Эволюциялық ілімге кіріспе


Slide 1

Эволюциялық ілімге кіріспе

Орындаған: Өмірқұлова. Н, Дүрман. А

Тобы: ЖБЛ-012

Қабылдаған: Әзімбай. А

Slide 2

Эволюция ұғымы туралы жалпы түсінік

Органикалық эволюция

Эволюциялық ілім

Ж. Б. Ламарктің эволюциялық теориясы

К. Линней еңбегі

Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясы

ЖОСПАРЫ:

Slide 3 Slide 4

Эволюцияның жеке дамудан айырмашылығы, ол алдын ала жоспарланып қойылмаған.

Даму процесі дегеніміз - бір жағдайдан екінші жағдайға өту, тек қана жаңа қасиеттеріне ғана байланысты емес, сонымен қатар ежелгі тірі ағзаларды ерекшеліктерінің сақталуымен сипатталады. Тірі ағзалардың және түрлердің эволюциялық қайта құрылымдары күрделенуге бағытталған, бұл әрекет ата - тектен жаңа ағзаға тұқым қуалауға негізделе отырып жүреді.

Эволюцияны, материяның ерекше даму формасы деп қарастырғанда оның үш қасиетін атауға болады:

1. Биологиялық эволюция - қайтымсыз әрекет;

2. Эволюция дегеніміз - биологиялық пайдалы белгілердің пайда болуы;

3. Эволюция ұрпақтар жалғастығына негізделген.

Slide 5

Үздіксіз және қайтымсыз ұзақ уақыт дамитын тарихи әрекет, яғни тірі ағзалардың сыртқы орта жағдайларына бейімделу жолымен біртіндеп макромолекулалықтан жоғарғы сатыға көтерілуі мен биосфераға дейінгі күрделенуі. Жер бетіндегі тіршіліктің эволюциясы негізінен үш кезеңнен тұрады:

1. Тіршіліктің пайда болуы;

2. Тірі ағзалардың нақты топтарының және биосфераның бүтіндей дамуы;

3. Адамның ерекше биоәлеуметтік жүйе ретінде пайда болуы.

Органикалық эволюция

Slide 6

Эволюциялық ілім

Тірі организмдердің эволюциялық дамуының себептері мен қозғаушы күштері, олардың механизмдері және жалпы заңдылықтары туралы ілім. Эволюциялық ілім биология ғылымының барлық салаларының жетістіктерін қорытындылай отырып, оның теориясы негізі болып саналады. Эволюциялық ілімнің дүниетанымдық көзқарастарды қалыптастырудағы маңызы зор.

Slide 7

Эволюциялық ілім - тірі материяның тарихи даму теориясын оқытатын пән.

Эволюциялық ілім басқа биология пәндерімен тығыз байланыста оқытылады. Жалпы эволюция ілімі курсын үш модуль бойынша оқып білім аламыз:

1. Эволюциялық идеялардың даму тарихы мен қалыптасуы

2. Микроэволюция әрекетінің жүру жағдайы

3. Макроэволюция

Slide 8

Эволюциялық ілімнің бастапқы қалыптасу кезеңі ертедегі грек философтары Аристотель, Гераклит, Демокрит, Лукреций, Эмпедокл, т. б. еңбектерімен тығыз байланысты. Олар табиғаттың өзгеріп отыратындығын, организмдердің тарихи дамуы туралы жазды.

Эволюциялық ілімнің пайда болуына үлкен әсер еткен К. Линнейдің тірі организмдерді жеке жүйелік топтарға жіктеуі болды (қ. Бинарлық номенклатура) . Ең алғашқы эволюция ғылым көзқарастың қалыптасуына елеулі еңбек сіңірген Жан Батист Ламарк болды.

Тірі табиғат жөніндегі эволюциялық теорияны Ж. Б. Ламарк ұсынды.

Slide 9

Жан Батист Ламарк - француз жаратылыс танушы зоолог, ботаник, палеонтолог, эволюционист. Биология деген терминдi алгаш ғылымға енгiзiп

Деп екіге бөлді

Омыртқалылар

Омыртқасыздар

Эволюциялық iлiмдi кұруга ат салысты. Ағзаға пайдалы белгiлер тұқым қуалайды деген сенiмдi ойда болды. Ж. Б. Ламарктің эволюциялык концепциясы ХIХ ғасырдың (1809 ж. ) басында жарық көрдi. «Зоология философиясы» атты енбегiнде турлердiң тұрактылығы жайлы пiкiрге карсы болып түрлердiн өзгеретiндiгiң, бiрақ бұл әрекет өте баяу жүретiндiктен оны байқау қиын екендiгiн түсiндiрдi. Оның iлiмі тiрi табиғатта қарапайымнан күрделiге қарай тарихи даму болып табылатын екенiн тұжырымдады. Ламарктың бұл жүйесiнiң баспалдақ сипатында жануарлар құрлысының бiртiндеп күрделенуiн, яғни жоғарлауын - градациясын көруге болады.

Жануарларды

Slide 10

Органикалық дүниенің эволюциясы туралы алғашқы ілім ХІХ ғасырдың басында жарық көрді. Оның негізін қалаушы Ж. Б. Ламарк. Оның айтуынша, тірі организмдердің қарапайым құрылыстан күрделігіне қарай жоғарылауы тарихи дамудың нәтижесі болып табылады.

Ламарк; ”Жоғары сатыдағы жануарлардың кейбір мүшелері жұмыс істеп, жаттыға келе дамып жетіледі, ал басқалары жаттықпай, керсінше біртіндеп жойылады”, -деді. Бұған мына мысалды келтіруге болады:”Шөбі жоқ, құрғақ далалы жерлерде мекендейтін керік үнемі мойнын созып, ағаш жапырақтарын үзіп жеп қоректенеді. Осылай биіктегі жапырақтарға ұмтылып дағдыланғандықтан, біртіндеп олардың алдыңғы аяқтары мен мойны ұзарған”, деген.

Slide 11

Швед жаратылыс зерттеушісі Карл Линнейді (1707-1778) эволюционистердің маңызды әуелгері) деуге болады. Оның «Табиғат жүйесі» еңбегі 1735 жылы жарыққа шығьп,

К. Линнейді дүниежүзілік даңққа бөледі. Онда өсімдіктер мен жануарлар ағзаларын жіктеудід негізгі қағидалары сипатталды, сондай-ақ оларды жарыса бағынған жүйелік санаттарға: класс, отряд, туыс және түрлерге бөлді. Осы проблемаға арналған тағы бір еңбегі: «Ботаника философиясы» кейінірек жарық көрді.

Slide 12

Келесі эволюциялық теория Ч. Дарвиндікі.

Ол биологияда пайда болған кезден эволюциялық көзкарас үстемдік етуде, яғни келесі ашылған жаңалықтардың барлығы эволюциялық тұрғыдан анықтап тексеріледі. Дарвин уақыт өте келе түрлер өзгеруі мүмкін, жаңа түрлер бұрын пайда болған түрлерден пайда болады және барлық түрлердің ортақ ата-бабалары бар деген теория ұсынды.

Slide 13

Чарльз Дарвин 1809 жылы ақпанның 12-сінде дәрігер отбасында Шрюсбериде туды. Мектепте оқыған кезінде ол көрнекті қабілеттілігімен ерекшеленген жоқ, алайда өсімдіктер мен жануардың, сондай-ақ әр алуан минералдардың жинақтамаларын жинауды қатты ұнатты. Дарвин мектепті бітірген соң 1826 жылы Эдинбург университетінің медицина факультетіне түсті. Екі жылдан соң әкесінің талап етуімен Кембридж университетінің дін ілімі факультетіне ауыстырылды. Онда үш жылын өткізіп, 1831 жылы бакалавр дәрежесін алды. Чарльз Дарвин барынша ынталанған католик болды жөне өмір бойы ауыл дін қызметшісі дәрежесінде қалуды армандады.

Slide 14

Дарвиннің экспедицияда жинаған мәліметтері және оның замандастарының ғылыми ізденістері барысында жинақталған материалдар тірі табиғаттың өзгеретіндігін көрсетті. Алайда бұл өзгерістердің механизмдері белгісіз болып қала берді.

Англияға қайтып оралғаннан кейін Дарвин өзінің ғылыми зерттеулерін жалғастырды. Ол екі қарама-қарсы құбылыс - тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікке назар аударды. Бұл кезде тірі организмдердің осы екі қасиетінің табиғаты әлі белгісіз еді, біраң Дарвин эволюциялың өзгерістердің негізінде тұқымқуалаушылық пен өзгергіштіктің жатқанын дұрыс түсінді.

Ч. Дарвиннің қолдан сұрыптау туралы ілімі

Slide 15

Өзгергіштік - организм мен сыртқы ортаның қарым-қатынасын көрсететін күрделі процесс; тірі организмдердің өсіп-дамуы барысында өзін қоршаған орта әсеріне байланысты жаңа белгі-қасиеттер түзуі немесе өзінде бұрыннан бар белгі-қасиеттерін жоғалтуы.

Айқын (топтық) өзгергіштік күтімнің ауысуына байланысты өзгереді. Мәдени өсімдіктерді құнарлы топырақта өсіріп, жиі қоректендірсе өте қарқынды өседі. Егер ылғалы жеткіліксіз, минералды тұздары аз, құнарсыз топырақта өсірсе өте баяу дамиды.

Ч. Дарвин анықтаған айқын өзгергіштік - орта жағдайының өзгеруіне байланысты организмнің тұқым қуаламайтын фенотиптік көрінісі.

Slide 16

Айқын емес (жеке) өзгергіштік. Ч. Дарвин түрлердің ішіндегі даралар морфологиясы, мінез-құлқы жағынан ерекшеленетін өзгергіштіктері болатынын байқаған. Бір топтағы жануарлардың немесе егістікте өскен өсімдіктердің ішінен көзге айқын біліне қоймайтын жеке өзгергіштіктерді айқын емес өзгергіштік деп атайды.

Мұндай өзгергіштікті тек тәжірибелі селекционерлер ғана байқай алған.

Айқын емес өзгергіштіктің негізгі ерекшелігі - тұқым қуалайтындығы.

Ч. Дарвин организмдердің тек тұқым қуалайтын өзгергіштігі ғана эволюция процесінде пайдалы, шешуші рөл атқарады деген қорытынды жасады.

Slide 17

Әдістемелік(мақсатты) сұрыптау

Санасыз (мақсатсыз) сұрыптау

Қолдан сұрыптау - өсімдіктер мен жануарлардың жаңа сорттары мен тұқымдарын шығару.

Slide 18

Әдістемелік сұрыптау - әрқашан жаңа қолтұқымдар мен іріктемелер жасайтын шығармашылық процесс. Осы әдісті қолдана отырып, селекционер мүсінші сияқты, алдын ала ойлаған жоспары бойынша жаңа формалар жасап шығарады. Қолдан сұрыптаудың нәтижелі болуына алғашқы алынатын организмнің өзгергіштігі, көптеген септігін тигізеді. Әдістемелік сұрыптауда аз ғана даралармен тәжірибе жүргізуге болмайды. Өсімдіктер мен жануарлардың іріктемелері және қолтұқымдары әдістемелік сұрыптаудың нәтижесі болып саналады.

Санасыз (мақсатсыз) сұрыптау - Чарлз Дарвин жіктеуі бойынша қолдан сұрыптаудың бір түрі. Мақсатсыз сұрыптауды адамзат мал шаруашылығымен айналасуының бастапқы кезеңіңде қолданған, малдың өзіне ұнағанын тандап, қажетті өнімділігін арттырғанмен келешекте ол көрсеткіштерін жаңа тұқымда тұрақтаңдырам деп алдын ала жоспарламаған. Осыған орай Чарлз Дарвин «мақсатсыз» деп шартты түрде атаған.

Slide 19

Ч. Дарвиннің табиғи сұрыпталу туралы ілімі. Жасанды жағдайда қандай да бір организмді сұрыптап алатын фактор адам болып табылады. Дарвин табиғатта осыған ұқсас фактор табылса, түрлердің шығу тегі туралы мәселе шешілер еді деп ойлайды.

Табиғи сұрыпталу (ағылш. Natural selection) - тіршілік үшін күресте күштілердің жеңуін қамтитын эволюцияның жүзеге асырылуы үрдісі.

Дарвиннің тіршілік үшін күрестің үш негізгі түрін анықтады:

Түраралық күрес

Түрішілік күрес

Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларымен күрес

Slide 20
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі жаратылыстану концепциялары пәні және оның әлеуметтік маңызы
Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті селекцияда пайдалану
Гистология туралы
Нейролингвистикалық бағдарлау туралы ақпарат
Шәкәрім Құдайбердіұлы философиясы
Биологиялық эволюция түсінігі
Жалпы ұлпа туралы түсінік
Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы теориялар
Мұсылман елдеріндегі мәдениет пен дін
ДНҚ құрылысы және қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz