Пікір ұғымы
Презентация қосу
Пікір ұғымы. Пікірлер формасы. Кванторлар
Қоршаған ортаны танып, біле келе, нәрселерді және олардың белгілерін бөліп аламыз.
Мысалы, металдан жасалған бір затты зерттесек, ол туралы мынадай ой айтамыз: «Бұл нәрсенің
жылтырайтын, майысатын, балкығыштық, қызу өткізгіштік, электр тогын өткізгіштік қасиеттері бар».
Бұл сөйлемде біз бір нәрсе жөнінде пайымдаймыз. Ол пікір сол зат пен оның белгілері туралы ойды
көрсетеді. Ал ол нәрседе (затта) бірлі-жарым белгілердің болмауы да мүмкін. Онда біз ол зат туралы
«мына зат ақ емес», «мына кітап қызықты емес» дейміз. Затта әр белгінің бар болуы немесе жоқ болуы
біздің ойлауымызда не қостау, не терістеу формасында пайымдалады. Сөйтіп, пікір дегеніміз - заттар,
белгілер немесе зат пен оның белгілері арасындағы қарым-қатынаста (терістеу не костау түрінде)
бейнеленетін ойлау формасы. Пікір ұғымдармен салыстырғанда құрылымы жағынан күрделірек келеді,
өйткені ұғым пікірдің құрамына кіреді.
«Нұрсұлтан - Қазақстан астанасы» деген пікір екі ұғымнан құрылған: 1. «Нұрсұлтан», 2. «Қазақстан».
Ұғымдардан бөтен пікірде жүйелі құрауыш ретінде байланыстырушы сөз болады. Сонымен, пікірді
мынадай формуламен өрнектейміз: S дегеніміз - Р немесе S - Р.
Терістеуші пікір үшін пікір формуласы: S дегеніміз - Р емес.
Ал көбінесе «дегеніміз», «деп», «айтамыз», «болып саналады» деген сияқты
байланыс сөздері пікірде айтылмай, тек ойда болады.
Пікір дегеніміз- бұл бір зат туралы мақұлдау не оны бекерге шығаруда көрінетін ойлау формасы.
Ойлаудың күрделі формасының бірі - ой қорытындылары - ол бірнеше пікірлерден жаңа бір пікір
шығару тәсілі. Қорытынды шығару үшін оны белгілі тәртіпке, бір-бірімен байланыстыруымыз керек.
Қатар тұрған кездейсоқ пікірлерден қорытынды шықпайды.
Ой қорытындысының 3 түрі болады:
Дедукциялық- жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы.
Индукциялық- жекеден жалпыға қарай жүретін ой қорытындысы.
Аналогиялық- ұқсастық бойынша ой қорытындысын жасау.
Анықтама. Бір немесе бірнеше айнымалысы бар және олардың орынына нақты мәндерін қойған кезде
пікірге айналатын сөйлемді пікірлік форма (предикат) деп айтады.
Предикаттар бір, екі,, және с.с.n - орынды болады. Бір орынды предикат дегеніміз әртүрлі мәнді
қабылдай алатын және айнымалыны кез - келген мәнін қойғанда ақиқат немесе жалған пікірге
айналатын бір айнымалысы бар сөйлем. Бір орынды предикаттар обьектінің қандай да бір қасиеті
білдіреді сондықтан оларды предикат қасиеті дейді.
Предикат қасиеттен басқа қатынастардың предикаттары да қарастырылады. Осы предикаттардың
неше обьектілердің арасында тағайындалғандығына қарай предикаттар бір, екі, үш көп және n- орынды
болып бөлінеді. Предикаттық формуланың алдына кванторларды қосып жазуды кванторларды іліп қою
(ілу) немесе кванторларымен байланыстыру амалы деп аталады.
Кез – келген p, q, z пікірлері үшін логикалық заңдары:
1.Коньюнцияның коммутативтілігі
2.Дизьюнцияның коммутативтілігі
3.Коньюнцияның ассоциавтілігі
4.Дизьюнцияның ассоцивтілігі
5.Коньюнцияның дизьюнцияға қатысты дистрибутивтілігі
6.Дизьюнцияның коньюнцияғға қатысты дистрибутивтілігі
7.Екі рет теріске шығару заңы
8.Үшіншінің болмау заңы
9.Қайшылық \үйлестірушілік/ заңы
10.де Морган заңдары
Егер р сөйлемнің q сөйлем келіп шығатын болса, онда q сөйлем р үшін қажетті, ал
р сөйлем q үшін жеткілікті шарт болып табылады.
Егер р сөйлемнен q сөйлем келіп шықса, жәке q сөйлемнен р сөйлем келіп шықса,
онда р және q сөйлемдері мәндес деп аталады.
Теорема – ақиқаттылығын дәлелдеу (талқылау) арқылы анықталатын
математикалық сөйлем.
Негізгі логикалық операцияларды қарастырайық:
1.«және» конъюнкция (логикалық көбейту)
2.А және В «немесе» дизъюнкция (логикалық қосу)
3.А немесе В «емес» терістеу А емес
Логикалық көбейту
ЖӘНЕ жалғаулығының көмегімен қарапайым екі А мен В айтылымдарының бір құрамдасқа бірігуі логикалық
көбейту немесе конъюнкция (латынша соіушісііо -біріктіру), ал операцияның нәтижесі - логикалық көбейтінді деп
аталады.
Логикалық қосу
Біріктіруші мағынада қолданылатын НЕМЕСЕ жалғаулығының көмегімен қарапайым А және В айтылымдарының
бір құрамдасқа бірігуі логикалық қосу немесе дизъюнкция (латышда disjuncnctio - бөлу), ал операцияның нәтижесі
– логикалық қосынды деп аталады.
Логикалық терістеу
Қарапайым А айтылымына ЕМЕС шылауын қосу логикалық терістеу операциясы деп аталады, операцияны
орындау нәтижесінде ЕМЕС операциясы айтылымның үстіне сызықша салумен белгіленеді.
Мысалы, «Қар - ақ», «2*2=4» деген ақиқат, ал «Тау тегіс», «2*2=5» деген - жалған пікірлер.
Пікірлер: жалпы және жеке болып бөлінеді.
Жеке пікір нақты фактілерді көрсетеді, мысалы, «3+3»
Жалпы пікірлер обьектілер немесе құбылыстар тобының қасиеттерін сипаттайды, мысалы, «Егер
жаңбыр жауған болса, онда көше су болып жатыр» т.с.с.
Жалпы пікір обьектілерінің қандай да бір бөлігі үшін ақиқат, ал басқа обьектілер үшін жалған
болуы мүмкін. Мысалы, «Иттер мысықтарды жақсы көрмейді» пікірі иттердің көпшілігі үшін рас,
бірақ барлығы үшін емес.
Егер пікір айтылған ой обьектілерінің кез келгеніүушін рас болса. онда жалпы пікір тепе-тең
ақиқат деп аталады. Мысалы, «Иттің төрт аяғы бар» пікірі кез келген ит үшін рас.
Тепе-тең ақиқат пікірлер заттардың заңды байланыстарын көрсеткенде ерекше пайдалы. Мысалы,
«а+Ь=Ь+а» пайымдауы кез келген нақты сандар үшін орынды және ол «Қосылғыштардың
орындарын ауыстырғаннан қосынды өзгермейді» деген арифметиканың заңын көрсетеді.
Күрделі жағдайларда сұрақтардың жауабы ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС логикалық жалғаулықтарын
пайдалынып, құрамды пікірлер арқылы беріледі.
Мысалы, «Бұл оқушы ақылды және зерек» пікірі қарапайым «Бұл оқушы ақылды» және «Бұл оқушы
зерек» деген пікірлерден тұратын құрамды пікір болып табылады.
Нәтижені қорыту барысында талқылаулдың үш формасы: дедуктивтік, индуктивтік және прадуктивтік
жиі пайдаланылады. а\ сілтемелері (жалпы және дербес) мен қортындысының арасында келіп шығу
қатынасы болатын талқылаулар дедуктивтілік деп аталады.
Қортыныдың ақиқаттығына кепілдік бермейтін сонымен қатар теорема мен формула қолдану
шарттарын сақталмайтын схемаларды және қате сызбаларды пайдалану жалған қорытындыларға
келтіреді.
Квантор
Квантор (лат. quantum– қанша) – математикалық логиканың предикаттарын есептеуге қабылданған
логикалық операторлардың жалпы атауы. Логикалық операторлар сөйлемнің ішкі логикалық құрамын,
яғни субъекті мен предикаттың ара қатынасын және логикалық пікірдің сандық сипатын білдіреді.
1.Квантор сөзінің мағынасы қандай - «Квантор» - заттың мөлшері қанша екендігі туралы ұғымды
береді;
2.Кванторлардың қандай түрлерін білесің: - жалпылау, бар болу;
3.Жалпылау кванторына қандай сөздер жатады? - «кез келген», «барлығы», «әрбіреу», «әрқайсысы»;
4.Бар болу кванторына қандай сөздер жатады? - «кейбіреуі», «табылады», «бар болады», «ең
болмағанда бір»;
5.Жалпылау кванторы бар сөйлемдердің шын немесе жалған екендігіне қалай көз жеткізуге болады?
- шын екендігі дәлелдеу арқылы, жалған екендігі мысал келтіру арқылы;
6.Бар болу кванторы бар сөйлемдердің шын немесе жалған екендігіне қалай көз жеткізуге болады?
- шын екендігі мысал келтіру арқылы, жалған екендігі дәлелдеу арқылы.
Математикалық мазмұндағы пікірлер құру, олардың
ақиқаттығын немесе жалғандығын анықтау
Сөйлемдер Ақиқат Жалған Пікірлер емес
999 –ең үлкен үш таңбалы сан +
71-тақ сан +
Х>5 +
Куб сантиметр аудан бірлігі +
Он үшті үшке бөлгенде,төрт бүтін және бір қалдық қалады +
Математика сабағы өте жақсы өтсін! +
Соңғы цифры 5-ке аяқталатын сандар ғана 5-ке қалдықсыз бөлінеді +
Бүгін сабаққа нешеде келдіңіздер? +
V=S*t +
Бізде қазір математика сабағы емес +
260 пен 70-тің қосындысы 330-ға тең +
Теңдеуді шеш +
90>70 +
Тапсырма: төменде берілген математикалық сөйлемдердің қайсысы пікір, қайсысы предикат екенін
жіктеп жаз.
1) (2+3*7) : 4
2) 2+48 - 5 = 32+7
3) 84 : 12 – 3 * 6 + 5
4) 23 - 8 < 14 + 6
5) 137 – 38 = 11 * 7 + 22
6) 35 : 7 < 48 : 6
7) X 2 - 5x + 4 = 0
8) 2x - 3 < 7
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz