Телекоммуникациялық желілер



Телекоммуникациялық желілер
Орындаған: Дүйсембай Айымгүл АУ-41
Тексерген: Абдугулова Ж. К

Жоспар:

Телекоммуникация (Telecommunications) - компьютерлік жүйелер мен қазіргі заманғы техникалық электрондық байланыс құралдары негізінде телефон желілері, спутниктік байланыс және т. б. арқылы мәліметтерді қашықтан жеткізуге қатысты жалпы ұғым; жалпы немесе арнаулы байланыс желілері (телеграф, телефон, радио арқылы мәліметтер алмасуға арналған қатынас) . Телефон жүйесі арқылы ақпарат жеткізу; ара қашықтықтық байланыс; мәліметтерді ара қашықтыққа жіберу.
Телекоммуникация, телеқатысым (латынша тele - қатынасу, байланысу, грекше - қашық және ауылшаруашылығы communіcatіon - байланыс) - ғылым мен техниканың халықты ақпараттық қызметтің барлық түрімен қамтамасыз ететін саласы; қашықтықтан ақпарат алмасуды жүзеге асыратын технологиялар жиынтығы.
Телекоммуникация дегеніміз не?

1837 жылдың 25 шілдесінде ағылшын өнертапқышы сэр Уильям Фотергилл Кук пен ағылшын ғалымы сэр Чарльз Уитстон алғашқы коммерциялық электр телеграфын жасап көрсетті. Екі өнертапқыш та өз құрылғыларын жаңа құрылғы емес, "жетілдірілген электромагниттік телеграф" деп қарастырды.
Самуэль Морс 1837 жылдың 2 қыркүйегінде электр телеграфының тәуелсіз жасап шығарған өз нұсқасын көрсетті. Алғашқы трансатланттық телеграф кабелі 1866 жылдың 27 шілдесінде табысты жасалып бітті, сол арқылы ең алғаш рет трансатланттық байланыс жүзеге асырылды.
Алғашқы болып телефонды 1876 жылы Александр Белл патенттеді. Элиша Грей де осы жылы патенттеуге ұсыныс берді. Алғашқы коммерциялық телефон қызметтері Атлантиканың екі жағындағы Нью-Хейвен мен Лондон қалаларында Bell Telephone Company компаниясымен 1878 жылы және 1879 жылы құрылды.
Телекоммуникация тарихы
1955 жылғы үлгідегі жапон радиосы
ХХ ғасырдағы алғашқы телефондардың бірі

Телекоммуникациялық желілер екі сыныпқа бөлінеді:
әмбебап
мамандандырылған.
Әмбебап жүйелер кең ауқымды және жоғары бағаға ие. Мамандандырылған жүйелерде барлық мүмкін ақпарат жоқ, сондықтан олардың бағасы төмен.
Телекоммуникациялық желілер сыныптары

Есептеуші желілерді топтастыру
Аймақтық белгісі бойынша; Топология бойынша (желі сәулеті) ;
Желіні басқару бойынша;
Берілу жолдарын ұйымдастыру бойынша.
Аумақтық белгі бойынша топтастыру
Жергілікті
Ұжымдық
Аймақтық
Ғаламдық
Көбіне бір санатқа біріктіріп жібереді, сонда желінің 3 түрі пайда болады
Желілерді топтастыру

Жергілікті желі - салыстырмалы түрде шектеулі кеңістіктің (мысалы ғимараттың) шегінде компьютерлер, басып шығарғыштар мен басқа да құрылғылар тобын біріктіретін коммуникациялық желі. Жергілікті желі бір біріне қосылған құрылғылардың өзара әрекеттесуіне мүмкіндік береді.
Ұжымдық желі - бұл жергілікті желімен тығыз байланыста, белгілі бір ұжым және оның жанындағы бірнеше ғимаратты аумақты қамтамасыз етеді.
Аймақтық (региональные) сети - географикалық аумақты қамтамасыз етеді.
Internet - Бүкіләлемдік желі (ақпараттық қызметті World Wide Web (WWW) - «әлемдік дау») . Ағылшынша- WAN (Wide Area Network) .




Интернетте екі негізгі протокол адресі қолданылады:
IP адрес (ағылш. Internet Protocol address) - Интернет протокол адресі бұл әр құралға (компьютер, принтер және т. б. ) жеке-дара бекітілген нөмірлі белгі, бұл құралдар компьютер желісінде өзара қарым қатынас жасау үшін Интернет протоколын қолданады.
ТСР (Transmission Control Protocol - ТСР) TCP хаттамасын бірнеше қолданбалы программамен бір компьютерде бір мезгілде пайдалану үшін ол адрестер мен порттар жиынтығы түрінде ұсынылуы тиіс. Өйткені порттар идентификаторы TCP хаттамасының әрбір программасымен тәуелсіз таңдалғандықтан, олар бірегей болады;
Жеткізуді басқару хаттамасы желіаралық хаттама - TCP/IP хаттамалары тобының көліктік деңгейі хаттамасы. Компьютерлер арасында байланыс орнатылғаннан кейін байттар ағыны түріндегі негізгі мәліметтерді жеткізуді қамтамасыз етеді. Қолданбалы программалар TCP хаттамасымен порттар (protocol port) арқылы әрекеттеседі; 1970 жылдары АҚШ Қорғаныс министрлігі жасап шығарған, желілерде кең тараған коммуникациялық хаттама түрі. UNIX операциялық жүйесінің құрамына кіреді, Internet жүйесінде кең қолданылады. TCP хаттамасының бір бөлігі - OSI моделінің транспорттық деңгейіне, ал IP хаттамасының бір бөлігі желілік деңгейге сәйкес келеді.

Телекоммуникациялық желілердің негізгі сипаттамалары
Телекоммуникациялық желінің негізгі сипаттамаларының бірі-компанияның қызметін қамтамасыз ету немесе пайдаланушылардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті ақпаратты алу мүмкіндігін беру.
Төменде ақпарат нарығының секторлары бойынша бөлінген ақпараттық ресурстарға қол жеткізу сипаттамалары берілген. Алынған ақпараттың сапасы (көлемі, сенімділігі, актуализациясы) көбінесе компьютерлік желіге емес, ақпараттық өнімнің иесіне байланысты болатындығын есте ұстаған жөн.
Телекоммуникациялық желілерді ақпараттық толтыру проблемасы әлемдік ақпараттық инфрақұрылымның даму үрдістеріне байланысты аса маңызды болып отыр. Бүгінгі таңда Қазақстанның бірнеше ондаған желілері өзін-өзі қамтамасыз ету және тұрақты қызмет үшін абоненттердің қажетті санын ала алмайды. Сондықтан пайдаланушыға жан-жақты қызмет көрсету мәселесі өткір тұр.

Желілік адаптер - компьютердің байланыс желісімен сәйкестендірілуін қамтамасыз ететін құрылғы.

Компьютерлік желілер
Жергiлiктi желi
Корпоративті және аймақтық желi
Телекоммуникациялық желi
Интернет желiсі
Әдебиет
Тарих

Топология бойынша желілердің жіктелуі

Шиналық топология - мұнда жұмыс станциялары желі адаптерлері арқылы жалпы шинаға немесе магистральға (кабельге) қосылады. Дәл осындай тәсілмен магистральға басқа да желілік құрылғылар қосыла береді. Желінің жұмыс жасау процесінде тасымалданатын ақпарат жөнелтуші станциядан жұмыс станцияларының барлық адаптерлеріне жеткізіледі, бірақ оны тек адресте көрсетілген жұмыс станциясы қабылдайды.
Жұлдыз тәрізді топология - мұнда ортақтандырылған коммутациялық түйін-желілік сервер болуы тиіс, ол барлық мәліметтерді жеткізудіжүзеге асырады. Бұл топологияның артықшылығы - кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысқа әсер етпейді.
Сақиналық топология - мұнда байланысу арналары тұйықталған сақина бойында орналасады. Жөнелтілген мәлімет біртіндеп барлық жұмыс станцияларын аралап шығады да, оны керекті компьютер қабылдаған соң жұмыс тоқтатылады. Бұл топологияның кемшілігі - кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысты бұзады.

Бір қала мен ауданда немесе бір мемлекетте орналасқан мекемелердің компьютерлерін өзара біріктіру үшін аймақтық желілер құрылады.
Көптеген ірі мекемелер өз желісінде орналасқан ақпаратты бөгде адамдардың қол сұғуынан сақтау үшін осы мекемеге тиесілі өз желісін, яғни корпоративті желіні құрады.
Үлкен қашықтықта және пайдалнаушыларды молынан қамтитын есептеуіш желілер телекоммуникациялық желілерді құрайды.

Интернет желісіне қосылу үшін компьютерге модем керек. Модем дегеніміз - бұл компьютерге телефон желісі және сымдары арқылы мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы. Модем арқылы қосылым жасау үшін компьютерге иесіне лайықты провайдер тауып Интернетте жұмыс істеуге келісімге отыруға болады.

Шетелдік телекоммуникациялық желілер
ARPANET
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz