Жеңілөнеркәсіпте еңбекті қорғау: негізгі ұғымдар, қағидалар және жаңғырту ұсыныстары


Slide 1

АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФАКУЛЬТЕТ «Дизайн, тестиль және киім технологиялары»

КАФЕДРА «Тоқыма өндірісінің технологиясы»

ПӘН: «Жеңілөнеркәсіп кәсіпорындарында еңбекті қорғау»

Тәжірибелік жұмыс

Тақырыбы: ЕҚ бойынша негізгі ұғымдары мен анықтамалар

Орындаған: Мырзакулова Мөлдір

Тексерген: ТӨТ кафедра лекторы

Рашидова Баршагуль Рашидовна

Slide 2

Еңбекті қорғау - жұмыс барысында адамның қауіпсіздігіне, денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін сақтауға кепілдік беретін әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық, техникалық, гигиеналық және емдік-профилактикалық шаралар.

Еңбекті қорғау және жұмыс орнындағы қауіпсіздік бойынша мәселелерге ерекше назар бөлінеді. Аталған сұрақ бойынша барлық шаралар қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жұмыскерлердің денсаулығы мен өмірін сақтауға бағытталған. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында мониторинг жүргізіледі. Еңбек шартын жақсартуға, қауіпсіз технологияларды, жеке қорғанысты енгізуге, өндірістегі бақытсыз жағдайларды есепке алу тәртібін орнатуға, қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында заңнама талаптарын сақтауға және т. б. бағытталған әшкі құжаттарды әзірлеу және қабылдау жүргізілуде.

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы басты қағидалар: жұмыскердің өмірін және денсаулығын сақтау; жұмыскерлердің денсаулығына өндірістік зиянды әрекеттердің әсер етуіне жол бермеу; еңбек шартында жұмыскерлердің құқығын қорғау; аумақтық бөлімшелер және реттеушілердің өкілдерінің келісілген әрекеттерін қамтамасыз ету; қауіпсіздік және еңбекті қорғау жағдайы туралы ақпараттық толықтығы және шынайылығы.

Slide 3 Slide 4

28 СӘУІР - ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КҮНІ

Халықаралық еңбек ұйымының (International Labour Organization, ILO) бастамасымен дүние жүзі бойынша жұмыс орындарында жазатайым жағдайлар мен кәсіби аурулардың алдын алуға жәрдемдесу, сондай-ақ еңбекті қорғау мәдениетін қалыптастыру және насихаттау мақсатында 28 сәуір күні Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні аталып өтеді. Бұл ақпараттық-түсіндіру кампаниясы еңбекті қорғау саласындағы мәселелер мен еңбек қызметіне байланысты жарақаттардың, аурулар мен жазатайым жағдайлардың артуына қоғам назарын аударуға арналады. Алғаш рет бұл күн 2003 жылдан бастап аталып өтетін болды.

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін атап өту идеясы 1989 жылы американдық және канадалық еңбеккерлер жұмыс орындарында жарақат алған немесе қаза болған жұмысшыларды еске алу мақсатында алғаш рет атап өтілген қаза болған еңбеккерлерді еске алу күнінен бастау алады.

Бүгінгі таңда Кәсіподақтар федерациясының қызметінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселесі басым бағыттардың бірі болып табылады. Осы орайда әр кәсіпорында бекітілген еңбек, ұжымдық шарттарда әр жұмысшының денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін сақтау басым орында болуы тиіс. Әлеуметке бағдарланған кез-келген кәсіпорын бәрінен бұрын апаттың, жарақаттанушылықтың және кәсіби аурулар деңгейін төмендетуге мүдделі.

Slide 5

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметі еңбекті қорғау, қауіпсіздік және жұмыскерлердің денсаулығы бойынша мақсаттарға қол жеткізу жөнінде барлық іс-шараларды үйлестіруді қамтамасыз ету үшін жауапкершілікте болады. Қауіпсіздік және еңбекті қорғауды жаңғырту бойынша ұсыныстар енгізеді, ішкі және сыртқы ортаны талдау бойынша іс-шараларды жүзеге асырады. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелерінің жанжалдарды анықтаудың мерзімділігіне және толытқтығына бақылау жүргізеді.

Еңбек шартын жақсарту және өндірістік тәуекелдерді төмендетуді қамтамасыз ететін әрқайсысы ұйымдастыру, өндірістік және басқа да іс-шаралардан тұратын шағын бағдарламалар бекітілді. Мақсаты - жұмыскерлердің тартымдылығын, жұмыс орнында қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында коммуникалық процесстердің тиімділігін арттыру. Жүзеге асыру нәтижесі бойынша қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік жарақатты азайту бойынша заңнаманың сақталуының артуы күтілуде.

Slide 6 Slide 7

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау: құқықтар, міндеттер және жауапкершілік
Еңбекті қорғау: өмір мен денсаулықты қамтамасыз ететін жүйелік кепіл
Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау: қауптер, құқықтар, міндеттер және жауапкершілік
Қазақстан Республикасындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау: құқықтар, міндеттер және жауапкершілік
Қазтелерадио Қарағанды ОРТТД базасындағы өндірістік тәжірибе: телевизиялық және радиохабар таратуды техникалық эксплуатациялау мен еңбекті қорғау
Фармацевтикалық өндіріс технологиясы: дәрілік заттарды өндіру, өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау
Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың қағидалары және қауіпсіз еңбекті ұйымдастыру принциптері
Қазақстан Республикасында еңбекті қорғау заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік: түрлері мен тәртібі
Жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша оқыту, нұсқаулық беру және білімін тексерудің қағидалары
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау: нұсқаулықтар, өндірістік жазатайым оқиғаларды тіркеу және жұмыс орнындағы микроклиматты бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz