Қоздырғыш тасымалдаушылардың мінездемесі


Slide 1

Дәріс № 9

Тақырыбы:«Тасымалданушы паразитарлық аурулардың ландшафтық эпидемиологиясына немесе эпизоотологиясына байланысты табиғи ошағы ” .

Slide 2

Дәріс жоспары:

Белгілі бір географиялық аймақтағы табиғи ошақты аурулардың мінездемесі.

Табиғи ошақты трансмиссивтік аурулардың жер бетіне таралу ерекшеліктері.

Slide 3

Кейде адам аяғы баспаған, әлі игерілмеген кейбір жерлерде адамға немесе малға қауіпті жұқпалы аурулар кездесетіні белгілі. Мысалы, өткен 18-ғасырда патшалық Ресейдің әскері Түркменстанда Мұрғаба өзенінің бойында жаппай пәнді жарасына шалдыққан. Өткен ғасырда Сібір тайгасында (бұрын адам баспаған) адамдардың миы зақымданатын жұқпалы ауру тіркелген. Бұл аурулардың белгілі бір географиялық ландшафтқа (аймаққа) тән екендігі байқалған. Мұндай аймақтың шөп құрамының, табиғатының ерекшелігі жұқпалы аурудың мұнда сақталуына әсер ететіні анықталған.

Slide 4 Slide 5

Осы құбылысты сараптай отырып Е. Н. Павловский : әр географиялық аймақтың табиғат қойнауында кейбір тасымалданатын аурулардың қоздырғышы, осы қоздырғыштарды сақтап, тарататын донорлық мал түрі, қоздырғышты рецепиент (қабылдаушы) жұқтыратын тасымалдаушы қан сорғыш жәндіктер немесе кенелер бар деп, санайды.

Slide 6

Тасымалдаушы трансмиссивтік аурулардың басым көпшілігі тек қана тасымалдаушылар арқылы беріледі. Мысалы, Anopheles массасы арқылы безгек, Jxodes perculcatus кенесі арқылы энцефалит аурулары. Мұндай ауруларды облигатты трансмиссивті аурулар деп атайды. Ал қоздырғыштары әр түрлі жолмен, оның ішінде трансмиссивтік жолымен берілген ауруларды факультативті-трансмиссивтік ауруларға жатады. Мысалы, сүзек, туляремия, оба ауруларын атауға болады.

Slide 7

Трансмиссивтік аурулардың табиғи ошағының сақталынуы сол жердегі биотоптың мінездемесіне және ондағы биоценоз құрамына байланысты. Биоценоз құрамына:

донор;

тасымалдаушы;

рецепиент;

қоздырғыш;

қоршаған орта факторлары кіреді. Мұнда қоздырғыш өз ерекшеліктеріне қарамастан не сыртқы ортада немесе мал организмінде болуы мүмкін.

Slide 8

Донор

Тасымалдаушы

Реципиент

Протозойдтық аурулар

Эпизоотиялық тізбек:

2- тізбекті шынжыр;

3- тізбекті шынжыр

Slide 9

Телімді облигатты-трансмиссивтік аурулар қоздырғышы әдетте сыртқы ортада сақталынбайды, олар донорлық -мал организмінде немесе тасымалдаушы кенелерде, жәндіктерде сақталынады. Тасымалдаушы кене немесе жәндік донор малдан қоздырғышты рецепиент малға қан сору арқылы тасымалданбайды.

Slide 10

Осының арқасында табиғи ошақтағы қоздырғыштың айналымы туындайды. Сонымен, табиғи ошақ болу үшін биотикалық 4 фактордың болуы шарт: 1) қоздырғыш,

2) донорлық мал,

3) тасымалдаушы,

4) рецепиент-мал.

Slide 11

Донор

Тасымалдаушы

Реципиент

Биотикалық 4 фактор болуы шарт:

1) қоздырғыш,

2) донорлық мал,

3) тасымалдаушы,

4) рецепиент-мал.

Қоздырушы

Slide 12

Ал енді келесі сұрақ ауру қоздыырғышын сақтаудағы донорлық малдың және тасымалдаушының рөлі бірдей ме? Жоқ, бірдей емес. Мұның өз заңдылықтары бар. Мысалы, энцефалит вирусы ауру мал қанында қысқа мерзімде ғана болады. Мал тірі қалса, вирус қаннан кетіп, орталық ми жүйесіне жиналады. Тасымалдаушы кене вирусы тек қаннан ғана қабылдайды. Кенеге енген вирусқа қолайлы жағдай тек кене организмінде ғана. Онда олар кене организміне зиян келтірмей оның ұрпағына тарайды, осы арқылы онда көптеген жылдар сақталынады.

Slide 13

Трансмиссивтік ауруларға тән қасиет оның маусымдылығы. Ол кенелердің немесе жәндіктердің, малға жабысып, қанын сору мерзіміне байланысты.

Ұшпайтын тасымалдаушылар-кенелер-олар жер ауыстырмайды, тек өздеріне тән белгілі бір географиялық аймақта тіршілік етеді. Мысалы, кене рикетсиозы тек Dermacenter кенелері бар далалы аймақта, олар кене энцефолиттік Ixodes кенесі тарағы орманда, тайгада кездеседі.

Slide 14

Ұшатын тасымалдаушылар ауру қоздырғышын едәуір жерге дейін таратуы мүмкін. Мысалы, кеміргіштер лейшманиозбен ауырады. Олардан қоздырғышты қабылдаған москиттер түнде іннен шығып 1, 5 км жерге дейін лейшманиоз тарата алады.

Сонымен, трансмиссивтік аурулардың табиғи ошағы белгілі бір географялық аймақта ғана бола алады. Ол, адамның шаруашылықтың тіршілігінің әсерінен -өзгеріске ұшырауы мүмкін.

Slide 15

Өзіне телімді тасымалдаушылары бар трансмиссивтік аурулардың таралуы зоогеографиялық таралымға байланысты. Бірақ, кез келген өзіне телімді тасымалдаушылары бар жерлерде ауру тіркелмейді. Мысалы, Қырымда москиттер өте көп, бірақ лейшманиоз әлі тіркелмеген.

Тасымалдаушылар өздеріне қолайлы жерде ұзақ уақыт тіршілік етеді, өсіп-көбейеді. Мысалы, Қарақұмда безгек тасымалдаушы масаның 4 түрі өмір сүреді. Онда бірақ безгек тіркелмеген. Егер, бұл жерге безгек плазмодийін тасымалдаушы ауру адам келсе, масалар оны қабылдап, оны сау адамдарға жұқтырады. Дәл осындай жолмен мал пироплазмидоздары таралады.

Slide 16
Ұқсас жұмыстар
Ақпарат тасымалдаушылардың даму тарихы
БИОЛОГИЯЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КЕЗІНДЕ
Даму циклі, ауру белгілері
Кездейсоқ сигналдар
Мұғалімнің әлеуметтікПедагогикалық портреті
Сабақты мақсатты талдау
Деформациялық барометрлер
Мұғалімнің жеке тұлғасы оның кәсіби қызметінің негізгі өзегі. Педагогикалық еңбектердің көрнекті шеберлері
Украинаның логистикалық жүйесі
PGA (Pin Grid Array) типті корпус
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz