Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау



Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министрлігі Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы Қоғамдық денсаулық сақтау-1 кафедрасы
Орындаған: Қайназар П. Т
Тобы: 504-қдс
Қабылдаған: Серікбай С. С
«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау». Қазақстан Республикасының заңы.

Жоспары:
www. themegallery. com
Company Logo
Негізгі бөлім
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
.
МҮГЕДЕКТІК КӨРСЕТКІШТЕРДІ САРАПТАУ
2. 1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТIК ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАЗIРГі ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ АХУАЛ


Кіріспе
Бүгінде әлем халқының 10%-ға жуығын мүгедектер құрайды. Анығырақ айтсақ, дүние жүзінде мүмкіндігі шектеулі 650 миллион адам бар. Өкінішке орай, біздің елде де мүгедектер саны арта түскен. Республика бойынша 450 000, ал біздің облыста 100 мыңға жуық мүгедек бар. Соның ішінде 18 жасқа толмаған 15 мың бала есепке алынған. Бұл өзге елдермен салыстырғанда біршама жақсы көрсеткіш болғанымен, көңіл қуантарлық жай емес.
Шымкент қалалық №3 медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) бөлімінің бас маманы Парида Қожабаеваның сөзіне сүйенсек, облыста мүгедек балалардың көп болуының өз себептері де жоқ емес. Біріншіден, аймақта туу көрсеткіші өте жоғары, екіншіден, өзара жақын туыстар арасында некеге тұрушылар көп, үшіншіден, ата-аналар арасында созылмалы, туа бітті және генетикалық аурулардың деңгейі жоғары, экологиялық жағдайдың нашарлығы мен отбасылардағы әлеуметтік жағдай себеп болып отыр. Салдарынан облыста туылған әрбір үшінші сәби туа бітті мүгедек.

- Мүгедектік - медициналық және әлеуметтік проблема. Мүгедек ұғымы ересектер мен балаларда әрқалай түсіндіріледі. Яғни, ересектерде түрлі аурулар мен жарақат алу салдарынан еңбекке қабілеттілігі төмендесе, не жоғалса, балаларда оқыту мен тәрбиелеуге кедергі келтіретін шектеулер жатады. Бұл шектеулерге - бойының өспей қалуы, ақыл-есінің дамымауы, танымдық ойын-сауықтық әрекеттер жасай алмауы жатады, - дейді Парида Қожабаева.

Дегенмен, қазіргі медицина дамыған шақта түрлі туа бітті генетикалық ауруы бар балалардың миына, жұлынына, жүрегіне, дене буындарына ота жасауға болады. ҚР қолданыстағы заңнамаларына сәйкес, мүгедектік науқас адамның денсаулығына тұрақты түрде функционалдық ауытқулар мен кемшіліктер байқалған жағдайда ғана белгіленеді. Яғни, науқас мүгедектік топ алу үшін жергілікті жерде кем дегенде 4 айдан кем емес уақытта емдеу-оңалту шараларын алуы тиіс. Содан кейін ғана емдеу мекемесінің жолдамасымен медициналық-әлеуметтік сараптамаға келуі керек. Алайда, науқастардың басым көпшілігі осы талаптарды орындамай, өзіне мүгедектік топ белгіленуін талап етеді.

2005 жылдан бастап 16 жасқа дейінгі жасөспірімдерге «мүгедек бала», ал 16-18 жас аралығында «І-ші топтағы мүгедек-бала», «ІІ-ші топтағы мүгедек-бала», «ІІІ-ші топтағы мүгедек-бала» санаты бойынша мүгедектік тағайындалады. Маманның берген мәліметіне сүйенсек, ОҚО бойынша мұндай санаттағы балалар саны 2000-нан асып жығылады.
Медициналық-әлеуметтік сараптаманың жұмысы мүгедектік топ белгілеумен ғана шектелмейді.
-

- Біздің маңызды міндет-теріміздің бірі-мүгедектердің әлеуметтік тұрғыда қорғалуы мен оңалту шараларының ойдағыдай жүзеге асуын қадағалау, - дейді бас маман. - Бүгінде әрбір мүмкіндігі шектеулі азамат пен мүгедек-балаларды оңалтудың жеке бағдарламасы түзілген. Айта кетейік, өңірімізде балалар санаториясы болмаған соң, балаларды емдеуге және сауықтыруға мүмкіндік болмай отыр.

Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаты:
1) мүгедектiктiң алдын алуға;
2) мүгедектердi әлеуметтiк қорғауға, соның iшiнде оңалтуға;
3) мүгедектердiң қоғаммен етене араласуына бағытталған.

Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау принциптерi
Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаты:
1) заңдылық, iзгiлiк, адам құқықтарының сақталуы;
2) әлеуметтiк қорғауға кепiлдiк берiлу, медициналық, әлеуметтiк және кәсiптiк оңалтуға қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету;
3) мүгедектердiң денсаулық сақтауға, бiлiм алуға және қызмет түрiн, соның iшiнде еңбек қызметi түрiн еркiн таңдауға басқа азаматтармен қатар қол жеткiзуi мен тең құқылы болуы;
4) мемлекеттiк органдардың мүгедектердiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын қоғамдық бiрлестiктермен және өзге де ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауы;
5) мүгедектiк белгiсi бойынша кемсiтуге тыйым салу принциптерi негiзiнде жүргiзiледi.

14-бап. Мүгедектердiң құқықтары Қазақстан Республикасында мүгедектер: 1) әлеуметтiк қорғауға, соның iшiнде оңалтуға, қоғамға етене араласуға; 2) әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне кiрiп-шығуын қамтамасыз етуге; 3) ақпаратқа қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге; 4) бiлiм алуға, қызмет түрiн, соның iшiнде еңбек қызметi түрiн еркiн таңдауға; 5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн алуға;

6) кәсiптiк даярлыққа және қайта даярлыққа, еңбек қабiлетiн қалпына келтiруге және жұмысқа орналасуға; 7) Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үйге; 8) мемлекеттiк және өзге ұйымдарда, соның iшiнде денсаулық сақтау, мәдениет, байланыс, көлiк, қызмет көрсету саласындағы ұйымдарда бiрiншi кезекте қызмет көрсетiлуге; 9) мүгедектердiң шығармашылық қабiлеттерiн қолдауға арналған құқықтарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актiлерiмен бекiтiлген әлеуметтiк-экономикалық және жеке басының құқықтары мен бостандықтарына толығымен ие.

2-1. Қолданылу мерзімі өткен құжаттар және (немесе) құжаттардың толық емес топтамасы ұсынылған кезде медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуден бас тартылады. 2-2. Тұрмыс-тіршілік санаттарының біреуінің (өзіне өзі қызмет көрсетуге, жүріп-тұруға, еңбек қызметіне (еңбекке қабілеттілікке), оқып үйренуге, бағдарлай білуге, қарым-қатынас жасауға, өзінің жүріс-тұрысын бақылауға, ойын қызметіне және танымдық қызметке, қозғалыс белсенділігіне қабілеті) шектелуіне әкеп соқтыратын, организм функцияларының тұрақты бұзылуы болмаған жағдайларда, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қорытындылары бойынша мүгедектік және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі.

15-бап. Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау әлеуметтiк, қайырымдылық көмекті, медициналық, әлеуметтiк және кәсiптiк оңалтуды, бiлiм алуға қолжетімділікті және мүгедектердің қоғам өмiрiне басқа азаматтармен бірдей қатысуына мүмкiндiктер жасауға бағытталған өзге де шараларды ұсыну арқылы қамтамасыз етiледi. Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 16. 11. 2015 № 403-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

15-бап. Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау әлеуметтiк, қайырымдылық көмекті, медициналық, әлеуметтiк және кәсiптiк оңалтуды, бiлiм алуға қолжетімділікті және мүгедектердің қоғам өмiрiне басқа азаматтармен бірдей қатысуына мүмкiндiктер жасауға бағытталған өзге де шараларды ұсыну арқылы қамтамасыз етiледi. Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 16. 11. 2015 № 403-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

16-1-бап. Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын психоневрологиялық аурулар қатарындағы мүгедектерге және мүгедек балаларға әлеуметтік көмек 1. Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрып жатқан, сот шешімімен әрекетке қабілетсіз және қорғаншылыққа мұқтаж деп танылған мүгедектердің (бұдан әрі - қорғаншылықтағылар) зейнетақы төлемдері және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылары «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен есепке.

2. Медициналық-әлеуметтік мекеменің әкімшілігі қамқорлықтағылардың Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларының пайдаланылуы туралы есепті облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына тоқсан сайын ұсынуға міндетті.

3. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары қамқорлықтағылардың Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларын медициналық-әлеуметтік мекеме әкімшілігінің дұрыс жұмсауын бақылауды жүзеге асырады. Ескерту. 16-1-баппен толықтырылды - ҚР 2007. 12. 19. N 9 (01. 01. 2008 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 03. 12. 2015 № 433-V (01. 01. 2016 бастап қолданысқа енгізіледі)

Мүгедектерді тұрғын үймен қамтамасыз ету
Жергілікті атқарушы органдар:
Есепке алып, баспанасыз мүгедектерге үй береді
Мүгедектер мен отбасылық құрамында мүгедек бер жанұяға баспана кеңістігі жабдықтары мен арнайы құралдар мен жабдықтармен қамтамасыз етеді
Мүгедектерді жұмыспен қамту
Жергілікті атқарушы органдар мүгедектерді жұмыспен қамтуды мына жолмен қамтамасыз етеді:
қызмет орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектерге жұмыс орындарынан квота бекіту
жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы мүгедектер үшін қосымша жұмыс орындарын құру
арнайы, сонымен қатар мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру
мүгедектерді кәсіби оқыту ұйымдары

Мүгедектерді жұмыспен қамту үшін жергілікті атқарушы органдар (әкімшілік) жұмыс орындарының жалпы санына байланысты 3 пайыздық көлемде квота бөледі; жеке кәсіпкерлік пен шағын және орта бизнесті дамыту арқылы қосымша жұмыс орындарын бөледі, сонымен қатар Қазақстан республикасының заңдылығына сәйкес мүгедектерді жұмыспен қамту үшін жұмыс орындарын анықтап, мүгедектерге кәсіби білім беру қарастырылған. Еңбек қарым-қатынасы тұрғысынан мүгедектердің хұқықтары заңмен негізделген. Еңбек келісім-шартынан бас тарту, басқа қызметке ауысу мүгедектердің өз келсімінсіз жүзеге аспайды, керсініше жағдайда, егер мүгедектің денсаулығына байланысты еңбекке жарамсыздық танытатын болса, жұмыстан босатылады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz