Ежелгі Грек және Шығыс ойшылдарының саяси көзқарастары


Slide 1

Ежелгі Грек және Шығыс ойшылдарының саяси көзқарастары

Бота

Slide 2

Ежелгі дәуірдегі саяси ғылымға мол мұра қалдырған ежелгі грек ойшылы Платон, ол б. з. б. 427-347 жылдарда өмір сүрген. Шын аты Аристокл. Спортпен көп шұғылданғандықтан, жауырыны кең болыпты. Сондықтан «плотный» Платон атанып кеткен. Осы атымен тарихта мәңгілік қалды.

Платон атақты ғалым Сократтың мектебінде оқиды. Кейін Афиныда өз академиясын ашады. Платонның екі жүзге тақау енбектері бар. “Мемлекет”, “Заңдар” т. с. с. саясатқа байланысты шығармалары бар.

Slide 3

Платонның ойынша қажеттілік мемлекетті тудырады. Себебі, біреу егіншілікпен, біреуі мал шаруашылығымен, енді біреу қолөнермен айналысады. Кейін өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін айырбас жасайды. Халық тек бірігіп қана өмір сүре алады деген.

Slide 4

Платон адамдарды үш топқа бөлген:

1. Әкімдер

3. Өндірушілер

2. Қорғаушылар

Әкімдер - табиғи жаратылысынан шындықты, ақиқатты, танып біле алатын адамдар болуы керек деген. Қорғаушылар - мемлекетті қорғайды. Өндірушілер - мемлекетті материалдық жағынан қамтамасыз етіп отырады.

Slide 5

Сонымен қатар Платон қоғамдық меншікті қолдады. Ал жеке меншіктің болуы; талас-тартыс туғызады деп түсінді. Мұнда әкімдер мен қорғаушылардың мүддесі ортақ болса, ортақ игілік үшін адал еңбек етеді деп айтқан, яғни барлығының ортақ болғанын жөн көрді. Оларды мемлекет қорғайды деп түсінген.

Slide 6

Платон мемлекеттік құрылысты беске бөлді:

1. Аристрократия - мемлекетті ақсүйектер билейді.

2. Тимократия - мемлекеттік билік бір адам қолында болады.

3. Олигархия - мемлекет азғантай топ қолында болады.

4. Демократия - мемлекет халықтың қолында болады.

5. Тирания - мемлекет күшпен басып алушы қолында болады.

Slide 7

Платонның ойынша бұлардың ішінде ең тиімдісі -аристократиялық мемлекет түрі. Мұнда ақыл-естілік, парасаттылық билейді, оның принциптері - адамгершілік, абырой, ар-намыс деп саналады. Ежелгі Рим ойшылы Марк Тулий Цицерон (б. з. д. 106-43ж. ) саяси даму тарихында айтарлықтай із қалдырған. Оның "Мемлекет туралы", "Заңдар туралы", "Міндеттер туралы" деген еңбектері бар.

Slide 8

Цицеронның ойынша мемлекет меншікті қорғау, адамдардың бірігіп өмір сүруге тырысатын табиғи талабынан туады. Мемлекетті үшке бөлген:

1. Патшалық билік.

2. Аристократия

3. Демократия

Slide 9

Саяси басқару нысандарының ауысу заңдылықтары мен әлеуметтік күрестін мойындау - саяси өзгерістердің қозғаушы күші. Феодализм ыдырап капитализм орнай бастады. Католик шіркеуінің озбырлығы мен оның діни қағидаларына қарсы шыққан халық адам құқығын, ар-намысын қорғауға ұмтылды. Бұл уақыт "Қайта өрлеу" немесе "Гуманизм" деп тарихқа енді. Реформациялау, яғни шіркеуді өзгерту демократияландыру басты мақсат болды. Бірақ гуманистер халыкқа сенбеді. "Қайта өрлеу" дәуірінің негізін салушы Николло Макиавелли (1469-1527) болды.

Slide 10

В. И. Ленин (1870-1924) К. Маркс пен Ф. Энгельстің ізбасары болды. Ол капитализм дамуының, импералистік сатысының заңдылықтарын зерттеді. Жаңа тұрпатты партия туралы ілімді жасады және соның ұйымдастырушысы болды. Жаңа қоғам құру ісін Ленин елді индустрияландырумен, ауыл шаруашылығын кооперациялаумен және мәдени революцияны жүзеге асырумен байланыстырды. Марксизм-ленинизм идеясы коммунизм кезінде мемлекет, саясат болмайды деп ұқты.

Slide 11

Орыс мемлекетінің тәуелсіздігі мен патша үкіметінің үстемдігі туралы идеялар. Орта ғасырда феодалдық қоғамның орны ерекше болды. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан астамға созылды. Бұл уақытта дін үстемдік етті. Патша шіркеуге бағынышты болуы керек деді, ал ақсүйектер көнгісі келмеді. Бұл кезде христиан дініне зор еңбек сіңірген Аврелий Августин (354-430) еді. Ол христиан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Оның саяси көзқарасы "Құдай қаласы туралы" деген еңбегінде баяндалған.

Slide 12

Августин барлық әлеуметтік, мемлекеттік және құқұқтық мекемелер мен заңдарды адамның күнәсінің, нәтижесі деп санады. Құдай адамға еркіндік береді, яғни адамдардың құдай жолымен өмір сүруге мүмкіндігі бар. Осыған байланысты адамдарды екіге бөлген:

Кұдай жолымен өмір сүрушілер - болашақта құдаймен мәңгілік патшалық құрады.

Адам жолымен өмір сүрушілер - жын-шайтаннан мәңгілік жапа шегеді.

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН САЯСИ ОЙЛАРДЫҢ ТАРИХЫ
Батыс пен Шығыстың ортағасырлық ғылымы
Экономикалық теорияның пәні мен әдістері туралы ақпарат
Ежелгі Грекияның мемлекеттік формасы
Дүниені философиялық түсінудің негіздері
Саяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Ежелгі Мұсылман философиясы
АРАБ ФИЛОСОФИЯСЫ
Мемлекеттің орталықтануы
Ақиқат сыйы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz