Натрий гидрокарбонаты және литий карбонаты


Slide 1

Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы

Презентация

Тақырыбы: Д. И. Менделеев периодтық жүйесінің IV-IІІ топ элементтерінің ДЗ фармакопеялық талдау

Орындаған: Панзарбекова Сания

Тобы : ФҚБ-303-20

Қабылдаған: Каракулова А. Ш.

Шымкент 2022ж.

Slide 2

Жоспар:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

Периодтық жүйесінің IV топ элементі.

Натрий гидрокарбонаты және литий карбонаты.

Перидтық жүйесінің IIІ топ элементі.

Алюминий қосылыстары.

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Натрий гидрокарбонаты

Натрий гидрокарбонатын 1801 жылы В. Розе ашқан. Қазіргі таңда оны тазартылған кристалдық натрий карбонаты көміртек диоксидімен қанықтырып алады:

Толық тазалау үшін натрий гидрокарбонатын көміртек диоксидімен қаныққан жылы сумен (60 С) қайта кристаллизациялайды. Натрий гидрокарбонатың сулы ерітінділерін қыздырғанда (70 С-та) қос тұз Na2Co3*NaHCo3 түзіледі, ал 100 С-та толығымен карбонатқа айналады. Натрий карбонатының бұл қасиетін иньекциялық ерітінділерді дайындағанда және сақтау кезінде естен шығармау тиіс.

Периодтық жүйесінің IV топ элементтерінің туындылары

Slide 4

Сипаттама. Ақ түсті кристалдық ұнтақ.

Ерігіштік. Суда ериді, 96% спиртте іс жүзінде ерімейді.

Құрғақ субстанцияны немесе оның ерітіндісін қыздырғанда біртіндеп натрий карбонатына ауысады.

Slide 5

САНДЫҚ АНЫҚТАУ

Субстанцияны көміртек диоксидінен таза суда ерітеді және индикатор ретінде метил қызыл сарысы ерітіндісін пайдаланып, хлорсутек қышқылымен титрлейді.

Хлорсутек NaHCO3-ке сәйкес ериді.

NaHCO3 + HCl = NaCl + H2O + CO2

Slide 6

Литий карбонатын карбонаттарды (Na2Co3, K2Co3) литий тұздарымен (LiCl, LiNO3 Li3So4) әрекеттестіріп немесе литий гидроксиді ерітінділерінен көміртек (IV) диоксидін өткізу арқылы алады.

Литий карбонаты

Slide 7

Карбонаттардың дәрілік заттарының физикалық қасиеттері

Slide 8

Дәрілік заттардың өзі екендігі катион және анион бойынша анықталады:

Na+ ионына реакция.

Li+ ионына реакцияны литий карбонатын қышқылда еріткеннен кейін жүргізеді, себеі ол суда орташа ерімейді:

Литийдің еритін тұздары гидрофосфаттармен әлсіз сілтілік ортада литий фосфатының ақ тұнбасын түзеді:

Литий тұздары түссіз жалын түсін қызылға бояйды.

Slide 9

Сілтілік металдардың еритін фторидтері литий тұздарының сулы ерітінділерінен суда аз еритін литий фторидінің ақ аморфті тұнбасын береді:

HCO3 және CO3 аниондарына реакциялар күшті минералдық қышқылдармен оның тұздарынан көмір қышқылын ығыстыруға негізделген. Көмір қышқылы тұрақсыз және ісбесті судан өткізгенде ақ түсті тұнба түзетін CO2 (газ көпіршіктері ретінде) газын бөледі.

Магний сульфатының қаныққан ерітіндісімен қайнатқанда гидрокарбонат-ион (карбонат-ион сияқты, себебі қайнатқанда гидрокарбонат-ион карбонат ионға айналады) ақ тұнба береді:

Slide 10

Жаңадан дайындалған натрий гидрокарбонатының рН мәні 8, 6 аспауы тиіс, ол карбонаттар қоспасының жоқтығын дәлелдейді. Стандартты ерітінділер концентрацияларының шегінде келесі қоспалар жіберіледі:

Slide 11

Натрий гидрокарбонаты және литий карбонатының сандық мөлшерін ацидиметриялық әдіспен анықтайды:

Титрант

Хлорсутек қышқылы.

Индикатор

Метил қызғылт- сары.

Натрий гидрокарбонаты анықтауын тікелей әдіспен жүргізеді:

Литий карбонаты кері тәсілмен анықтайды, себеі препарат суда орташа ериді. Сонымен бірге сандық анықтау нәтижесіне әсер ететін бөлінген CO2 жою керек:

Slide 12

Алынған ерітіндіні CO2 жойылғанша қайнатады және хлорсутек қышқылының қалдығын натрий гидроксидінің стандартты ерітіндісімен титрлейді:

САҚТАЛУЫ. Дәрілік заттарды жақсы тығындалған ыдыста, құрғақ және жарықтан қорғалған жерде сақтайды.

Slide 13

Алюминий туындылары

Алюминий және оның тұздарының алыну көздеріне боксит, гиббсит минералдары және гидроксидтер қоспасынан немесе олардың алюминий сульфаты, кремний (IV) оксиді қоспаларынан тұратын минералдар жатады.

Алюминий гидроксидін алюминий сульфаты немесе ашудас және аммиа ерітіндісінен алады:

60 С температурада аммоний сульфаты қатысында тұнбаға түсіреді. Тұнбаны сүзеді, ыстық сумен шааяды және 40 С кептіреді.

Периодтық жүйесінің III топ элементі

Slide 14

Алюминий гидроксидінің төрт кристалдық модификациялары және алмаспалы құрамды Al2O3 nH2O аморфты (гель тәрізді) түрі белгілі.

Алынуының заманауи тәсілінің жобасы:

Алюминий гидроксиді рН=5 болған жағдайда толық тұнбаға түседі.

Slide 15

Алюминий фосфатын алюминийдің еритін тұздарынан эквиваленттік мөлшерде сілтілік металдар ортофосфаттарымен рН 4, 0-4, 5 ортасына әрекеттестіріп алады:

Аморфты тұнба пайда болады.

Slide 16

Алюминийдің дәрілік заттарының физикалық қасиеттері

Slide 17

Алюминий қосылыстары амфотерлі, сұйылтылған минералдық қышқылдарда да, күйдіргіш сілтілер ерітінділерінде де мөлдір немесе әлсіз лайлы ерітінді түзе ериді:

Осылайша, жалпы формула келесідей болады:

Slide 18

Сілтілік ерітіндіге аммоний хлориді ерітіндісін қосу арқылы ерітіндінің рН мәнін төмендетуге және алюминий гидроксидін тұндыруға болады:

Бұл реакция ҚР МФ бойынша алюминийдің өзі екендігін анықтауға қолданылады. Сыналатын ерітіндіге реактивтің артық мөлшерінде еритін Al ионымен гель тәрізді ақ тұнба түзетін негізгі реактив-сұйылтылған натрий гидроксиді ерітіндісін тамшылатып қосады:

Slide 19

Кейін алынған ерітіндіге біртіндеп аммоний хлориді ерітіндісін қосады, реакция нәтижесінде қайтадан гель тәрізді тұнба түзіледі:

Алюминий гидроксидіне кобалть нитраты ерітіндісін қосып қыздырса көк түсті балқыма кобальт алюминаты (тенар көгі) - Co(AlO2) 2 түзіледі.

Slide 20
Ұқсас жұмыстар
Тазартылған криссталдық натрий карбонатын көміртек диоскидымен қанықтыру
Бидай және қара бидай қоспасынан жасалынған нан пісірудің технологиялық режимдерінің өнімдерінің және рецептурасының сипаттамасы
Медицинада олардың қосылыстарының қолданылуы
Барий сульфаты сәйкесін тап
Мес қарын паракератозы
Қышқылдарды тап
Табиғатта таралуы
ХИМИЯЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕР АТАУЛАРЫ
Бактерияға қарсы зат
Физикалық қасиеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz