Банк операциялары


Slide 1

БАНК ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. ҚР БАНК ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

2. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ, БАНК ОПЕРАЦИЯЛАРЫ

3. БАНК ҚЫЗМЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

Slide 2

«Банк» сөзі италян тілінде «bансо» - ақшалы стол, айырбас жүргізілетін орын деген мағынада түсіндірілген.

Банк ұғымы және оның қызметінің мәні туралы әдебиеттерде кеңінен талқыланған. Мәселен, Е. Ф. Жуков оны қарыз капиталының қозғалысына, оны шоғырландыру мен бөлуге байланысты кәсіпкерлік қызметтің ерекше түрі деп санаса, Бруно Бухвальд «банк дегеніміз ақша, несие және сол тәрізді операциялармен айналысатын кәсіпорын болып табылады» деп түсіндіреді.

Slide 3

Ең бірінші банк Италияның Генуя қаласында 1407 жылы мамандандырылған несие-есеп айырысу институты ретінде құрылған.

Банктік құқық экономиканың банктік секторындағы банктік іс пен банктік қызметті және оларды жүзеге асыру барысында туындайтын қоғамдық банктік қатынастарды реттейді.

Банк қызметі «ҚР - дағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы, «ҚР-ның Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Заңдарымен реттеледі.

Slide 4

Банк жүйесін құру және оның тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз ету, банктік қызметтерді ұйымдастыру мен жүзеге асыру, банктердің өзге де қатысушылардың құқықтық мәртебесін белгілеу, банктердің қаржыларын мемлекеттік реттеу, банктік қадағалау - бақылау жүргізу, құқық бұзушылық фактілерін анықтау және ол үшін заңды жауапкершілік шарасын қолдану барысында туындайтын қоғамдық валюталық қатынастар құқықтық реттеу пәнін құрайды.

Slide 5

ҚР-ның банк жүйесi екi деңгейден тұрады.

ҚР -ның Ұлттық Банкi орталық банкi болып табылады және ҚР банк жүйесiнiң жоғары (бiрiншi) деңгейiн бiлдiредi.

ҚР-ның заң актісімен белгіленген ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, өзге банкiлердiң бәрi банк жүйесiнiң төменгi (екiншi) деңгейiне жатады. Олар заңға сәйкес банк қызметiн жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.

Slide 6

Коммерциялық банктер - жеке клиенттердің (ағымдағы есепті жүргізу, коммерц. несиелерді ұсыну және т. б. ) салымдары түрінде тартылған ақша капиталдары мен сақталған ақша есебінен барлық саладағы кәсіпорындар үшін әмбебап банктік операцияларды жүзеге асыратын кредиттік мекемелер; кредиттік жүйенің негізгі буыны.

Slide 7

Банктер акционерлiк қоғамдар нысанында құрылады.

Банк өз жарғысында жазылған атауды өзiнiң атауы ретiнде пайдаланады. Банктiң атауында "банк" деген сөз немесе одан туындаған сөз болуға тиiс.

Уәкілетті органнан басқа барлық банктерге өз атауында кез келген тiлде толық немесе қысқарған түрде «ұлттық», «орталық» деген сөздердi пайдалануға, "мемлекеттiк" деген сөздi қолдануға тыйым салынады. Ислам банкінің атауында "ислам банкі" деген сөз тіркесі болуға тиіс.

Slide 8

Банктiң ресми мәртебесi заңды тұлғаны тіркеуші органдарда банк ретiнде мемлекеттiк тiркеумен және банк операцияларын жүргiзуге ҚР Ұлттық Банкі лицензиясының болуымен айқындалады. Уәкілетті орган өз құзыретi шегiнде банк қызметiнiң мәселелерi бойынша реттеудi, сондай-ақ өзінің ведомствосымен қатар бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыс iстеуi үшiн жалпы жағдайлар жасауға ықпал етеді.

Slide 9

Коммерциялық банктер мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:

1. Жарғылық капиталдың қалыптасуына қарай:

мемлекеттік;

акционерлік;

жеке;

пай қосу арқылы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) ;

аралас (шетел капиталының қатысуымен) .

Slide 10

2. Операцияларының түрлеріне қарай:

әмбебап, яғни экономиканың барлық салаларына бірдей және кең көлемді банктік қызмет көрсететін банктер;

маманданған, яғни бір ғана салаға қызмет көрсететін банктер;

3. Аумақтық белгісіне қарай:

халықаралық;

мемлекетаралық

ұлттық;

аймақтық;

Slide 11

4. Салалық белгісіне қарай:

өнеркәсіптік банктер;

сауда банктері;

ауылшаруашылық банктері;

құрылыс банктері;

басқа.

5. Филиалдар санына қарай:

филиалсыз;

көп филиалды.

Slide 12

Банкті ашу немесе оның қызметін ұйымдастыру кезеңдері:

Банк ашуға рұқсат алу;

Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту;

Банк операцияларын жүргізуге лицензия алу.

Банк ашу үшін рұқсат алуға берілген өтініш үш ай әрі кеткенде алты ай мерзімі ішінде өкілетті органда қаралады.

Лицензия алу үшін мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, бір жылға дейін мыналарды орындауға тиіс:

- ұйымдастырушылық-техникаяық шараларды орындау, ҰБ нормативтік талаптарына сәйкес бөлмелерді және құрал-жабдықтарды дайындау, тиісті біліктілігі бар қызметкерлерді қабылдау;

- жарияланған жарғылық капиталды төлеу.

Slide 13

Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер өз қызметін жүзеге асыру барысында филиалдарын, өкілдіктерін, жинақ кассаларын, сондай-ақ еншілес банктерін аша алады.

Банктің филиалы - филиал туралы ережеде немесе лицензияда көрсетілетін банктік операцияларды жүзеге асыруға кұқылы және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар, занды тұлға болып табылмайтын банктік мекеме.

Банктің өкілдігі - банктік операцияларды жүзеге асырмайтын, яғни банктің тапсырмасымен және оның атынан әрекет ететін банктің орналасқан жерінен тыс орналасқан, занды тұлға болып табылмайтын банктің құрылымдық бөлімшесі.

Еншілес банк - жарғылық капиталдың елу пайыздан астамы бас банкке тиесілі және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар заңды тұлға.

Slide 14

Басқару органы пайда алу мақсатында коммерциялык банктің қызметіне тиімді жетекшілік етуді камтамасыз етеді. Банктің құрылтайшылары басқару органына тікелей қатысады.

Акционерлік коммерциялық банктің ең жоғарғы органы - акционерлердің жалпы жиналысы.

Акционерлердің жалпы жиналысы жылына бір рет шақырылады.

Онда мынадай міндеттер шешіледі:

банктің жарғысына өзгерістер енгізу;

банктің жарғылық капиталын өзгерту;

банктің Кеңесін сайлау;

банктің жылдық есебін бекіту;

банктің табысын бөлу;

банктің құрылымдық немесе еншілес белімшелерін құру және тарату.

Slide 15

Екінші басқару органы - банктің қадағалау кеңесі.

Ол келесідей міндеттерді шешеді:

нормативтік актілерді бекітеді;

Басқарма немесе Басқарма төрағасының шешімі бойынша жасалған мәмілелерді бекітеді.

Келесі басқару органы - бұл басқарма (Банк кеңесі) . Ол атқарушы немесе өкілетті орган.

Басқарма - банктің иелерінен, оның акционерлерінен құралады және олардың мүдделерін қорғайды.

Басқарманың міндеттеріне мыналар жатады:

банктің стратегиялық мақсатын анықтау;

банктің саясаттарын жасау;

жетекшілік қызметке кадрлар тандау;

комитеттерді кұру;

инвестициялық операцияларға бақылау жасау.

Slide 16

Банк төрағасына мынадай міндеттер жүктеледі:


Ұқсас жұмыстар
Коммериялық банктердің негізгі қаржылық операциялары
Банктің пассивтік операциялары
Сенім Банк
АКТИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАР
Банктің касса операциялары
БТА Банкі
Коммерциялық банктердің операциялары
Ұлттық банкының ақша - несие саясаты
Банктердің жүргізетін операциялары
Орталық банк
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz