Мал шаруашылығының маңызы




Презентация қосу
Тақырыбы: Кіріспе. Мал
шаруашылығының маңызы.
Жоспары
1.Жануарлардың сыртқы пішіні мен дене бітімін бағалау.
2.Ауыл шаруашылығы малының өсу және жетілу
заңдылықтары.
3.Ауыл шаруашылығы малының дене бітімі, сыртқы пішіні
және ішкі құрылысы.
4.Малдың түр-тұлғасы - сырт-пішіні.
5.Қазақстандағы мал шаруашылығы.
• Мал шаруашылығы -
халық
шаруашылығының
маңызды саласының
бірі. Мал
шаруашылығына
қой, ешкі, cиыр,
жылқы, түйе,
шошқа, құс, үй
қояны, бұғы, есек,
бал арасы, ит, жібек
құртын өсіру
жатады.
• Мал шаруашылығының ғылыми негізі зоотехния болып
есептелінеді. Зоотехния деп мал тұқымын жүйелі түрде
асылдандырып, ұтымды жолмен азықтандыруды, бағып-
күтуді ұйымдастыра отырып, олардың сапалы мөл, әрі
арзан өнім алу мәселесін зерттейтін ғылымдар
жиынтығын айтады. Зоотехния ғылымын жалпы
зоотехния және жеке зоотехния деп екіге бөледі. Жалпы
зоотехнияға малдың барлық немесе көпшілік түліктеріне
қатынасы бар асылдандыру, азықтандыру және бағып-
күту әдістерін зерттейтін ғылымдарды жатқызады. Бұған
мал өсіру, азықтандыру, зоогигиена және басқалар
жатады.
• Ауыл шаруашылығы малының дене бітімі, сыртқы пішіні және
ішкі құрылысы. Мал тұқымын асылдандыру жұмысында әсіресе
сұрыптау мен жұп таңдауда малдың дене бітіміне үлкен мән
беріледі. Себебі малдың бітімі мен өнім бағыты, қажырлылығы,
белгілі жер жағдайына бейімділігі, ауа райының, бағып-күтудің
жағымсыз жағдайларына төзімділігі, денсаулығының мықтылығы
арасында тығыз байланыс бар. Ал малдың дене бітімі деп
организмнің нәсілдік қасиеті мен анатомиялық-физиологиялық
құрылыс ерекшеліктері негізінде қалыптасқан, жалпы ішкі және
сыртқы құрылыс жиынтығын айтады. Дене бітімі ерекшеліктері
малдың түр-тұлғасынан, өнімдік қасиеттерінен және сыртқы орта
әсерлеріне жауап әрекеттерінен білінеді. Қорыта айтқанда дене
бітімі малдың жақсылығын да, жамандығын да қалыптастыратын
негіз, оның маңыздылығы осында.
• Малдың түр-тұлғасы - сырт-пішіні. Малдың дене бітімі дегеніміз оның сыртқы түр-
тұлғасы мен ішкі құрылысының бірлестігі. Сондықтан малдың дене бітіміне баға беру үшін
алдымен оның түр-тұлғасын зерттеу керек. Малдың сыртқы түр-тұлғасын, пішінін
- экстерьер деп атайды. Экстербер - француз сөзі, сөзбе-сөз аудармасы сыртқы түр. Орыс
тілінде экстерьердің нақтылы баламасы болса да, экстерьер сөзі зоотехниялық әдебиетте
орыстың төл сөзіне айналды. Сондықтан экстерьер сөзі бұл кітапта да қазақша баламасымен
қатар қолданылады. Экстерьер туралы ілімнің қалыптасуының алғы шарты, малдың сыртқы
түр-тұлғасы, пішіні мен өнімділік қасиетінің арасында тығыз байланыстың болуы.

• Малдың өсуі дегеніміз оның клеткаларының тканьдері мен органдарының үлкеюі жалпы
бойының, көлемінің, салмағының артуы. Бұлардың бәрінің негізінде клетканың бөлінуі мен
үлкеюі, клетка аралық заттардың үлкеюі сияқты үш құбылыс жатады.

• Даму дегеніміз философиялық тұрғыдан алғанда белгілі бір бағыттағы ілгері қозғалыс,
құбылыстың бір күйден екінші күйге заңды ауысуы, қарапайымдылықтан күрделіге, төменгі
сатыдан жоғары сатыға көшу жолдары.
•Жеке организм тұрғысынан алғанда даму дегеніміз оның күрделенуі, белгілі бір арнайы қызмет
атқаратын тканьдердің, органдардың пайда болуы және олардың арасында жаңа қатынастың қалыптасуы,
яғни организмдегі сапалық өзгерістер жиынтығы.

•Малдың өсуін зерттеу тәсілдері. Малдың өсіп-жетілуін организм құрылымының әр түрлі деңгейінде
зерттейді. Соған сәйкес зерттеу тәсілдері де әр түрлі. Біз селекция тәжірибесінде қолданылатын тәсілдерге
тоқталамыз.

• Селекция тәжірибесінде малдың өсіп-жетілуін туғаннан кейін оның салмағын, бойын және көлемін өлшеу
арқылы анықтайды. Көбінесе алғашқы екі тәсіл қолданылады. Малдың өсіп-жетілуі туралы дұрыс
мағлұматтар алу үшін өлшеу мерзімдерінің (қашан, қай жаста, қанша уақыттан кейін) маңызы үлкен.
Көрсетілген мәселелерді түліктің түріне, зерттеу мақсатына байланысты шешеді.

•Мысалы, малдың жас ерекшеліктеріне байланысты өсу заңдылықтарын анықтағанда, әсіресе малдың
жас уақытында жиі өлшейді. Сол сияқты тез жетілгіш ұсақ малды (қоян, шошқа, қой т.б.) қара малға (сиыр,
түйе, жылқы) қарағанда жиі өлшейді. Шаруашылық жағдайында малдың өсіп-жетілуін бақылау үшін малды
туғанда, бір, екі, үш, алты, тоғыз, он екі және он сегіз айлықтарында өлшейді. Екі жасқа толғаннан кейін
жылына бір рет өлшейді.

Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы мал шаруашылығы
Ветеринарлық шаралардың экономикалық тиімділігі
Ауыл шаруашылығының даму бағыты
Биотехнология және ауылшаруашылығы
Мал шаруашылығындағы малдың тез жетілуінің маңызы
Құстар жайлы жалпы сипаттама
Аграрлық қатынастардың ерекшеліктері
Шикізат көзіне жақын орналасқан салалар
Өсімдік шаруашылығының салалары
Қой малын азықтандыру
Пәндер