Сүйек ұлпасы
Презентация қосу
«Астана медицина университеті» КеАҚ
Гистология және цитология кафедрасы
БӨЖ
Сүйек. Эктопиялық дамуы. Физиологиялық және посттравмалық
регенерация. Сүйектің қайта құрастырылуы, оның құрылымына
әсер ететін факторлар. Дәнекер тіндері.
Орындаған:
Группа:
Тексерген:
ЖОСПАР
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1 Сүйек ұлпасы.
2.2 Сүйектің жіктелуі.
2.3 Сүйек тінінің дифероны мен остеогистогенезі.
2.4 Сүйектің регенерациясы
2.5 Дәнекер тіндері
2.6 Дәнекер тін жіктелуі
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Сүйек ұлпасы сүйек
жасушалары — остеоциттерден
және жасушааралық зат — сүйек
тақташалрынан тұрады. Сүйек
ұлпасын түзетін жас
жасушаларды остеобласттар деп
атайды. Сүйек ұлпасы қаңқа
сүйектерін қүрайды. Сүйектер
сыртынан сүйеккаппен (периост)
қапталған. Сүйектер организмде Сүйек — тірі ағзаның тірек-қимыл мүшелерінің
тіректік, механикалық, қорғаныс ішіндегі жұмсақ тіндердің тірегі және
қызметтерін атқарады және бұлшықеттердің қозуы кезінде рычаг қызметін
минералдық тұздар мен май атқаратын маңызды құрылым. Адамның
алмасуына қатысады. денесіндегі 200-ден астам тақ және жұп сүйек-тер
адамның қаңқасын немесе скелетін құрайды
СҮЙЕК ҰЛПАСЫНЫҢ
ҚҰРЫЛЫСЫ
Сүйек ұлпасын құрайтын жасушалар остеобласт (osteon - сүйек, blastos - өскін, ұрық деген
грек сөздерінен шыққан) деп аталады.Ол жасушаларда коллаген фибриллаларын синтездеп бөліп
шығарады. Бөлініп шығарылған заттар жасушааралық кеңістікке жиналады да, жасушадан тыс
ағзалық матрикс түзеді.Остеобластар бір-бірімен жасушалық өсінділер арқылы өзара байланысып
жалғасады. Матриксте негізінен фосфор қышқыл мен кальций тұздары қабат-қабат болып
жиналады. Бұдан өзге оған көмірқышқыл тұздары, фторлы тұздар, аздаған кальций гидроксидтері
қатысады. Ақуыздар, күрделі қанттар басқа да ағзалық заттар осы тұздардың бәрін біріктіріп
цементтейді. Сөйтіп сүйек ұлпасы пайда болады. Мықты тығыз сүйек массасы бойынша 20%
немесе көлемі бойынша 40% коллагеннен құралады. Ал оның қалған бөлігі минералды заттардың
үлесіне тиеді.
СҮЙЕКТІҢ ЖІКТЕЛУІ
Сүйек ұлпасының екі түрі бар:
ретикулофиброзды пластинкалы.
Сүйек ұлпалары үш түрлі клеткалардан тұрады:
остеоцит
остеобласт
остеокластар
РЕТТИКУЛОФИБРОЗДЫ
СҮЙЕК ҰЛПАСЫ
Ретикулофиброзды сүйек ұлпасы - матрикстегі коллаген талшықтарының ретсіз орналасуымен
сипатталады. Ол салыстырмалы түрде төмен механикалық беріктігімен сипатталады және
әдетте остеобласттар жоғары жылдамдықпен остеоид түзген кезде пайда болады. Әдетте, бұл
ұрықтың сүйек тінінің қалыптасуы кезінде, патологиялық жағдайларда - сүйек сынығын емдеу
кезінде немесе Пагет ауруы кезінде пайда болады. Остеоциттер денелері бар лакуналардың
тұрақты бағыты болмайды. Ретикулофиброзды сүйек ұлпасы сүйек тінінде остеоциттердің
мөлшері пластикалыға қарағанда жоғары, ал оның матрицасында негізгі зат көп және
минералды компоненттер аз болады. Сүйек тінінің қалыпты дамуы мен регенерациясы кезінде
дөрекі талшықты сүйек тіндері біртіндеп пластикалыға сүйек ұлпасымен ауыстырылады.
Ересек адамда тек бас сүйегінің өскен тігістерінде және кейбір сіңірлердің сүйекке бекінген
жерлерінде ғана сақталады.
1-араласып жатушы коллаген талшықтарының
шоғыры
2-остеоциттер
ПЛАСТИНКАЛЫ СҮЙЕК
ҰЛПАСЫ
Пластинкалы сүйек ұлпасы - ересек адамда бүкіл
сүйек қаңқасын құрайды. Оның минералданған
жасушааралық заты қалыңдығы 3-10 мкм арнайы
сүйек пластинкаларынан тұрады, олардың
әрқайсысында параллельді жіңішке коллаген
талшықтары бар. Көршілес пластиналардың
талшықтары бір-біріне бұрыш жасап жатады, бұл
оларға әсер ететін жүктемелердің біркелкі таралуына
ықпал етеді. Сүйектегі пластиналар бірнеше жүйені
құрайды. Остеоциттер денелері орналасқан лакуналар
пластинкалардың арасында рет-ретімен орналасады, 1-сүйек пластинкалары
ал жасуша өсінділері орналасқан сүйек түтікшелері 2-остеоциттер
пластинкаларға тік бұрышпен енеді. 3-остеоциттердің байланысқан өсінділері
4-сүйек пластинкасы ішінде параллельді бағытталған коллаген
талшықтары
СҮЙЕК ТІНІНІҢ ДИФЕРОНЫ МЕН
ОСТЕОГИСТОГЕНЕЗІ.
Сүйек ұлпасының дамуы-остеогистогенез деп аталады.
Сүйектің дамуы екі түрлі жолмен қалыптасады:
• Тура остеогенез-сүйектің мезенхимадан дамуы
• Тура емес остеогенез-мезенхимадан дамыған шеміршектің орнына
қалыптасып дамуы.
Постэмбриональды кезеңде сүйектің дамуыфизиологиялық және реперативті
регенерацияға жатады.
Сүйек тінінің дамуында, сүйек дифферон қатарын түзетін жасушалар қатары:
бағаналы, жартылай бағаналы, остеобласттар, остеоциттер болып жіктеледі.
Бағаналы жасушалардан сүйек тініндегі остеокластар дамиды, бұлар ағзадағы
макрофагтардың бір түрі.
СҮЙЕКТІҢ
РЕГЕНЕРАЦИЯСЫ
Сүйектің физиологиялық регенерациясы периосттың остеогенді жасушалары арқылы
өтеді,бірақ өте баяу жүреді. Сүйектің жарақаттанып сынғаннан кейінгі регенерациясы,
егер сынған сүйектің ұштары ығысып кетпесе тез жүреді. Бұл процеске- остеогенезге
қатысатын жасушалар: остеобласттар мен остеокласттар қатысады. Алғашқы
сүйектену кезеңінде дәнекер тінді шеміршек аралшықтары пайда болып, одан кейін
екіншілік остеогенез процесі жүреді.
ДӘНЕКЕР ҰЛПАСЫ
Дәнекер ұлпасы -адам мен жануарлар организмдерінің барлық мүшелері құрамына кіретін,
денедегі ең көп тараған ұлпа. Дәнекер ұлпасы — мезенхимадан дамып,организмнің
ішкіортасын құрайды. Құрылысы жағынан дәнекер ұлпасы
жасушалардан және жасушааралық заттан тұрады. Оның кейбір түрлерінде
жасушалар басым болады, ал басқа өкілдерінде керісінше жасушааралық
заттар көбірек болады. Дәнекер ұлпасының атқаратын қызметі жасушалар мен
жасушааралық заттың арақатнасына тікелей байланысты. Сұйық дәнекер
ұлпасы қан мен лимфада қоректік және қорғаныс қызметтері
басымырақ, ал жасушааралық заттары тығыз, қатты ұлпаларда тіректік және механикалық
қызметтер жақсы жетілген. Дәнекер ұлпасы жасушалары құрылысында полярлық
айырмашылықтар болмайды. Жасушааралық заттар ұлпа жасушаларының туынды өнімдері
болғанымен, массасы мен мөлшері жағынан жасушаларға қарағанда әлдеқайда мол болады.
Сондықтан, жасушааралық заттар дәнекер ұлпаларының маңызды, атап айтқанда,
қоректендіру қорғаныс, тіректік, механикалық т.б. қызметтерді атқаруға
қатысады.
Дәнекер тіндері: меншікті дәнекер тіні және қаңқалық болып
жіктеледі.Қаңқалық тіндерге шеміршек және сүйек тіні жатады.Олармен қоса
тіс цементі мен дентиннің осы тінге қатысады.
Меншікті дәнекер тіндері.Борпылдақ дәнекер тіні ағзада көптеген
мүшелердің құрамында кездеседі, оның ішінде қан мен лимфа тамырларының
сыртын қоршап, көптеген мүшелердің стромасын түзеді. Бұл тіннің құрамында
жасушалары мен жасуша аралық заты бар. Жасушалары. Дәнекер тіннің ен
негізгі жасушаларына, фибробласттар, макрофагтар, тін базофильдері,
адвентициальді жасушалар, плазмоциттер,май жасушалары мен қаннан келген
лейкоциттер және пигментоциттерде кездеседі.
ҚОРЫТЫНДЫ
Тірек-қимыл аппараты негізінен сүйек, бұлшықет,байланыстар, сіңір,шеміршек,
буын және буын капсуласынан тұрады. Оның негізгі
мақсаты кеңістікте дененің қимыл қозғалысын қамтамасыз етеді.
Балалар сүйегінің қанмен қамтамасыз етілуі қарқынды өтеді, бұл сүйектің
сынғаннан кейінгі жылдам өсіп регенерациялануына себепші болады.Балаларда
сүйек ересектерге қарағанда өзгеше, өсуі
қарқынды, яғни қалыңдығы жылдам өседі. Жатырішілік кезең мен балалық шақта
сүйек қуысы қызыл сүйек миымен толтырылған, құрамы лимфоидты элементтер
және қан жасушаларымен
толтырылып ағзаның қан жасау мен қорғаныш
қызметін атқарады. Ал, ересектерде қызыл сүйек миы
тек жалпақ кеуекті зат ұяшықтарында, қысқа кеуекті
сүйектерде, түтікті сүйектер эпифизінде болады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР
"Гистология, эмбриология және цитология"Ж.О. Аяпова,Алматы 2007ж.
"Цитология и общая гистология" В.Л. Быков, Санкт-Петербург 2000ж.
"Гистология, эмбриология, цитология" Ю.И. Афанасьеф,Алматы 2002ж.
Р.Б. Абилдинов, Ж.О. Аяпова, Алматы 2006ж
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz