Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеу


Slide 1

Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеу

Орындаған: Алдаш Р.

Қабылдаған; Дүйсенова Ж.

Slide 2

Жоспар:

Инклюзивті білім беру деңгейі ;

Инклюзивті білімнің міндеті мен мақсаты;

Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту;

Мүмкіндігі шектеулі балаларды ортаға қосу жұмыстары;

Қорытынды;

Тест;

Пайдаланылған әдебиеттер.

Slide 3

Адам білмегендіктен адаспайды, білгішсінем деп адасады.

Жан Жак Руссо

(1712 - 1778)

французский писатель и

философ.

Slide 4

«Инклюзивті» деген термин ағылшын тілінен аударғанда енгізілген, араластырылған деген мағынаны білдіреді. Бұл оқушыларды олардың бұрынғы оқу үлгерімі, денсаулық жағдайы, ата-анасының әлеуметтік -экономикалық мәртебесі мен басқа да жағдайларға көңіл аудармай жалпы білім беру үрдісіне араластыру болып табылады.

Slide 5

Инклюзивті білім беру жынысына, жасына, географиясы бойынша тұратын жеріне, дене және ақыл-ой ауытқушылықтарына, әлеуметтік-экономикалық мәртебесіне қарамастан оқып жатқан барлық балалардың сапалы білім алып, өзінің әлеуетін дамытуына тең мүмкіндіктер туғызу дегенді білдіреді.

Slide 6 Slide 7

Инклюзивті білім беру қажетті деңгейде дамымаған. Қазіргі кезеңде мүмкіндіктері шектеулі 149 246 баланың 29 212-сі немесе 19, 5 %-ы - мектеп жасына дейінгі балалар. 37 арнайы балабақшада және 240 арнайы топта 10 мыңдай бала мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған, бұл 32, 8 %-ды ғана құрайды.

Slide 8

Нысаналы индикаторлар:

2010 ж.

2015 ж.

2020 ж.

Мектептердің жалпы санынан инклюзивті білім беру үшін жағдайлар жасалған мектептердің үлесі

10%

30%

70%

Slide 9

Міндеттерге қол жеткізу мынадай көрсеткіштермен өлшенетін болады:

2010 ж.

2015 ж.

2020 ж.

Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан инклюзивті біліммен қамтылған балалардың үлесі

9%

25%

50%

Slide 10

Балаларға ерте жастан түзеу-педагогикалық қолдау көрсету үшін түзету және инклюзивтік білім кабинеттері құрылатын болады. 2015 жылға дейін барлық балабақшалардың жалпы санынан түзеу және инклюзивті білім кабинеттерінің желісі 8 %-дан 30 %-ға дейін ұлғаяды.

Slide 11 Slide 12

Жоғарыда айтылған міндеттерден басқа өзге де бірқатар мәселелерді шешу қажет.

Қосымша білім беру мазмұны жетілдірілетін болады.

Тұлғаның шығармашылық құзыретіндегі, үздіксіз білім беру мен тәрбиелеудегі, кәсіби өзін-өзі анықтаудағы бәсекелі артықшылықтарын қалыптастыру мақсатында негізгі бағыттар: шығармашылық-эстетикалық; ғылыми-техникалық; экологиялық-биологиялық; туристік-өлкетанушылық; әскери-патриоттық; әлеуметтік-педагогикалық; білім беру-сауықтыру және т. б. бойынша балаларға қосымша білім беру мазмұны жаңартылады.

Қосымша білім беретін педагогтерді және аралас мамандықтардың педагог ұйымдастырушыларын даярлау бағдарламасы жетілдіріледі.

2015 жылға қарай қосымша білім беру ұйымдарының желісі ұлғайып, 625-ке жетеді.

Бұл балаларды қосымша біліммен қамтуды 23 %-ға дейін көбейтуге мүмкіндік береді.

Мектептерде спорт секцияларын құру арқылы дене шынықтыруды ұйымдастырудың мектептен тыс нысандары жетілдірілетін болады.

Құқық бұзушылықтар мен басқа да бейәлеуметтік құбылыстардың алдын алу бойынша әрбір білім алушыны жекелей психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету жолымен қосымша білім беру конкурстары мен олимпиадаларының жүйесі арқылы оқушылардың қоғамдық және әлеуметтік белсенділігін қалыптастыратын балалар қоғамдық бірлестіктері дамиды

Slide 13

Қорытынды

Қорыта келгенде, ең бастысы кемтар балаларға деген қоғамның көзқарасын, пікірін өзгерту керек, олар үшін кедергісіз орта қалыптастыру қажет және мүмкіндігі шектеулі баламен бір сыныпта отырған дені сау бала әлдеқайда мейірімді, қайырымды болып өсетінін халықаралық тәжірибе көрсетіп отыр. Енді сол тәжірбиенің біздің елімізде де қанат жайып, өркендеуіне педагогтар қауымы зор үлес қосуы қажет деп ойлаймын. Мүмкіндігі шектеулі балалардың сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсіп, өзін әлеуметтік ортада жеке тұлға санап, олардың тағдырын ел болып реттейтін уақыт келді. «Бала тағдыры-ел тағдыры» деп қарап, ұрпақтың өмірге келген сәтінен бастап, тәлім-тәрбиені бойларына сіңіріп, мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік өмірге даярлап, еліміздің дамуына өз үлесін қоса алатын азамат тәрбиелейтін кез келді.

Slide 14

Тест

1. Мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты дамып келе жатқан құрдастарымен бірлесіп оқыту мен тәрбиелеу:

а) қосу

б) өзара әрекеттесу

в) даралау

2. Инклюзия - мүмкіндігі шектеулі баланы бір ортаға қосуды көздейтін білім білім беру ортасы. Қалыпты дамып келе жатқан құрдастарымен:

а) топтық интеграция

б) білім беру интеграциясы

в) коммуникация


Ұқсас жұмыстар
Мүмкіндігі шектеулі оқушылар
Мүмкіншілігі шектелген балаларды оқыту және тәрбиелеу жүйесі жалпы білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ МӘСЕЛЕСІ
Оқытудағы қиындықтары бар балалардың психологиялық және педагогикалық сипаттамасы
Психологиялық - педагогикалық қолдау көрсету
Бағдарламаның өзгеше тарауы - Естіп кабылдауын дамыту мен дыбыс айтуға үйрету
Деменция ния
ДЕФЕКТОЛОГИЯ
Психикалық дамуында ауытқуы бар балалар
Мүмкіндігі шектеулі балалар категориясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz