Негізгі еңбектері




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ИННОВАЦИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Презентация
Тақырыбы: Я.Коменский тәрбие мақсаты туралы еңбектері мен көзқарастары

Ор
Тобы:
Қабылдаған:Нишанова К

Шымкент 2022ж.
ЖОСПАР:
1. Ян Амос Коменский өмірі
2. Негізгі еңбектері

3. Я.А.Коменский оқу мен тәрбие жүйелерiн

құрудағы көзқарасы
Ян Амос Коменский - (1592- 1670) - чех елінің
белгілі ойшылы, педагог. Схоластикалық оқу
жүйесіне қарсы шықты. Коменский — неміс
феодалдары мен католиктік шіркеуге қарсы
антифеодалдық қозғалыс, ұлттық күрес барысында
қалыптасқан діни протестанттық секта -
"Моравиялық бауырлар" топтарының бірінің
басшысы. Дүниетаным мәселелерінде пантеизмге
жақындады. Оның сенсуалистік таным теориясы
мен дидактикасында едәуір материалистік
тенденциялар бар. Коменский бойынша, таным —
ақыл-парасаттың оқып-үйренумен тығыз
байланыста болатын белсенді процесі. "Танып-
білуге, білім алуға, - деді ол, барлық адамдар
қабілетті, сондықтан қарапайым халық білімге
тартылуы керек". Педагогика тарихында Коменский
тұңғыш рет ерекше ғылым ретінде дидактика
жүйесін жасады. Оның дидактикалық припциптері
(көрнекілік, дәйектілік, еліктеу, жаттығу) табиғат
заңдарын ой елегінен өткізуді, таным мен білімді
ұғымды түрде ұштастырып, баянды етуді көздеді.
Коменскийдің салиқалы көзқарастары
педагогиканың кейінгі дамуына игі ықпал жасады.
ХҮІII ғасырда жаңа педагогиканың негiзiн қалаған ұлы чех
педагогы Я.А.Коменскийдің (1592-1670) дидактикалық
идеясына, оның шығармаларына, әсiресе, дидактика саласы
бойынша ХI-ХII ғасырларда жаңа философияның (Бруно,
Галилей, Леонардо-да-Винчи т.б.), соның iшiнде ағылшын
материализмiнiң негiзiн қалаушы Ф.Бэконның
философиясының ықпалы, оның көзқарасының жаңа дәуiр
талабына сай қайта құрылуына арқау болды.
“Ана мектебiнде” балалардың сезiм мүшелерін, айналасын, қоршаған өмiр жайлы
алғашқы түсiнiктерiн, тiлiн және қол iскерлiгiн дамыту қарастырылуы тиiс. “Ана тiлi”
мектебiнде оқушыларға көп мәселелердi қамтитын арифметика, география, тарих,
мемлекет құрылысы мен экономикалық өмiр және әржақты қолөнермен таныстыру,
жүйелi, нақты бiлiм берiлуi керек. Сонымен бiрге “Қасиеттi жазу” мәтiндерiн оқыту,
балаларға дiни тәрбие қоса жүргiзiлуi қажет. Гимназияда немесе латын мектебiнде латын
тiлдерiмен бiрге нақты пәндер: математика, физика, жаратылыстану оқылса,
оқушылардың өздiктерiнен оқитын: тарих, этика, көршiлес елдердегі жаңа тiлдерден
сабақтар және жалпы бiлiм беру курстары: риторика мен диалектика өткiзiлуi тиiс. Ал,
академияда бүкiл ғылымдардың жетiстiктерiнен бiлiмдер беретiн – пансофия оқытылуы
қажет делiндi. Сол кездегi мектептерде латын тiлiнде оқитын болғандықтан, Коменский
бастауыш мектепте сабақтар ана тiлiнде жүргiзiлуi тиiс деген пiкiр айтты. Ол ана тiлiнде
оқыған оқушылардың ақыл-ойын дамытуға мүмкiндiк туады, басқа тiлдердi үйрену ана
тiлiнiң негiзiнде жүргiзiлсе ғана жемiстi болады деп санаған.
Я.А. Коменскийдің еңбектері
әлемдегі педагогикалық ойлар
мен мектеп тәжірибесінің
дамуына орасан зор әсерін
тигізді. Дүние жүзінде оқулық
жасауға үлгі боларлықтай
көптеген оқулықтар жазып
даярлады. Оқу жұмысын
ұйымдастыру туралы прогресшіл
дидактикалық идеялар,
ұстанымдар, қағидалар ұсынды.
Сыныптық-сабақтық жүйенің
және мектепті ұйымдастырудың
теориялық негіздерін, мектепке
дейінгі тәрбие теориясын
жасады.
Коменскийдің көпке, оқушылар қауымына таныс жұмыстарының бірі —
»Картинада бейнеленген әлем заттарының көрінісі» атты еңбегі. Бұл
жасөспірімдерге арналған еді. ХХ ғасырда педагогика профессоры Элвуд
Кабберли былай деді. »Бұл кітап Еуропада бастауыш оқуда 150 жыл орнына
200 жыл пайдаланылды, бұған теңдес кітаптың болмағанының куәсі» -деп,
жазды. Қазіргі кітаптар мен оқулықтар Коменский еңбектері негізінде
иллюстрация-ланып жарық көруде. 1657 жылы Коменский латын тілінде »Ұлы
дидактика» атты еңбегін жариялады. Бұл кітап, оны дүние жүзіне танытты.
Кітап Коменскийдің педагогикалық жүйесін толық және дәлелді түрде
баяндаған шығарма болды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ:

Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясына 70 жыл (1933-
2003) /Бас редактор Құсайынов А.К. – Алматы: Рауан, 2010.
Джуринский А.Н. История педагогики; Учебное пособие для студентов
педвузов. – М.:Гуманитарный издательский центр ВЛАДОС, 2010
Мадин И.Б. Қазақстанда совет дәуіріндегі педагогикалық ой-пікірдің
дамуы. – Алматы: Мектеп.2011
Латышина Д.И. История педагогики (История образования и
педагогической мысли); Учебное пособие. – М.:Гардарики, 2012.
Российская педагогическая энциклопедия в двух томах. – М.:Большая
Российская энциклопедия, 2011

Ұқсас жұмыстар
Жаңа дәуірдегі психологияның дамуы
Қазақ ономастарының персоналииі
Психология ғылымының тың серпілістері
Дамуының қауіпті кезеңдері
Экономика саласы бойынша Нобель сыйлығының иегерлері
АНАСЫ АНЕ СЕРЕНЗАТТЕР ЛУНД КЬЕРКЕГОР ҮЙЛЕНУДЕН БҰРЫН СЕРЕННІҢ ӘКЕСІ
Психология ғылымының даму тарихы туралы ақпарат
Бас сүйектердің жалпы ерекшеліктері
Мәскеу психиатриялық клиникасына сәйкес прогрессивті паралич
Ибн - Сина туралы мәлімет
Пәндер