Бастауышпен қоштасып, жоғарғы сыныпқа жетелейтін баспалдаққа шыққалы тұрсыз




Презентация қосу
*Бүгін,1-қыркүйек-білім күні. Тәуелсіз еліміз-
Қазақстан Республикасының тарихындағы,
сондай-ақ Қазақстанның әрбір азаматының,
мектеп жасындағы баланың өміріндегі
елеулі күн. Өйткені Білім күні- өз мектебін
сүйетін және ұмытпаған адамдардың
дәстүрлі мерекесі.
*Құрметті 5-сынып оқушысы, бүгін сіз үшін де
айтулы күн. Бастауышпен қоштасып,
жоғарғы сыныпқа жетелейтін баспалдаққа
шыққалы тұрсыз! Жаңа оқу жылы
үйренеріңіз, білеріңіз көп болсын! Білім
көгінде қанатыңызды кеңге жайып самғай
беріңіз! Жаңа оқу жылы құтты болсын!
* 1-қыркүйек мерекесі Кеңес заманында пайда болған екен.
Ресми түрде «Білім күні» ретінде 1984 жылы Жоғарғы
Кеңес Президиумының жарлығымен бекітілген.
* Қазақ даласындағы алғашқы мектепті Әбілқайыр ханның
шөбересі Жәңгір хан ашты. Мектеп 1841 жылы ханның
ордасында ашылып, жоспарға сәйкес балаларды Ресейдің
арнайы оқу орындарына қабылдау үшін дайындау керек
еді.
* 1845 жылы қайтыс болғанға дейін, хан мектепті өз
қарамағында ұстап, өзінің табысы есебінен
қажеттіліктеріне ақша беріп отырған және онда мұғалім
болып жұмыс істеген.
* Қазақстандағы келесі мектеп ағартушы, ғалым және ақын
Ыбырай Алтынсариннің арқасында пайда болды.
* Алтынсарин 1864 жылы 8 қаңтарда Қостанайдың
орталығында мектеп ашты. Ыбырай Алтынсарин осыған
орай өзінің әйгілі «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін жазды.
*Өмір бойы мектебімді жыр етем,
*Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.
*Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,
*Құтты болсын «Білім күні»-
мерекең!
Жан шуағы, күн шуағы арай ма,
Ұстаз деген әулиедей талайға
Басын иіп өткен жоқ па біз түгіл,
Әл - Фараби, Омар Хаям, Абай да
Соғылсын қоңырау, соғылсын,
Сыңғырла мәңгілік сыңғырла.
Толқыған жүректер тоғысын
Толтырып бір арна, бір жырға.
Шаттықтың үніндей мәңгілік
Соғылсын қоңырау, соғылсын,
Қуаныш әніндей жаңғырып
Жүректер ақ нұрға соғылсын.
Әлемдегі барша жұрт,
Бас иеді білімге.
Білім күнін қарсы алып,
Қыркүйектің бірінде.

Білім күні, біл мұны –
Ойға сәуле шашады.
Баршамызға бұл күні,
Мектеп есік ашады.
Ұлан болып үлгілі,
Әлі-ақ өсіп-толады:
Бүлдіршіндер бұл күні,
Мектепке алғаш барады.

Сайрап көңіл бұлбұлы,
Гүлге толып омырау.
Соғылады бұл күні,
Ең алғашқы қоңырау
Айқара ашқан есігін
Қайнары білім нұрының
Мектебің – алтын бесігің
Жылы ұяң, міне сыныбың
Қаламсап алып қолыңа,
Достасарсың әріппен
Шуағын себер жолыңа,
Жан серігің – әліппең!
Сыңғырла қоңырау, сыңғыр қақ,
Жаңа оқу жылы басталсын
Бал үнің сенің сырлы ырғақ
Сыныпқа бізді бастасын!
Қоңырау үні шарықта,
Өзіңнің сиқыр тіліңде.
Қызмет көрсет халыққа,
Шақырып өнер – білімге
* Білім қымбат, оны жұрттар біледі,
* Жетелейтін ұстаз соған үнемі.
* Шәкіртімен достарындай сырласқан
* Сенсің, Ұстаз, мектебіңнің жүрегі.
*
* Қосылсыншы білім атты сырға сыр,
* Өзгерсе де уақыт атты жыл, ғасыр.
* Білім жалғар дәуірлердің арасын,
* Білімдіні ұнатады бұл ғасыр.
*
* Осы жолға ұмтылады бүгін жұрт,
* Келешектен асқаралы ұғым күт.
* Азат елдің арманы да - осында,
* Азат елдің аңсары да - білімді ұлт.
*
* Ғасырың бар тоса қояр сынағын,
* Соны игерсең, заманыңа ұнадың.
* Білім күні құтты болсын, Ұстаздар!
Сен Тәуелсіз елдің бақытты азаматысың.
Білім алғысы келетін адамдардың бәріне
жақсы мүмкіндік бар. Елің, ата-анаң,
ұстаздарың саған үлкен үміт артады. Сол
үмітті, сенімді ақтауымыз керек. Білім
сапарында сендерге ақ жол тілеймін!
Еліміздің мақтан тұтар азаматы бол! Біз
сендерге сенеміз!

Ұқсас жұмыстар
Үлкендердің алдынан
ОҢТҮСТІК КОРЕЯ ТУРАЛЫ
5- сынып оқушыларын пәндік оқуға бейімдеу
Оқушыларды сапқа тұрғызу
Математика және оны оқыту
Корея Республикасының білім беру жүйесі
Іскерлік қарым - қатынастағы сөйлеу мәдениеті
Сайын Мұратбеков Жусан иісі әңгімесі (2-сағаты)
Айғаққа байланысты бағыттар
Қазақтың бес арысы
Пәндер