Ашығу патологиясы


Slide 1

8. Д Ә Р І С

Такырыбы: Ашығу патологиясы

Slide 2

Ашығу және оның түрлері, сипаттамасы.

Slide 3

АШЫҒУ ПАТОЛОГИЯСЫ

Ашығудың дамуына сыртқы және ішкі факторлар ықпал етеді.

Сыртқы жағдайларға - tº, ылғалдық, ауа қозғалысының жылдамдығы, қарқынды қозғалыс т. б. жатады.

Ішкі жағдайға - түрі, жасы, жынысы, физиологиялық күйі жатады т. б.

Толық ашығудың, тіршілік ұзақтығы - зат алмасу қарқынына, жүйке және ішкі секреция жүйелерінің күйіне байланысты.

Slide 4

Ашығу және оның түрлері, сипаттамасы.

Ашығу деп - энергиялық шығынды толықтыруға қажетті азықтың, ағзаға мүлде келмеуі немесе сіңбеуі нәтижесінде пайда болатын күй.

Slide 5

Оның түрлері:

1. Толық; 2. Толық емес; 3. Ішінара (сапалық) ашығу.

1. Т о л ы қ а ш ы ғ у - оның 2 түрі бар:

а) Экзогендік - ағза азықты мүлде қабылдамағанда т. б;

б) Эндогендік - азық ас қазан мен ішектерде қорытылмауынан, себебі - ас қазан-ішек жолдарының қызметінің бұзылуынан.

Slide 6

Су мүлде берілмей толық ашығудан гөрі (абсолюттік ашығу), су еркін беріліп толық ашығу едәуір жеңілге түседі.

Әр түрлі малдарда толық ашығу ұзақтығы түрліше келеді - ересек адам 50-60, жылқы 80, ит 40-50, қоян 30, құстар 2-15, атжалман 4-5, теңіз шошқасы 7 тәулік.

Ашыққан кезде дене tº шамалы өзгеріп, тек ашығудың ақырғы кезеңінде дене tº-ы, 28-30º дейін төмендейді.

Slide 7

Ашығудың клиникалық белгілері бойынша 4 кезеңге бөледі:

1. Талғаусыз кезең - бұл кезде малдың мінез құлқында ешқандай ауытқу байқалмайды;

2. Қозу кезеңі - бұл кезеңде қозғалыс қарқындылығы күшейіп, азық жеуге ұмтылады;

3. Күйзелу кезеңі (ең ұзағы) - ағзаның әлсіреуі арта түседі, тыныштықты қалайды;

4. Толық күйзелу кезеңі - параличке шалдығып, ақырында өледі.

Slide 8

Ашыққан малдар дене массасының 45-50% жоғалғанша өмір сүреді, ұсақ және жас малдар - зат алмасуы едәуір қарқынды өтетіндіктен, ересек және ірі малдарға қарағанда ертерек өледі.

Мысалы - ересек малдар тәулігіне 1% салмағын жоғалтса, жаңа туған төл 10-15% салмағын жоғалтады, сол себептен ашыққан жағдайда жастар мен әйелдер тез өледі (1932) .

Slide 9

Зат алмасуындағы өзгерістер бойынша ашығу 3 кезеңге бөлінеді:

1. Кезең - негізгі алмасудың күшею кезеңі және энергиялық шығын артып, салмағы кемиді, бұл кезде көмірсутектер көп пайдаланады, теріс азот балансы пайда болады, ұзақтығы 1-2 күн.

2. Кезең - негізгі алмасу бірте-бірте кемиді, энергиялық мақсатқа майды пайдаланады, май депосындағы май, бауырға тасымалданады, липомия (қанда май көп) басталып, май көп тотығып, кетон денешіктері (кетонемия) мен компенсацияланған ацидоз пайда болады. Жылу бөлу төмендейді, қоректік заттардың көбісі маңызды мүшелерге - жүрек, жүйке, тыныс алу жүйелеріне барады.

3. Кезең - қорытынды кезеңінде белок ыдырауы, несеппен азоттың бөлінуі артады.

Slide 10

2. Толық емес ашығу - мал ағзасын қоректік заттармен қанағаттандырмауымен, асқазан-ішек жолдарындағы жолдарындағы патологиялық және ас қорыту мен сорылудың бұзылуымен сипатталады.

Толық емес ашығу кезінде мал ұзақ өмір сүре алады, ал мұның өзі азықты жеу шамасына, түрі мен жасына т. б. жағдайға байланысты.

Малдар жеткілікті азықтанбағанда өнім сапасы мен резистенділігі кемиді де, індетті және паразитарлық ауруларға төзімділігі әлсірейді, төлін қиналып туады, жыныс қабілеті жойылады. Малдың өлу себебі, індеттің 2 рет жұғуынан болады.

Slide 11

3. Ішінара (сапалық) ашығу - азық каллориясы жеткілікті бола тұрса да, малдар өзіне қажетті заттардың біреуін немесе бірнешеуін пайдалана алмауын айтады.

Сол себепті ішінара ашығуды - белоктық, көмірсулық, майлық, минералдық, сулық және витаминдік деп бөледі.

Slide 12

Толық ыдырамаған белок, май қышқылының жеткілікті тотықпауынан ацодоз өршіп, ағза уланады. Жүйке жүйесі алғашқы кезде қозады одан кейін тежеледі, тәбеті бұзылып әр түрлі заттарды жейді.

Судан ашығу - су мал ағзасына аса қажет, онда күрделі биохимиялық реакциялар - иондық, осмостық, қышқыл-сілті тепе-теңдігі өтеді. Сусыз тіршілік жоқ.

Slide 13

Малдардың торшасында 80% дейін, іштегі төлде 95-97% дейін жетеді. Ағза ішетін суы, азық құрамындағы сұйық арқылы шөлін қандырады, сонымен қоса - май (100г : 107 г), белок (100 г :41, 3 г), және көмірсулар (100 г : 55, 5 г) тотыққанда су пайда болады, сонымен мал өзіне қажетті судың 1/6 бөлігін ағза ішінде пайда болатын суды пайдаланады.

Су жеткіліксіз болғанда, әр түрлі аурулар пайда болады - азықтың қорытылуы мен сіңуі нашарлайды, қан қоюланады, дене tº-ы көтеріледі, белоктар мен майлардың ыдырауы күшейеді, жем-шөпке зауқы соқпай, ішектің қозғалыс қызметі бұзылады.

Slide 14

Мал судан ашығудан гөрі азықтан ашығуға ұзақ шыдайды. Себебі ағза судың 20-22% кемісе мал өледі.

Күз-қыс айларында сусыз - жылқы 17-18, қой 21-22, түйе 46 күндей өмір сүріп, осы кезде 20, 0 - 20, 5% салмағын жоғалтқан, ал жаз айларында өмір сүру уақыты 65-75% қысқарады, (ауа tº байланысты) .

Slide 15

Судан толық және жарым-жартылай ашықтырған жағдайда, су еріткіш ретінде әрекет ететіндіктен, ағзада алмасу өнімдерінің уы жиналып, малды өзін-өзі улану (аутоинтоксикация) басталады, ол жүректе, бауырда, бүйректе және басқа мүшелерде дегенеративтік (азғындау) туғызады, зат алмасу өзгеріп, ең алдымен белоктар көп ыдырай бастайды.

Ағзада судың жетіспеуі эндогендік себептер - іш өту, белоктың көп ыдырауы, құсу, қатты терлеу, жиілетіп зәр шығару, т. б. Ағзада судың 10% азайғанда ауыр кеселге ұшыратады, ал 20% кемігенде мал өледі.

Slide 16

В и т а м и н н е н а ш ы ғ у.

Қазіргі кезде 30-дан астам витамин белгілі, көптеген витаминдерді өнеркәсіп жолмен өндіреді.

Витаминнің жетіспеуінің себептері:

1. Экзогендік - азықта витаминдердің жетіспеуіне байланысты алиментарлық факторлар жатады;

2. Эндогендік - ағзаға келетін витаминдер жеткілікті, бірақ олардың сіңуінің бұзылуы мүмкін (ас қорыту өте аз) .

Slide 17

Физикалық-химиялық қасиеттері бойынша витаминдер 2 топқа бөлінеді:

1. Майда еритіндер - (А, Д, Е, К) .

А тобындағы витаминдер (А¹, А², А³) ең көп тараған - ретинол (А¹) оның негізі - каротин. Ол жетіспегенде - өсіп-жетілуі тоқтайды, жарасы жөнді жазылмайды, тыныс алу, ас қорыту мүшелерінің, жатыр-жыныс кілегей қабығындағы эпителиі өзгереді, көзінен жас, мұрнынан су ағады және көру жүйесі нашарлайды.

Slide 18

Д витаминдер (Д², Д³, Д, Д) - кальциферолдар - рахитке қарсы витаминдер. Ол Са мен Ф сіңуіне зор маңызы бар. Ол жетіспегенде - остиопороз, остеомаляция (сүйек сынғыш), рахит ауруына шалдықтырады.

Е витаминдер (токоферольдар) - жетіспегенде малдың ұрық бөлуі бұзылады, іштегі төлдің өсіп-жетілуі тежеледі, іш тастайды, бұлшық ет дистрофиясы өршиді бұлшық ет босайды, бозарады.

К витаминдер (антигеморрагиялық) - қан қою процесінде маңызы зор, ол жетіспегенде қан құю процесінде қатысатын протромбин белогы азаяды. К-авитаминозы кезінде тері, бұлшық еттерге қан құйылады, анемия пайда болады.

Slide 19

2. Суда еритін витаминдер - (В тобындағы, аскорбин, цитрин) .

С (аскорбин қышқылы) - құрқұлаққа (цинга) қарсы витамин. Ол тірек белоктарын - коллоген құрауға қатысады, бауырда гликогенді синтезделуіне ықпал жасайды, антитела құралуын қуаттандырады.

Р (цитрин) - капиллярлар кенересін нығайтып, қан қысымын қалпына келуіне ықпал етеді.

Slide 20

В¹ (тиамин) жетіспегенде - азыққа тәбеті болмайды, жүдейді, бұлшық еті әлсізденеді, жүйке жүйесі бұзылады, қалтырайды, параличке шалдығады.

В² (рибофлафин) жетіспегенде - көмірсу алмасуы бұзылады, гликоген түзілуі кемиді, белок пен амин қышқылдары нашар пайдаланылады, көздің дұрыс көруі, гемоглобиннің синтезделуі нашарлайды.

Slide 21

Минерал алмасудың бұзылуы

Ағзаның қалыпты тіршілік әрекеті үшін органикалық заттар - белок, май және көмірсутектерімен қоса, бейорганикалық заттардың - минералдық тұздардың маңызы зор. жануарлар минералдық заттарды азықпен, ішетін суы арқылы алады.

Минералдық заттар ағзаның бүкіл органдары мен ұлпалардың құрамында кездеседі, әрі алмасу процесінде айрықша маңызы бар.

Мал ағзасында белгілі химиялық элементтердің барлығы және олардың изотоптары болады.

Slide 22

Олар мал ұлпаларында алуан түрлі күйде болады: сүйектерде минералдық тұздар кристалдар, жұмсақ ұлпаларда белоктармен байланысқан нағыз немесе коллоидты ертінділер түрінде кездеседі.

Минералдық заттар мынадай физиологиялық процестерге қатысады: ағзада қалыпты су баланысын және судың таралуын қамтамасыз етеді;

Slide 23

Қанда және торша сұйығында осмостық қысымды сақтайды;

Қышқыл-сілті тепе-теңдігін реттейді;

Көптеген химиялық реакцияларда католизатор ретінде, ферменттер мен гормондардың әсері үшін қолайлы орта ретінде қатысады;

Орталық жүйке жүйелеріне, жүрекке, қан тамырларына т. б. қызметіне ықпал етеді.

Slide 24

Кальций мен фосфор алмасудың мынандай формасы болады:

а) қан мен несепте Са мен Р мөлшерінің өзгеруі;

б) сүйектердің минералсыздануы;

в) сүйектер мен тканьдерде Са мен Р көп жиналуы.

Slide 25

Са сүйектену процесстеріне, ағзада қышқыл-сілті тепе-теңдігін сақтауға, қан ұюының ферменттік процестеріне, клетка мембранасының өткізгіштігіне ықпал етуге т. б. қатысады.

Гипокальцемия деп - қанда Са азаюуын айтамыз.

Slide 26

Ол мынандай жағдайда байқалады:

Қалқанша қонсы безінің гипофункция кезінде;

Тирсокальцитониннің - қалқанша қоңсы без гормонының гиперсекрециясы кезінде;

Са тоқ ішек кенересінде сорлуы тежелгенде, ал мұның өзі, Д витамині жетіспегенде, өттің пайда болуы бұзылғанда, азықпен бірге май көптеп келгенде байқалады.

Қанда Са мөлшері кемігенде - бұлшық еттер еріксіз жиырылады, қалтырау пайда болуы жүректің тоқтауынан мал өледі.

Slide 27

Гиперкальцемия - қан сарысуында Са мөлшерінің көбеюі мынандай жағдайда байқалады:

Қалқанша қоңсы бездің гиперфункциясы кезінде;

Тиреокальцитониннің гипосекрециясы кезінде, мұндайда Са қаннан сүйек тканьдеріне өтуі баяулайды;

Организмде Д витамині шектен тыс көбейгенде;

Ацидоз құбылысы кезінде.

Slide 28

Са несеп арқылы ұзақ уақыт бөлінуі бүйректің әктенуіне, онда тас байлануына ұшыратады.

Фосфор тек сүйек, жүйке және басқа ұлпалардың құрамдас бөлігі ғана емес.

Онын энергия алмасуда - макроэнергиялық қосылыс (АТФ) түзуде зор маңызы бар. Ол гликоген синтезіне, липидтер алмасуына сүйек ұлпаларының минералдануына қатысады, фосфор - РНК және ДНК құрамына енеді.

Slide 29

Са мен Ф алмасудың бұзылуы, сүйектің минералсыздану процесстеріне байланысты.

Оның факторлары:

Гинофиздің алдыңғы бөлігінің гипофункциясына;

Жыныс безі функциясының әлсіреуіне;

Ішекте Са сорылуы бөгелуіне (Д витаминінің жетіспеушілігі, майдың көптігі, колит, іш өту) ;

Сүйек белогының синтезіне қатысатын амин қышқылдарының организмдегі мөлшерінің кемуіне.

Slide 30

Рахит, Остеомаляция, Остеопороз.

Магний алмасудың бұзылуы. Ол жетіспегенде АТФ ферменттерінің активтілігі нашарлайды, Са мен калий алмасуы бұзады.

Темір алмасудың бұзылуы. 73% гемоглобинде, 16% ферменттерде және 0, 1% плазмада кездеседі.

Оның патологиялық түрі көбеюі:

а) экзогендік б) эндогендік

болуы мүмкін.

Slide 31

а) экзогендік көбеюі - кәсіби аурулар (шахтерлер), жауынгерлік және тұрмыстық жарақаттан түсуі мүмкін.

б) эндогендік -

қан құйылғанда, гемолизде;

организмде темірді пайдалану бұзылғанда (гиперхромалды анемия) ;

қан сарысуы белогындағы темірдің тасымалдануы бұзылғанда.

Slide 32

Ағзада темір мөлшерінің азаюуы.

Себептері:

қанда темір жетіспегенде анемия және гипоксия пайда болады;

Азық арқылы жеткіліксіз келуі;

Асқазан - ішек жолдарында сорылуының бұзылуы

Slide 33

Ағзада 2 валентті темір, 3 валентті темірге ұдайы ауысып отырады. Соның нәтижесінде гемоглобин - метоглобинге айналады.

Метоглобин - улы заттардан (нитриттер, бертолет тұзы т. б. ) ол қанда 66% болса, онда жіті гипоксия пайда болады.

Slide 34
Ұқсас жұмыстар
МАЙДАН АШЫҒУ
Торша цитоплазмасының патологиясы
ЗАТ АЛМАСУДЫҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ
Ашығу мен тойынудың физиологиялық негіздері
Патогенез
Ашығу
Фотоэффект құбылысын түсіндіру
Ұтымды тамақтану. Салмағы артық адамдардың тамақтану принциптері
Ашығу мен тойыну орталықтары
Бөлшектенген тамақтану диетасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz