Тыңдалымалды тапсырма



Панорамалық сабақ
Бөлім атауы: 2-бөлім. Ұлттық және отбасылық құндылықтар
Тақырыбы:Ұлттық құндылықтар - ел қазынасы
Пән мұғалімі: Ибадулла Шехназ
Қ. Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-лицейі

Ұйымдастыру кезеңі
Құндылық
Материалдық
Отбасылық
Рухани
Ұлттық
Құндылық дегеніміз не?
Құндылықтардың тағы басқа қандай түрлерін білесің?
Құндылықтардың адам өміріндегі маңызы қандай?

Төмендегі суретке қарап жеті қазынаны анықтаңыз.
Ер жігіт
Сұлу әйел
Ақыл, білім
ат
Қыран бүркіт
Берен мылтық
Жүйрік тазы (ит)

Үй тапсырмасын сұрау
1-тапсырма. Облыстық мұражайда ұлттық құндылықтар қалай көрініс табады? (сипаты, маңызы)
2-тапсырма. Мұражайда мені таңғалдырған нәрсе (несімен ерекшеленді)
Мұражайдан алған әсерім (көңіл-күй)
“Менің қызықты демалысым”
Мұражайдағы ғажайыптарға шолу жасау.

Топтастыру
1-қадам. Оқушылар мұғалім таратқан сөздерді бір-бірден алады.
2-қадам. 3 оқушы тақтаға шығып бір-бір шардан жарады.
3-қадам. Оқушылар қолдарындағы парақтардағы сөз бойынша сөз таптарына бөлінеді.
Шарды жарған оқушы топ басшысы
“Шарлар” әдісі арқылы топқа бөлу.
Шарты:

6-сынып. Қазақ тілі
2-бөлім. Ұлттық және отбасылық құндылықтар
1-2 сабақ:
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР - ЕЛ ҚАЗЫНАСЫ
(саяхат сабақ)

Сабақтың оқу мақсаты:
6. 1. 5. 1 - тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру;
6. 3. 1. 1 - әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, қарапайым жоспар құру.
6. 3. 3. 1 - ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін түрінде құрастыру.

Бағалау критерийлері:
• Тыңдалым, жазылым тапсырмалары бойынша негізгі ойды анықтап, негізгі ойға дәлелдер келтіріп, өмірмен байланыс жасай алады;
• Тірек сөздерді орынды қолданып, сюжетті суреттердің желісі бойынша жоспар құрып, қысқаша мәтін жазады;

Саяхат сабақ
«Ұлттық құндылықтар - ел қазынасы»
Бүгінгі сабақта нені білуге тиіспіз?

Саяхат басы
Салт-дәстүрлер
Ойтүрткі сұрақтар
• Қазақтың қандай салт-дәстүрлерін білесіздер?
• Салт-дәстүрлерде айтылатын қандай өлең-жырларды білеміз?
Шашу дегеніміз - қуаныш айғағы ретінде жасалатын өте сұлу да салтанатты дәстүр. Шашу бала туылғанда, тұсау кескенде, баланы сүндетке отырғызылғанда, келін түскенде, күйеу келгенде, отау көтергенде, алыс сапардан жолаушы оралғанда, жақсылық күндерде, тағы басқа зор қуанышты күндерде құрт, ірімшік, өрік-мейіз, тәтті кәмпиттер шашылады. Шашылған шашуды жастар, балалар теріп алады.

Саяхат ортасы
Киіз үй
Тыңдалымалды тапсырма.
• Киіз үй жайлы не білеміз?
• Киіз үйдің құрал - жабдықтарын білеміз бе?
Тыңдалым тапсырмасы
https://youtu. be/Tq8BuKBGtTw

Саяхат ортасы
Киіз үй
Тыңдалымнан кейінгі тапсырмасы
Бейнематериалдан көрген мағұлматқа сүйене отырып, Венн диаграммасын толықтыр.
Киіз үй айырмашылықтары
Ұқсастық-тары
Қазіргі үй айырмашылық-тары
Бағалау критерийі:
• Айырмашылығына кем дегенде 4 дәлел келтіре алады;
• Ұқсастықтарына кем дегенде 4 дәлел келтіреді;
• Ойларын нақты жеткізе алады.

Саяхат ортасы
Киіз үй
Тыңдалымнан кейінгі тапсырмасы
Бейнематериалдан көрген мағұлматқа сүйене отырып, кестені толықтыр
Бағалау критерийі:
• Суретке қарай отырып, киіз үйдің негізгі бөлшектерінің аттарын таба алады;
• Киіз үйдің негізгі бөлшектерінің киіз үйдегі орнын дұрыс анықтайды;
• Киіз үйдің құрылымын жетік меңгеру арқылы өзінің айшықты ойларын білдіре отырып, кестені толтырады.
Киіз үйдің негізгі бөлшектері
Атауы
Киіз үйдегі орны

Саяхат ортасы
Ұлттық ойын
Жазылымалды тапсырма.
• Оқушылар қандай ұлттық ойындарды білеміз?
• Қандай ұлттық ойындар ақыл-ойды дамытуға бағытталған?
• Ат үстінде ойналатын қандай ұлттық ойындарды білеміз?
Жазылым тапсырмасы
Бізге мына жерде екі қоржында белгілі бір ұлттық ойындардың құрал-жабдықтары берілген екен. Сол құрал-жабдықтарды таңдап, сол құрал-жабдықтың қай ұлттық ойынға тиесілі екендігін анықтап, «Бұл ұлттық ойынның тәрбиелік мәні» атты тақырыпта тірек-сөздер мен сюжетті суреттерге назар аударып жоспарлы мәтін жазамыз.
Тірек-сөздер: Ұлттық ойын, наурыз мерекесі, алғырлық, қызықты, қарсылас.
Қоржынды асық ойыны арқылы таңдайды. Кім бірінші асыққа дәл тигізсе таңдау мүмкіндігін иеленеді.

Бағалау критерийі:
• Сөз көлемі 90-100 сөз сақтайды;
• Хабарлы, сұраулы, лепті, сөйлемдерді орынды қолданады;
• Әңгімеге тақырып қойып, жоспар құрып, құрылымын сақтап, диалог қатыстырады;
• Тірек-сөздерді орынды қолданып, сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрайды.

домбыра
Сабақтың ортасы
Сергіту сәті
«Домбырасыз сән қайда»
Өлеңін жазған . Х. Талғаров.
Әнін жазған. И. Нүсіпбаев.
1. Елдің жырын жырлаған,
Қайғысын да толғаған .
Домбырасыз ешқашан
Жүрекке ем қонбаған.
Қайырмасы:
Домбырасыз сән қайда,
Домбырасыз ән қайда .
Ән мен күй бар өмірде
От та лаулап жанбай ма?. . .
2. Құрманғазы, Тәттімбет
Домбырамен сайраған .
Жүрекке от жақсын деп,
Елге күйін арнаған .
3. Абай, Жамбыл, сал Біржан
Таңғалдырып ән салған .
Жүрегінді жандырған,
Естіген жан тамсанған .
Сергіту сәті:
«Домбырасыз ән қайда» өлеңін караоке арқылы шырқау

Саяхат соңы
Ұлттық киім
Ойтүрткі сұрақтар:
• Қандай ұлттық киімдерімізді білесіздер?
Ұлттық киімдеріміз жайлы не айтар едіңіздер?
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz