Әдістеменің атауы Әдістеменің мақсаты


Slide 1

ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ

Та‎қы‎ры‎бы‎: Бастауыш мектептегі оқу сабақтарында оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру формалары‎

6В01303 - «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Орындаған: Зекен І. С.

Ғылыми жетекшісі: п. ғ. к., профессор, Ныгыманова Н. Т.

Slide 2

Зерттеу мақсаты: бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың тиімді тәсілдерін теориялық және тәжірибелік тұрғыдан зерттеу.

Зерттеу нысаны:бастауыш сынып оқушылары және бастауыш мектептегі оқу процесі.

Зерттеу пәні: әдебиеттік оқу сабақтарында оқушылардың оқу іс- әрекетін ұйымдастырудың тиімді тәсілдері.

Slide 3

Зерттеу міндеттері:

1. Бастауыш мектептегі оқушылардың оқу сабағында іс-әрекетін ұйымдастырудың теориялық зерттеу.

2. Оқу іс-әрекетін қа‎лы‎пта‎сты‎ру үші‎н та‎ңда‎лға‎н әді‎сте‎р ме‎н әді‎сте‎рді‎ң ти‎і‎мді‎лі‎гі‎н экспе‎ри‎ме‎нта‎лды‎ түрде‎ те‎ксе‎ру

3. Оқу іс-әрекетін қалыптастыру үшін тандалған әдістерді эксперименталды түрде тексеру.

Slide 4

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

1. Бастауыш мектептегі оқушылардың оқу сабағында іс-әрекеттерін ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылды.

2. Оқу іс-әрекетін тиімді қалыптастыру тәсілдері қарастырылып зерттелді.

3. Бастауыш сынып оқушыларының оқу сабақтарында іс-әрекетін

қалыптастыруға бағытталған әдістер пайдаланып, эксперименталды түрде тексерілді.

Slide 5

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері:зерттеу жұмысымыздың оқу процесін әрекет тұрғысынан зерттеушілер П. Я. Гальперин, А. К. Маркова, Ф. Талызина, Г. И. Щукина, В. А. Сластениннің жұмыстары алынды.

Зерттеудің тәжірибелік маңызыдылығы: егер «Әдебиеттік оқу»сабақтарында іс-әрекеттерін ұйымдастырудың тиімді әдістері қолданылса, онда пән бойынша білім сапасы артады, танымдық белсенділік деңгейін арттыруға ықпал етеді.

Slide 6

1-ші міндет. Бастауыш мектептегі оқушылардың оқу сабағында іс-әрекетін ұйымдастырудың теориялық зерттеу.

Slide 7

Оқу іс-әрекетінің ең басты компоненті - оқу әрекетіндегі оқу тапсырмаларын шешудің амалы. Коммуникативті әрекеттерге өзінің ойын айту, қарым-қатынас кезінде серіктесіне вербалды ықпал етуі, көпшілік алдында сөйлей алуы, жазбаша қарым-қатынас құралын пайдалануы, сұрақ қою және пікірталасқа түсу тәрізді әрекеттерден тұрады. Т. Леонова дискриптік (сипаттамалық), директивтік (қозғаушы), когнитивтік (тілдік ойлау), кооперативтік және экспрессивтік (мадақтау, талдау және т. б. ) .

Оқу іс-әрекетіндегі ең басты компоненттің бірі - бақылау және бағалау. Бақылау - мақсатты жүзеге асыруды тексеру үдерісі, ал баға түрткіні жүзеге асыруды тексеру.

Бастауыш сынып оқушысының оқу әрекетіндегі өзін-өзі басқару мен басқаруды ұйымдастыру, оқыту үдерісін модельдеудің психологиялық-педагогикалық және дидактикалық мәселелері бойынша бірқатар ғалымдардың еңбектерінде И. С. Фишман [8], Ж. Б. Қоянбаев [6], Р. М. Қоянбаев [6], О. В. Исаева [26] жан-жақты талқыланып келеді. Оқушының білім алу үдерісіндегі өзіндік пікірі мен ой-жүйесінің негізі бастауыш деңгейде қаланатыны белгілі

1-ші міндет. Бастауыш мектептегі оқушылардың оқу сабағында іс-әрекетін ұйымдастырудың теориялық зерттеу.

Slide 8

2-ші міндет. Оқу іс-әрекетін қа‎лы‎пта‎сты‎ру үші‎н та‎ңда‎лға‎н әді‎сте‎р ме‎н әді‎сте‎рді‎ң ти‎і‎мді‎лі‎гі‎н экспе‎ри‎ме‎нта‎лды‎ түрде‎ те‎ксе‎ру

Әдістеменің атауы

Әдістеменің мақсаты

1

«Жаттықтыру мәтіндері» әдістемесі

Мақсаты: сөздік қорын байыту, зейінін шоғырландыру, есте сақтау қабілетін дамыту, мәтінмен жұмыс істеу, мағыналы, түсініп оқу дағдыларын қалыптастыру. Жазу дағдыларын дамыту, сөйлем-жауап құрастыру мүмкіндіктерін арттыру.

2

«Менің сүйікті кейіпкерім» әдістемесі

Мақсаты: балалардың дұрыс оқу, түсініп оқу мүмкіндіктерін анықтау, берілген тақырып бойынша ең қарапайым мәлімдеме құрастыру қабілетін қалыптастыру, тапсырманы мәнерлеп оқу, мәтінді оқи отырып өзін-өзі бақылауды жүзеге асыру.

3

«Мәтіннен дұрыс емес ақпаратты табу» әдістемесі

Мақсаты: мәтінді мәнерлеп түсініп оқу, мәтіннің ішінен қажетті ақпаратты табу қабілетінің қалыптасуын анықтау; өзін-өзі бақылауды жүзеге асыру. Кітапхана туралы әңгімені оқу. Мәтін ішіндегі дұрыс емес ақпаратты немесе ойды сызып таста.

Slide 9

4 сынып оқушылардың анықтау эксперименті бойынша көрсеткіштері

Анықтаушы кезеңінің нәтижелері

Slide 10

Анықтаушы экспериментке қорытынды: Осылайша, оқушылар оқу сабақтарында іс-әрекеттерінде айтарлықтай қиындықтарға тап болды. Ең күрделі қиындықтарға келесі түрлері жатады: сөздің мағынасын дұрыс түсінбеу, мәтіндегі негізгі ой берілген жерді таба алмау, фактілерді, әрекеттерді, оқиғаларды салыстыру жұмыстарын жүргізе алмау, сонымен қатар мәтінде оқыған оқиғаның жалғасын қиялында ​​қайта құру білмеу, көркем бейненің типтік образын аша алмау, мәтіндегі кейіпкер арқылы автордың идеясын, ойын таба алмау т. б.

Төртінші сынып оқушыларының оқу іс әрекеттерінің қалыптасу деңгейін көтеру үшін мұғалім тарапынан жүйелі, мақсатты жұмыс қажет, әдебиеттік оқу сабағында оқытылатын шығармаларды толық қабылдауды қамтамасыз ету қажет, сабақта қалыптасып жатқан дағдыларды ескере отырып, мәтінмен жұмыс істеудің арнайы әдістері мен формаларын қолдану керек, оқушылардың алған дағдылары өз бетінше оқу әрекеті тәжірибесінде белсендірілуі керек.

Деңгейлері

Эксперимент тобы

Бақылау тобы

1

Жоғары

4

3

2

Орташа

8

8

3

Төмен

10

12

4 сынып оқушылардың анықтау эксперименті бойынша көрсеткіштері

Slide 11

3-ші міндет. Оқу іс-әрекетін қалыптастыру үшін тандалған әдістерді эксперименталды түрде тексеру.

Педагогикалық зерттеудің қалыптастырушы кезеңдегі анықталған нәтижелер жұмыстың одан әрі мақсатын анықтауға мүмкіндік берді, яғни бастауыш сынып оқушыларының оқу іс әректтерін ұйымдастыру бойынша дербес жұмыс жасау мүмкіндіктерін мақсатты түрде ұйымдастыру. Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін келесі бірқатар міндеттерді шешу қажеттілігі туындады:

1. Оқу іс әрекетін қалыптастыру және кез келген мәтінді қабылдау деңгейін арттыру әдістерін қолдану арқылы 4-сынып оқушыларының оқу іс әрекетін (оқу қарқынын, дұрыс оқуын, саналылығын және мәнерлілігін) арттыру.

2. Оқу сабақтарында іс әрекетін дамытуға, қабылдау деңгейін арттыруға бағытталған әдіс-тәсілдерді қоса отырып, әдеби оқу сабақтарын әзірлеу және өткізу.

Slide 12

Оқушылардың оқу жылдамдығын арттыру бойынша жұмыс жасау кезінде келесі әдістер қолданылды:

1. Күнделікті және сабақ сайынғы бес минуттық оқу (В. Н. Зайцев әдісі бойынша) .

2. Үйде жақсы ұйымдастырылған күнделікті оқу (сыныптан тыс оқуға арналған қосымша әдебиеттер тізімін пайдалану) .

3. Сабақта оқудың екі түрінің оңтайлы үйлестірілуі: дауыстап және іштей оқу (1-2 сыныптарда: 70% - дауыстап, 30% - өзіне - өзі; 3-4 сыныптарда керісінше) .


Ұқсас жұмыстар
Тіл дамыту әдістемесі басқа ғылымдармен байланысы
Тіл дамыту әдістемесі
Психодиагностикалық әдістемелерге қойылатын талаптар жіктемесі
«Сесиль Лупан жүйесі бойынша мектепке дейінгі балаларды оқуға үйрету»
МОӘ курсы болашақ математика мұғалімінің әдістемелік құзырлылығын қалыптастырудың негізгі құралы
Шетел тілін оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы
Рудольф Штайнер әдіснемесі
Сынып Оқушылар Жоғары деңгей Орта деңгей Төмен деңгей саны
Арнайы мектептегі қазақ тілі әдістемесі жалпы шолу
СЫНАУДЫ АНЫҚ ТАУ, СЫНАУ ОБЪЕКТІСІ, СЫНАУ ДЕҢГЕЙІ, СЫНАУ ҚҰРАЛДАРЫ, СЫНАУДЫШЫ ОРЫНДАУШЫЛАР, СЫНАУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК­ НОРМАТИВТІК НЕГІЗІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz