Заттардың биомембранадан өтуінің түрлері




Презентация қосу
Презентация
Мембрана арқылы заттардың тасымалдануы:
везикулярлы транспорт

Орындаған-Нажмидинова М
Топ-ЖМҚА-08-22
Қабылдаған-Жолдасов Қ.Т

Шымкент-2022
,

ЖОСПАР
• І Кіріспе
• ІІ Негізгі бөлім
• Мембраналық транспорт: активті, пассивті,
везикулярлык транспорт;
• Заттардың биомембранадан өтуінің түрлері;
• Заттардың өткiзiлуiнiң кейбiр жүйелері
(сорғыштар және арналар)
• ІІІ Қорытынды
Пассивті тасымалдау
• Пассивті тасымалдау (ПТ) деп, зарядсыз бөлшектерді (заттарды) концентрациясы көп С1
ортадан концентрациясы аз ортаға қарай тасымалдауды, электролитте зарядталған
бөлшектерді (заттарды) электр өрісінің потенциалы жоғары j1 ортадан, потенциал
шамасы төмен j2 ортаға қарай тасымалдауды, немесе электрохимиялық потенциалы
жоғары m1 нүктеден, электрохимиялық потенциалы төмен m1 нүктеге қарай
тасымалдауды атайды. Аталған тасымалдаудың бұл түрлерінде сырттан энергия
жұмсалмайды, жүйе ішінде концентрациялық, электрлік т.б. градиентте жинақталған
энергия қоры есебінен жүреді.
Дифффузия
• Дифффузия деп, зат молекулаларының хаостық жылулық қозғалысы
нәтижесінде, өз беттерінше концентрациясы көп ортадан аз ортаға қарай
тасымалдануын айтамыз.
• Қарапайым диффузия липидтік қабат арқылы жүреді және Нернст-Планк
теңдеуіне бағынады. Мұндай тасымалдаулар арқылы жасушаға оттегі, көміртегі
газы, дәрілік заттар жеткізіледі. Бірақ қарапайым тасымалдау өте баяу
жүретіндіктен жасушаны қажетті қоректік заттармен толық қамтамасыз ете
алмайды.
• Жеңілдетілген диффузия. Тасымалдаудың бұл түрі мембранадағы арнаулы
ақуыздар- тасымалдағыштар арқылы іске асады. Олар мембрана арқылы
табиғаты гидрофильді болатын, өз беттерінше мембрана арқылы өтуі өте төмен
заттарды тасымалдайды. Мұдай тасымалдағыштар мембрана қабаты арқылы
кейбір аминқышқылдарын, көмірсуларды, пуриндік және пиримидтік негіздерді,
нуклезоидтарды тасымалдайды. Тамақтық заттардың ішекте сорылуы, бүйректегі
реабсорбция және т.б. процесстер осы тасымалдаушылар арқылы жүреді.
ОСМОС
Жасуша мембранасының жартылай өткізгіштік, яғни
кей заттарды өткізетін, мысалы су молекуласын, ал
кей заттарды өткізбейтін қасиеті бар. Осмос деп су
молекуласының концентрациясы көп ортадан (бұл
ортада еріген зат концентрациясы аз) аз ортаға (еріген
зат концентрациясы көп) қарай мембрананың
жартылай өткізгіштік қасиеті нәтижесінде
тасымалдануын атайды. Мына мысалды талдайық:
ыдыстың бір бөлігінде концентрациясы 40%, екінші
бөлігінде 60% болатын тұз ертіндісі бір бірінен
өткізгіштігі тұз үшін 0 тең, ал суды өткізетін қалқан
арқылы бөлінген болсын делік, егер қалқанды алып
тастасақ, онда 1 бөліктен су молекулалары 2 бөліке
қарай тасымалданады НЕГЕ ? Өйткені 1 ортада (40
пайыз тұз, 60 пайыз су) су молекуласының
концентрациясы 2 ортаға ( 60 пайыз тұз, 40 пайыз су)
қарағанда көп, сондықтан су молекуласының
тасымалдануы 1 ортадан ден 2 ге қарай жүреді.
Фильтация
• Фильтация (сүзу,сүзгі) деп гидростатикалық қысым градиенті есебінен су
молекулаларының мембрана порлары арқылы тасымалдануын атайды. Су
молекулаларының тасымалдану жылдамдығы Пуайзель заңы бойынша жүреді: dV/dt =
P1 – P2/w, мұндағы dV/dt- суды тасымалдау жылдамдығы, w- гидравликлық қысым, ол
w = 8lh/pr4 тең, l - пор ұзындығы, r- оның радиусы, h- судың тұтқырлдық коэффициенті.
Фильтрация құбылысы қан тамырлары арқылы су молекуласын тасымадануда маңызды
орын алады, кейбір патологияларда фильтрация күшейіп нәтижесінде дене ісінеді.
Қорытынды
Заттардың цитоплазмалық мембрана (плазмолемма) арқылы сыртқа шығарылуын
(экзоцитоз) не жасуша ішіне өткiзiлуiн (эндоцитоз)- трансмембраналык тасымалдану деп
атайды. Оның екі түрі белгілі:Активті ,Пассивті тасымалдау
Ұсақ молекулалы заттардың биомембрана арқылы еткiзiлуiнiң 3 жолы белгiлі
Жай диффузия - өздiгiнен, ешбiр кемексіз заттардың концентрация градиенті (жоғары
концентрациядан төменгі концентрация) бағытында мембрана арқылы өту
Жеңiлдетiлген диффузия бұл әдісте де заттар өздерiнiң концентрация градиентi бағытында
мембрана арқылы өтеді, яғни жоғары концентрациядан төменгi концентрация бағытында,
бiрақ бұл кұбылыс өздiгiнен жүзеге аспайды, ал ерекше тасымалдау ақуызы- транслоказаның
көмегiмен жүреді.
Белсенді тасымалдау - мембрана арқылы заттардың өткiзiлуi транслоказалар көмегiмен
жүзеге асады, бiрақ бұл кезде заттар олардың концентрация градиентiне қарама-қарсы
бағытта, яғни концентрациясы аз ортадан концентрациясы жоғары ортаға өткiзiледi.
) Na+, К+-сорғышы немесе Na+ К+-тауелді АТФ-аза-2а-ширатпадан, 2р кұрылымнан тұратын
интегралдық ақуыз. Ол АТФ энергиясын пайдаланып Na+ және K+ иондарың олардың
концентрация градиентiне қарсы бағытқа өткізеді, яғни Na+ ионын-жасушадан сыртқа, ал К+
ионын-жасуша ішіне. Осы сорғыш қызметiнiң арқасында Na ионының концентрациясы
жасуша сыртында, ал К+ ионының концентрациясы жасуша ішінде жоғары болады.

Ұқсас жұмыстар
Биомембрананың енжар электрлік қасиеттері
Өткізгіш жүйенің жасушалары және жүрек аурулары
Өсу этаптары
Филогенетикалық систематика, финетика
Дәрілік заттар метаболизмінің ерекшеліктері
Психопрофилактика туралы түсінік және оның түрлері
Химия – фармацевтикалық өнеркәсіпте қолданылатын шикізаттар мен аппараттарға қойылатын техникалық талаптар
Лимфа жүйесінің құрылысы
Адам ағзасына электр тогымен әсер ету әдістері
Кіші жүздің Ресейге қосылуы
Пәндер