Постнаталдық кезеңдегі қанның өндірілуі
Презентация қосу
«Астана медицина университеті» КеАҚ
Гистология және цитология кафедрасы
Постнаталдық
кезеңдегі қанның
өндірілуі.
Орындаған:Постанбай Әлімжан
Тобы:128
Тексерген: Ботакөз Қасенқанқызы
Жоспар
Постнаталдық гемоцитопоэз
Қан түзетін миелоидты және лимфоидты тіндер
Гемопоэздік және қанның дің жасушалары
Гемопоэздік тіндерді зерттеудің медициналық маңыздылығы
Қолданылған әдебиеттер
Постнаталдық гемоцитопоэз
Нәресте дүниеге келгеннен кейінгі формалық элементтерінің түзілу
процестерін постнаталдық (лат. Post –кейін, natus – дүниеге келу) гемоцитопоэз
деп атайды. Бұл – формалық элементтердің қартаю және қызметтерін атқару
кезінде табиғи бұзылуы салдарынан болатын шығынын толықтырып, қанның
физиологиялық регенерациясын қамтамасыз ететін процесс.
Постнаталдық гемопоэздің көлемі мен физиологиялық маңыздылығын мына
цифрлар арқылы көз жеткізуге болады. Адамның 70 жыл өмірінде қан түзетін
ағзаларында 275 кг лимфоциттер, 460 кг эритроциттер, 5400 кг гранулоциттер
және 40 кг тромбоциттер түзіледі екен.
Қан түзетін миелоидты және лимфоидты
тіндер
Постнаталдық гемопоэз миелоидты (сүйектің қызыл кемігі) және лимфоидты (тимус, талақ,
лимфалық түйіндер, бадамшалар, құрттәрізді өсінді және әр түрлі мүшелер жүйелерінің
қабырғасында орналасқан лимфоидты түйіншектер, пейер түймелері) қан түзуші ағзаларда
өтеді. Функциялық тұрғыдан алғанда олардың жетекші құрылымдық элементі – қан түзуші
тіндер: сүйектің қызыл кемігінде – миелоидты, ал басқа аталғандарда – лимфоидты
тіндер(қан түзуші ағзалардың қорытынды аталуы осы себептен). Миелоидты тінде
миелопоэз өтеді, яғни гранулоциттер, тромбоциттер және эритроциттер дамиды. Лимфоидты
тінде Т- және В- эффекторлар қалыптасуына әкелетін Т- және В-лимфоциттердің
пролиферациясы мен дифференциялануы, яғни лимфопоэз өтеді.
Миелоидты және лимфоидты тіндердің жалпы құрылысы ұқсас – екі құрамдастардан
тұрады: 1) дамудың әр түрлі сатыларының гемопоэздік жасушаларынан; 2) арнайы қасиетті
дәнекер тіндерге жататын ретикулярлы тіннен. Қан түзуші тіндер құрамында бұл тін
строманы құрып, дамушы гемопоэздік жасушалардың дифференциялану бағытын
анықтайтын микроортаны құрайды және басқа да нақтылы функцияларды атқарады.
Миелоидты тін ретикулярлы тіннен және оның
торларында(тұзақтарында, көздерінде) орналасқан қанның
дамушы формалық элементтері – гемопоэздік жасушалардан
тұрады. Миелоидты тінді зерттеу үшін аспирация (сору)
арқылы жалпақ сүйектерден алынған қызыл кеміктің
гистологиялық кесінділерін және жағындыларын жасайды.
Ретикулярлы тіннің жасушалары мен талшықтары миелоидты
тіннің бүкіл көлемін қамтитын, құрылымдық негізін – үш
өшлемді тор тәрізді стромасын құрайды. Тіректік функциясына
қоса ретикулярлы тін қанның дамушы(гемопоздік)
жасшулардың өсуі мен дифференциялануын реттейтін
гуморальдық факторларды (цитокиндер және өсу факторларын)
секреттейді.
Гемопоэздік және қанның дің жасушалары
Гемопоэздік жасушалар ретикулярлы тіннің үш өлшемді торының тұзақтарында орналасады,
және де олардың әрқайсысында бір диффероның (дифференциялану қатарының) жасушаларын
бірге топтастырып, гемопоэздік аралшықтар құрайды. Олардың барлығы да негіз салушы біркелкі
гемопоэздік ата тектен – қан түзуші полипотентті дің жасушаларынан (КДЖ-нан) дамиды.
Миелоидты тін – КДЖ-ларының негізгі қоныстанатын орны және пайда болу көзі. Сондықтан
сүйектің қызыл кемігі қан түзілудің орталық ағзасы деп саналады және лейкозды (ақ қан ауруын)
емдеу кезінде трансплантат-қондырым ретінде қолданылады.
Қанның дің жасушалары эмбриондық кезде мезенхималық жасушалардан дамиды және ересек
адамда көбінесе сүйектің қызыл кемігінде өмір бойы сақталады. А.А. Максимовтың (1908 ж.) қан
түзілу жайлы унитарлық теориясы бойынша КДЖ – қанның барлық формалық элементтерінің
бірыңғай даму көзі. Бұлар – қанның барлық жасушаларының аз дифференцияланған
плюрипотентті ізашарлы. Морфологиясы бойынша КДЖ-лары кішкентай лимфоциттерге ұқсас,
бірақ оларды плазмолеммасының бетіндегі СД 34+, СД 38 антигендер жинағы бойынша
иммуноцитохимиялық әдістермен ажыратуға болады.
Қанның дің жасушаларына бір қатар сипатты белгілер мен қасиеттер тән:
1. Популяция санының тұрақтылығын өзі, яғни сырттан түсетін жасушаларсыз, сирек өтетін
бөлінулер арқылы (төменде қарастырылған) сүйемелдеуге қабілетті. Сүйектің қызыл
кемігінде 10*5 гемопоэздік жасушаларға шаққанда шамамен 50 КДЖ келеді деп
есептелінеді, ал қан айналымында олардың саны едәуір аз – 1-4 ғана болады.
2. Олар салыстырмалы түрде сирек бөлінеді (орташа алғанда 10 тәулікте 1 рет), бірақ
кейбір жағдайларда (қаңсырағанда және ретикулярлық жасушаларда түзілетін дің
жасушалары факторларының әсерінен) олардың пролиферативтік белсенділігі күшеюі
мүмкін. КДЖ бөлінуінің 3 нұсқасы бар а) тура аналық жасушадай екі еншілес дің
жасушалар қалыптастыратын симмтериялық митоз; б) коммитацияланған, яғни
мүмкіндіктері шектелген екі жартылай дің жасушаны қалыптастыратын симметриялық
митоз; в) бір КДЖ және бір жартылай дің жасушасын (ЖДЖ) қалыптастыратын
ассиметриялық митоз.
Сөйтіп, митоздың екінші және үшінші нұсқалары нәтижесінде өзін-өзі сүйемелдейтін
КДЖ популяциясының еншілес жасушаларының бір бөлігі келесі популяцияға –
гемопоэздік жасушалардың ІІ-ші – ЖДЖ класына әрдайым ауыстырылып тұрады.
Митоздық бөлінудің бірінші және үшінші нұсқалары нәтижесінде пайда болатын КДЖ-
лар, сүйектің қызыл кемігіндегі олардың санының салыстырмалы тұрақтылығын
қамтамасыз етеді;
3. Дің жасушалары қолайсыз факторлардың әсеріне шартты түрде төзімді, себебі
олардың бөлінуі сирек, зам алмасу деңгейі төмен және олар жасушалық циклдің G0 –
дамыл (әрекетсіздік) фазасында орныққан.
4. Олар қанның формалық элементтерінің барлық түрлерін қалыптастыруға қабілетті,
яғни плюрипотентті.
Лимфоидты тін де миелоидты тін сияқты ретикулярлы тіннен (айырша без – тимусты
қоспағанда) құрылған үш өлшемді тордан тұрады. Оның тұзақтарында дамудың әр түрлі
кезеңдерінен өтіп жатқан лимфоциттер (соның ішінде плазмалық жасушалар), макрофагтар
және т.б. бар. Саны өте көп болғандықтан, олар ретикулярлы тінді бүркеп тұрады.
Лимфоидты тінді зерттеу үшін әр түрлі лифоидты мүшелердің гистологиялық кесінділерін
және пунктаттар (пункция, яғни инемен тесу арқылы алынған мөлшері азғантай тін)
жағындыларын қолданады. Лимфоидты тіннің де препаратында лимфоциттердің өлшемдері
әр түрлі – үлкен, орташа және кішкентай лимфоциттер айқындалады. Пісіп жетіліп жатқан
жасушалардың субпопуляцияларын ажырату үшін иммунноцитохимиялық әдіс
қолданылады. Тимуста және талақта дифференцияланып, пісіп жетілген лимфоциттер қанға
миграциялайды, ал лимфа түйіндерінде – лимфа синустарына, олардан – лимфа тамырлар
жүйесіне, ең ақырында – қайтадан қанға оралады, яғни рециркуляцияға ұшырайды.
ГЕМОПОЭЗДІК ТІНДЕРДІ ЗЕРТТЕУДІҢ
МЕДИЦИНАЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әр түрлі патогендік факторлар (сәулелену, ВИЧ-инфекция және басқа вирустық аурулар, химиялық
қосылыстармен улану, цитостатикалық препараттармен емделу және т.б.) эритроцитопоэзді,
лейкоцитопоэзді және тромбоцитопоэзді тежейді және қан түзуші ағзаларда ісіктер дамуына себеп
болуы мүмкін. Клиникалық тұрғыдан бұл жағдайлар өзін анемия, иммунологиялық
жетіспеушілік(иммундық жауаптың төмендеуі) және т.б. белгілер дамуымен көрсетеді.
Гемопоэздік тіндердің ауруларын диагностикалау үшін сүйектің қызыл кемігі мен лимфоидтық
ағзалардың гистологиялық және цитологиялық препараттарын қолданады.
Қазіргі заманғы медицинада анемиялардың ауыр түрлерін, иммунодефициттік жағдайларды, қан
жүйесі ісіктерін (лейкоздар, лимфомалар) емдеу үшін донорлар сүйегінің қызыл кемігін
трансплантациялау (тіндерді ауыстырып қондыру) әдісі қолданылады. Оның құрамында қанның
қалыпты формалық элементтерінің даму көзі – КДЖ-лары бар. Сондықтан, дені сау донорлардан
немесе мамандығы сәулелену, химиялық заттармен улану, вирус жұқтыру қауіптілігімен байланысты
адамдардан алдын ала алынған сүйектің қызыл кемігінің бөліктерін тоңазытылған күйде ұзақ мезгіл
сақтайтын арнайы банктер құрылады. Қажет болған жағдайларда, осылай сақталған сүйектің кемігі
қан түзуші тіні бұзылған адамға трансплантацияланады және ол қалыпты қан түзілуін қамтамасыз
етеді.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
• (С.А. Ажаев, Т.Ж. Үмбетов) Жалпы Гистология ІІ-бөлім
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz