Виртуалды шындықтағы адам


Slide 1

Виртуалды шындықтағы адам

11-сынып

Орындаған: 5 топ

Slide 2

Топқа бөлу

Slide 3

Суреттен қандай қорытынды шығарасыздар?

Slide 4

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары 11. 2. 4. 2 - виртуалды және кеңейтілген шынайылықтың психикалық және физикалық денсаулыққа әсері туралы айту Сабақтың мақсаты: Виртуалды және кеңейтілген шынайылықтың адам денсаулығына әсері туралы біледі; Виртуалды шынайылықтың адам денсаулығына тигізетін оң және теріс әсерін санамалап көрсете алады; виртуалды және кеңейтілген шынайылыққа әсер ету салдары туралы пайымдай алады.

Slide 5

Бүгінгі сабақта:

Виртуалды және кеңейтілген шындықтың адамның психикалық және физикалық денсаулығына әсер етуі туралы мағұлмат аласыздар;

Виртуалды тәуелділік туралы мағұлмат алып, зардабымен танысасыздар.

Slide 6

Виртуалды тәуелділік

Шынайы өмірде өз орнын таба алмаған адамның витуалды өмірге ұмтылатыны байқалады. Себебі виртуалды өмірді бағын-дыру әлдеқайда жеңілірек.

Бұл жағдайды мамандар «Виртуалды тәуелділік» деп атайды.

Slide 7

«Виртуалды тәуелділік»-ке не себеп болады?

Виртуалды әлемге жиі кірген адам өзінің кейіпкері рөліне еніп, шынайы өмірге оралғысы келмейді. Сондай-ақ адам уақыт сезімін жоғалтады және бейәлеуметтік болып кетеді.

Қатты дыбыстар мен суреттердің күрт ауысуы да ойыншының жүйке жүйесіне теріс әсер етуі мүмкін.

Slide 8

«Виртуалды тәуелділік»-ті анықтаудың қарапайым тәсілдері

«Виртуалды тәуелділік» проблемасымен шұғылданушы мамандардың күш салуына қарамастан, олар ұсынған сипаттама ресми психиатриалдық стандарттарға кірмейді.

Slide 9

Адамда төмендегі белгілер анықталса, «виртуалды тәуелділіктен» зардап шегіп жүр деп көруге болады. Олар:

4. Компьютермен жұмыс істеу кезінде шын өмірде тыйым салынатын қауіпті іс-әрекеттермен айналысса (мысалы, агрессивті немесе соғыс типті ойындар ойнаса) .

3. Компьютер алдында өткізген уақытын зая кетірсе (мысалы, нақты өмірде жасалмай қалған маңызды істер) .

2. Ол компьютер алдында өткізген уақытқа қатысты жалған сөйлесе немесе немен айналысқаны туралы ақпаратты жасырса.

1. Компьютер алдында өткізген уақытты бақылай алмаса (оны азайтуға, программадан шығуға уәде беріп, ол уәдесінде тұрмаса; компьютер ойнына кедергі келтіретін адамдарға агрессия танытса)

Slide 10

Тәуелділік

циклі

Өзін-өзі

кінәлау

Эмоцияға

берілу

Құшарлық

(кайф) сезіміне берілу

Әртүрлі наным, сенімдерге сену

Нашақорлық бен тәуелділік

Slide 11

Шын мәнінде, тәуелділік пән ойындар психологиялық тұрғыдан жеке тұлғаны Мен-шынайы және Мен-виртуалды ретінде екіге бөледі. Мұндай жағдай, әсіресе, кәмелеттік жасқа толмаған балалар үшін қауіпті.

Slide 12 Slide 13

Виртуалды және кеңейтілген шындық көзілдірігінің адамға тигізетін зияны

Виртуалды және кеңейтілген шындықтың жаңа технологиялары ойдан шығарылған әлемге тереңірек ену үшін көзілдірік пен бас киімдер жасауға мүмкіндік береді.

Медициналық тұрғыдан алғанда, VR көзілдіріктерінің зияны компьютер мониторына қарағанда өте әлсіз. Көзілдірікте көз бір нүктеде шоғырланбайды, ол әрбір қозғалысты бақылап, тынышытықта болмайтындықтан, виртуалды шындық көзілдірігі көз үшін аса қауіпті емес.

Slide 14

Алайда виртуалды шындық құрылғыларының қаупі өзгеде. Виртуалды әлемге шамадан тыс батқан адам кеңістікте бағдарын жоғалтады, бұл ағзаның вестибулярлық жүйесінің проблемаларына әкеледі. Сондықтан бас мониторларын күніне үш сағаттан артық қолданбай, әр жарты сағат сайын үзіліс жасау ұсынылады.

Slide 15

Виртуалды шынтық көзілдіріктерінің адам психикасына зияны

Виртуалды шындық көзілдіріктері адамның эмоционалды күйіне, жеке тұлға типіне және басқа да факторларға байланысты әртүрлі әсер етеді. Виртуалды шындық бас киімін қолдануға өте сақ болу керек. Себебі ол қабылдау қабілетін, ақыл-ой дамуындағы тежеулерге әкелуі мүмкін.

Slide 16

Сақтық шаралары:

Кез келген жастағы адамдарға бас киімді ұзақ киюге болмайды. Өйткені бұл көру координациясына, тепе-теңдік қабілетіне теріс әсер етуі мүмкін.

Жүкті әйелдерге, қарт адамдарға және жүрек-қантамыр ауыруларымен, эпилепсиямен және басқа да ауыр психикалық аурулармен ауыратын, сондай-ақ көру қабілеті бұзылған адамдарға виртуалды шындықтан бас тарту керек;

13 жасқа дейінгі балаларға бас киімдерін қолданудың қажеті жоқ немесе үлкендердің бақылауымен пайдалану керек;

Slide 17

Дүние жүзінде қанша виртуалды шындық пайдаланушылар бар?

2018 жыл әлемде виртуалды шындықтың 171 миллион белсенді қолданушысы анықталған. 2023 жылға қарай әлемдік виртуалды шындық нарығы 34 миллиард долларды құрайды деп күтілуде. AR қолданушылары 60 миллионға жетеді деп болжанып отырғанда, 2019 жылы АҚШ-та 42, 9 миллион азамат виртуалды шындықты айына кемінде бір рет пайдаланған. VR ойын-сауық құралдары, виртуалды шындық нарығының 40, 5% үлесін иеленеді.

Ақпарат көзіне шолу жасайық

Slide 18

Жеке тапсырма. Сұрақтарға жауап берейік.

https://forms. gle/oahgb3qkuv45Kz4b7

Slide 19

Топтық жұмыс.

Асыл отбасында ерке, кішкентайынан қалаған ойыншығына қол жеткізе білген бала. Бірақ, ата-анасы жұмысбасты болғандықтан, Асылға уақыт бөле алмайтын. Биыл ол 9-сыныпта оқиды. Туған күнінде ата-анасы Асылға VR шлемін алып берді. Үйде жалғыз уақыт өткізетін Асыл сағаттар бойы виртуалды ойындар ойнап, виртуалды саяхаттар жасап, уақыттың қалай өткенінде білмей қалатын еді.


Ұқсас жұмыстар
Ойлау туралы жалпы түсінік
Адам виртуалды кеңістікте
ВИРТУАЛДЫ ШЫНДЫҚ ВИРТУАЛДЫ ШЫНДЫҚ
Кеңістікті қабылдау
Уақытша қабылдау
Оқу процессінде виртуальды тәжірибенің орны мен маңызы
Қабылдау - ақиқат дүниедегі заттар мен құбылыстардың сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп, тұтастай заттық түрде бейнеленуі
ҚАБЫЛДАУДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ
Күндізгі уақытта өсімдіктер
Операциялық жүйелер, орта және қабықтар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz