Ірі қара малының трихомонозы. Ауру белгілері




Презентация қосу
Ірі қара малының
трихомонозы

Орындаған: Ерік Анель.
ВМ-502
Трихомоноз- ірі қараның жыныс мүшелерін мекендеп, оларды
зақымдайтын, бір торшалы қарапайымдылар қоздыратын
Протозооз. Ауру қынап пен оның кіреберісі және жатырының
қабынуымен, буаз сиырдың іш тастайтауымен, бұқаның
белсіздігімен сипатталады.
Қоздырғышы - Тrichomonas foetus - қарапайымының пішіні алмұрт
тәрізді, дөңгелек, сүйір дөңгелекті болуы мүмкін. Денесінің ұзындығы
9-30 мкм, ені 3-15 мкм. Паразит цитоплазмадан және ядродан тұрады.
Алдыңғы жағында 3, ал артқы жағында 1 бишігі бар. Бишіктері
паразит тұрқынан ұзынырақ, қозғалыс мүшесі болып, саналады.
Паразиттің бір жағында жұқа жарғағы, ортасында денесіне тірек
болатын өзегі бар (аксостиль). Ядросы алдыңғы жағына орналасқан.
Трихомонодалар қарапайым жолмен, ортасынан жарылып екіге
бөліну арқылы өсіп, көбейеді. Көп бөлшекке бөліну кездері болатыны
анықталған. Олар эритроциттерді, микробтарды және шырышты
жеп, қоректенеді. Трихомонадалар көбейгенде шығатын улы заттары
жыныс мүшелеріне патогендік әсерін тигізіп,оларды қабындырады.
Трихомоноз қоздырғыштары сиыр қынабының және жатырының
кілегей қабығын, бұқалар шыбығының уретрасын, қосымша
бездерін мекендеп, оларды қабындырады. Трихомонадалар іштегі
төлде, төл жанындағы сұйықта да кездеседі. |
Эпизоотологиясы. Ірі қара трихомонозы дүнне жүзі
елдеріндеінен тараған ауру. Ол біздің елімізде де жиі тіркеліп,
көптеген экономикалық зиян келтіретін індеттер қатарына
жатады.
Трихомоноз әдетте малдың табиғи шағылысу кезінде жұғады.
Ауру бұқалар сырттай қарағанда сап-сау болып көрінуі
мүмкін. Ауру ластанған құрал-сайман, аспап арқылы да
жұғуы мүмкін. Трихомоноз әдетте шағылыс жасына жеткен
мал ауырады. Трихомоноз шыққан шаруашылықта көптеген
сиырлар қысыр қалады, кейбір буаз сиырлар іш тастайды, не
құрсақтағы төлі іріп-шіріп кетеді. Ауру бұқалар белсіздікке
шалдығады.
Трихомоноз Қазақстанда, әсіресе оңтүстік аймақтарында
энзоотия түрінде кездеседі.
Ауру белгілері. Ауру бұқамен шағылыстырған сиырдың бірнеше
күннен кейін ыстығы 40,89С дейін көтеріледі.Сиырдың сыртқы
жыныс мүшелері қабынады, қызарады. Қабынған қынаптың
ішінде үлкендігі тары түйіріндей бөртпелер шығады. Қынап ішіне
шырышты-іріңді жалқаяқ жиналып, олар паразиттерге қорек
болады, себебі құрамында көптеген лейкоциттер мен эпителий
торшалары бар. Емделмесе, ауру созылмалы түріне айналады.
Төлдің дамуымен қатар жатырда трихомонадалар жедел өсіп-өнеді.
Жатырдың кілегей қабығы қабынып, жалқаяқтың мөлшері
көбейеді, ол ірің аралас қоймалжыңға айналады. Жалқаяқтың
қоюлығы мен түсі – жатырға түскен микроб түріне байланысты.
Бұл катаральді-іріңді эндометритке тән белгілер. Мұндайда буаз
мал ішінде төл 2-3 айлық кезінде өліп қалады. 1-3 айлық буаз
сиырлардың ші тастауы байқаусыз өтеді. Ауырған сиырларадың
айналымы бұзылып, нимфоманияға шалдығады.
Трихомонодалар алғашқыда бұқалардың күпегін мекендейді, ал кейінірек
қосалқы жыныс бездеріне де енеді. Бірнеше күннен кейін бұқаның күпегі
іседі. Оның ішінен шырышты-іріңді жалқаяқ тамшылайды. Несеп
шығарғанда мал ауырсынады. Бұқаның қамшысына ұсақ қызыл
бөртпелер шығады, олар кейінірек кішірейіп бозарыңқы тартады. Екі
аптадан кейін аурудың сыртқы белгілері біртіндеп жойылып, сырттай
қарағанда мал сауыққандай болады. Егер қабыну құбылысы көпке
созылса, бұқа белсіздікке ұшырайды.Кейде бұқаның енбауы, ұрық түтіктері
және ендері қабынады.Көбінесе бұқада трихомоноз жіті баланопостит
түрінде өтіп, емдемесе созылмалы түріне көшеді. Сондықтан бұқалар ұзақ
уақыт трихомонада тасушы болып қалып, шағылысқанда сау ұрғашы
малға ауру жұқтырады.
Диагнозы. Трихомонозды анықтағанда эпизоотологиялық,
клиникалық деректерді ескере отырып, лабораториялық зерттеулер
жүргізіледі. Сиырлардың іш тастауы, күйлей беруі, қынаптан ірің
ағуы, жатыр қабынуы, қысыр қалуы - трихомонозға күдік тудырады.
Зертханалық тексеру жүргізу үшін трихомонадаларды жасанды
қоректік ортаға себу қолданылады. Ол үшін 1% мальтозға қосылған
бауыр сорпасы керек. Әрбір түтікке 10 мл сорпа және оның үстіне
вазелин майы құйылған соң осы түтіктерді 10минут автоклавқа
салып, 110-120 С-та зарарсыздандырады. Трихомонадаларды себер
алдында жасанды ортаның әр 1 мл-не 500 өлшем пенициллин, 800
өлшем стрептомицин физиологиялық ерітіндіге езіліп қосылады және
10% жылқы қанының сарысуы қосылады.Себіндіні 3 күн
термостатта 309-та ұстағанда, трихомонадалар бар болса, жасанды
қорек лайланып түтік түбінде шөгінді пайда болады.
Өлекседегі өзгерістер. Ауырған малды сойып көргенде қынап пен
жатыр іші ісінген, қызарыңқы, әр жері қанталаған. Жатыр ішіне
катаральді-іріңді, ал кейде жалқаяқ жиналған. Жатыр бұтақтарына
ірімшікті сарысу жиналады. Ұрық жолдары жуандаған,олардың
ішіне ірімшік тәрізді зат жиналған. Аналық бездерінде сұйық затқа
толы кисталар (қуыстар) болуы мүмкін.Бұқалардың уретрасы
нығыздалған, қатпарланған, әр жерінде ұсақ түйіндері бар,
бұқаның жыныстық қосалқы бездерінде де қабыну белгілері
байқалады.
Емі. Ең алдымен ауру малдың күтімі мен жемі жақсартылады.
Трихомоноздың алғашқы сатысында жүргізілген ем жақсы нәтиже
береді. Жатыр етін сергітіп, ішіне жиналған жалқаяқты шығаруға
себеп болатын дәрілер (питуитрин, синэстрол) қолданылады.
Малдың қорғаныс күштерін үдету үшін аутогемотерапия (өз
қанымен емдеу) жүргізіледі.Алғашқыда ауруға шалдыққан
сиырдың жыныс мүшелерін глицеринге не суға ерітілген 8-10%
ихтиолмен, суға ерітілген йодпен (1:500), флавакридинмен (1:1000)
резеңке түтікше арқылы жуып шаяды, ал бұлшық етке 80-150 мл
мөлшерінде 3 рет метронидозолдың (трихопол) 1% ерітіндісі егіледі.
А.А. Сунайкин жатыр ішін нитрофуран қоспасымен (0,1 фуразолидон, 0,2
т фурацилин және 1000 мл физиологиялық ерітінді) шаюды ұсынады.
Қолданар алдында қоспаны қайнатып, суыту қажет. Аурудың созылмалы
түрінде аралас ем қолданылады. Жалпы ем ретінде (0,5% прозерин
немесе 1% синэстрол 3-4 мл мөлшерінде күн ара 2 рет қолданылады.
Мұның артынан қынап пен жатыр 500-600 мл зарарсыздандырғыш
ерітінділерімен шайылады.Бұқаларды емдегенде мынадай 6 күндік ем
нәтиже береді. Алғашқыда арасына 2 күн салып, тері астына 1,5-2 мл
Фурамонның 1% ерітіндісі егіледі. Сонан соң 4 рет бұлшық етке
фуразолидонның балық майына жасалған қосындысы малдың әр 100 кг
салмағына 10-мл-ден егіледі. Сонымен қатар күн сайын күпек ішін 60-70
мл нитрофуран қоспасының судағы ерітіндісімен шайып отыру шарт.
Бұдан кейін 10-12 минуттан соң, күпек ішіне 25-30 мл фуразолидонның
5% майлы эмульсиясы енгізіліп, күпек сыртынан уқаланады.
Алдын алу және күресу шаралары. Шаруашылықтарда мал
арасында трихомоноз ауруын болдырмау үшін, сырттан тек таза мал
алу керек. Трихомоноз шыққан шаруашылықтарда ауыру малды
бөліп алып емдейді. Барлық бұқаларды трихомонозға тексеріп,
инвазияның ұзақтығына, малдың тұқымдық құндылығына
байланысты, оларды емдейді немесе етке өткізеді. Табындағы малды
тек қолдан ұрықтандырады. Емделіп, айыққан бұқа спермасын
қатарынан 5 рет тексеріп барып, қолдануға жібереді немесе бұзауға
биосынақ өткізіп, тексереді. Жыл сайын бұқаларды зерттеп,
олардың тұқымдық бағасына қарай не емдейді немесе етке сояды.
Ауру мал тұрған қораны жаңа сөндірілген әкпен
зарарсыздандырады.
Назарларыңызға
рахмет !!!

Ұқсас жұмыстар
Ірі қара малының трихомонозы
Ірі қара трихомонозы дүнне жүзі елдеріндеінен тараған ауру
Энтомология. Гиподерматоз және Эстроз
Ірі қара пироплазмозы - Piroplasma bigeminum деп аталатын қарапайымды қоздыратын жіті ауру
Протозоидтық аурулардың эпизоотологиясы, патогенезі және иммунитеті
Инвазиялық аурулар
Лейкоз
ІРІ ҚАРА МАЛДЫҢ ТЕЙЛЕРИОЗДАРЫ
«Гиподерматоз кезінде сойыс өнімдерін ветеринарлық санитарлық сараптау және санитарлық бағалау.»
Жануарларды тасымалдауға дайындау және тасымалдау кезіндегі мемлекеттік бақылау жүргізу
Пәндер