Қолды өңдеу



БӨЖ
Тақырыбы:Санитарлық талаптар мен ережелерге сәйкес бұйрықтар. Қолды өңдеу. Заманауи дезинфекциялық ерітінділер
Орындаған: Постанбай Әлімжан
Тексерген: С. Г. Нахипбековна
Топ:128 ОМ
«Астана медицина университеті» КеАҚ
Медицина негіздері кафедрасы

Жоспар
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
2. 1 Емдеу - алдын алу мекемесіндегі тазалау
2. 2 Қызметкерлердің гигиенасы
2. 3 Қол деконтаминациясы
2. 4 Дезинфекция
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Медициналық қызметті ұйымдастырудың бірінші реттік міндеттерінің бірі - инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, аурухана ішілік инфекциялардың өрістеуін болдырмау.
Санитария және эпидемияға қарсы тәртіп - бұл ұйымдық кешен, гигиеналық және эпидемияға қарсы, ауруханаішілік инфекцияларды алдын алуға арналған санитарлық эпидемиялық іс - шараның кешені.
Санитарлық - эпидемияға қарсы режимге қойылатын негізгі талаптар ҚР ДСМ бұйрықтары және нұсқауларымен, санитарлық нормамен немесе ережелермен (СНжЕ) реттелінеді. Эпидемиолог ЕАМ санитарлық-гигиена және эпидемияға қарсы тәртіптің зерттемесін жасайды, санитарлық-алдын-алу іс-шараның орындалу жауапкершілігі бас медбикеге, бөлімнің аға медбикелеріне артылады
Аурухананың санитарлы жағдайы мекеменің жабдықтары мен аспаптарында санитарлы-эпидемияға қарсы талаптарын ұстанумен анықталады. Барлық бөлмелер таза ұсталынуы қажет. Алдын-алу-эпидемияға қарсы іс-шараларды қамтамасыз ету, инфекциялардың таралуын алдын алу, санитарлы-гигиеналық режимді қамтамасыз ету үшін тазалау жұмыстарын жасайды.

Дымқыл жинау
Палатаға (еден, жиҺаз, құрылғылар, терезенің алды, есіктер) тәулігіне 2 рет жүргізіледі (терезенің жақтаулары, жиҺаздар дымқыл шүберекпен сүртіледі, еден жуылады) ; жуу ерітіндісін 1 рет қосу арқылы (10 л суға 50 г құрғақ зат), 2-ші рет бекітілген концентрациядағы дезинфекциялақ затты қолдану арқылы жүргізіледі

Генеральды жинау
Бөлімше палаталарын, функциональды бөлмелерге қорытынды жинау дезинфекциялық заттарды қолдану арқылы айына 1 рет және эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша қабырға, еден, құралдар, инвентарьлар, жарық шамдарды өңдеумен жүзеге асырылады. Операциялық блок, таңу, босану бөлмелері, егу, манипуляциялық, стерилизациялық бөлмелер, қарқынды емдеу бөлмелеріне қорытынды жинау аптасына 1 рет жүргізіледі.
Қорытынды жинау кезінде бөлменің төбесі, қабырғалар, кереуеттер, тумбалар, үстел және ас жиҺаздарды сүртуге болады:
а) 0, 5% жуу ерітіндісі (10 л суға 50 г ұнтақ немесе жуғыш қасиеті бар дезинфекциялық ерітінді) және таза сумен шаю;
б) шаю немесе сүрту әдісі бойынша 10 л сумен беткейлер сумен жуылып, кептіріледі (қабырғалар, жиһаздар, аппараттар, аспаптар) .
Бөлме өндеуден өткеннен кейін дезинфекциялық ерітіндінің белгілі экспозициясына жабылады, экспозициядан кейін, бөлмені желдетеді. Барлық беткейлер таза мата арқылы сумен жуылып, кептіріледі (қабырғалар, жиһаздар, аппараттар, аспаптар) .

Қорытынды дезинфекция
Науқас шыққан соң, ауыстырылған соң, өлімінен кейін бос қалған палатада қорытынды типті дезинфекция жасалады.
Қорытынды дезинфекция - науқас ауруханадан шыққаннан кейін, басқа бөлімшеге ауысқаннан кейін, немесе қайтыс болғаннан кейін, босаған палатада қорытынды дезинфекцияға сәйкес дымқыл жинау басталады. Қорытынды дезинфекцияға сәйкес жинау мынадай әдіспен жүргізіледі, бөлменің төбесін, қабырғаларды, төсектерді, тумбаларды, үстелдерді және де басқа жиһаздарды бекітілген концентрациямен дымқыл матаны дезинфекциялық ерітіндіге малып алып шаю, сүрту

Жинауға арналған құрал-жабдықтардың зарарсыздандырылуы
Дезинфекциялық
заттың атауы
Концентрациясы
Экспозициясы
Хлорамин Б
1%, 3%
120 мин. 60 мин.
Дезактин
0, 2 %
60 мин.
Хлорлы әк
3% 1 %
60 мин. 120 мин.
Су тегінің асқын тотығымен
жууға арналған затпен
6%
0, 5%
60 мин.

Қызметкердің гигиенасы
Жеке бас гигиенасының ережесіне: күнделікті душ немесе ванна, халаттың және басқа жеке киімдердің жуылуы; ауыздың және мұрынның (бірреттік масканы киюі) қорғануы; адамдар жанында тұрған кезде жөтелгенде және түшкіргенде басты басқа жаққа бұру, қолды жуу
Стационарда қызмет атқарушы персонал ауысымды жұмыс киімін: халат (хирургиялық киім), қалпақ, бір реттік қолғаптар, маскалар пайдалануы қажет. Медициналық киімнің аймақтары жеке киімді толықтай жабуы тиіс. Шаштың барлығы толықтай қалпақпен жабылуы тиіс. Ауысымды аяқ киім тоқусыз материалдан, дезинфекция үшін жетімді, ыңғайлы және шусыз (биік өкшесіз) болуы керек. Жұмыс орнында шәркейлерді киюге рұқсат етілмейді. Макияж барынша табиғи болуы қажет. Барынша ароматталған дезодарантпен және әтірді пайдаланбауға тырысу керек, себебі олар науқастарға аллергиялық әсер көрсетуі мүмкін. Медициналық қызметкерден жағымсыз киім, темекінің иісі шықпау керек.

Қол деконтаминациясы (өндеу)

Қол деконтаминациясы - АІЖ (аурухана ішілік инфекция) алдын-алуға арналған ең маңызды іс-шара. Қолдың тиімді өңделуі үшін керек шарттар: қысқартылған тырнақтар, тырнақ бояуының және жасанды тырнақтардың, қолда сағат және әшекей бұйымдардың болмауы. Медициналық қызметкер әрбір науқасты қарар алдында, іс-шараның алдында және аяғында, бөлмені ағымды жинастырудан кейін, киімін ауыстырғаннан кейін, әжетханаға барғаннан кейін және т. б. қолын жууға міндетті

Қолдың деконтаминациясының үш деңгейін белгілейді: әлеуметтік, гигиеналық, хирургиялық.

Әлеуметтік деңгей
.
(қолдың әдеттегі жууы) - аз ластанған қолды сумен немесе сабынмен жуу (зарарсыздан-дырғыштар қолданылмайды) терідегі көп мөлшердегі транзиторлы микроорганизмдерді жояды. Қолды әлеуметтік өңдеу тамақты пайдаланар алдында, әжетханадан соң, наусқасты тексерерде және тексеріп болғаннан соң, қол ластанғаннан соң өткізіледі.

Гигиеналық деңгей
Қолды жуу үшін зарарсыздан-дырылған заттарды пайдалану; бұл микроорганизмдерді жоюға және кетіруге арналған өте тиімді әдіс. Қолдың гигиеналық өңдеуі алдымен инвазия рәсімнің орындалуымен ескеріледі, иммунитеті төмен науқасты тексеріп болғаннан соң, жаралармен немесе несеп шығаратын катетермен жұмыс жасағаннан соң, қолғапты киерде және қолғапты шешкеннен соң, ағзадағы биологиялық сұйықтықпен жанасқанда немесе микробтық ластанудан соң пайдаланылады.
Қолды гигиеналық өңдеу 2 кезеңнен тұрады:
қолды механикалық тазалау және антисептикпен қол терісін залалсыздандыру

Хирургиялық деңгей
әр хирургиялық араласуларда жүргізіледі, емделушінің терідегі жабынның тұтастығының бұзушылығымен жүргізіледі, микроорганизмдердің операциялық жараға немесе операциядан кейінгі инфекциялық қозуға әсер етуін алдын - алу үшін жүргізіледі.

Қолды өңдеудің ережелері:
Механикалық өңдеуден айырмашылығы, хирургиялық өңдеуге білекті тазалау кіреді, кептіру үшін стерилді майлықтар пайдаланылады, ал қолды жуу кем дегенде 2 минутқа созылады
Кептіргеннен кейін қосымша тырнақасты мен тырнақ жаны бірреттік стерильді ағаш таяқшамен, зарарсыздандырылған дымқыл ертіндімен өңделеді. Шөткелерді қолдану маңызды емес.
Егер бәрібірде шөткелер қолданылса, онда әрқашан стерильді жұмсақ немесе автоклавтауға төзімді шөткелерді, сонымен қатар шөткелерді тек қана тырнақаралық үйінділер үшін немесе жұмыс ауысуының бірінші өңдеуінде пайдалану керек.
EN-1500-дің тізбектелген қатал қозғалысын сақтай отырып, механикалық өңдеуден кейін, кептірмей тұрып, қолдың жалғауларына 3 мл-дей зарарсыздандырғыш жағылады («Оллсепт про», «Спитадерм», «Стериллиум», «Октенидерм» және т. б. ), сосын ол теріге сіңеді. Теріге зарарсыздандырғыш жағу процедурасы кем дегенде 2 рет жүргізіледі, зарарсыздандырғыштың ортақ шығыны - 10 мл, емшараның толық уақыты - 5 минут.
Стерильді қолғапты тек қана құрғақ қолға киеді. Қолғаппен жұмыс жасап жатқанда 3 сағаттық өңдеуден кейін басқа қолғапқа ауыстырып жұмыс жасау керек.
Қолғаппен жұмыс жасап болғаннан соң қолды тағы да майлықпен сүртеміз, дымқыл теріні зарарсыздандырғышпен, сосын сабынмен жуып, жұмсартатын креммен ылғалдандырылады

Дезинфекция
Дезинфекция(залалсыздандыру) - қоршаған ортадағы адам үшін бактериалды споралардан басқа патогенді микроорганизмдерді жою үдерісі; бұл термин жансыз нәрселерге негізделген, биологиялық тіндер үшін “антисептика” термині қолданылады.
Дезинфекция түрлері:
Алдын-алу немесе профилактикалық
Ошақты: ағымды және қорытынды

Алдын алу дезинфекция- анықталған инфекция көздері болмаған жағдайда жүргізіледі. Алдын-алу дезинфекциясының мақсаты- пациенттің қолданған құралдарын жүйелу түрде залалсыздандыру жолымен басқа адамдарға жұғу қауіпін азайту.
Ошақты залалсыздандыру- ауырған адам мен малдың қасында болып, олар сауығып кеткенге дейін күнделікті бақылау жүргізіп отыру, ауруды емдеуге алып кете салысымен және аурудан жазылып кеткеннен кейін немесе ауру өліп қалғаннан кейін бірден кешікпей
ауру орнын толық өңдеуден өткізу.
Дезинфекция әдістері:
Механикалық
Физикалық
Химиялық
Комбинирленген немесе аралас;
Залалсыздандырудың механикалық әдісі
Бұл тәсіл нысандарда микроорганизмдердің концентрациясын төмендетуге негізделген. Инфекцияның пайда болуына қоздырғыштың дозасы үлкен әсер етеді. Бөлмені және жиһазды ылғалды тазарту, сыпыру, шаңсорғышпен өңдеу, бөлме ауасын тазарту, жуып-шаю және жуу, қолды жуу микроорганизмдерді жою кезінде қолданылады.

Дезинфекцияның физикалық әдісі
Дезинфекцияның физикалық әдісі түрлі физикалық факторлардың әсерімен микроағзаларды жоюға негізделеді. Күен сәулелері, қайнату, пастеризация, кептіру, үтіктеу, өртеу, күйдіру мен тесу, ультракүлгіндік сәулелендіру жатады.
Дезинфекциялық заттарға қойылатын негізгі талаптар:
жоғары бактерицидтілік;
адамдарға зиянсыз болуы;
өңделуші заттардың құртылуын болдырмауы;
суда еруі;
сақтаудағы тұрақтылығы;
қолданудағы ыңғайлылығы;
органикалық заттардың қатысуымен бактерицидті әсерінің сақталуы;
Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялық құралдар
«Деохлор» құралы; «ДЕЗ-ХЛОР» дезинфекциялық құралы; «Вапусан» дезинфекциялық құралы; «ДП-Алтай» дезинфекциялық құралы,
«Санивап» дезинфекциялық құралы

«Деохлор» құралы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz