапан-құрт түзіледі. Жұмыртқалардан
шыққан І сатыдағы балаң-құрттар тұмсығымен
теріні тесіп, ет пен терінің арасына енеді.
Эпизоотологиялық деректер. Оқыра Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі.
Бұл ауруға ірі қара жаздың ыстық күндерінде шалдығады. Оған әсіресе жас мал бейім.
Ересек малда балапан -құрттар саны бірен-саран ғана болады.
Аурудың клиникалық белгілері. Ұшып жүрген бөгелектің ызыңынан қорыққан мал
тынышсызданып, жөнді жайылмай мазасызданады, қораға, көлеңкелі жерге, шілік
ішіне қашады немесе белуарынан суға түсіп тұрады. Осының әсерінен мал
арықтайды, сауын сиырлардың сүті кемиді.
Анықтау тәсілдері. Қыстың аяғында гиподерматозға шалдыққан малды қарап
зерттейді, арқа жотасының екі жағын алақанмен сипап немесе саусақтарымен
басып барлау жасайды.
Мал жотасының екі жағын сипағанда, шоқтықтан бастап құймышаққа дейінгі
аумақты қамту шарт.
Емі. Оқыраға қарсы күресті оның балаң-құрттарының І
сатысына қарсы бағыттау тиімді. Ол үшін жүйелік әсер
ететін фосфорорганикалық инсектицидтер: гиподермин-
хлорофос, хлорофос, амидофос, сульфидофос,
гиподермацид және т.б.қолданылады. Соңғы кездерде
шет елдік дәрілер – ивомек, Цидектин, фасковерм және
аверсектер де қолданылып жүр. Негізгі емді күз
айларында бөгелек ұшуы тоқтаған кезде жүргізеді.
Гиподермин- хлорофос дайын дәрі. Ол хлорофостың 11,6
% майлы-спиртті ерітіндісі. Дәріні қолдану мөлшері:
тірілей салмағы 200 кг-ға дейінгі төлге- 16 мл, салмағы
200 кг-нан артық малға-24 мл. Гиподермин-хлорофосты
малдың арқа жотасының екі жағына арнаулы аспап-
дозатормен АД-І немесе инесіз шприцпен, шоқтықтан
құйымшаққа қарай сорғалата құю керек. Дәрі жотаның
екі жағына тең бөлініп құйылады. Егер көктемгі мал
дәрігерлік байқауда оқырасы бар мал 1 %-тен артық
болса, онда дәл осындай емді қайталап қолдану шарт.
Дауасы. Жаздың ыстық
күндерінде ірі қараны
оқырадан қорғау үшін
күндіз малды қорада
ұстап, түнде жайған
жөн. Бөгелек ұшатын
маусымда сауын
сиырлардан басқа малды
1 % хлорофос
ерітіндісімен немесе
үшхлорметафос-3-тің
1% эмульсиясымен әрбір
20-25 тәулік сайын
бүркіп отыру шарт. Ол
үшін ДУК машинасын,
ЛСД және бүріккіші бар
машиналар
қолданылады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz