Логика ғылымы


Slide 1

Орталық Қазақстан Академиясы Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы

Пән: «Философия»

Дәріс-презентация №6

Білім беру, ғылым, техника және технологиялар философиясы Жаңа типтік оқу жұмыс бағдарламасы бойынша

Құрастырған: философия ғылымдарының докторы, профессор Мирзабекова Алма Шаимовна

Қарағанды - 2020 -2021 оқу жылы

Slide 2

Білім беру, ғылым, техника және технологиялар философиясы

1. Білім беру философиясы

2. Ғылым философиясы

3. Техника философиясы

4. Технология

Slide 3

Білім беру философиясы

Білім беру философиясында білімділік идеясы, білім берудің мақсаты, білім беретін жүйелер талқыланады

Білім беру философиясының арнайы ғылыми сала ретінде бөлініп шығуының себептері :

1) білім беру технологияларының өзгеруі;

2) білім көлемінің өсуі;

3) қоғам мен оқу-білім саласы арасындағы қайшылықтардың тереңдей түсуі.

Slide 4

Білім беру - адам мен қоғам үшін құндылық

Сократ: «бірден-бір ізгіліік -

білім, бірден-бір зұлымдық -

надандық»

Ф. Бэкон: «Білім - күш »

Slide 5

Білім беру философиясының пайда болуы

Джон Дьюи өзінің «Мектеп және қоғам» (1899), «Болашақ мектептері» (1915), «Демократия және білім беру» (1916) атты енбектерінде прагматизмге, әсіресе, оның инструментализм деген тармағына сүйеніп, білім беру философиясының негізін қалаған. Дж. Дьюи бихевиоризм психологиясына сәйкес интеллектті қоршаған ортаға бейімделудің және аман қалудың басты құралы, ол біздің қажеттіліктерімізге сәйкес шындықты өзгертуге бағытталған деп сипаттайды.

Дж. Дьюидің білім беру философиясының түйінді ұғымдары: коммуникация, ғылыми ойлау, тәжірибе.

Дж. Дьюи пікірінше, білім беру - қоғамды демократияландырудың басты құралы. Сондықтан мектеп баланың ойлау қабілетін дамыту үшін, оны еңбекке үйретуі тиіс.

Дьюи тарих, география, физика т. б. ғылыми мәліметтерді хабарлайтын оқу пәндерді шеберлікке дағдыны дамытатын іс тігу, ағаш бұйымдарды жасау ісі, слесарь ісі, кулинария сияқты тәжірибелік оқу сабақтардың айналасында топтастыруды ұсынды. Мысалы, кулинария сабағында қолданған технологиялық процестердің және азық-түліктердің физикалық, химиялық, биологиялық т. б. қасиеттерімен оқушыларды таныстырып өту керек.

Джон Дьюи

(1859-1952),

ағылшын-американдық философ, прагматизмнің өкілі, білім философиясының негізін қалаушы

Slide 6

Білім беру философиясының объектісі мен пәні

Білім беру философиясының объектісі - бұл мәдениетті трансляциялаудың және адамды әлеуметтендірудің біртұтас жүйесі ретіндегі білім берудің өзі.

Білім беру философиясының пәні - бұл білім берудің мәні, негіздері және қызмет етуінің

детерминанттары ( себептері)

Slide 7

Білім беру философиясының мәселелері және зерттеу бағыттары

Білім беру философиясының мәселелері:

- білім берудің детерминанттары (себептері)

- білім берудің қозғаушы күші және білім беру мазмұнының көзі

- білім беру жүйесінде мұғалім мен оқушының рөлі

- білім берудің генезисі

- білім беру жүйесіндегі әрекет (оқыту, тәрбие беру, технологиялары

Білім бері философиясының бағыттары:

білім берудің онтологиясы

- білім беру логикасы

білім беру аксиологиясы

- білім беру этикасы

- білім беру әдіснамасы

- білім беру идеологиясы

Slide 8

Білім беру философиясының екі негізгі проблемалары

1) адам өміріндегі білім берудің алатын орны мен рөлі

2) қоғам өміріндегі білім берудің алатын орны мен рөлі

Slide 9

Ыбырай Алтынсариннің білім беру философиясы

Ыбырай білімге талпынуға, білімдіден үйренуге үгіттейді. «Қазақтардың білімге қолын жеткізетін ең басты құрал - мектеп… қазақ халқының болашағы да мектептермен байланысты»

«Бір құдайға сыйынып,

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!

Оқысаңыз, балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар!

Ыбырай Алтынсарин (1841-1889)

Slide 10

Ы. Алтынсарин оқу үшін қажетті қасиеттер туралы

Ы. Алтынсарин оқу-білімнің тек ізденіс, еңбекпен табылатынына ерекше мән берген ағартушы. Ол оқу үшін инемен құдық қазғандай ыждағаттылық, талап пен сабырлылық қажет екенін ескертеді.

Ал оқымаған надандарды ақын аз ғана сөзбен сынап, олардың ақ, қараны айырмайтын көрсоқыр екенін айтады.

«Надандықтың белгісі,

Еш ақылға жарымас.

Жайылып жүрген айуандай,

Ақ, қараны танымас. . .

Жөн білмеген наданға,

Қыдыр ата дарымас»

Slide 11

Ыбырай Алтынсарин білімділіктің маңызы туралы

Ы. Алтынсарин «Өнер-білім бар жұрттар» атты еңбегінде білімділіктің маңызын қазақ халқын дамыған елдердің қатарына жеткізуінде деп білді:

«Өнер-білім бар жұрттар

Тастан сарай салғызды,

Айшылық алыс жерлерден

Көзіңді ашып-жұмғанша

Жылдам хабар алғызды,

Аты жоқ құр арбаны

Мың шақырым жерлерге

Күн жарымда барғызды,

Адамды құстай ұшырды

Мал істейтін жұмысты

От пен суға түсірді,

Отынсыз тамақ пісірді,

Сусыздан сусын ішірді!. . »

Slide 12

Қазіргі Қазақстандағы «білімді адам» моделі

1) функционалдық және шығармашы-лық білімді қолдану;

2) сыни тұрғыдан ойлау;

3) зерттеу жұмыстарын жүргізу;

4) ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану;

5) коммуникацияның әр түрлі тәсілдерін қолдану, соның ішінде тілдік дағдылар;

6) жеке және топта жұмыс істеу қабілеті»

Қазіргі білімді адам - әлемді игеріп, ондағы өзінің орнын таба алатын, заман сұранысына сай өзегін өзгерте алатын, іскер адам. Яғни білімді тек білдіру үшін ғана емес, соған сүйеніп, тез жол табуға икемді, ішкі қуатты мобильді, білікті тұлға пісіп-жетілуіне бағыттау қажет.

Slide 13

Отандық ғылым мен білімнің дамуындағы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының үлесі

Бұл жоба туралы Елбасы: «…біз жүз мыңдаған студентке жаңа сапалық деңгейде білім бере бастаймыз. Бұл - білім саласындағы жаһандық бәсекеге неғұрлым бейімделген мамандарды даярлау деген сөз» деп айқындап берді. Мемлекет үшін аса маңызды жұмысты жүзеге асыру мақсатымен «Ұлттық аударма бюросы» құрылып, оның тұсаукесерін Елбасы өзі жасады. Бұл - мемлекет үшін де жас ұрпақ үшін де ең маңызды айтулы оқиға болды. Қазақ баласы да әлемге мәшһүр оқулықтардан өз ана тілінде дәріс алатын болды.

Slide 14

Ғылым

Ғылым (араб. - білім, тану;

лат. scientia - білім) :

1) жаңа білімге жеткізетін әрекет;

2) ғылыми зерттеу арқылы ашылған білім;

3) білімді өндірумен айналысатын әлеуметтік институт

Ғылымның негізгі міндеттері - өзі тауып ашқан заңдардың негізінде дүниенің құбылыстарын сипаттау, түсіндіру және болжау

Slide 15

Ғылыми әрекеттің белгілері

- ғылыми зерттеу әдістерін жасап шығару және пайдалану,

- арнайы жабдықтарды (приборларды, инструменттерді, лабораторияларды және т. б. ) пайдалану,

- кең көлемдегі ақпаратты (кітапхананы, мәліметтер базасын т. б. ) игеріп алу және өндіру.

Slide 16

Ғылымдардың бөлінуі

- жаратылыстану ғылымдары

- әлеуметтік ғылымдар

- гуманитарлық ғылымдар

Slide 17

Аристотель іліміндегі ғылымдар классификациясы

Аристотель ғылымдарды үш топқа бөлді:

1) теориялық ғылымдар (философия, физика, математика) .

2) практикалық ғылымдар (саясат, этика, экономика) .

3) шығармашылық ғылымдар (риторика және поэтика) .

Аристотель

(б. д. д 384-322жж. )

Slide 18

әл-Фараби іліміндегі ғылымдар классификациясы

I. Тіл ғылымы

II. Логика ғылымы

III. Ақылмен танылатын ғылымдар (арифметика, геометрия, оптика, астрономия, музыка, салмақты өлшеу туралы ғылым, механика

IV. Жаратылыстану (физиканың 8 бөлімдері - прогностика, медицина, нигромантия, бейнелер туралы ғылым, агрикультура, навигация, алхимия, оптика) және метафизиканың 3 бөлімі - заттардың бар болу принцип- тері туралы; нақты теориялық ғылымдардың бастаулары мен қағидаттары туралы; денеден тыс тіршілік ететін тәнсіз денелер туралы

V. Азаматтық басқару ғылымы (юриспруденция және қалам)

Абу Насыр

ибн Мухаммед әл-Фараби

(870-950)

«Ғылымдар энциклопедиясы»

Slide 19

Ф. Бэкон іліміндегі ғылымдар классификациясы

Ф. Бэкон адамның танымдық қабілеттеріне қарай (ес, пайым, қиял) ғылымдарды үш топқа бөлді) :

1) тарих (табиғи және азаматтық) ;

2) теориялық ғылымдар, немесе, сөздің кең мағынасында «фило-софия». Оның құрамында Бэкон «бірінші философияны» атап көрсетіп, оны «табиғи теологияға», «антропологияға» және «табиғат философисына» бөлді

3) поэзия, әдебиет, өнер

Френсис Бэкон

1561 -1626

Slide 20

Г. Гегельдің ілімігдегі ғылымдар классификациясы:

1) логика (үш ілімнен тұрады: болмыс туралы, мән туралы, ұғым туралы) ;

2) табиғат философиясы (механика, физика, органикалық физика) ;

3) рух философиясы (субъективті рух - антропология, феноменология, психология), объективті рух (мемлекет, құқық, азамат туралы әлеуметтік-саяси ғылымдар), абсолютті рух - өнер, дін, философия)

Георг Вильгельм Фридрих Гегель

(1770-1831)

Slide 21

О. Конт іліміндегі ғылымдар классификациясы

1) сыртқы дүниеге қатысты ғылымдар және адамға қатысты ғылымдар;

2) табиғат философиясы - бейорганикалық және органикалық;

3) шынайы философия (астрономия, химия, биология)

Исидо́р Мари́ Огю́ст

Франсуа́ Ксавье́ Конт

(1798-1857)

Slide 22

Ғылым әлеуметтік институт ретінде

Ғылым әлеуметтік институт ретінде ғылыми қауымдастықтардың, мекемелердің қызмет етуімен, ғылыми басылымдармен, ғылыми конференцияларды, дискуссияларды өткізуімен сипатталады.

Ғылыми коғамдастық дегеніміз, Т. Кунның түсінігі бойынша, белгілі бір сала бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатымен парадигмаларды немесе осы ізденістердің теориялық алғышарттарын негізге ала отырып біріккен ғалымдар ұжымы

Slide 23

Ғылым және материалдық өндіріс

Ғылым әлеуметтік институт ретінде қоғамдық өндірістің, өңдірістік күш-тердің дамуын жеделдетуіне және ынталандыруға ықпал етеді

Ғылымның өзі өндіргіш күшке айналады

Slide 24

Ғылыми және ғылыми емес білімнің демаркациясы

Бір жағынан, эмпирикалық ғылымдардың арасындағы, екінші жағы-нан, математика, логика, сондай-ақ «метафизикалық» жүйелер ара-сындағы айырмашылықтарды анықтау үшін қажет құралдарды беретін философия мен ғылым

шекаралығын немесе критерийлер-

ді табу мәселелерін Поппер демар-кация мәселелері деп атайды

Карл Поппер

1902 -1994)

«Ғылыми білімнің логикасы және өсуі»

Slide 25

Сциентизм

-

Сциентизм- (лат. sсіеntіа - ғылым) - ғылымның әлеуметтік

рөлін абсолюттеу. Сциентизм - арнаулы-ғылыми таным ғылы-ми-теориялық қызметтің жалғыз

мүмкін болатын типі және құндылықты-нейтральды, рационалды,

сондықтан барлық әлеуметтік проблемаларды шешуге қабілетті бәрін қамтитын дүниетанымды жасауға жеткілікті негіз қалайды деп есептейді

Дэниел Белл

(1919-2011)

Slide 26

Антисциентизм

Антисциентизм - қоғамдық про-гресс идеясынан түңілуді білдіретін, ғылымның мүмкіншіліктерінің ше-ктеулігін көрсететін, оның және ол туындатқан техниканың адамзатты қауіп-қатерлі жолға бастай-тын күш дейтін бағыт (ғылымнан, техникадан «қорқу, үрку».

Герберт Маркузе

1898 -1979

Slide 27

Ғылым философиясы

Ғылым философиясы - ғылыми-танымдық қызметінің қасиеттерін зерттейтін философиялық пəн, сонымен катар, ғылым феноменіне қатысты философиялық ілімдердің жартысын қамтиды.

Өзгеше философиялық пəн ретінде ғылым философиясы ХІХ ғ. бастап қалыптасты, философияның қосымша ілімі ретінде одан əрі дамыған.

Slide 28

Ғылым философиясының қалыптасу себептері

1. Институционалдық революция - профессияландыру (мамандандыру) . Франциядағы политехникалық мектептердің пайда болуы. Германиядағы университет реформалары.

2. Əлеуметтік жəне гуманитарлық ғылымдар ғылыми пəндер түрінде қалыптасты: саяси экономика, əлеуметтану, тарих, жантану. Əдістердің 12 өзгешелігі туралы сұрақтар туылды.


Ұқсас жұмыстар
Менеджмент эволюциясы
Антика ғылымы
Философияның қалыптасуы
Психология ғылымының тың серпілістері
Орта ғасыр тіл білімі
Неміс философиясы
Фарабидің энциклопедиясы
Педагогикалық зерттеулердің зерттеу әдістері
ФИЛОСОФИЯ ИРРАЦИОНАЛИЗМ
Ғылымдарды іріктеу жөнінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz