Протозоидтық аурулардың эпизоотологиясы, патогенезі және иммунитеті




Презентация қосу
Дәріс 7
Тақырыбы: Паразит қарапайымдылардың
өз иелерімен қарым – қатынасы.
Протозоидтық аурулардың эпизоотологиясы,
патогенезі және иммунитеті. Пироплазмида
табының жалпы сипаттамасы.

Тұрғанбаева Гульнар Елдесбайқызы
Ветеринария ғылымдарының кандидаты
Мастигофороздар – бұл бишікті
қарапайымдар тудыратын, әртүрлі
ағзалардың зақымдануымен
сипатталатын бір топ аурулар. Бұл
топқа кіретін аурулар:
Трипаносомоздар, олардың ішінде:
Америкалық трипаносомозы (Шагас ауруы)
Африкалық трипаносомозы (Ұйқы ауруы)
Жылқы мен түйелер трипаносомозы (Су ауруы)
Жылқылар трипаносомозы (Киенкі)
Адамдар мен иттердің лейшманиозы (Қала-
азар)
Құс гистомонозы
Ірі қара трихомонозы
Трипаносомоздар
Трипаносомоздар-трансмиссивтік,
Trурапоsoma туысына жататын қарапайымдар
тудыратын, жіті және созылмалы түрде өтетін
аурулардың бір тобы. Бұл аурулар Африка мен
Америкада өте кең тараған. Ауа райы өте
ыстық тропикалық, субтропикалық аймақтарға
экономикалық жағынан көп зиян келтіреді.
Медициналық және ветеринариялық маңызы
ауқымды бұл аурудың төрт түрі бар. Олардың
актуальды проблемалары өте зор.
Leismania tropica
Trypanosoma evansi
Eimeria tenella
Toxoplasma gondii
1. Америкалық трипаносомозы (Шағас ауруы)
- қоздырушы Tr. cruzi – 7 миллионға жуық адам
жыл сайын ауырып, ≈35 миллионға дейін адам
осы ауруға шалдығуы ықтимал.
2. Африкандық трипаносомозы (ұйқы ауруы)
(сонная болезнь) – қоздырушы Tr.gambiense;
Tr.rhodesiеnse деп аталады. Осы ауру қатты өріс
алғандықтан Африкада 7-8 миллион шаршы
шақырым жер мал шаруашылығы үшін
пайдаланылмайды.
3. Жылқы мен түйенің трипаносомозы (сурра,
су ауруы, қатпа) - қоздырушы Tr.evansi. Бұл ауру
көбінесе жылқыда, түйеде, итте кездеседі.
4. Tr.sinnae (Bruce etal,1912) – шошқа, қой мен
ешкі, түйеде кездеседі, ол апатогендік түрі болып
есептелінеді.
5. Жылқылардың киеңкі ауруы (случная болезнь,
қарақаптал, дурина, подседал) - қоздырушы Tr.
eguiperdum. Ол жылқыларда, есектерде болады.
Tr. vivax (нагана, сума) – атжалман, қой, жылқы
ауырады.
Tr. Congolensi – нагана, паранагана, гамбийская
лихорадка деген ауруларды қоздырады.
Tr. theileri – апатогендік түрі.
Адамда:
Tr. gambiense – Африкандық
трипаносомозды, ұйқы ауруын қоздырады.
Tr. rhodesiense – Африкандық
трипаносомозды, ұйқы ауруын қоздырады.
Оның тасымалдаушысы – қандалалар.
Tr. сruzi – Америка трипаносомозын,
шагас ауруын қоздырады.
Тасымалдаушы – Це-це шыбыны.
Малдарда:
1. Патогенді трипаносомдар:
1.1. Tr. evansi (Tr. ninakholjakimovae) – сурра, су
ауруының қоздырушысы.
1.2. Tr. equiperdum - случная болезнь, киеңкі,
қарақаптал ауруының қоздырушысы.
1.3. Tr. vivaх – Нагана (Сума) аурудың
қоздырушысы.
1.4. Tr. conqolense – Паранагана (Гамбиялық безгек)
ауруды қоздырады.
1.5. Tr. brucei – Нагана аурудың қоздырушысы.
1.6. Tr. sinnae – апатогендік түрі
2. Апатогенді трипаносомдар:
2.1. Tr. theileri – ірі қарада кездеседі.
2.2. Tr. lewisi – тышқандарда,
атжалмандарда кездеседі.
2.3. Tr. melaphaqum – қойларда
кездеседі.
Трипаносомоздар аурулардың халықаралық
маңызы өте зор. Бұл проблеманы жою үшін
Біріккен Ұлттар Ұйымының көмегімен Шығыс
Африкада Халықаралық эпизоотологиялық
институт ашылды. Мұнда әртүрлі зерттеулер
жүргізіледі, трипаносомоздарға қарсы шаралар
ұйымдастырылады. Институтта дүниежүзінің әр
жерінен келген 70-ке жуық ғылыми мамандар
еңбек етеді.
ТМД мен Қазақстанда мынандай екі аурудың
(су ауруының және киеңкі) маңызы зор.

Ұқсас жұмыстар
Қоздырғыш тасымалдаушылардың мінездемесі
Прионды инфекция
Күйістілердің ценурозы мен эхинококкозы
Протей
Дифтерия қоздырғышы
Трансмиссивті инфекция қоздырғыштары
Листериялар. Морфологиясы, физиологиясы, антигендері Экологиясы. Балалар патологиясында алатын орны. Иммунитеті. Лабораторлық диагностикасы. Профилактикасы мен емі
Инвазиялық аурулардан туындайтын экономикалық шығын
Энтеровирустардың этиологиясы
Инвазиялық аурулардың зияны
Пәндер